Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

23 маусым 2023 ж.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында халықтың

Қатысушылар қолөнер немесе көкөніс өсіруді үйреніп, жеке микробизнесін дамытуға
16 мамыр 2023 ж.

Орал қаласында Orle Fest қалалық фестивалі өтеді

Келген қонақтарды жергілікті қолөнершілердің дизайнерлік бұйымдар мен
15 мамыр 2023 ж.

Ақмола облысында иппотерапия сабақтары мен ат турлары

«Keremet jol» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысында иппотерапия сеанстарын өткізіп

12 сәуір 2021 ж.

"Qolda 2.0": наурыз айының нәтижелері

1. "Жанұя" отбасыны қолдау орталығы" қоғамдық қоры. Қамту аймағы - Алматы облысы Жамбыл ауданы.

3 аптадан бері педагог-психологтар «жоғары қауіпті аймаққа», «сары аймаққа» түскен оқушылармен және психологиялық кеңес бергісі келетіндермен жұмыс істеп жатыр. Психологиялық кеңес алғысы келетіндердің арасында мұғалімдер де, мектеп оқушыларының ата-аналары да болды. "Психологиялық проблемалардың барлық түрлерін шешуге арналған "Genesis" экспресс-психотерапиялық тәсілі" әдісі бойынша психологиялық көмек алған балалардың ата-аналары қоғамдық қорға жақсы пікірлерін жолдады. Жалпы санағанда «жоғары қауіпті аймақта» 191 және «жасырын қауіп зонасында» 209 терапевтік сеанс өткізілді. Ал жалпы екі айлық оқу тренингте 696 жеке терапия сеансы өткізілді.

Алдағы екі аптада Іле ауданының барлық мектептерінде педагог-психологтарды "Психологиялық проблемалардың барлық түрлерін шешуге арналған "Genesis" экспресс-психотерапиялық тәсілі" бойынша оқытуды жалғастыру жоспарлануда (авторлары Ж. Н.Даненова. және Шурабеков К.С.).

2. "Заң Талабы" құқық қорғау орталығы. Қамту аймағы - Шымкент қ. және Түркістан облысы.

"Qolda" шұғыл көмек бағдарламасы аясында наурыз айында "Заң Талабы" құқық қорғау орталығының заңгері 18 консультация өткізді. Оның 14 физикалық зорлық-зомбылық, 2 экономикалық зорлық-зомбылық және 2 басқа сұрақтар бойынша. Қоғамдық қордың психологына 10 бенефициар хабарласып, көмек сұрады. Психолог тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына психо-эмоционалды жағдайын түзету бойынша кеңес берді. Психолог өз жұмысында түрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерге қатысты жеке консультация әдістерін қолданады. Консультациялардан кейін бенефициарлардың мазасыз деңгейі төмендегені байқалып отыр.

Сенім телефонына 28 өтініш түскен. Оператор оларға алғашқы кеңес беріп, өтініш берушілерді психолог пен заңгерге бағыттады. Барлық өтініштер Excel базасында тіркеледі. Ай сайын үйлестіруші ұйымға қоңырау шалғандар бойынша мониторинг өткізеді.

Шымкент және Түркістан қалаларында, сонымен қатар Мақтаарал және Сарыағаш ауданында #StopViolence ақпараттық кампаниялар ұйымдастырылды. 2021 жылдың 26 ақпанында әйелдер мен қыздарға арналған "Гендерлік және цифрлық құқықтар" тақырыбы бойынша білім беру тренингі өткізілді. Тренингтерге Арыс және Түркістан қ. және Сайрам, Сарыағаш, Шардара аудандарың қыз-келіншектері қатысты. Жалпы тренинге 13 қатысты.

Келесі екі аптада психологиялық және заңгерлік көмек көрсетуді және сенім телефоны арқылы консультациялар өткізуді жалғастыру жоспарланған. Ауыл-аймақтарда тұратын әйелдерге "Гендерлік және цифрлық құқықтар" тақырыбы бойынша тренингтер өткізіліп, Шымкент қаласында #StopViolence ақпараттық кампания ұйымдастырылады деп күтілуде. Отбасылық зорлық-зомбылық проблемасына блогерлер мен танымал пабликтердің назары тартылады. Сондай-ақ, жақын күндері ауыл-аймақтарда тұратын әйелдер мен қыздарға медициналық маскалар мен антисептиктерді тарату жоспарланып отыр.

3. "Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар" қоры. Қамту аймағы - Алматы облысы Шелек ауылдық округі.

«Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар» қоры өткізген «Мейірімділік аумағы» қайырымдылық жобасы туралы Алматы қаласындағы «Ниджат» ассамблеясының мүшелері біліп, жеке танысуды қалады. Олар пандемияның кесірінен қиын жайғдайға ұшыраған отбасыларды аралап, балаларға азық-түлік қораптары мен сыйлықтарды ұсынды. Кездесу нәтижесінде Шелек ауылындағы 8 отбасыға және Қаратұрық ауылындағы 7 отбасыға ассамблея атынан азық-түлік қораптары жеткізілді, ал көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 30 балаға мектепке арналған кеңсе тауарлары жиынтығы мен тәтті сыйлықтар табысталды. «Ниджат» ассамблеясы бұдан әрі қарай да жобамен ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді.

«Мейірімділік аумағы» қайырымдылық жобасының еріктілері мен үйлестірушілері наурыз айына созылған «Бір сағаттық немере» ("Внук на час") акциясын жүзеге асырды. Жобаға барлығы 12 «немере» қатысты. Олар күрек, сыпырғыштар және басқа да тұрмыстық техникалармен қаруланып, үйлердің ішін және аулаларды тазалады, қар мен мұржаларды тазартты, ағаш кесті, жалғыз тұратын қариялармен әңгімелесті. Көмекке мұқтаж жандарды табу үшін жалғыз тұратын 30 зейнеткердің тізімі жасалды (онлайн және жазбаша өтініштер арқылы).

«Біздің келуіміз ата-әжелер үшін қуанышты тосын сый болды. Олар бізді қарсы алғанда алдымен ұялды, кейін күлімсіреп сөйлесе бастады. Біздің көмегімізді қуана қабылдап, дәл осылай тағы да қонаққа келуімізді сұрады.» - үйлестіруші Әлия.

«Бір сағатқа немере» акциясы тұрақты түрде өткізіліп, оған тағы адамдар тартылады деп жоспарлануда.

Алдағы екі аптада «Тегін киім дүкені» акциясын жалғастыру және әлеуетті демеушілерді тарту бойынша жұмыстар жалғасады. Сонымен қатар, мүгедектерді және төсек тартып жатқан науқастарды жаялықшалармен қамтамасыз ету бойынша жұмысты аяқтау жоспарланған.

4. "Ұлағат" Жастар қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы - Шығыс-Қазақстан облысы.

Қоғамдық бірлестік бейне роликтерді дайындауды жалғастырып жатыр. Волонтерларды оқытуға арналған қосымшаға енгізілетін ақпараттар дайын болды. Материалдар арнайы маманға табысталды. Сертификаттарды еріктілерге тапсыру жұмыстары жүргізілуде. Алдағы екі аптада семинарға қатысушыларға сертификаттар тарату, мобильді қосымшаның дизайнын мақұлдау, жоспарланған бейнелерді аяқтау және қосымша бойынша жұмысты аяқтау жоспарлануда.

5. "Қызыл жарты ай қоғамы" қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы - Қарағанды облысы.

Қоғамдық бірлестік рейдтер мен еріктілер дайындаған акциялар арқылы отбасылық қауіпсіздік жоспарларын құру және қауіпсіз өмір туралы білімді арттыру бойынша халықпен жұмыс істеуді жалғастыруда. Қазіргі таңда 121 жоспар құрылды. Төтенше жағдай кезінде қажетті заттарды сөмкеге жинаудың толық нұсқаулығы берілген екі тілде бейнеролик дайындалды.

Көктемгі су тасқыны салдарынан туындайтын төтенше жағдайлар қаупін азайту мақсатында тұрғындармен келесі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр:

- елді мекендерден қарды шығару және ғимараттар мен құрылыстардың, сондай-ақ іргелес аумақтардың шатырларындағы мұзды алып тастау;

- арықтар мен үйлердің жанындағы каналдарды тазарту және дайындау;

- барлық дайындалған еріктілер мектептерде, колледждерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда көктемгі су тасқынынан туындаған ТЖ кезіндегі іс-шаралар туралы түсіндіру шараларына қатысады. Қарағанды ​​қаласының 3 кәсіпорны қамтылды.

Қарағанды ​​қаласында 21 ерікті жобаға тартылған, олар 24 үйді қамтиды. Қарағанды ​​облысының Шет ауданында 41 ерікті жобаға тартылған, олар 82 үйді қамтиды. Қарағанды облысының Осакаров ауданында 26 ерікті жобаға тартылған, олар 53 үйді қамтиды. Бұқар жырау ауданында 23 ерікті жобаға тартылған, олар 41 үйді қамтиді.

Еріктілер жастар ресурстық орталықтары мен аудандық ТЖ бөлімдерінің қолдауымен ақпараттық материалдарды тарату және жобаға қатысатын жерлерде қауіпсіз өмір сүру дағдыларын жетілдіруді жалғастыруда. 9 тақырып бойынша екі тілде 1 350 дана ақпараттық парақ таратылды. Сондай-ақ, 3 500 адамға COVID-19 тақырыбында парақшалар таратылды.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарымен жұмыс жалғасуда. Су тасқынына қарсы профилактикалық іс-шаралар өткізілді, оның барысында еріктілер 18 ауланы тазартты.

Алдағы екі аптада арнайы оқытылған еріктілер командаларының күшімен өткізілетін рейдтер мен түрлі шаралар арқылы отбасылық қауіпсіздік жоспарларын, қауіпсіздік маршруттарын және қауіпсіз өмір сүру туралы білімді арттыру жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда. Сондай-ақ, ақпараттық материалдарды тарату, жобаға тұрғындарды тарту, халық арасынан мобильді командаларды қолдау топтарын құру, су тасқыны салдарынан туындайтын төтенше жағдайлар қаупін азайту мақсатында жүргізілетін шараларға қатысу және қамтылған тұрғындардың жоба туралы пікірін жинау жұмыстары жалғасады.

6. "Қазақстанның медициналық жастары" қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы - Шымкент қ. және 14 облыс.

«Медициналық еріктілер мектебі» жобасының қатысушылары 1-16 наурыз аралығында оқуларын аяқтап жұмысқа кіріседі. Бекітілген жоспарға сәйкес 4 наурызда Талдықорған жоғары медициналық колледжінде, 11 наурызда Атырау жоғары медициналық колледжінде, 12 наурызда М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінде, «Медициналық еріктілер практикасындағы алғашқы көмек» тақырыбында оффлайн тренингтер ұйымдастырылды. Жобаға қатысушылар сертификаттармен марапатталды. Сертификат алған медициналық еріктілер Алматы, Атырау және Ақтөбе облыстарындағы медициналық мекемелерде ерікті түрде көмек көрсетеді.

Офлайн форматта жоба ұйымдастырушылары мен қатысушыларының кездесуі өтті. «Медицина жастары» РҚБ вице-президенттері Тұрсынтай Әлижан Қалиұлы мен Солтанай Жәнібек ұйымның қызметі, жетістіктері мен жоспарлары туралы презентация жасады.

Іс-шара барысында ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» КМК, ШЖҚ «Атырау жоғары медициналық колледжі» КМК, «№3 Атырау емханасы» ШЖҚ КМК және «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті» КЕАҚ серіктестік туралы меморандумға қол қойылып, алдағы жоспарлар талқыланды.

Жобаға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала отырып, денсаулық сақтау саласында ерікті болуға дайын екендіктерін білдірді.

Жобаға қатысушылар аймақтарда орналасқан медициналық мекемелерге белсенді түрде көмек көрсетуде. Медицина қызметкерлер үшін осы қиын кезеңді жеңілдету мақсатында медициналық еріктілер науқастарды күтіп, карантинде жатқан науқастарға дәрі-дәрмектерді жеткізуге көмектесіп жүр.

Алдағы уақытта медициналық еріктілерге қажетті практикалық дағдылар бойынша оффлайн сабақтар өткізету мақсатында ұйымдастырылған мамандардың аймақтарға іс-сапарлары ары қарай жалғасады. Студенттерге алғашқы көмек көрсету алгоритмін үйрету жоспарланған. Қазіргі таңда осы тақырып бойынша оқу материалдары дайындалып жатыр.

7. "Антарес А" қоғамдық қоры. Қамту аймағы - Өскемен қ.

«Антарес А» қоғамдық қоры азық-түлік қораптарын сатып алып, азық-түлік және жеке гигиена құралдарынан тұратын жеке қораптарды қалыптастыруды бастады. Бұрын қамауда болған аз қамтылған азаматтардың тізімдерін қалыптастыру жұмыстары басталды. Сондай-ақ, қызметті алғандығын растайтын алғашқы құжаттар әзірленді. Айдың басынан бастап халыққа хабарландыру мақсатында әлеуметтік желілерде жобаның басталғаны туралы ақпарат таратылып, көмір мен жеке қорғану құралдарын сатып алу бойынша баға ұсыныстары қарастырылды. Бұрын қамауда болған аз қамтылған азаматтарға сәуір айына қоғамдық көліктерде (автобуста) жүру билеттерін сатып алу жоспарланған. Алдағы екі аптада Алтай мен Өскемен қалаларында және жақын аудандардағы бұрын қамауда болған аз қамтылған азаматтарға азық-түлік пакеттерін тарату басталады. Жеке қорғану құралдарын сатып алу және тарату, сонымен қатар көмірді сатып алу және оны мұқтаж жандарға тарату ұйымдастырылады.

8. "Целина" қоғамдық қоры. Қамту аймағы - Атбасар қ.

2021 жылы 2 наурызда өткен аудан әкімдігінде өткен жиналыс барысында жобаның презентациясы өтіп, пресс-релиз таратылды. Шараға әкім орынбасары, ішкі саясат бөлімінің және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылары қатысты. Шара барысында алдағы жоспарлар талқыланды. 12 наурызда күні тыл еңбеккерлері, еңбек және ҰОС ардагерлері туралы тізім жасалды. Қазіргі таңда азаматтардың мекен-жайлары мен телефондары нақтылануда. Айдың басында Жастар ресурстық орталығының өкілдерімен кездесу өткізілді. Оның барысында еріктілермен бірлесіп жасалатын жұмыс талқыланды. Қазіргі уақытта еріктілерді іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Қаптар қолғаптар, дорбалар мен таразы сатып алынды. Жемістер мен көкөністердің баға ұсыныстары жиналып жатыр. Содан кейін таңдау және бекіту процедурасы өткізіледі.

Жеткізушілер тарапынан есеп айырысу шоттарының, мөрлердің және тиісті құжаттардың болмауы қор жұмысын едәуір қиындатты. Ақмола облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты көкөніс дүкендерінің иелерімен жеке кездесу ұйымдастырылмады.

Алдағы екі аптада жеткізушіні таңдау, көкөністер, жемістер, кептірілген жемістер сатып алу, автокөлік жалға алу және жиынтықтарды дайындау жоспарланған. Жақында волонтерлерді күшімен ата-әжелерге жемістер мен көкөністерді жеткізу басталады.

9. "Жаңғыру" Солтүстік Қазақстан облысының немістер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы - Петропавл қ.

Солтүстік Қазақстан облысында жүзеге асып жатқан «Жақсылық кезеңі» жобасын жүзеге асыру барысында қоғамдық бірлестік көмекке мұқтаж адамдардың тізімдерін жасады. Ұйымның еріктілері мен белсенділері, сонымен қатар ауылдық округ әкімдіктері үлкен көмек көрсетті. Сауда орталықтарына азық-түлік қораптарын толтыру туралы баға ұсыныстары жіберілді.

Алдағы екі аптада қауымдастық азық-түлік пакеттерін сатып алуға тендер өткізіп, оларды мұқтаж жандарға жеткізу үшін аймақтарға алғашқы сапарларды өткізуді жоспарлап отыр.

10. "Кемпірқосақ" қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы - Қостанай қ.

Наурыз айының алғашқы екі аптасында "Радуга" қоғамдық бірлестігі мүшелері арасында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналарыдың байланыс телефондарын нақтылау, аппаратты массаж қызметтерін алу кестесін құру, аналарды алаңдататын психологиялық проблемаларды анықтау, мамандармен келісім-шарт жасасу және материал сатып алу жұмыстары жүргізілді.

Қазірдің өзінде 38 массаж сессиясы өткізілді, шығын материалдары сатып алынды. «Менің өмірімдегі стресс», «Өзімді кінәлі сезіну. Одан қалай құтылуға болады?» тақырыптарында екі тренинг өткізіліп, төрт жеке консультация берілді. Сондай-ақ, азық-түлік жиынтығындағы өнімдердің тізімі нақтыланып, олардың өлшеп орау бойынша «Астықжан» ЖШС-мен келісім жасалды. Пакеттерді мекен-жайға жеткізу кестесі жасалды. Аппараттық массаж үшін шығын материалдарын сатып алу кезінде қиындықтар туындады. Бұл желілік маркетинг өнімі болғандықтан, алдын-ала тапсырыс беру керек.

Келесі екі аптаға аппараттық массаж сессиялары, тренингтер (әр сенбі сайын), психологтың жеке консультациялары және азық-түліктерді жеткізу жоспарланған. Азық-түлік пакеттерін уақытында және кестеге сәйкес жеткізу үшін жеткізу жылдамдығын екі есеге арттыру көзделіп отыр.

11. "Отбасы орталығы" қоғамдық қоры. Қамту аймағы - Семей қ.

1 наурыз күні қоғамдық қор жобаны егжей-тегжейлі зертеу жұмыстарын өткізді. 2 наурызда жобаның мүмкіндіктері туралы "Семей қаласының білім бөлімі" ММ, "Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" ММ, ШЖҚ "№1 поликлиника" КМК, "Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ, "Облыстық балалар биологиялық орталығы" МКК, "Мұздыбай 1" ШҚ және "Көлік колледжі" МКҚК өкілдерімен ақпараттық жиналыс өткізілді.

Қайырымдылық шараларын өткізу алгоритмі жасалды. Мемлекеттік органдар жобаны қолдады және оны іске асыруға көмектесуге, сондай-ақ азық-түлік жиынтықтарын, дәрі-дәрмектерді, тұқымдық картоп пен көшеттерді бақшаларына отырғызу үшін мұқтаж жандардың тізімін жасап, бұның бәрін жеткізу үшін көмектесуге дайын екендерін айтты. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұсақ жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру жайында ұсыныстар мен отбасылардың тізімін дайындады.

4 наурызда азық-түлік жиынтығын жеткізушілермен келіссөздер жүргізіліп, барлығының ішінен ең сенімді болып «Сәуір» сауда орталығы таңдалды.

11 наурызда медициналық көмек көрсететін дәрі-дәрмектерді жеткізушілермен алғашқы медициналық көмек жинағын құру бойынша келіссөздер жүргізілді. , ал ең сенімдісі ретінде «Аптека 75» ЖШС таңдалды.

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан азық-түлік пакеттерін алуға 100 адамның тізімдері, жалғыз тұратын зейнеткерлер мен ең төменгі зейнетақы алатын мүгедектігі бар азаматтардың арасынан алғашқы медициналық көмек қобдишаларын алуға 50 адамның тізімдері дайындалып, үйлерінде кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргізіп, кқшеттер тарату тарату үшін тізімдер жасалды.

Жақын арада жобаның алғашқы нәтижелері туралы мақалаларды әлеуметтік желілерге жариялау, азық-түлік жиынтықтары мен медициналық жиынтықтарды сатып алу, үйлерінде жөндеу жұмыстары жүргізілетін 3 отбасыны анықтау жоспарлануда.

12. "Сен жалғыз емессің" қоғамдық қоры. Қамту аймағы - Павлодар қ.

Наурыздың бірінші аптасында серіктестермен, Хосписпен және ЖИТС орталығының өкілдерімен кездесулер өткізілді. Осы мекемелердің басшылары жобаның мақсаттары мен міндеттерімен танысып шықты. Ұйымдар пациенттерінің негізгі қажеттіліктері айтты. Нәтижесінде әр мекемеге қажетті тауарлар мен қызметтердің тізімі жасалды.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдар қауымдастығының жетекшілерімен, сондай-ақ ЖИТС-пен ауыратын науқастарды күту мен қолдаумен айналысатын адамдармен кездесулер ұйымдастырылды. Келіссөздер барысында кедейлік пен аштық шегінде тұрған пациенттердің тізімін жасау туралы шешім қабылданды.

Наурыздың екінші аптасы тауар жеткізушілерін таңдауға арналды. Сол мекемелердің басшыларымен және әкімшілерімен телефон арқылы сөйлесулер жүргізілді.

Жақын арада діни көшбасшылармен кездесулер өткізу, тауарлар сатып алу, серіктес ұйымдардың жетекшілерімен кездесулер ұйымдастыру және паллиативті науқастарға көмек пен қолдау көрсету жоспарланып отыр.

 

Поделиться страницей: