Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

23 маусым 2023 ж.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында халықтың

Қатысушылар қолөнер немесе көкөніс өсіруді үйреніп, жеке микробизнесін дамытуға
16 мамыр 2023 ж.

Орал қаласында Orle Fest қалалық фестивалі өтеді

Келген қонақтарды жергілікті қолөнершілердің дизайнерлік бұйымдар мен
15 мамыр 2023 ж.

Ақмола облысында иппотерапия сабақтары мен ат турлары

«Keremet jol» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысында иппотерапия сеанстарын өткізіп

29 маусым 2020 ж.

"QOLDA" жедел көмек көрсету жобасы

«Qolda» жедел көмек жобасы іске қосылғанына 2 ай болды. Осы уақыт ішінде Нұр-Сұлтан қаласының 5 ҮЕҰ Орталық Азияның Еуразия қоры «Шеврон» компаниясының қолдауымен 400-ге жуық отбасыға көмек көрсетіп, аутрич-қызметкерлердің 10 баласын киім-кешекпен қамтамасыз етті, сонымен қоса 280-ге жуық азық-түлік қораптары таратылып, Ұлы Отан Соғысы ардагеріне есту аппараты сатып алынды. Ал 140-қа жуық отбасыға көкөністердің тұқымдары, көшеттер мен бройлер балапандары сыйға тартылды. Бұл акция жеке бизнес бастап, еліміздің ауыл-шаруашылығы саласына үлес қосуға мүмкіндік берді.

1-15 маусым аралығында «Qolda» жедел көмек көрсету жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының 5 ҮЕҰ «ТЖ кезінде Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік жағынан осал тұрғындарына көмек» жобасының ағымдағы жағдайы бойынша жоспарланған іс-шараларды өткізді. Назарларыңызға атқарылған жұмыстар бойынша newsletter-ді ұсынамыз.

«QAREKET Жақсылық жаса» қоғамдық қорының өкілдері Нұр-Сұлтан қаласы Қоянды ауылының тұрғындарына 200 бройлер балапандарын тарату акциясы өтті. Акция барысында 20 отбасы қамтылды. Әйелдерден тұратын топ құрылып, аспаздық дағдыларды меңгеруге арналған онлайн курстың видео сабақтары түсіріліп, монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. 2 тілде афиша дайын болды. Онлайн курс жақын арада басталады деп жоспарлануда.

«Болашаққа қадам» ҚҚ өкілдері жобаның аралық нәтижелері бойынша аутрич-қызметкерлермен талқылау жұмысын жүргізді. Жиналыс барысында мақсаттық топтың қажеттіліктері анықталды және карантин күшейтілсе қандай шаралар қолдану керектігі жайында әңгіме қозғалды. Whats App мессенджерінде ағымдағы мәселелерді шешу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

«Мұқтаждарға көмек» қайырымдылық қоры» қоғамдық қорының қызметкерлері көмекке зәру 70 отбасыға азық-түлік қораптарын жеткізді. Жақын арада тағы 40 отбасыға көмек көрсетіледі деп жоспарлануда.

«Дос» Тәуелсіз өмір» МҚБ өкілдері 20 атаудан тұратын азық-түлік қораптарын тірек-қимыл жүйесінің аурулары бар және I, II, III топтағы мүгедектер тұратын 10 отбасыға жеткізді. Барлық отбасыларға консультациялық көмек көрсетілді. Қор қызметкерлері жуырда көмекке мұқтаж азаматтарға хабарласып, қажеттіліктерін анықтайды.

«Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ автоволонтерлерге бензин сатып алды. Сметаға өзгерістер еңгізді. ҰОС ардагеріне есту аппараты сатып алынды. Памперстерге тапсырыс берілді. Волонтерлерге арналған толстовкалар дайын болды.

Алматыдағы ҮЕҰ 1-14 маусым аралығында «Qolda» жедел көмек беру жобасы аясында қызметін  жалғастырып жатыр.

«ITeachMe» біліктілікті дамыту орталығы»  1 маусымда  Дүниежүзілік балалар күніне орай «Сен жалғыз емессің!» акциясын өткізді. Ұйымдастырушылар мен «Қазақстанның еріктілер лигасының» еріктілері мүгедек баласы бар отыз отбасыны құттықтады. Оларға шарлар, мектепке қажетті құралдар салынған сөмке, жеміс-жидектер мен тәттілер үлестірілді.

Акция күн сайын көптеген сынақтардан өтіп, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды қолдауға бағытталған. Шараға Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қикымов қолдау көрсетті.

«ITeachMe» біліктілікті дамыту орталығы» WhatsApp мессенджері мен телефон арқылы қашықтан психологиялық және консультациялық көмек беруді жалғастыруда. Ұйымдастырушылардың сөзінше, адамдар әртүрлі себептермен хабарласады. Олардың көбі жұмыс табуға көмек сұрайды. Қазір болып жатқан қайырымдылық акциялары туралы ақпарат сұрайтындар да көп. Адамдардың басым бөлігі қаржылай көмек көрсетуді сұрап хабарласып жатыр екен.

«ITeachMe» біліктілікті дамыту орталығы» «Qolda» жедел жәрдем жобасы аясында мүгедектігі бар адамдарға, баласы мүгедек аналарға және зейнеткерлерге, жетім-жесірлерге, жалғыз басты зейнеткерлерге және көпбалалы отбасыларға  гуманитарлық, психологиялық және консультациялық көмек көрсетеді.

Қазақстандағы Отбасылық бизнес ассоциациясының «Бизнеске арналған жедел жәрдем» жобасы аясында карантин кезінде тұтынушыларды қалай тартуға болатыны туралы және мүмкіндіктерге басқаша қырынан қалай қарауға болатыны туралы екі вебинар ұйымдастырылды.

1-14 маусым аралығында ШОБ өкілдерінің қатысуымен 29 жеке даму жоспары жасалып,  160 кеңес беру өткізілді. Әртүрлі сала мамандары кеңес береді. Кеңес берушілердің барлығы практикалық тәжірбиесі мол сарапшылар, олар бизнесті табысты басқару үшін нақты құралдарды ұсынып, кеңес бере алады. Ұсыныстар дайындау барысында кәсіпкердің орналасқан жері, тауары, сатылым көлемі секілді жайттар ескеріледі.

Поделиться страницей: