Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

23 маусым 2023 ж.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында халықтың

Қатысушылар қолөнер немесе көкөніс өсіруді үйреніп, жеке микробизнесін дамытуға
16 мамыр 2023 ж.

Орал қаласында Orle Fest қалалық фестивалі өтеді

Келген қонақтарды жергілікті қолөнершілердің дизайнерлік бұйымдар мен
15 мамыр 2023 ж.

Ақмола облысында иппотерапия сабақтары мен ат турлары

«Keremet jol» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысында иппотерапия сеанстарын өткізіп

5 мамыр 2021 ж.

"Qolda 2.0": сәуір айының нәтижелері

1. "Жанұя" отбасыны қолдау орталығы" қоғамдық қоры. Қамту аймағы - Алматы облысы Жамбыл ауданы.

Педагог-психологтар оқу курсын аяқтап, емтихандарды ойдағыдай тапсырып, өз жұмыстарының нәтижелерін көрсетті. Алған білімдерін балалармен жұмыс істеу барысында көрсетті. Педагог-психологтармен жұмыс істегеннен кейін, бұрын қауіпті аймақта болған балалар саны айтарлықтай азайды. Бұл психологтарға әртүрлі қиын өмірлік жағдайларға тап болған балалармен жұмыс істеу кезінде қажетті дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік берді. Барлық психологтар емтихандарын ойдағыдай тапсырып шықты. Енді олар "Психологиялық проблемалардың барлық түрлерін шешуге арналған "Genesis" экспресс-психотерапиялық тәсілінің" кеңесшілері бола алады.

Алдағы апталарда Іле аймағының мектептеріндегі оқудан өткен барлық педагог-психологтарға сертификаттарын табыстау жоспарланған.

2. "Заң Талабы" құқық қорғау орталығы. Қамту аймағы - Шымкент қ. және Түркістан облысы.

"Qolda" шұғыл көмек бағдарламасы аясында наурыз айында "Заң Талабы" құқық қорғау орталығының заңгері 23 консультация өткізді. Оның 18 физикалық зорлық-зомбылық, 2 экономикалық зорлық-зомбылық және 3 басқа сұрақтар бойынша. Қоғамдық қордың психологына 16 бенефициар хабарласып, көмек сұрады. Психолог тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына психо-эмоционалды жағдайын түзету бойынша кеңес берді. Психолог өз жұмысында түрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерге қатысты жеке консультация әдістерін қолданады. Консультациялардан кейін бенефициарлардың мазасыз деңгейі төмендегені байқалып отыр.

Сенім телефонына 26 өтініш түскен. Оператор оларға алғашқы кеңес беріп, өтініш берушілерді психолог пен заңгерге бағыттады. Барлық өтініштер Excel базасында тіркеледі. Ай сайын үйлестіруші ұйымға қоңырау шалғандар бойынша мониторинг өткізеді.

1 сәуір күні Сайрам ауданында, 7 сәуір күні Арыс қаласында, 15 сәуір күні Түркістан қаласында және 2 сәуір күні Шымкент қаласында #StopViolence ақпараттық кампаниялар ұйымдастырылды.

Жоба аясында цифрлық білім және гендерлік теңдік мәселелері бойынша жастар мен ауыл-аймақтарда тұратын әйелдерге арналған білім беру семинарлары мен тренингтер өткізілді. 8 сәуір күні Ленгер жастары үшін, ал 14 сәуір күні Түркістан қаласының тұрғындары үшін тренинг өткізілді.

Келесі екі аптада психологиялық және заңгерлік көмек көрсетуді және сенім телефоны арқылы консультациялар өткізуді жалғастыру жоспарланған. Ауыл-аймақтарда тұратын әйелдерге "Гендерлік және цифрлық құқықтар" тақырыбы бойынша тренингтер өткізіліп, Шымкент қаласында #StopViolence ақпараттық кампания ұйымдастырылады деп күтілуде. Отбасылық зорлық-зомбылық проблемасына блогерлер мен танымал пабликтердің назары тартылады. Сондай-ақ, жақын күндері ауыл-аймақтарда тұратын әйелдер мен қыздарға медициналық маскалар мен антисептиктерді тарату жоспарланып отыр.

3. "Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар" қоры. Қамту аймағы - Алматы облысы Шелек ауылдық округі.

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы ұйымдастырылып, 151 мұқтаж отбасының тізімі жасалды. Оларға жақын арада азық-түлік қораптары жеткізіледі.

Баға ұсыныстарын талдағаннан кейін үнемделген қаражатқа азық-түлік тауарлары сатып алынды. Еріктілер мен қоғам көшбасшылары өсімдік майы, ұн, күріш, макарон өнімдері, қарақұмық жармасы, қызанақ пен шайдан тұратын 151 жиынтық дайындады. СОл 151 азық-түлік жиынтығы мұқтаж отбасылар тұратын мекенжайлар бойынша жеткізілді. Демеушілер 10 отбасыға азық-түлік сатып алды. Балаларға ойыншықтар, альбомдар мен кітаптар сыйға тартылды. Жергілікті қауымдастық қоры 380 000 теңгеге жаңа киім мен аяқ киімнің 80 жиынтығын дайындап қойды.

 «Тегін киім дүкені» акциясы өз жұмысын жалғастыруда.

4. "Ұлағат" Жастар қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы - Шығыс-Қазақстан облысы.

Қоғамдық бірлестік барлық облыстың түпкір-түпкірінен оқудан өткен еріктілерге сертификаттарды табыстау рәсімін жүргізіп жатыр. Мобильді қосымшаның Android-ке арналған нүсқасы дайын болды. Енді оны IOS-қа бейімдеу үшін қажетті ақпаратты жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы екі аптада мобильді қосымшаны толықтай аяқтап қосымшаның іске қосылуы туралы ақпаратты жан-жаққа тарату жоспарланған.

5. "Қызыл жарты ай қоғамы" қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы - Қарағанды облысы.

Қоғамдық бірлестік рейдтер мен еріктілер дайындаған акциялар арқылы отбасылық қауіпсіздік жоспарларын құру және қауіпсіз өмір туралы білімді арттыру бойынша қызмет атқарған мобильді топтардың жұмыстарын аяқтады. Қазіргі таңда 111 отбасылық жоспар құрылды.

"Апаттар кезінде іс-әрекеттердің тиімділігін арттыру және халық пен "Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай қоғамы" тарапынан төтенше жағдайлардың салдарын азайтуға бағытталған шаралар"  тақырыбындағы дөңгелек үстелге дайындық өтті.

Келесі айда онлайн форматта дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Сонымен қатар, белсенді еріктілерге сертификаттар мен сыйлықтар тарату жұмыстары жоспарланған.

6. "Қазақстанның медициналық жастары" қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы - Шымкент қ. және 14 облыс.

Еріктілер бастамалары сайысының бекітілген ережесіне сәйкес 5-9 сәуір аралығында «COVID-19-ды бірге жеңеміз!» жобасының қатысушыларынан өтініштер қабылданды. 9 сәуір күні өтініштерді өңдеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы сайысқа 5 өтініш келіп түсті. «Денсаулық барлығымызға ортақ» (Шымкент қ.), «Ауылдық жерлерде коронавирустық инфекция туралы білім беру» (Семей қ.), «Jardem» (Қарағанды), «COVID-19 профилактикасы» (Көкшетау қ.) және «Батырларға көмек» (Семей қ.) жобалары қатысушылар қатарына кірді. 2021 жылы 10 сәуір күні өткен волонтерлік бастамалар байқауының сараптама комиссиясының отырысында 2 жеңімпаз анықталды («COVID-19-дан сақ болыңыз!» және «Вакцина бізді құтқарады» жобалары). Жеңімпаздарға қаражаттары жіберілді. Олардың жобалары 2021 жылдың 25 сәуіріне дейін аяқталады деп күтілуде. Одан кейін жеңімпаздар фотосурет пен шығармашылық есеп тапсырулары керек.

7. "Антарес А" қоғамдық қоры. Қамту аймағы - Өскемен қ.

«Антарес А» қоғамдық қоры әлеуметтік желілерде жобаның басталуы туралы халықты ақпараттандыру жұмыстарын өткізді. Сондай-ақ, өткен айда көмір сатып алынып, бұрын қамауда болған аз қамтылған 25 азаматқа жеткізілді. Сәуір айына қоғамдық көліктерде (автобуста) жүру үшін 25 билет таратылды. Сонымен қатар қор қызметкерлері 120 азық-түлік қораптарын таратты. 24 психологиялық консультациясы өткізілді.

Алдағы екі аптада бұрын қамауда болған аз қамтылған азаматтарға жеке қорғаныс құралдарын (маскалар, антисептик), көрпелер мен төсек-орын жабдықтарын және 7 азық-түлік себетін тарату жұмыстары жалғасады. Тарату кезінде психолог консультация беретін болады.

8. "Целина" қоғамдық қоры. Қамту аймағы - Атбасар қ.

Еріктілер «Целина» қоғамдық қордың кеңсесінде жеміс-жидек, кептірілген жеміс және көкөністерді өлшеп, оларды қораптарға салады. Атбасар қаласы мен Атбасар ауданы бойынша тасымалдау үшін екі көлік қолданылады. Өткен айда жоспарланған 200 қарияның 146-на жеміс пен көкөністен тұратын жиынтықтар жеткізілді. Қоғамдық қорға алғыстар мен оң пікірлер келіп жатыр.

Алдағы екі аптада еріктілердің күшімен ата-әжелерге жемістер мен көкөністерді жеткізу жұмыстары аяқталып, әкімдікте есеп беру кездесуі ұйымдастырылады.

9. "Жаңғыру" Солтүстік Қазақстан облысының немістер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы - Петропавл қ.

Солтүстік Қазақстан облысында «Жақсылық кезеңі» жобасын жүзеге асыру барысында қоғамдық бірлестіктің қызметкерлері азық-түлікті сатып алу, оны реттеу және облыста тұратын мұқтаж отбасыларға гуманитарлық көмек көрсету бойынша үлкен жұмыстар атқарды. 2021 жылдың 31 наурызында қоғамдық бірлестіктің еріктілері мен белсенділері өз жұмыстарын қорытындылады. Олар 3000 шақырым жол жүріп, 50 елді мекендерге барып қайтты. Қоғамдық бірлестікке облыс мектептердің директорлары мен әлеуметтік мұғалімдер және әкімдік қызметкерлері үлкен қолдау көрсетті.

Алдағы екі аптада қауымдастық есеп беруге дайындалады.

10. "Кемпірқосақ" қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы - Қостанай қ.

Сәуірдің екінші жартысында «Кемпірқосақ» қоғамдық бірлестігі 80 азық-түлік жиынтықтарын таратты. Гуманитарлық көмек алған ата-аналар қоғамдық бірлестікке өз алғыстарын айтып жатыр.

«Кемпірқосақ» қоғамдық қызметкерлері "Сыни тұрғыдан ойлау. Негативті ойлармен жұмыс жасау" және "Өмір сценарийі - менде бәрі жақсы ма немесе менде бәрі жаман ба? Ата-ананың көзқарасы біздің өмірімізге қалай әсер етеді?" атты екі тренинг ұйымдастырды. Сондай-ақ, сәуір айында 8 консультация өткізілді.

Ата-аналар мен балаларға арналған массаждың 75 сеансы өткізілді.

Келесі екі аптаға аппараттық массаж сессиялары мен "Қарым-қатынастар. Жанжалдан шығудың тиімді жолдары" және "Ресурстық күй. Менің ресурстарым" атты екі тренинг жоспарланған.

11. "Отбасы орталығы" қоғамдық қоры. Қамту аймағы - Семей қ.

"Отбасы орталығы" қоғамдық қоры «Мұздыбай 1» шаруа қожалығымен 30 қап тұқымдық картоп пен «Облыстық балалар биологиялық орталығы» мемлекеттік кәсіпорнымен көшеттерді жеткізу туралы және ауызша келісім жасады.

Жоба қызметкерлері мен еріктілері вакцина салғызды. Сондықтан ПТР сынақтарынан өтудің қажеті жоқ. Үнемделген қаражат тұрмысы төмен отбасыларға қажетті тұрмыстық заттарды сатып алуға жұмсалады деп шешілді.

20 адамға арналған тұрмыстық және тазартқыш құралдардан тұратын жиынтықтар сатып алынды.

Аз қамтылған, көп балалы және өрттен жәбірленген 10 отбасыға тұрмыстық заттар жеткізілді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы ұсақ жөндеу жұмыстарын қажет ететін 3 отбасыны таңдады. Отбасылардың бірі өртенген үйде тұрып жатыр. Қалған екеуі ауыр материалдық жағдайдағы және мүгедек балалары бар отбасылар. Екі отбасыға қажетті құрылыс материалдары сатып алынды. Бірақ бір отбасы көмектен бас тартты. Сондықтан көмекке мұқтаж басқа отбасы қарастырылды.

Алдағы екі аптада жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін құрылыс материалдарын сатып алу, көшеттер мен тұқымдарды тарату және бірінші қажеттіліктегі шаруашылық тауарларынан тұратын жиынтықтарды тарату жоспарланған.

12. "Сен жалғыз емессің" қоғамдық қоры. Қамту аймағы - Павлодар қ.

Сәуірдің бірінші аптасында серіктестермен, Хосписпен және ЖИТС орталығының өкілдерімен кездесулер өткізілді. Осы мекемелердің басшылары жобаның мақсаттары мен міндеттерімен танысып шықты. Ұйымдар пациенттерінің негізгі қажеттіліктері айтты. Нәтижесінде әр мекемеге қажетті тауарлар мен қызметтердің тізімі жасалды.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдар қауымдастығының жетекшілерімен, сондай-ақ ЖИТС-пен ауыратын науқастарды күту мен қолдаумен айналысатын адамдармен кездесулер ұйымдастырылды. Келіссөздер барысында кедейлік пен аштық шегінде тұрған пациенттердің тізімін жасау туралы шешім қабылданды.

Бірінші декада тауар жеткізушілерін таңдауға арналды. Сол мекемелердің басшыларымен және әкімшілерімен телефон арқылы сөйлесулер жүргізілді.

Сәуір айының екінші аптасында Павлодар облысының хосписінде емделіп жатқан 45 паллиативті науқасқа арналған медициналық құрал-жабдықтар (жаялықтар, су ішетін ыдыс) сатып алынды. Төсек тартып жатқан науқастардың бос уақытын жақсарту мақсатында бір теледидар сатып алынды. Ал пациенттерге күтім жасауды жеңілдету үшін қайнаған суға арналған термопоттар сатып алынды. Аурудың соңғы сатысындағы науқастарға қажетті заттарын алу үшін ЖИТС орталығымен кездесу өткізілді. Православ шіркеуі мен мұсылмандар мешітінің діни жетекшілерімен кездесу ұйымдастырылды. Олар жобаға және Павлодар облысында тұратын паллиативті науқастарға қолдау көрсетуге ниет білдірді.

Сәуірдің үшінші аптасы «Павлодар облысының хосписі» КМК амбулаториялық-емхананың емделушілері және «Қиын өмірлік жағдайларға тап болған адамдарды әлеуметтендіру орталығы» ММ-нің паллиативті науқастарына азық-түлік, гигиеналық құралдар және медициналық заттар сатып алынды.

Хоспистің амбулаториясында жатқан 15 емделушіге тамақ және гигиеналық жиынтықтар берілді. Оның ішіне жөргектер, майлықтар және арнайы сеппелер кірді. Жалпы сомасы 300 000 теңгені құрады. Бейәлеуметтендіру орталығының 20 паллиативті науқастарына азық-түлік, гигиена жиынтықтары, іш киімдер, тәпішке және бір реттік жаймалар таратылды. Паллиативті науқастар мен Орталық пен Хоспистің қызметкерлері қор мен демеушілерге қолдау көрсеткендері үшін үлкен ризашылықтарын білдірді.

Жақын арада паллиативті науқастарға көмек пен қолдау көрсету жоспарланып отыр.

 

Поделиться страницей: