Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

9 мамыр 2022 ж.

«Qoǵamdyq keńistikter» гранттары байқауының нәтижелері жарияланды

Атырау облысы, Жылыой ауданы және Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылының тұрғындарына арналған Qoǵamdyq keńistikter бағдарламасының жеңімпаздары анықталды! Аталған елді-мекен тұрғындары өз ауылы мен қаласының қоғамдық инфрақұрылымдарын жақсартуға бағытталған жобаларды іске асыруға гранттар алады.


Жобаның  мақсаты: өз елді-мекендерін жақсартуды қалайтын, өз қауымдастықтарының дамуына үлес қосқысы келетін, аталған ауылдардың белсенді азаматтары, жастары, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен жалпы немқұрайлы емес тұрғындарынан құралған ынталы топтардың бастамаларына қолдау көрсету.


Байқауға өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 15 наурызынан 10 сәуірі аралығында жүргізілді. Биылғы жылы барлығы 74 өтінім келіп түсті:

Оның ішінде - Атырау облысы, Жылыой ауданынан 69 өтінім түсті:

  • Құлсары қаласы - 22;
  • Қосшағыл ауылы - 13;
  • Тұрғызба ауылы - 11;
  • Шоқпартоғай ауылы -8;
  • Ақкиізтоғай ауылы - 7;
  • Жаңа Қаратон ауылы - 5;
  • Майкөмген ауылы -3;

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылынан 5 өтінім келіп түсті.


 Өтінімдерді іріктеу төмендегі критерийлер бойынша жүргізілді:

  1. жергілікті тұрғындар үшін жобаның қажеттілігі;
  2. жобаға жергілікті тұрғындардың қатысуы және үлесі;
  3. жобаның тұрақтылығы;
  4. жобаның бюджеті.

 

Қоғамдағы ең өзекті мәселелерді көтере алған жобалар, тәуелсіз сарапшылардың баға беру нәтижесінде, грант иегерлері атанды! Нәтижесінде 34 шағын-жоба грантқа мақұлданды. Оның ішінде:

  • Балалар ойын алаңы – 14 жоба;
  • Спорт жаттығу алаңдары – 8 жоба;
  • Жазғы сахна – 3 жоба;
  • Футбол алаңдарын жабдықтау – 2 жоба;
  • Баскетбол алаңдары – 2 жоба;
  • Саябақтар – 1 жоба;
  • Аялдама – 1 жоба;
  • Подъездерді жөндеу – 1 жоба;
  • Вело алаң – 1 жоба;
  • Көшелерді жарықтандыру - 1 жоба.

Тәуелсіз Сарапшылар комитетінің бағалауы нәтижесінде келесі жобалар жеңімпаз деп табылды:

Жобаның атауы / Жобаның мақсаты

Жоба жетекшісі

Құлсары қаласы (9 жоба):

1)          

"Ашық аспан аясындағы жаттығу алаңы" жобасы
Құлсары қаласының «Береке» ықшам ауданы, Балмұханов Рысқали көшесінде орналасқан балалар ойын алаңы жанынан ашық аспан астындағы жаттығу алаңын салу

Қали Қуан Қалиұлы

2)          

«НАШ ДОМ – НАША ЗАБОТА» көпқабатты үй подъездін жөндеу және аула аумағын абаттандыру 
Құлсары қаласы, 3-шағын ауданы, №52 үй подъездінің эстетикалық жағдайын жақсарту

Калилиев Есторе Кенжебекович

3)          

«Ақ қайың» (“Березка”) балалар ойын алаңы

«Береке» ықшам ауданы, Қадырғали Жалайыри көшесінің балаларына ойын алаңын орнату арқылы, ойын алаңы қажеттілігін шешу.

Калиев Муратбек Кубекенович

4)          

«Кел, ойнайық», балалар ойын алаңының кайта қалыпқа келтіру жобасы

«ПНГС» ықшам ауданындағы балалар ойын алаңын қайта жаңарту, көркейту және қосымша ойын алаңы кешендерімен толықтыру

Машенова Мөлдір Амангелдіқызы

5)          

«Спорт-бақытқа бастар жол» жобасы

Құлсары қаласы Барлаушы ықшам ауданы, Мұханбет көшесі, №87 үй, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталық жанынан көше жаттығу алаңын орнату.

Мынжасаров Амангельді

6)          

«Балапан» балалар ойын алаңы

7 ауыл, 167 көше тұрғындарының  балаларына арналған заманауи ойын құралдарымен жабдықталған ойын алаңын салу

Рахимов Алдыоңғар Төремұратұлы

7)          

«Гүлдей бер, Жадырасын!» спорт-жаттығу алаңы

Жадырасын ықшамауданынан «Гүлдей бер, Жадырасын!» жобасын іске асыру арқылы балаларымыздың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау

Избасарова Карлыгаш Мейрамбаевна

8)          

«Бала-біздің болашағымыз!» балалар ойын алаңы

5-ауыл Х. Ғабдуллин көшесіне балалар ойнайтын ойын алаңын салу

Умиров Кайрат

9)          

"Бақытты балалық шақ" балалар ойын алаңы 
Құлсары қаласы «Саркытов Габбас және Байжан Атагозиев» кошелерінің киылысында орналасқан «Бақытты балалық шақ» жобасы бойынша балалар ойын алаңын жаңадан жасақтау.

Табаншиев Жаслан Тойлыбаевич

 

Тұрғызба ауылы (7 жоба):

10)       

«Алақай» балалар ойын алаңы

Тұрғызба ауылының, Бұхар жырау көшесінде бүлдіршіндерге арналған «Алақай» ойын алаңын салу арқылы балалардың бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасау.

Амангелдіұлы Самат

11)       

«Стритбол алаңы» баскетбол алаңының жобасы

Тұрғызба ауылының, Бөкен би көшесінен балалар мен жастарға арналған баскетбол алаңын салу

Едігеев Ақылбек Едігеұлы

12)       

«Бэбисити» балалар ойын алаңын қайта қалыпқа келтіру

Тұрғызба ауылы, «Бөкен би» көшесінде орналасқан балалар ойын алаңын қайта қалпына келтіру

Тәжімұхан Айнагүл Нұрланқызы

13)       

«Жаңа әлем» балалар ойын алаңын қалыпқа келтіру

Тұрғызба ауылында Ықсантөбедегі ескірген балалар ойын алаңын қайта қалыпқа келтіру жобасы

Бекболатова Гулфайрус Майлыбаевна

14)       

«Ауыл сахнасы - 1» жобасы

2022 жылдың қазан айының соңына дейін  Тұрғызба ауылы тұрғындарына арналған жазғы сахна құрылысы

Ағылов Мұратбек Мақсымұлы

15)       

«Ауыл сахнасы 2» жобасы

Тұрғызба ауылының тұрғындарға арналған жазғы сахна алаңын абаттандыру жобасы

Еркебаев Қайырбек Қуандықұлы

16)       

«Футбол жанкүйерлері»

Тұрғызба ауылының шағын футбол алаңы жанынан жанкүйерлерге арналған орындықтар кешенін орнату жұмыстары

Нарынбаев Еркін Мұратұлы

 

Шоқпартоғай ауылы (5 жоба):

17)       

“Ер есімі–ел есінде” «Жеңіс» саябағын жаңғырту жобасы

Шоқпартоғай ауылындағы «Жеңіс» саябағын қайта жаңғырту жобасы

Байбол Мейіржан Боранбайұлы

18)       

“Ғажайып ойын алаңы” ойын алаңын қайта қалыпқа келтіру

Шоқпартоғай ауылының, Иманқара көшесіндегі ескірген ойын алаңын қайта жабдықтау арқылы балалардың бос уақыттарын қызықты өткізуіне жағдай жасау

Ергалиев Багитжан Жанетович

19)       

“Ақжол” қоғамдық көлік аялдамасының жобасы

Ауылдың кіре беріс бөлігіне аялдама құрылысын салу арқылы, жолаушыларды тасымалдау процесі қауіпсіз және ыңғайлы ету

Байжанов Болат

20)       

«Күншуақ» балалар ойын алаңының жобасы

Шоқпартоғай ауылы темір жолдың арғы бетіндегі «Қабас» тұрғындары үшін балалар ойын алаңын салу

Карагулов Орынбасар Байболович

21)       

«Street workout» жобасы

Шоқпартоғай ауылының жастарын салауатты өмір салтына баулып, бос уақыттарын тиімді өткізуге жағдай жасай отырып, спортпен шұғылдануы үшін Воркаут жаттығу алаңын салу.

Нургазиева Зияда Талаповна

 

Жаңа Қаратон ауылы (4 жоба):

22)       

«Бал - балалық» ойын алаңын абаттандыру

Жаңа Қаратон кенті Майтөбе көшесіндегі "Бал - балалық" ойын алаңын бала санының көбеюіне байланысты кеңейту және қоршау жасау.

Жұмағалиева Бағытжан

23)       

«Спорт – біздің тынысымыз!» Street workout (көше жаттығу) алаңы

Жаңа Қаратон орналасқан шағын футбол алаңының маңына 2022 ж. жылдың Қыркүйек айының соңына дейін Street workout алаңын салу жұмыстарын жүргізіп, жабдықтау арқылы жастарымызға салауатты өмір салтына баулып, бос уақыттарын тиімді өткізуге жағдай жасау.

Искаков Айдос Серикович

24)       

«Памп-трек» вело алаңы

Жаңа Қаратон кенті тұрғындарына арналған ПАМП-ТРЕК ВЕЛО АЛАҢын салу арқылы жастар мен ауыл тұрғындарын салауатты өмір салтын қолдауға баулу.

Канаев Нуржан Мейрамбаевич

25)       

«Футбол-біздің ойын!» шағын футбол алаңын абаттандыру жобасы

Жаңа Қаратон кентіндегі шағын футбол алаңы газон төсеніштерін ауыстыру арқылы жасыл алаң сапасын жақсарту, футбол матчтарын тиісті деңгейде өткізу мүмкіндік жасау, балалар мен ересектер арасында футболға деген қызығушылық арттыру

Батыргазиев Абылай Маратович

 

Қосшағыл ауылы (3 жоба):

26)       

«Жазғы сахна» жобасы

Қосшағыл ауылы, Бешім ата саябағындағы табиғи апат салдарынан зақымдалған жазғы сахна кешенін қайта қалпына келтіру

Жұманова Қалдыгүл Нұрсейітовна

27)       

Дала Воркаут алаңы

Қосшағыл ауылының орталығында, Дала спорт кешенін орнату арқылы ауылдың жастарын спортқа деген қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасау.

Ізжан Нұрлыбек Нұрболатұлы

28)       

«Қуаныш» ойын алаңы

Қосшағыл ауылы, О.Жандосов көшесінен балалар ойын алаңын салу

Танатаров Куанышбек

 

Ақкиізтоғай ауылы (1 жоба):

29)       

“Жарық көше” жобасы
Жобаның мақсаты: Ақкиізтоғай  ауылының  Ғани Мұратбаев   көшесін   консольді    күннен   қуат   алатын  көше шамымен  жарықтандыру   құрылғыларын  орнатып, көшені  жарықпен қамтамасыз  ету.

Акмурзиева Армангул Нурлановна

 

 

Боранқұл ауылы (5 жоба):

30)       

«Жастық шақ» балалар ойын алаңы

Боранқұл ауылының 4-ші ауылындағы 250-ге жуық балаларына «Жастық шақ » ойын алаңын салып, балалардың  салауатты өмір салтын қалыптастыруы мен бос уақыттарын қөңілді өткізулеріне жағдай жасау

Қожықов Сырлыбек Талғатұлы

31)       

«Балдырған» балалар ойын алаңы

2022 жылдың қазан айына дейін Боранқұл ауылының 1-ші ауылындағы 300-ге жуық балаларына «Балдырған» ойын алаңын салып, балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруы мен бос уақыттарын қөңілді өткізулеріне жағдай жасау

Ижанов Әубакір Сакенұлы

32)       

«Жасдәурен» балалар ойын алаңы

2022 жылдың қазан айына дейін Боранқұл ауылының 6-шы ауылындағы 200-ге жуық балаларына «Жасдәурен» ойын алаңын салып, балалардың  салауатты өмір салтын қалыптастыруы мен бос уақыттарын қөңілді өткізулеріне жағдай жасау

Коспаков Ержан Утегенович

33)       

«Тәні саудың – жаны сау» воркаут және көше тренажер алаңы

Боранқұл ауылының 6-шы ауылындағы 200-ге тарта балаларға воркаут және көше тренажер алаңын салып, балалардың спортпен шұғылданып салауатты өмір салтын ұстануларына жағдай жасау

Умирзаков Нурболат Боранкулович

34)       

«Білекті - мыңды жығар!» воркаут және көше тренажер алаңы

Боранқұл ауылының 4-ші ауылындағы 250-ге жуық жастарының салауатты өмір салтын ұстануларына және спорт мәдениетін қалыптастыруларына жағдай жасау үшін воркаут және көше тренажер алаңын салу

Нұрбаулиев Рамазан Тұрғалиұлы

 

 

 

 

 

"Qoǵamdyq keńistikter" жобасы "Теңізшевройл" ЖШС қолдауымен биыл төртінші жыл қатарынан іске асырылуда. Осы төрт жыл ішінде бағдарлама аясында жергілікті белсенді тұрғындар өз күштерімен Атырау облысы, Жылыой ауданында және Маңғыстау облысында 87 шағын-жобаны іске асырды. Биыл бағдарлама алғаш рет Атырау қаласының тұрғындары үшін іске қосылды.

 

 

#tco #efca #ourpublicspases #тшо #феца #Қоғамдықкеңістіктер #әлеуметтікжоба #общественныепространства #социальныйпроект  #грант #өтінім #заявка #атырау #жылыой #құлсары #ақкиізтоғай #жаңақаратон #қосшағыл #майкөмген #тұрғызба #шоқпартоғай

Поделиться страницей: