Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

16 наурыз 2021 ж.
"Qolda 2.0": ақпан айының нәтижелері
1. "Жанұя" отбасыны қолдау орталығы" қоғамдық қоры. Қамту аймағы - Алматы облысы Жамбыл ауданы.
Қоғамық қор өткен айда "Психологиялық проблемалардың барлық түрлерін шешуге арналған "Genesis" экспресс-психотерапиялық тәсілін" үйрену бойынша сабақтарға қатысып жүрген педагог-психологтар жақсы нәтижелер көрсетті. Үйренген теорияны психологтар практика жүзінде қолдана бастады. Тыңдаушылар терапия барысындағы нәтижелерді көргенде қатты қуанды.
Жалпы санағанда теория мен практиканы қатар оқытқызатын 19 сабақ өткізілді. Бұл сабақтарда студент психотерапевт пен клиентке қажетті дағдыларды үйренеді. Оқыту Zoom платформасында өткізіледі. Студенттер айтарлықтай жақсы нәтижелер көрсетіп отыр.
Алдағы екі аптада "Психологиялық проблемалардың барлық түрлерін шешуге арналған "Genesis" экспресс-психотерапиялық тәсілін" Іле ауданының барлық мектептерінде жұмыс істейтін педагог-психологтарды жаңа отандық әдіс бойынша оқытуды жалғастыру жоспарлануда (авторлары: Даненова Ж.Н. және Шурабеков К.С.).
"Балалармен жұмыс істеу өте оңай. Бірде-бір бала бізбен жұмыс жасаудан бас тартқан емес. Керісінше балалар өздеріне көмектесуге деген ұмтылыстарын көріп, таң қалдық. Қазіргі замандағы балалардың сана-сезімі таңғаларлық және құрметтке лайық. Барлық қиыншылықтарға қарамастан қауіпті аймаққа түскен балалар оларға шын жүректен көмектескімізді көріп, көмегімізді қабылдады. Олардың ішінде суицидке жақын болғандар, физикалық, жыныстық және психологиялық зорлық-зомбылық құрбандары, жақындары ұрып-соғып, қатал жаза қолданып, қорлауға ұшырағандар бар." - "Жанұя" отбасыны қолдау орталығы" қоғамдық қордың директоры Айгүл Есімбекова.
2. "Заң Талабы" құқық қорғау орталығы. Қамту аймағы - Шымкент қ. және Түркістан облысы.
"Qolda" шұғыл көмек бағдарламасы аясында ақпан айында "Заң Талабы" құқық қорғау орталығының заңгері 11 консультация өткізді. Оның 10 физикалық зорлық-зомбылық, 1 жыныстық зорлық-зомбылық. Қоғамдық қордың психологына 7 бенефициар хабарласып, көмек сұрады, оның екеуі ер адамдар, төртеуі әйелдер (соның ішінде біреуі кәмелет жасқа толмаған). Психолог тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына психо-эмоционалды жағдайын түзету бойынша кеңес берді. Психолог өз жұмысында түрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерге қатысты жеке консультация әдістерін қолданады. Консультациялардан кейін бенефициарлардың мазасыз деңгейі төмендегені байқалып отыр.
Сенім телефонына 18 өтініш түскен. Оператор оларға алғашқы кеңес беріп, өтініш берушілерді психолог пен заңгерге бағыттады. Барлық өтініштер Excel базасында тіркеледі. Ай сайын үйлестіруші ұйымға қоңырау шалғандар бойынша мониторинг өткізеді.
Шымкент және Арыс қалаларында, сонымен қатар Сайрам ауданында #StopViolence ақпараттық кампаниялар ұйымдастырылды. 2021 жылдың 25 қаңтарында жастар мен ауыл-аймақтарда тұратын әйелдерге арналған цифрлық және гендерлік құқықтар тақырыбы бойынша білім беру тренингтер өткізілді. Тренингтерге Сайрам, Төле би, Мақтаарал аудандарында және Түркістан қаласында тұратындар қатысты. Шараға 15 адам қосылды. 15-26 ақпан аралығында 2 ер адам қоғамдық бірлестіктен көмек сұрады. Олар депрессиялық жағдайда болды, олардың барлығына консультация көрсетілді.
Наурыз айында психологиялық және заңгерлік көмек көрсетуді және сенім телефоны арқылы консультациялар өткізуді жалғастыру жоспарланған. Ауыл-аймақтарда тұратын әйелдерге цифрлық және гендерлік құқықтар тақырыбы бойынша тренингтер өткізіп, Шымкент қаласында #StopViolence ақпараттық кампания ұйымдастырылады деп күтілуде.
3. "Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар" қоры. Қамту аймағы - Алматы облысы Шелек ауылдық округі.
"Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар" қоры үйлестірушілермен бір реттік атаулы көмек алуға келіп түскен онлайн-өтініштерді тексеру бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Бірлестіктер кеңесі барысында «Тегін киім дүкені» акциясын өткізу бекітілді. Ол үшін 55 адам шақырылды (сақтық шаралары сақталып, сағатына 3 адамнан қабылданды). Нашар көретіндер мен жүріс-тұрысы аз адамдарға киімдер үйлеріне дейін жеткізілді. Отбасыларды отынмен қамтамасыз етуге көп өтініштер келіп түсуде. Киім, аяқ киім және тұрмыстық заттарды алып келетіндердің саны көп, бірақ қаржылай көмек жинау барысында бірқатар қиындықтар туды. Қаңтар айында тек 109 000 теңге жиналды.
Алдағы екі аптада «Тегін киім дүкені» акциясы жалғасады. Сонымен қатар, жалғыз тұратын қарттар үшін «Бір күндік немере» акциясын өткізу жоспарланып отыр. Наурыз айында халық арасында буклеттер таратылып, көмір мен отын жеткізу ұйымдастырылады. Қор қызметкерлері әлеуетті демеушілерге ресми хат арқылы байланысқа шығып қайырымдылық шараны қолдауды сұрамақшы.
4. "Ұлағат" Жастар қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы - Шығыс-Қазақстан облысы.
Қоғамдық бірлестік Zoom платформасының негізінде еріктілерді онлайн форматта оқытып жатыр. Бейне роликтерді дайындау жұмыстары басталып кетті. Наурыз айында дайын болады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, келесі айда оқудан өткен еріктілердің сертификаттары дайын болып, мобильдік қосымшаның дизайны бекітіледі деп күтілуде.
5. "Қызыл жарты ай қоғамы" ҚБ. Қамту аймағы - Қарағанды облысы.
Қоғамдық бірлестік рейдтер мен еріктілер дайындаған акциялар арқылы отбасылық қауіпсіздік жоспарларын құру және қауіпсіз өмір туралы білімді арттыру бойынша халықпен жұмыс істеуді жалғастыруда. Сонымен қатар, ұйым көктемгі су тасқыны салдарынан туындайтын төтенше жағдайлардың қаупін азайту мақсатында тұрғындармен тиісті жұмыстар жүргізуде (елді мекендерден қарды шығару; суару арықтарын тазарту және дайындау; мектептер, колледждер мен кәсіпорындардан еріктілерді жұмысқа тарту).
Қарағанды қаласында 23 ерікті жобаға тартылған, олар 69 үйді қамтиды. Қарағанды облысының Шет ауданында 43 ерікті жобаға тартылған, олар 102 үйді қамтиды. Қарағанды облысының Осакаров ауданында 28 ерікті жобаға тартылған, олар 54 үйді қамтиды. Бұқар жырау ауданында 28 ерікті жобаға тартылған, олар 78 үйді қамтиді.
Оқытылған еріктілердің көмегімен тәуекел карталарын құру және Буқар Жырау, Осакаров және Шет аудандарында ТЖ болған кезде қолданатын жоспарларды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Осакаров ауданында 62 ерікті онлайн форматтағы оқудан өтті.
Еріктілер жастар ресурстық орталықтары мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерінің қолдауымен ақпараттық материалдарды тарату және жобаға қатысатын жерлерде қауіпсіз өмір сүру дағдыларын жетілдіруді жалғастыруда. 9 тақырып бойынша 20 200 дана ақпараттық парақ таратылды. Сондай-ақ, 12 500 адамға COVID-19 тақырыбында парақшалар таратылды.
Төтенше жағдай орын алған кезде сөмкені дайындауды егжей-тегжейлі түсіндіретін екі тілде бейне ролик дайындалды.
"Мен тұрғындарды оқытуға арналған семинарларға қатыстым, Осакаров ауданына бардым. Басқа еріктілермен бірге төтенше жағдайларға бейім аудандардың тұрғындарын дайындау бойынша акция ұйымдастырдым және отбасылық жоспар құрдым. Бастауыш сыныптарда оқитын балаларға арналған қауіпсіздік бағытын дайындаған команда құрамында болдым. Бұл маршруттың мақсаты - қауіпсіз өмір сүру жөніндегі білім деңгейін көтеру. COVID-19 алдын алу туралы парақшаларды тараттым". - Әйгерім Дауытжанова, ерікті.
6. "Қазақстанның медициналық жастары" ҚБ. Қамту аймағы - Шымкент қ. және 14 облыс.
"Медициналық еріктілер мектебі" жобасы Петропавл қ. және Орал қ. іске қосылды. Осы екі қаланың жастары жобаға бұрын-соңды болмаған қызығушылық танытты. Кіріспе сабақтарды арнайы шақырылған маман-терапевт Тілеубек Нұридин Талғатұлы мен С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ интерн-дәрігері Солтанай Жәнібек өткізді. Төтенше жағдай кезінде карантиндік, провизорлық және жедел еріктілер штабында жұмыс істеген тәжірибелі еріктілер-дәрігерлер ретінде олар бұл жоба медициналық колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері үшін көшбасшылық қабілеттері мен кәсіби және еріктілер қасиеттерін дамытуға тамаша мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар спикерлер волонтерліктің тарихы, біздің елдегі еріктілер қозғалысының дамуы туралы және «Еріктілер жылы» аясында жүзеге асырылған жобалар туралы айтты.
Екі апта ішінде Көкшетау, Өскемен, Петропавл, Қостанай, Павлодар, Шымкент, Тараз, Түркістан, Қызылорда, Семей, Атырау, Ақтау, Орал, Қарағанды, Талдықорған қалаларында медициналық еріктілер үшін «Медициналық еріктілер практикасындағы коммуникация дағдылары» атты онлайн-тренингтер ұйымдастырылды. Тренингтің модераторы арнайы шақырылған маман, Алматы қаласының ШЖҚ "№4 қалалық емханасының" терапевт-дәрігері Тілеубек Нұридин Талғатұлы болды. Тренингтерді өткізуге клиникалық психолог, педагогика және психология магистрі, тұлғалық өсудің сарапшы кеңесшісі Абдулова Сағипжамал Ниязқызы белсенді қатысты.
Медициналық еріктілер мектебінің қатысушыларына қарым-қатынас кезіндегі шектеулер мен мәдени нормалар түсіндірілді. Тренинг барысында медициналық еріктілер дәрігерлер көрсеткен жаттығулар көмегімен коммуникация дағдыларын үйренді. Тренингке қатысушылар дене тілін түсіну мен қарым-қатынас кезінде қашықтықты сақтаудың маңыздылығын талқылады. Вербальды емес қатынасты қолдану және жағымсыз жаңалықтарды дұрыс жеткізу кез-келген денсаулық сақтау қызметкерінің жұмысында өте маңызды.
Жақын арада Ресей Федерациясының, Қырғызстанның және Қазақстанның медициналық еріктілерінің қатысуымен тақырыптық халықаралық вебинарлар өткізу жоспарланып отыр. Еріктілердің аудандық денсаулық сақтау мекемелері жүргізетін профилактикалық-сауықтыру шараларына қатысуы қарастырылып жатыр. Сонымен қатар келесі айда медициналық еріктілерді оқытудың соңғы блогы өтеді.