Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

2 наурыз 2021 ж.
"Qolda 2.0" гуманитарлық гранттар сайысының жеңімпаздары анықталды
Алматы, 2021 ж. 26 ақпан - “QOLDA” шұғыл көмек бағдарламасының екінші кезеңі аясында ұйымдастырылған гуманитарлық грант сайысы аяқталды. Сайысқа 61 ɵтiнiш түстi. Елімздің 5 облысынан (Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары) гуманитарлық және қайырымдылық көмек көрсететін 6 ҮЕҰ жеңiмпаз атанды. Олар 2021 ж. 1 наурыз - 2021 ж. 30 сәуір аралығында өз жобаларын іске асыруға мүмкіндік алды. Қоғамдық бірлестіктерге арналған жалпы грант сомасы 21,4 млн теңгені құрайды.
Қаражат келесі жобаларға бөлінеді:
1. Отбасы орталығы ҚҚ: қамту аймағы - Семей қ (жоба бенефициарлары - күнкөріс деңгейі төмен және көпбалалы отбасылар);
2. Целина ҚҚ: қамту аймағы - Атбасар қ. (жоба бенефициарлары - зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері және еңбек ардагерлері);
3. Сен жалғыз емессің ҚҚ: қамту аймағы - Павлодар қ. (жоба бенефициарлары - АИВ ауыратын онкологиялық науқастар);
4. Кемпірқосақ ҚБ: қамту аймағы - Қостанай қ. (жоба бенефициарлары -мүгедектігі бар балалар);
5. Жаңғыру ҚҚ: қамту аймағы - Петропавл қ. (жоба бенефициарлары - күнкөріс деңгейі төмен отбасылар);
6. Антарес А ҚҚ: қамту аймағы - Өскемен қ. (жоба бенефициарлары - бұрын қамауда болған азаматтар).
«QOLDA» шұғыл көмек бағдарламасы азаматтық қоғамның төтенше жағдайда тиімді әрекет ету қабілетін арттыруға, азаматтық қоғамды тарту арқылы карантиннің негативті әсерін азайтуға, сонымен қатар қоғамдық және еріктілер ұйымдарының күш-жігерін үйлестіруге бағытталған.
Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында “QOLDA” шұғыл көмек бағдарламасының бірінші кезеңі іске қосылды. Басты мақсаты - қоғамдық және еріктілер ұйымдарының қызметін үйлестіру арқылы карантин және төтенше жағдайдың халыққа тигізген негативті әсерін азайту. Жоба барысында қазақ тілінде пандемия мен карантин туралы сапалы контенттің саны айтарлықтай өсті. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан 11 ҮЕҰ пен 7 БАҚ грант иегері атанды. 2020 ж. 23 сәуір мен 23 тамыз аралығында 11 ҮЕҰ 2000-ға жуық әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылар мен мигранттарға көмек көрсетілді, шағын және орта бизнеске 1400 консультация берілді және 5 провизорлық клиниканың қажеттіліктері қанағаттандырылды.
2020 жылдың 9 қарашасында “QOLDA” шұғыл көмек бағдарламасының екінші кезеңі басталды. Осы жолы гранттар аймақтық бастамаларды қолдауға бөлінді. Шымкент қ. мен Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарынан 6 ҮЕҰ грант иегері атанды. Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 30 млн теңгені құрады. Бұл қаражат ауыл-аймақтардағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және оны жоюға, аймақтардағы төтенше жағдайлар кезінде халықты ақпараттандыру мен қолдаудың ұзақ мерзімді шешімдерін әзірлеуге, аймақтық ҮЕҰ-дың төтенше жағдайда тиімді әрекет ету қабілеттілігін арттыруға және ауыл-аймақтардағы еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған бастамаларға бөлінді. "Qolda 2.0" 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады.
«Qolda» шұғыл көмек бағдарламасын Орталық Азияның Еуразия Қоры, "Шеврон" компаниясымен серіктестікте жүзеге асып отыр.