Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
31 қазан 2022 ж.
Qoǵamdyq keńistikter әлеуметтік бағдарламасы – үздік қоғамдық жұмыстар номинациясымен марапатталды
AmCham Awards гала-кеші марапаттау рәсімі Астана қаласында өтті. Онда өткен жылдың үздік жетістіктері үшін AmCham мүшелеріне 11 марапат берілді. Оның ішінде «Орталық Азияның Еуразия қорының» бастамасымен, «Теңізшевройл» ЖШС-нің серіктестікте және қаржылай қолдауымен іске асырылатын «Qoǵamdyq keńistikter» әлеуметтік бағдарламасы, ең үздік деп танылып, Қоғамдық жұмыстар номинациясымен марапатталды.
AmCham мүшелері: корпоративтік көшбасшылық, техникалық әзірлемелер, инновациялар, әлеуметтік қызметтер, Қазақстандық Мәдениетті қолдау және т.б. санаттардағы жетістіктері үшін кандидатураларын ұсынған.
Кандидатуралар тәуелсіз іріктеу комиссиясының тексерілуінен өтіп, жеңімпаздар есімі марапаттау рәсімінде подиумда жарияланды. Әрбір марапатты жеңімпаздың атын жариялау үшін конвертті ашатын AmCham елшісінің басқарма мүшесі марапаттады.
Әлеуметтік бағдарламасы 2019 жылы іске қосылып, 4 жыл ішінде Атырау қаласы, Атырау облысы Жылыой ауданында және Маңғыстау облысыда Бейнеу аудандарында 150 ге тарта қоғамдық орындар ашты. Олардың ішінде саябақтар мен ойын алаңдары түріндегі қоғамдық кеңістіктер ғана емес, мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы, әйелдерге арналған дағдарыс орталығы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған керамика шеберханасы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған психологиялық қолдау кабинеті және т.б.
Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін үкімет пен жергілікті белсенді тұрғындарды қоғамдық инфрақұрылымды жетілдіру үрдісіне жұмылдыру. Әрбір тұрғынның өз қаласы мен ауылының дамуына, гүлденуіне жауапты екендігін және оған бірлесіп күш салу арқылы қол жеткізуге болатындығын түсіндіру мақсатында басталды.