Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

29 қаңтар 2021 ж.

"Qolda 2.0" шұғыл көмек бағдарламасы үшін 2021 ж. қаңтар айы неден басталды?

2021 жылдың алғашқы екі аптасында "Qolda 2.0" шұғыл көмек бағдарламасының грант иегерлері атанған алты ҮЕҰ жұмыс процесіне белсенді кірісті және өз нәтижелерімен бөлісуге дайын.

1. "Жанұя" отбасыны қолдау орталығы" қоғамдық қоры. Қамту аймағы - Алматы облысы Жамбыл ауданы.

Қор психологиялық мәселелерді шешуге арналған «Genesis» экспресс-психотерапиялық тәсілі» атты бірінші алғашқы ZOOM-презентациясын өткізді. Іс-шара Алматы облысы Іле ауданының орта мектептері мен колледждерінің психологтары үшін ұйымдастырылды. Психологтар "Qolda" шұғыл көмек бағдарламасының маңыздылығы мен мамандарға психологиялық көмек көрсетуге арналған дағдыларды үйренугі мүмкіндік бергенін атап өтті. Жақын арада Іле аймағындағы барлық мектептер мен колледждердің психологтарын психологиялық мәселелердің барлық түрлерін шешуге арналған жаңа отандық экспресс-психотерапиялық «Genesis» әдісі бойынша оқытуды жалғастыру жоспарлануда (авторлар - Ж.Н. Даненова және К.С. Шурабекова).

2. "Заң Талабы" құқық қорғау орталығы. Қамту аймағы - Шымкент қ. және Түркістан облысы.

Қаңтардың алғашқы екі аптасында "Qolda" шұғыл көмек бағдарламасы аясында "Заң Талабы" құқық қорғау орталығының заңгері 47 консультация өткізді. Оның 23 физикалық зорлық-зомбылық, 5 жыныстық зорлық-зомбылық (кәмелетке толмағандар), 16 психологиялық зорлық-зомбылық бойынша. 12 бенефициарға уәкілетті органдарға жүгіну үшін процессуалдық құжаттар жасалды. 1-15 қаңтар аралығында орталыққа 16 бенефициар хабарласып, көмек сұрады, оның алтауы ер адамдар, тоғызы әйелдер. Психолог тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына психо-эмоционалды жағдайын түзету бойынша кеңес берді. Сенім телефонына 47 өтініш түскен. Оператор оларға алғашқы кеңес берді. ##StopViolence аясында Арыс пен Түркістан қалаларында, Түркістан облысының Шардара және Сарыағаш аудандарында ақпараттық науқан өткізілді. 1 қаңтардан 15 қаңтар аралығында құқық қорғау орталығынан 6 ер адам көмек сұрады. Олар депрессиялық жағдайда болды, олардың барлығына консультация көрсетілді. Алдағы екі аптада ауыл-аймақтардағы әйелдер мен жастарға «Гендерлік және цифрлық құқықтар» тақырыбы бойынша тренингтер өткізіп, құқықтық және психологиялық көмек көрсетуді жалғастыру жоспарлануда. Сондай-ақ, "Заң Талабы" құқық қорғау орталығы тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасына танымал блогерлердің назарын аударуды жоспарлап отыр.

3. "Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар" қоры. Қамту аймағы - Алматы облысы Шелек ауылдық округі.

"Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар" қоры қауымдастықтар кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Онда ерекше мұқтаж отбасыларға көмек көрсету туралы шешім қабылданды. 20 отбасыға көмір, 25 отбасыға азық-түлік қораптары жеткізілді. Ұйымның үйлестірушілері мүмкіндігі шектеулі балалары бар 119 отбасыны анықтады. 2020 жылдың желтоқсан айында мүмкіндігі шектеулі балаларға 140 жаңа жылдық сыйлықтар сатып алынды. Оның 127-сі балаларға таратылып, 13-і ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Шелек ауылының балалар үйіне жеткізілді. Алдағы екі аптада аймақтарды айналып, көмекке мұқтаж отбасылардың тізімдерін нақтылау жұмыстары жалғасады. Сонымен қатар, жақын күндері "Тегін киім дүкені" акциясы ұйымдастырылады. Қор қайырымды жандар және әлеуетті демеушілермен жұмысты жалғастырады.

4. "Ұлағат" Жастар қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы - Шығыс-Қазақстан облысы.

Қоғамдық бірлестік Шығыс Қазақстан облысының еріктілер базасын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың чек-парақшалары қазақ тіліне аударылып жатыр. Оқыту және мәліметтер базасын құру бойынша еріктілермен келіссөздер жүргізілуде. Бейне роликтерге сценарий жазатын маманмен келісім-шарт жасалды. Жақын күндері бейне роликтерді түсіру жұмыстары басталады. Сонымен қатар, мобильді қосымшаның логотипін бекіту, чек-парақшаларды дайындап шығару және мобильді қосымшаның макеттерін дайындау жұмыстары алдағы аптаға жоспарланған.

5. "Қызыл жарты ай қоғамы" ҚБ. Қамту аймағы - Қарағанды облысы.

Қоғамдық бірлестік жобаға тартылған аумақтардағы тұрғындар арасынан мобильді топтарды құру жұмыстарын аяқтады. Қарағанды ​​қаласында «Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері» атты 4500 үнпарақ таратылды, 20 ерікті оқытылды және 6 аудан жобаға тартылды. Қарағанды ​​облысының Шет ауданында 20 еріктінің күшімен 3000 үнпарақ таратылды. Осакаров ауданында 2500 үнпарақ таратылып, 15 ерікті жобаға тартылды. Бұқар жырау ауданында 2500 үнпарақ таратылды және 18 ерікті оқытылды. Сондай-ақ, "Қызыл жарты ай қоғамы" қоғамдық бірлестігі аудандық төтенше жағдайлар бөлімшелерінің қолдауымен 6 онлайн семинар өткізді. Барлығы 135 ерікті оқудан өтті. Оның ішінде 125-і жобаға тартылды. Алған білімдерін тәжірибе жүзінде Шет және Осакаров аудандарында офлайн режимінде тексерді. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты шараларды алдын ала жоспарлау қиынға соғады. Осы айда еріктілерді офлайн режимде оқыту Бұқар жырау ауданында өтеді. Сонымен қатар ақпараттық материалдарды тарату, аумақтар бойынша тәуекел карталарын құру және төтенше жағдай кезінде ұстанатын жоспарларды дайындау жұмыстары жалғасады.

6. "Қазақстанның медициналық жастары" ҚБ. Қамту аймағы - Шымкент қ. және 14 облыс.

"Медициналық еріктілер мектебі" жобасы еліміздің тағы 4 аймағында іске қосылды. 2020 жылдың 21 желтоқсанында Қарағанды ​​және Ақмола облыстарында, 25 желтоқсанында Жамбыл облысында, 29 желтоқсанында Атырау облысында мектептер ашылды. Шақырылған маман-терапевт Тілеубек Нұридин Талғатұлы кіріспе сабақ өткізіп, еліміздегі еріктілер қозғалысының даму тарихын айтып берді. 2020 жылдың 26 ​​желтоқсанында белгілі медициналық ерікті, «Халық алғысы» медалінің иегері, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ интерн-дәрігері Солтанай Жәнібектің қатысуымен Шымкент қаласындағы медициналық еріктілер мектебінде вебинар өткізілді. "Медициналық еріктілер мектебі" Қазақстанда аналогы жоқ әлеуметтік жоба болып табылады және күннен күнге еліміздің медициналық жоғары оқу орындары мен колледждер тарапынан қызығушылық артып келеді. Жоғары оқу орындары мен колледждер өз аудандарында медициналық еріктілікті дамытуға ынталанып жатыр. Осыған байланысты, келісім орнатылған бірнеше облыстарда студенттердің қысқы демалысынан кейін бірден жұмыс басталып кетеді.

2021 жылдың 31 қаңтарына дейін Ақтау, Семей, Түркістан, Ақтөбе, Талдықорған, Орал, Өскемен және Петропавл қалаларында "Медициналық еріктілер мектебі" ашылады. Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Талдықорған жоғары медициналық колледжімен волонтерлік қызмет саласындағы ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылады. Сондай-ақ, Талдықорған қаласында "Медициналық еріктілер мектебі" ашылуы жоспарланған. Еріктілердің облыстық денсаулық сақтау мекемелері жүргізетін профилактикалық іс-шараларға қатысуы қарастырылып жатыр.

 

Поделиться страницей: