Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

4 наурыз 2022 ж.

"Qoǵamdyq keńistikter" жобасы шеңберінде тренингтер өтті

11-19 ақпан аралығында "Qoǵamdyq keńistikter" бағдарламасы аясында Жылой ауданы, Атырау облысы және Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранқұл ауылында қауымдастықтарды жұмылдыру бойынша семинарлар, сондай-ақ жергілікті тұрғындар үшін шағын жобаларды әзірлеу және жобалау бойынша тренингтер өткізілді.

Жоба "Теңізшевройл" ЖШС қолдауымен "Орталық Азияның Еуразия Қоры" бастамасымен 2021 жылы "Qoǵamdyq keńistikter" жобасы аясында Жылыой және Бейнеу аудандарында 45 шағын жоба іске асырылды.

"Қоғамдық кеңістіктер" жобасы 4 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жыл сайын біз қоршаған ортаны жақсартуға қатысатын жаңа тұлғаларды көруге қуаныштымыз.

 Биылғы жылы жоба географиясына: Аққызтоғай, Майкөмген, Тұрғызба, Шоқпартоғай, Жаңа Қаратон, Қосшағыл, Боранқұл және Құлсары қаласы кірді. Тренингтерге жергілікті белсенділер, әкімдік өкілдері, сондай-ақ немқұрайлы емес тұрғындар қатысты. Жалпы 185 қатысушы қатысты. Қазіргі уақытта біз әлеуетті жобалар үшін 69 идея жинадық.

Жобаның бірегейлігі жергілікті тұрғындардың өз қауымдастықтарындағы өмір сүру сапасын жақсартуға деген жауапкершілігі туралы санасын арттыру болып табылады. Әрбір тұрғын өз қаласының, кентінің дамуына жауапты екенін түсінуі тиіс және мұны жергілікті қоғамдық инфрақұрылымды жақсарту процесіне жергілікті белсенділер мен немқұрайлы емес азаматтарды тарту арқылы ортақ күш-жігермен жасауға болады.

1 наурызда "Qoǵamdyq keńistikter" жобасының командасы ZOOM-платформасында жобаның жаңа қатысушыларымен онлайн кездесу өткізді.Кездесуде жоба командасы өтінімді толтыру және грантқа тапсыру үшін қандай құжаттар қажет екендігі туралы айтылды.


Қазіргі уақытта грантқа өтінім беру үшін онлайн консультациялар жүргізілуде.Өтінімдер 2022 жылдың 15 наурызынан 10 сәуіріне дейін, Алматы уақытымен 18:00-ге дейін қабылданады. Осы уақыт ішінде қатысушылар өтінімді толтыру бойынша онлайн-кеңестер ала алады.



Поделиться страницей: