Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

11 қараша 2020 ж.

“QOLDA” шұғыл көмек бағдарламасының екінші кезеңі аясында өткен грант сайысының жеңімпаздары анықталды

Алматы, 10 қараша - “QOLDA 2.0” шұғыл көмек бағдарламасының екінші кезеңі аясында ұйымдастырылған грант сайысы аяқталды. Сайысқа 61 ɵтiнiш түстi. Шымкент жəне Алматы, Түркістан, Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарынан 6 ҮЕҰ жеңiмпаз атанды. олар 9 қараша мен 2021 ж. 30 сәуір аралығында ɵз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Қоғамдық ұйымдарға берілетін жалпы грант сомасы 30 млн. теңгені құрайды. Бөлінген қаражат келесі жобаларға жұмсалады:

Гранттың 1 түрi. Ауыл аймақтарда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және оны жою (4,4 млн теңгеге дейін);

Гранттың 2 түрi. Аймақтардағы халыққа төтенше жағдай кезінде ақпарат беріп, қолдау көрсетуге және аймақтық үкіметтік емес ұйымдардың төтенше жағдайда тиімді әрекет ету қабілеттілігін арттыру мен аймақтардағы еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған онлайн ұзақ мерзімді шешімдер (5 млн теңгеге дейін);

9 адамнан тұратын қазылар алқасы “QOLDA” бағдарламасының екінші кезеңіне (Qolda 2.0) қатысуға 6 ҮЕҰ іріктеп алды. Грант иегерлері:

  1. "Жанұя" отбасыны қолдау орталығы" ҚҚ. Қамту аймағы - Жамбыл ауданы, Алматы облысы;
  2. "Заң Талабы" құқық қорғау орталығы. Қамту аймағы - Шымкент қ. және Түркістан облысы.
  3. "Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар" қоры. Қамту аймағы - Шелек ауылы Алматы облысы;
  4. "Ұлағат" Жастар қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы - Шығыс-Қазақстан облысы;
  5. "Қызыл жарты ай қоғамы" ҚБ. Қамту аймағы - Қарағанды облысы;
  6. "Қазақстанның медициналық жастары" ҚБ. Қамту аймағы - Шымкент қ. және 14 облыс;

Іріктеу барысында қазылар алқасы келесі критерийлерге назар аударды:

  • Өтініштің идеясы "Qolda 2.0" мақсаты мен талабына сәйкес келуі;
  • Ақылға қонымды әрі үнемді бюджет;
  • Әлеуметтік әсері және ұзақтығы;
  • Ауқымдылық;
  • Идеяның тұпнұсқалығы;
  • Жоба тұрақтылығы.

Осы жылдың сәуір айында Орталық Азияның Еуразия қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында “QOLDA” бірінші кезеңін іске қосты (Qolda 1.0). ҮЕҰ-ға бөлінген грант медицина қызметкерлеріне, көпбалалы отбасыларға гуманитарлық көмек, мүгедектігі бар жандарға, мигранттарға, есірткі тәуелді азаматтарға қолдау көрсетуге және шағын және орта бизнеске консультациялық көмек көрсету мен әйел адамдарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге жұмсалды. 1900-ге жуық әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларға көмек көрсетілді, Алматы қ, және Алматы облысындағы провизорлық клиникалардың медицина қызметкерлеріне 2300 түскі және кешкі ас беріліп, оларға 500 жеке қорғану құралдары таратылды, мүгедектігі бар жандар мен есірткі тәуелді азаматтарға 1500 консультация берілді, 100 еңбек мигранттарына қолдау көрсетілді, шағын бизнеске 1400 консультация берілді, бизнесті дамытуға бағытталған 300 жеке жоспар құрылды. БАҚ-на бөлінген гранттар COVID-19 туралы мемлекеттік тілдегі контенттің сапасын арттырып, COVID-19 қарсы күрестегі қоғамдық ұйымдар, мемлекет және бизнес өкілдері өткізген шаралар туралы ақпараттандыруға бағытталған.

Поделиться страницей: