Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

12 сәуір 2021 ж.

"Qolda 2.0": наурыз айына жоспар

1. "Жанұя" отбасыны қолдау орталығы" қоғамдық қоры. Қамту аймағы - Алматы облысы Жамбыл ауданы.

Оқыту процесі басталғаннан бері теориялық материалдардың 80% оқытылып, "Психологиялық проблемалардың барлық түрлерін шешуге арналған "Genesis" экспресс-психотерапиялық тәсілінің" алгоритмі педагог-психологтарға түсіндірілген болатын. Сондай-ақ, тренингтің басынан бастап жеке терапия негізінде практикалық дағдыларды қолдану бойынша жұмыс жүргізілді. Ақпан айының соңында педагог-психологтар «қызыл аймаққа» және «сары аймаққа» түскен орта мектеп оқушыларымен және психологиялық кеңес беруді үйренгісі келетіндермен жұмыс істей бастады. Жалпы санағанда «қызыл аймақта» 136 және «сары аймақта» 147 терапевтік сеанс өткізілді.

Ал жалпы екі айлық оқу тренингте 514 жеке терапия сеансы өткізілді.

Қазіргі таңда 10 адам оқудан шығарылды, оның үшеуі денсаулығына байланысты оқуды жалғастыра алмады. Мерекелік жиналыстар, сайлау, тексеру комиссиялары және басқа ағымдағы жұмыстар оқу процессіне кедергі келтіріп, тренинге қатысып жатқандардың тәртібіне кері әсер етеді.

Алдағы екі аптада Іле ауданының барлық мектептерінде педагог-психологтарды "Психологиялық проблемалардың барлық түрлерін шешуге арналған "Genesis" экспресс-психотерапиялық тәсілі" бойынша оқытуды жалғастыру жоспарлануда (авторлары Ж. Н.Даненова. және Шурабеков К.С.).

2. "Заң Талабы" құқық қорғау орталығы. Қамту аймағы - Шымкент қ. және Түркістан облысы.

"Qolda" шұғыл көмек бағдарламасы аясында ақпан айында "Заң Талабы" құқық қорғау орталығының заңгері 14 консультация өткізді. Оның 8 физикалық зорлық-зомбылық, 2 экономикалық зорлық-зомбылық және 4 басқа сұрақтар бойынша. Қоғамдық қордың психологына 8 бенефициар хабарласып, көмек сұрады. Психолог тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына психо-эмоционалды жағдайын түзету бойынша кеңес берді. Психолог өз жұмысында түрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерге қатысты жеке консультация әдістерін қолданады. Консультациялардан кейін бенефициарлардың мазасыз деңгейі төмендегені байқалып отыр.

Сенім телефонына 18 өтініш түскен. Оператор оларға алғашқы кеңес беріп, өтініш берушілерді психолог пен заңгерге бағыттады. Барлық өтініштер Excel базасында тіркеледі. Ай сайын үйлестіруші ұйымға қоңырау шалғандар бойынша мониторинг өткізеді.

Шымкент және Түркістан қалаларында, сонымен қатар Мақтаарал ауданында #StopViolence ақпараттық кампаниялар ұйымдастырылды. 2021 жылдың 25 ақпанында әйелдер мен қыздарға арналған "Гендерлік және цифрлық құқықтар" тақырыбы бойынша білім беру тренингі өткізілді. Тренингтерге Сайрам, Сарыағаш және Шардара аудандарың қыз-келіншектері қатысты.

Наурыз айында психологиялық және заңгерлік көмек көрсетуді және сенім телефоны арқылы консультациялар өткізуді жалғастыру жоспарланған. Ауыл-аймақтарда тұратын әйелдерге "Гендерлік және цифрлық құқықтар" тақырыбы бойынша тренингтер өткізіліп, Шымкент қаласында #StopViolence ақпараттық кампания ұйымдастырылады деп күтілуде. Отбасылық зорлық-зомбылық проблемасына блогерлер мен танымал пабликтердің назары тартылады. Сондай-ақ, жақын күндері ауыл-аймақтарда тұратын әйелдер мен қыздарға медициналық маскалар мен антисептиктерді тарату жоспарланып отыр.

3. "Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар" қоры. Қамту аймағы - Алматы облысы Шелек ауылдық округі.

"Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар" қорына қайрымдылық көмекке мұқтаж егде жастағы азаматтардан, мүгедек жандар, жалғыз тұратын қариялар мен кішкентай балалар және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қарайтындардан 46 өтініш келіп тұсті. Ауылдағы қиын жағдайлардың негізгі себептері: төмен жалақы, жұмыс тапшылығы, азық-түлік бағасының қымбаттауы және ерлі-зайыптылардың біреуінің еңбекке жарамсыздығы.

2021 жылдың 19 ақпанында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, онда келіп түскен өтініштер қаралып, азық-түлікке мұқтаж 40 отбасының тізімі бекітілді. Жоба еріктілері 40 азық-түлік себеттерін жинап, үйлеріне дейін жеткізіп берді. Себеттің ішіне ұн, май, күріш және макарон өнімдері кірді. Жалпы сомасы 161 мың теңгені құрады.

«Тегін киім дүкені» жобасы өз жұмысын ары қарай жалғастырады. Қазіргі таңда 12 отбасы киім-кешекпен қамтылды.

Алдағы екі аптада «Тегін киім дүкені» акциясын жалғастыру және әлеуетті демеушілерді тарту бойынша жұмыстар өткізіледі. Сонымен қатар, жалғыз тұратын қарттар мен жалғызбасты аналар үшін «Бір күндік немере» акциясын өткізу жоспарланып отыр. 4 еріктілер тобы құрылады. Олар отын кесумен, үй және үй айналасын тазалаумен, жеке учаскелерде жұмыс істеп, мұржаларды тазалаумен айналысатын болады.

4. "Ұлағат" Жастар қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы - Шығыс-Қазақстан облысы.

Қоғамдық бірлестік еріктілерді оқытуды аяқтады. Қазіргі таңда 4 бейне ролик дайын. Сондай-ақ, еріктілерге табысталатын сертификаттар әзірленді және мобильді қосымшаның функционалдығы мақұлданып, дизайнды жасау жұмыстары басталды. Алдағы екі аптада семинар қатысушыларына сертификаттар таратып, мобильді қосымшаның дизайнын бекіту жоспарланған, сонымен қатар бейне роликтерді аяқтап, мобильді қосымшаға ақпарат жинау жоспарланып отыр.

5. "Қызыл жарты ай қоғамы" ҚБ. Қамту аймағы - Қарағанды облысы.

Қоғамдық бірлестік рейдтер мен еріктілер дайындаған акциялар арқылы отбасылық қауіпсіздік жоспарларын құру және қауіпсіз өмір туралы білімді арттыру бойынша халықпен жұмыс істеуді жалғастыруда. Сонымен қатар, ұйым көктемгі су тасқыны салдарынан туындайтын төтенше жағдайлардың қаупін азайту мақсатында тұрғындармен тиісті жұмыстар жүргізуде (елді мекендерден қарды шығару; суару арықтарын тазарту және дайындау; мектептер, колледждер мен кәсіпорындардан еріктілерді жұмысқа тарту).

Төтенше жағдайлар департаменттерімен және еріктілермен бірге аумақтар бойынша тәуекел карталарын құрастыру және ТЖ кезінде қолданатын жоспарларды дайындау жалғасып жатыр. Қазіргі таңда 25 жоспар мен карта жасалды. Су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы ұйымдастырылып, халықтың осал топтарымен тиісті жұмыстар мен жаттығулар өткізілді.

Көктемгі су тасқыны салдарынан туындайтын төтенше жағдайлар қаупін азайту мақсатында тұрғындармен келесі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр:

- елді мекендерден қарды шығару және ғимараттар мен құрылыстардың, сондай-ақ іргелес аумақтардың шатырларындағы мұзды алып тастау;

- арықтар мен үйлердің жанындағы каналдарды тазарту және дайындау;

- барлық дайындалған еріктілер мектептерде, колледждерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда көктемгі су тасқынынан туындаған ТЖ кезіндегі іс-шаралар туралы түсіндіру шараларына қатысады. Қарағанды ​​қаласының 4 кәсіпорны қамтылды (Теплотранзит, "Галина"ПИК, "Стимул" ПИК).

Қарағанды ​​қаласында 21 ерікті жобаға тартылған, олар 31 үйді қамтиды. Қарағанды ​​облысының Шет ауданында 40 ерікті жобаға тартылған, олар 82 үйді қамтиды. Қарағанды облысының Осакаров ауданында 25 ерікті жобаға тартылған, олар 52 үйді қамтиды. Бұқар жырау ауданында 24 ерікті жобаға тартылған, олар 48 үйді қамтиді.

Еріктілер жастар ресурстық орталықтары мен аудандық ТЖ бөлімдерінің қолдауымен ақпараттық материалдарды тарату және жобаға қатысатын жерлерде қауіпсіз өмір сүру дағдыларын жетілдіруді жалғастыруда. 9 тақырып бойынша екі тілде 1 200 дана ақпараттық парақ таратылды. Сондай-ақ, 4 500 адамға COVID-19 тақырыбында парақшалар таратылды.

Алдағы екі аптада арнайы оқытылған еріктілер командаларының күшімен өткізілетін рейдтер мен түрлі шаралар арқылы отбасылық қауіпсіздік жоспарларын, қауіпсіздік маршруттарын және өмір туралы білімді арттыру жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда. Сондай-ақ, ақпараттық материалдарды тарату, тәуекелдер карталарын жасау, ТЖ кезінде қолданатын жоспарларды дайындау және қамтылған тұрғындардың жоба туралы пікірін жинау жұмыстары жалғасады.

6. "Қазақстанның медициналық жастары" ҚБ. Қамту аймағы - Шымкент қ. және 14 облыс.

«Медициналық еріктілер мектебі» жобасының қатысушылары оқуын жалғастыруда. Бекітілген жоспарға сәйкес «Медициналық еріктілер практикасындағы коммуникативті дағдылар» тақырыбында онлайн-тренинг және «ТМД елдеріндегі медициналық еріктілер қозғалысының дамуы мен болашағы» атты халықаралық вебинар ұйымдастырылды.

2021 жылдың 25-26 ақпанында ТМД елдерінің еріктілер қозғалысының жетекшілерімен халықаралық вебинар өткізілді. Шараға Қазақстанның барлық аймақтары қатысты. Спикерлер: Кимузаев Маджит Исмарович - Қырғызстанның Қызыл Жарты Ай Ұлттық қоғамының еріктілер үйлестірушісі (Қырғыз Республикасы, Бішкек) және Хундума Елизавета - арнайы жобалар бөлімі басшысының орынбасары, «Медициналық еріктілер» Бүкілресейлік қоғамдық қозғалысының халықаралық жобаларының үйлестірушісі (Ресей Федерациясы, Мәскеу). Қонақтар COVID-19 пандемиясы кезіндегі қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы іс-шаралар мен ұйымдастырылған жобалар туралы айтты. Жоба қатысушылары вебинарға үлкен қызығушылық танытып, қызықтырған сұрақтарын қойды және медициналық колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында медициналық еріктілер қозғалысын дамыту бойынша өз ұсыныстарын айтты.

27 ақпан күні Павлодар, Ақтау және Талдықорған қалаларындағы медициналық еріктілер үшін «Медициналық еріктілер практикасындағы коммуникация дағдылары» атты онлайн-тренингтер ұйымдастырылды. Тренингтің модераторы арнайы шақырылған маман, Алматы қаласының ШЖҚ "№4 қалалық емханасының" терапевт-дәрігері Тілеубек Нұридин Талғатұлы болды. Тренингтерді өткізуге клиникалық психолог, педагогика және психология магистрі, тұлғалық өсудің сарапшы кеңесшісі Абдулова Сағипжамал Ниязқызы белсенді қатысты.

Медициналық еріктілер мектебінің қатысушыларына қарым-қатынас кезіндегі шектеулер мен мәдени нормалар түсіндірілді. Тренинг барысында медициналық еріктілер дәрігерлер көрсеткен жаттығулар көмегімен коммуникация дағдыларын үйренді. Тренингке қатысушылар дене тілін түсіну мен қарым-қатынас кезінде қашықтықты сақтаудың маңыздылығын талқылады. Вербальды емес қатынасты қолдану және жағымсыз жаңалықтарды дұрыс жеткізу кез-келген денсаулық сақтау қызметкерінің жұмысында өте маңызды.

Жобаға қатысушылар аймақтарда орналасқан медициналық мекемелерге белсенді түрде көмек көрсетуде. Медицина қызметкерлер үшін осы қиын кезеңді жеңілдету мақсатында медициналық еріктілер науқастарды күтіп, карантинде жатқан науқастарға дәрі-дәрмектерді жеткізуге көмектесіп жүр.

Ақпан айының соңында Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжімен, Павлодар медициналық жоғары колледжімен және Қызылорда медициналық жоғары колледжімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

4 наурыздан бастап мамандардың аймақтарға іс-сапарлары басталды. Олар медициналық еріктілерге қажетті практикалық дағдылар бойынша оффлайн сабақтар өткізетін болады. Студенттерге алғашқы көмек көрсету алгоритмін үйрету жоспарланған. Қазіргі таңда осы тақырып бойынша оқу материалдары дайындалып жатыр.

Поделиться страницей: