Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
10 желтоқсан 2020 ж.
"Qolda 2.0": алғашқы 2 аптаның нәтижелері
"Qolda 2.0" шұғыл көмек бағдарламасы аясында грант иегері атанған ҮЕҰ өздерінің жобаларын бастап кетті. Еске сала кетейік, "Qolda 2.0" 2020 жылдың 9 қарашасында Орталық Азияның Еуразия қоры “Шеврон” компаниясымен серіктестікте іске қосылды.
Шымкент қ. мен Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарынан 6 ҮЕҰ "Qolda 2.0" грант иегерлері атанды. Олардың жобалары жайында №1 newsletter-де жазған болатынбыз. Newsletter-дің екінші саны 16-27 қараша аралығында жасалған акциялар мен шаралар жайында болмақ.
1. "Жанұя" отбасыны қолдау орталығы" қоғамдық қоры. Қамту аймағы - Алматы облысы Жамбыл ауданы.
Өткен екі апта ішінде қор көптеген жұмыстар атқарды. Іле аймағындағы 47 мектептің оқытушы-психологтарының тізімін жасап, мектеп оқушылары мен колледж студенттерін жеке тестілеу үшін арнайы ПИН-кодтар жіберілді. Қоғамдық қордың қызметкерлері 7-11 сыныптардың оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттердің ата-аналарынан тестілеу қажеттілігі жайында түсіндіру жұмыстары өткізіліп, ата-аналардан балалары тестілеуден бас тартуы немесе келісім беруі жайында өтініштер жиналды. Іле ауданының 47 мектебіндегі 7-11 сыныптағы оқушыларға арналған тестілеу алдағы 2 аптаға жоспарланған. Сондай-ақ, «GENESIS» авторлық бағдарламасы бойынша оқытушы-психологтарды оқыту басталды.
2. "Заң Талабы" құқық қорғау орталығы. Қамту аймағы - Шымкент қ. және Түркістан облысы.
Соңғы екі аптада ұйымның адвокаты келіп түскен өтініштер бойынша 28 консультация берді. Оның 16-сы физикалық зорлық-зомбылық бойынша, 5 - жыныстық зорлық-зомбылық, 7 психологиялық зорлық-зомбылық, 4 мүлікті бөлу, алимент талап ету, ажырасу, әкелікті анықтау. 8 бенефициарға уәкілетті органдарға жүгіну үшін процессуалдық құжаттар жасалды. Қоғамдық бірлестік өтініш білдіргендердің барлығына құқықтық және психологиялық көмек көрсетті, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына сенім телефондары мен онлайн-чаттар арқылы консультациялар берілді. Сонымен бірге Facebook-те тікелей эфир, Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімдігінде ашық есік күні ұйымдастырылды, ауыл-аймақтардағы әйелдер мен жастарға арналған тренингтер өткізіліп, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне және Халықаралық адам құқығы күніне арналған ақпараттық кампаниялар өткізілді. Бұл шаралардың барлығы «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді әрекет ететін 16 күн» акциясы аясында жүзеге асырылды. Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарында #StopViolence науқаны өткізілді.
«Әйелдерге қатысты жасалған зорлық-зомбылық - адам құқығын бұзу және гендерлік теңсіздіктің себебі мен салдары. Ал ерекше алаңдаушылық туғызатын мәселе - карантинге байланысты әйелдер гендерлік зорлық-зомбылыққа байланысты полицияға қоңырау шала алмайды, себебі жалғыз қалуға мүмкіндіктері жоқ. Ауыл-аймақтарда тұратын әйелдерге көрсетілетін онлайн-көмекке ерекше назар аудару қажет ». - "Құқық қорғау орталығы "Заң талабы" қоғамдық бірлестігінің" төрағасы Мурад Юнусов.
3. "Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар" қоры. Қамту аймағы - Алматы облысы Шелек ауылдық округі.
2020 ж. 16 мен 27 қараша аралығында Instagram (janashyr_aymak) және Facebook (Territory of Good) платформаларында жобаның ресми парақшаларын ашты. Жобаға арналған ақпараттық үнпарақтар мен карантин кезінде халықпен жұмыс жасау туралы жадынамалар әзірленді. Мұқтаж отбасылар мен оларға көмектескісі келетін азаматтар үшін онлайн-сауалнамалар жасалды. Қазіргі таңда қайырымдылық көмекке мұқтаж жандардан 23 өтініш келіп түсті. Қоғамдастық кеңесі құрылды, Кеңес жұмысы туралы ереже мен 6 айға арналған жұмыс жоспары бекітілді. 11 білім беру ұйымдарының өкілдерімен, Шелек ауылдық округі әкімі аппараты, ауруханалар, ауылдың 8 шағын ауданының қоғамдастық көшбасшыларымен кездесулер өткізіліп, үйлестірушілер тобы құрастырылды. Шелек ауылдық округінде тұратын әлеуметтік осал топтары туралы бірыңғай мәліметтер базасын құру жұмыстары жүргізілуде.
4. "Ұлағат" Жастар қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы - Шығыс-Қазақстан облысы.
Қоғамдық бірлестік Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерімен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық туралы меморандум әзірлеп жатыр. Құжатқа қол кою Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді деп жоспарланған. Өткен аптада чек-парақшаларын дайындау үшін ақпарат жиналып, жоба аясында болатын оқу бағдарламасына волонтерларды тарту бойынша келіссқздер жүргізіліп, мобильді қосымша жасау жоспары дайындалды. "Ұлағат" Жастар қоғамдық бірлестігі еріктілер базасын біріктіруді жоспарлап отыр. Осы орайда бұрын еріктілерді оқыту бойынша жобаларды жүзеге асырған ҮЕҰ өкілдерімен байланыс орнатылды.
5. "Қызыл жарты ай қоғамы" ҚБ. Қамту аймағы - Қарағанды облысы.
Қоғамдық бірлестігі Қарағанды облысындағы төтенше жағдайларға немесе түрлі қауіпсіздіктерге бейім әр аудан орталығында 5 белсенді еріктілерден тұратын мобильді топтар құра бастады. Қазіргі уақытта 25 команда құрылды (барлығы 128 адам). Сондай-ақ, қоғамдық бірлестіктің серіктестеріне жобаның басталғаны туралы хабарламалар жіберілді. Жобаны іске асыруға Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті, Қарағанды қаласының төтенше жағдайлар басқармасы, Осакаровский, Бұқар жырау және Шет аудандарының әкімдіктері көмектеседі. Қазіргі уақытта "Қызыл жарты ай қоғамы" қоғамдық бірлестігі ақпараттық буклеттер мен үнпарақтар әзірлеп, аймақтарда кездесулер өткізуге дайындалып жатыр.
6. "Қазақстанның медициналық жастары" ҚБ. Қамту аймағы - Шымкент қ. және 14 облыс.
26 қараша күні қоғамдық бірлестік қызметкерлері мектеп оқушылары - Шымкент қаласындағы медициналық еріктілер үшін кіріспе сабақ өткізді. Сабақты арнайы шақырылған дәрігер-терапевт Тілеубек Нұридін Талғатұлы жүргізді. Ол төтенше жағдай кезінде карантиндік ауруханада және жедел еріктілер штабында жұмыс істеді. Дәрігер-терапевт студенттермен тәжірибесімен бөлісті. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сессия Cisco Webex алаңында өтті. Студенттерге жобаның негізгі мақсаттары түсіндірілді. Олар - медициналық еріктілерді оқыту, еріктілерді оқытуды стандарттау және медициналық еріктілер болғысы келетіндердің санын арттыру. Қатысушылар 3 блоктан тұратын оқыту бағдарламасынан өтеді - кіріспе, теория және білім беру блогы.
Алдағы екі аптада Қазақстанның басқа аймақтарында медициналық еріктілерге арналған мектептер ашу жоспарлануда. Осыған байланысты қоғамдық бірлестік аймақтардан белсенді серіктестер іздеуде.
«Медицинаны оқып жүрген студенттер қазірдің өзінде ерікті деп саналады. Олар бұл мамандықты бірінші кезекте өздері үшін емес, науқастар үшін, халық үшін таңдады. Медицина факультетінің кез келген студенті волонтер бола алады, медициналық волонтерліктің маңыздылығын тек тәжірибелі волонтерлар түсіндіре алады. Біздің жобаның басты мақсаты - денсаулық сақтау саласындағы еріктілер санын көбейту.» - «Қазақстанның медициналық жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абылайхан Әбдіраш.