Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

29 мамыр 2020 ж.

"QOLDA" жедел көмек көрсету жобасы

«Qolda» жедел көмек көрсету жобасы аясында 18-24 мамыр аралығында 5 елордалық ұйым «ТЖ кезінде Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік жағынан осал тұрғындарына көмек» жобасының ағымдағы жағдайы бойынша жоспарланған іс-шараларды өткізді.

«QAREKET Жақсылық жаса» қоғамдық қорының өкілдері мұқтаж отбасыларға тарату мақсатында көшеттер сатып алды. Акция келесі аптаға жоспарланған. Сонымен қоса, әйелдерден тұратын топ құрылып, жақын күндері аспаздық дағдыларын үйретуге арналған онлайн оқыту іске қосылады. Өткен аптада қоғамдық қордың әлеуметтік желідегі парақшасында атқарылып жатқан жұмыстар туралы пост жарияланды.

«Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ еріктілері 62 азық-түлік қорабын таратты. Келесі аптада буып-түюмен айналысқан еріктілер мен автоеріктілерге толстовка дайындау жоспарланған.

«Дос» Тәуелсіз өмір» МҚБ өкілдері мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұратын 8 отбасыға азық-түлік қораптарын жеткізді. Сонымен қоса, акция ұйымдастырушылардың визиткалары таратылды. Яғни, көмек немесе кеңес керек кезде тірек-қимыл жүйесінің аурулары бар адамдар тікелей хабарласа алады. Келесі аптада күніне 2 отбасыға телефон арқылы кеңес беру жоспарланған.

«Болашаққа қадам» ҚҚ өкілдері мамырдың 18 мен 22-сі аралығында «Кидс Мода» дүкенінен алынған киімдерді аутрич-қызметкерлерінің балаларына таратты. Өткен аптада 7 балақай киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Осы аптада қалған 3 балаға көмек жеткізіледі.

«Мұқтаждарға көмек» қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры көмекке зәру 45 отбасыға азық-түлік қораптарын жеткізді. Жоспар бойынша тағы 50 отбасыға көмек көрсетіледі. Акция барысында жалғызбасты аналар, табысынан айырылған көпбалалы отбасылар, азық-түлікке мұқтаж мүгедек балалары бар отбасылар қамтылды.

«Qolda» шұғыл көмек жобасы барысында өткен аптада Алматы қаласында 5 ҮЕҰ міндеттерін орындады. Айта кетейік, «Родник» және «Тауасар» қоғамдық қорлары жоба аясында өз жұмыстарын аяқтауға жақындады.

«Родник» ҚҚ Алматы қаласында тұрып жатқан Тәжікстан және Өзбекстан азаматына барлығы 9 азық-түлік және гигиена құралдарын тапсырды. Жалпы  «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» акциясы барысында Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан азаматтарына 100 комплект гуманитарлық көмек көрсетілді.

Қазақстандағы Отбасылық бизнес ассоциациясының «Жедел жәрдем» жобасы аясында карантин және ТЖ аяқталған мемлекеттің бизнеске қандай қолдау көрсететіні туралы вебинар өтті.  Алматы облысы бойынша82 кәсіпкер бизнесті дамыту үшін мемлекеттен қандай мүмкіндіктер алуға болатыны туралы ақпарат алды. Одан бөлек, ШОБ өкілдерімен 104 кеңес беру ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі кезде бизнесті дамытудың әдістерінің бірі – мемлекет көмегіне жүгіну. Алайда бұл істің қиындығын әрі ұзақ уақыт алатынын алға тартып, көмекке жүгінбейтін кәсіпкерлер баршылық.

Вебинар мен кеңес беруде қатысушылар үкіметтің бизнеске арналған дағдарысқа қарсы шаралары туралы өзекті әрі нақты ақпарат алды, әрі қазіргі уақытқа қалай жұмыс істеу керектігі туралы кеңес берілді.

«ITeachMe» біліктілікті дамыту орталығы» «Сен жалғыз емессің!» жобасы аясында психологиялық және консультациялық көмек беріп жатыр. Мамандар қашықтан телефон арқылы, WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы кеңес беруді жалғастыруда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, халық жалпы коммуналдық шығындарды, үйді жалға алу және балалардың емін төлеуге көмек сұрап жатыр.

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнінде еріктілер мүгедек баласы бар 30 отбасыны құттықтап, сыйлықтар беруді жоспарлап отыр.

«Aq Jurek тәуелсіз қайырымдылық бастамасы» Алматыда медицина қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыруды жалғастырып жатыр. 18-23 мамыр аралығында  дәрігерлер, санитарлар, фельдшерлер және жедел жәрдем қызметкерлеріне 1078  түскі және кешкі ас ұйымдастырылды. Изатима Жекенова атындағы қалалық клиникалық аурухана, Қазақстан санаторийі, Орталық қалалық клиникалық аурухана қамтылды.

«Aq Jurek» бастамасы аясында біз барша жұртқа қауіп төндірген індетті ауыздықтау үшін, ең алдымен өзінің және отбасы мүшелерінің денсаулығымен қатерге бас тіккен медицина қызметкерлеріне қолдау көрсеткіміз келді. Ыстық тамақ пен жеке қорғаныс құралдары аса қажеттілігі туындады. Бастама жұмысын жүргізу барысында біздер көптеген алғыс естідік. Бұл қиын кезеңде алматылықтардың еріктілер қатарына, қайырымдылық жұмысына белсене қатысқаны бізді қатты қуантты және де басқа өңірлердің бізден үлгі алғанын ​​қалаймыз.

 

https://holanews.kz/view/news/4858983

https://holanews.kz/view/news/4858996

https://www.instagram.com/p/B_dGn1wB8bk/

https://www.instagram.com/p/B_ukhWsBjJw/

https://baribar.kz/130551/qareket-zhaqsylyq-zhasa-qajyrymdylyq-qory-muqtazh-otbasylargha-erekshe-syj-zhasady/ 

https://optimizm.kz/2020/05/19/ekstrennaya-pomoshh-qolda-lyudi-pomogayushhie-nam-vo-vremya-pandemii/ 

https://www.kp.kz/daily/27131/4219644/  

https://qazradio.fm/kz/news/16858/

  https://egemen.kz/article/235570-resey-men-qazaqstan-shekarasynda-qalyp-qoyghan-migranttargha-komek-korsetildi

https://www.zhasalash.kz/article/9539-zhumyla-kotergen-dguk-dgenhil

https://optimizm.kz/2020/05/18/almatyda-zhymyla-kotergen-zhyk-zhenil-atty-akcziya-otti/

https://zanmedia.kz/38147/zh%D2%B1myla-k%D3%A9tergen-zh%D2%AFk-zhe%D2%A3il-2/

https://ttjk.info/zh-myla-k-tergen-zh-k-zhe-il/

https://qamshy.kz/article/57325-almatyda-zhumyla-kotergen-dguk-dgenhil-atty-aktsiya-otti

https://kaktus.media/doc/413289_v_kazahstane_grajdane_kyrgyzstana_polychili_gymanitarnyu_pomosh.html

https://www.kp.kz/daily/27131/4219644/

https://optimizm.kz/2020/05/18/v-almaty-proshla-akcziya-chuzhoj-bedy-ne-byvaet-pomoshh-pridet/

Поделиться страницей: