Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

29 мамыр 2020 ж.

QOLDA жедел көмек көрсету жобасы

«Qolda» жедел көмек көрсету жобасы аясында өткен аптада 5 елордалық ұйым «ТЖ кезінде Нұр-Сұлтан қаласындағы әлеуметтік жағынан осал тұрғындарына көмек» жобасының ағымдағы жағдайы бойынша жоспарланған іс-шараларды өткізді.

Акция барысында «Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ еріктілері қажетті азық-түлікті жинастырып, жөнелтуге әзірледі. «Болашаққа қадам» ҚҚ 30 азық-түлік қорабын мұқтаж адамдарға жеткізді. Сонымен қатар, балалар киімі сатылатын дүкендерімен келісім-шарт жасалды. Жақын күндері аутрич-қызметкерлердің балаларына киім-кешек тарату акциясы жоспарланған.

«Дос» Тәуелсіз өмір» МҚБ өкілдері мүмкіндігі шектеулі жандар тұратын 15 отбасының (тірек-қимыл жүйесінің аурулары) қал-жағдайын біліп, қажетті консультация қызметтерін көрсетті. «Мұқтаждарға көмек» қайырымдылық қоры көмекке зәру 35 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетті. «QAREKET Жақсылық жаса» қоғамдық қоры «Парасат» ауылының тұрғындарына Росс 308 тұқымының 200 бройлер балапандарын таратты.

«Qolda» шұғыл көмек жобасының ұйымдастырушылары адамдар үшін маңызды дүниелерді назардан тыс қалдырмауға тырысып жатыр. Мәселен, Алматыда  «Qolda» шұғыл көмек жобасы аясында грант ұтып алған бес ҮЕҰ жұмыстарына білек сыбана кірісіп, еңбек мигранттарына, ШОБ өкілдеріне және медициана саласы қызметкерлеріне көмек көрсетуде.

Бизнес үшін қысыл-таяң кездер басталғаны белгілі. Дағдарыс уақыты бизнеске өзгеріс енгізбей қоймайды. Қазақстандағы Отбасылық бизнес ассоциациясы «Бизнеске арналған жедел жәрдем» жобасы аясында ШОБ-қа көмек қолын созды. Мамандар қашықтан телефон арқылы және мессенджерлер арқылы кеңес беріп жатыр. Жоба барысында  23 жеке даму жоспары жасалды. Кәсіпкерлермен 144 кеңес беру өткізілді. Жалпы алғанда, өтінімдердің көбі психологиялық және эмоционалдық жағдайға байланысты түсіп жатыр. Ұйымдастырушылар ерікті психологтардың санын көбейтуді жоспарлап отыр.

14 мамыр күні ZOOM бағдарламасында жаңа уақытта бизнесті қайтадан қалай қалпына келтіруге болатыны жайлы вебинар өткізілді. Оған  214 тыңдаушы қатысты.

Алдағы уақытта «Бизнеске арналған жедел жәрдем» өзекті әрі қажетті тақырыптарда әртүрлі оқыту бағдарламаларын дайындауды жалғастырады.

«ITeachMe» біліктілікті дамыту орталығы» «Сен жалғыз емессің!» жобасы аясында психологиялық және консультациялық көмек беріп жатыр. Нақты сұрақтар бойынша қайда хабарласуға болатыны жайлы ақпарат алуға болады. Әртүрлі мәселелерді шешуге көмектесе алатын жергілікті атқарушы органдардың байланыс деректерімен бөліседі. Өткен аптада 20 адам қамтылды.

Мамандар қашықтан телефон арқылы, WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы кеңес беріп жатыр.

«Aq Jurek тәуелсіз қайырымдылық бастамасы» «Qolda» шұғыл көмек жобасының аясында«Тауасар қорының» ТЖ кезеңіндегі жұмысын жалғастырып жатыр. «Тауасар» бірнеше ұйымдармен бірге жұмыс жасайды.   «Aq Jurek»  Алматыда медицина қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыруды жалғастырып жатыр. 11-17 мамыр аралығында  дәрігерлер, санитарлар, фельдшерлер және жедел жәрдем қызметкерлеріне 1340 түскі және кешкі ас ұйымдастырылды. Барлығы төрт: Изатима Жекенова атындағы қалалық клиникалық аурухана, Қазақстан санаторийі, Орталық қалалық клиникалық аурухана, Алматы аймақтық көпсалалы клиника қамтылды. «Qolda» жобасы бойынша нақты 1250 түскі ас пен 250 экран төленді.

«Родник» ҚҚ ұйымдастырған «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» акциясы барысында 82  Қырғызстан азаматына, 120 Тәжікстан азаматына және 10 Өзбекстан азаматына азық-түлік және гигиена құралдары түрінде көмек берілді. Карантин басталғалы бері мигранттармен байланысты үзбеген Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің Бас консулдықтары, ұлттық-мәдени орталықтарымен бірлесе жұмыс атқарылды. Расымен де көмекке мұқтаж адамдардың тізімі жасалды.

 

https://the-steppe.com/lyudi/al-ys-aytudy-myt-an-rpa

https://the-steppe.com/lyudi/covid-i-goliaf-pochemu-ya-polyubil-teorii-zagovora

https://the-steppe.com/lyudi/chto-vyroslo-to-vyroslo-pokolenie-zabyvshee-pro- blagodarnost

https://the-steppe.com/lyudi/nem-raydy-k-z-aras-bilim-zh-yesi-m-gedektigi-bar- adamdardy-onlayn-o-ytu-a-dayyn-ba

https://www.instagram.com/tv/CAXj9hUjOCS/?igshid=9lnqbwhnzgry

https://the-steppe.com/lyudi/sindrom-ravnodushiya-gotovo-li-onlayn- obrazovanie-k-nuzhdam-lyudey-s-invalidnostyu

https://manshuq.com/life-quarantine-captivity-05-2020

https://manshuq.com/career-business-during-pandemic-05-2020

https://radiomm.kz/covid_kz/66187/

https://radiomm.kz/covid_kz/66220/

https://baribar.kz/129825/kuni-tuni-zhumysta-medbikelerdinh-qazhyrly-enhbegi- turaly/

https://baribar.kz/129366/azamattar-karantin-kezinde-psihologtan-qandaj-koemek-surad

Поделиться страницей: