Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

28 қыркүйек 2020 ж.

QOLDA бағдарламасы

Алматы, 28 қыркуйек 2020 - Орталық Азияның Еуразия қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырған “QOLDA”шұғыл көмек бағдарламасы ағымдағы жылдың 23 сәуірінде іске қосылып Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларын қамтыды.

Бағдарламаның мақсаты - карантин және төтенше жағдайдың халыққа тигізетін кері әсерін төмендету, қоғамдық және еріктілер ұйымдарды қолдау, БАҚ арқылы қоғамның хабардарлығын арттыру.

“Қазақстан Республикасына 27 жылдан астам сенімді серіктес болып келе жатқан біздің компания осы аумалы-төкпелі кезеңде шет қалмай, елдің сынақтан аман өтуге қабілетін арттыра түсті. Медициналық құрал-жабдықтар алумен қоса біз пандемияға төтеп беруге халықтың әлеуетін арттыруға бет бұрдық. Нәтижесінде мыңдаған адамға және көптеген мекемелерге көмек көрсете алдық”, деді “Шеврон” компаниясының өкілі Лейла Айтмұханова.

Карантиннің халыққа тигізетін негативті әсерін азайту азаматтық және еріктілер ұйымдардың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарға көрсетіліп жатқан көмектерін координациялау арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде БАҚ беттерінде қазақ тіліндегі сапалы контенттің саны артты.

Байқауға 100-ден астам ҮЕҰ қатысты. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының 11 ҮЕҰ “QOLDA” шұғыл көмек жобасының грант иегері атанды.

"Елімізде ТЖ мен карантин басталған соң біздің қор бірден қашықтан жұмыс істеу форматына көшті. Жұмысымыз тиімді әрі нәтижелі болу үшін техникалық базамызды жетілдіру керектігін түсіндік. Бағдарламалық жасақтамаларды жаңартып, ноутбуктер сатып алынды. Қашықтан жұмыс істеу форматында біздің қордың командасы 8 жобаны тиімді жүргізіп отырды. Соның ішінде "Qolda" шұғыл көмек бағдарламасы бар. Бұл жоба өзін эффективті жоба ретінде көрсетті. Жақсы және жаман жақтары бар. Екінші кезеңі жетілдірілген болады." - “Орталық Азияның Еуразия қоры” КҚ директоры Ринад Темірбеков.

ҮЕҰ-ға бөлінген 24 млн теңге әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған топтар мен мигранттарға, пандемия салдарымен күреске азаматтық қоғамды қауіпсіз түрде тартуға, жұмыс орындарын құруға, шағын және орта бизнеске консультациялық көмек пен қолдау көрсетуге және медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған бастамаларға жұмсалды. Жеті БАҚ бөлінген грант 10 млн теңгені құрады. Бұл қаражат COVID-19 туралы мемлекеттік тілдегі контенттің сапасын арттырып, қоғамды ҰЕҰ жұмысымен таныстырып, үкіметтің пандемия кезеңіндегі қызметі туралы ақпараттандыруға бөлінді.

Жоба аясында атқарылған жедел әрі мобильді жұмыс нәтижесінде ҮЕҰ апта сайын уақытылы есеп беріп отырды. Сол есептің негізінде newsletter-лер дайындалып, “QOLDA” шұғыл көмек бағдарламасының грантын ұтқан БАҚ-на жіберіліп отырды. Бұл жұмыс апта сайын жүргізіліп, БАҚ оқырмандарына уақытылы сенімді ақпарат алу мүмкіндігін берді. Newsletter тарату жұйелі түрде жүргізіліп отырды және оқырмандар мен жазылмандарға дер кезінде расталған ақпарат алып отыруға керемет мүмкіндік берді. Грант иегері атанған жеті БАҚ: "STEPPE" басылымы, "Baribar Media" мультимедиялық контент дайындайтын көпсалалы сайт, "RELIANCE" бейкоммерциялық интернет радио, "Manshuq Media" онлайн порталы, "Hola News (Хола ньюс)" ақпараттық порталы, "Dalanews" ақпараттық агенттігі, «Қазақстан ММ радиосы» қоғамдық интернетрадиосы.

"Өтініш білдіргендердің сұрақтары ұқсас болды. Олардың барлығы қазіргі жағдайды түсінбеуімен байланысты болды. Адамдар болашақта не болатынын және қазіргі жағдайда қалай әрекет ету керектігін білмеді. Біздің алдымызда тұрған міндеттер кәсіпкерлерге бағыт-бағдар беру, көмектесу, кеңес беру болды. Шағын және орта бизнес өкілдеріне карантиннің негативті әсерін азайту мақсатында мемлекет іске қосқан механизмдер мен процесстерді түсіндіріп отырдық. Біздің қауымдастық отбасылық кәсіппен айналысатын адамдармен көп жұмыс жасайды. Олардың бизнесі бүкіл отбасыны асырап отыр." - "Қазақстанның отбасылық бизнесі ассоциациясы " заңды тұлғалардың бірлестігінің басшысы Исакова Я.

"QOLDA" шұғыл көмек бағдараламасының грант иегерлері атанған 11 ҮЕҰ 23 сәуір мен 23 тамыз аралығында келесі көмек көрсетті:

- «Қазақстанның отбасылық бизнесі ассоциациясы» заңды тұлғалардың бірлестігі шағын және орта бизнес саласында істейтін 1334 Алматы қаласының тұрғынына консультациялық көмек көрсетті;

-  «Дос» Тәуелсіз өмір» мүгедектер қоғамдық бірлестігі Нұр-Сұлтан қаласында тұратын мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға ТЖ мен карантин кезіндегі қиындықтарды жеңуге көмектесті, азық-түлік қораптарын жеткізіп, психологиялық және консультациялық көмек көрсетті;

- «Аяла» жеке қайырымдылық қоры Нұр-Сұлтан қаласындағы күнкөрісі төмен 100 отбасыға көмек көрсетті;

- «Мұқтаждарға көмек» қайырымдылық қор» қоғамдық қоры Нұр-Сұлтан қаласындағы көмекке мұқтаж 400 отбасының қажеттіліктерін қанағаттандырды (жалғызбасты аналар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналары, жалғыз тұратын қарттар);

- «Тауасар» қоғамдық қоры Алматы облысы мен Шу қаласындағы 19 клиника мен медицина орталықтарын жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етті, 2 300 адамға түскі ас пен медицина қызметкерлеріне 500 қорғаныс экранын сатып алды;

- «Болашаққа қадам» қоғамдық қоры Нұр-Сұлтан қаласында тұратын есірткі қолданатын азаматтарға 100 азық-түлік қорабы мен аутрич-қызметкерлердің балаларына 10 киім жинақтамасын жеткізді, сонымен қатар есірткі қолданатын 1250 адамға консультациялық көмек көрсетті;

- «QAREKET Жақсылық жаса» қоғамдық қоры 600 мұқтаж отбасыны қамтыды. Жоба аясында 100 азық-түлік қорабы, 3 000 медициналық маска, 1 000 медициналық қолғап жеткізілді. 100 дана көшет пен тұқымдар, 50 жеміс ағаштары, 500 бройлер балапандары сыйға берілді. Сонымен қатар, 100 көмекке мұқтаж келіншектер аспаздық өнерін меңгерді. Көмек алғандардың барлығы Нұр-Сұлтан қаласында тұрады;

- «ITeachMe» біліктілікті дамыту орталығы» қоғамдық қоры 120 отбасыға көмек көрсетті. Мүгедектігі бар 30 отбасыға 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай сыйлықтар таратылды. 250-ге жуық азаматқа психологиялық және консультациялық көмек көрсетілді. Барлығы Алматы қаласының тұрғындары;

- «Ұлттық еріктілер желісі» заңды тұлғалар бірлестігі Нұр-Сұлтан қаласында тұратын 60-тан астам мұқтаж отбасы мен 7 соғыс ардагеріне материалдық және консультациялық көмек көрсетті;

 - «Родник» әйелдер мен балаларға арналған әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы» қоғамдық қоры 500-ден астам Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтарына гуманитарлық көмек жеткізді.

- Алматы қ. Түрксіб аудандық «Көп балалы отбасылар одағы» қоғамдық бірлестігі 266 көпбалалы отбасыларға гуманитарлық көмек және алғашқы қажеттіліктегі заттар жеткізді.

"QOLDA" шұғыл көмек бағдарламасы төтенше жағдай мен карантин кезінде азаматтық және еріктілер ұйымдардың жұмыстарын координациялау арқылы, мұқтаж отбасыларға, шағын және орта бизнеске, мүмкіндігі шектеулі жандарға, ардагерлерге, медицина қызметкерлеріне, әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарға жүйелі түрде көмек көрсетіп, БАҚ өкілдеріне екі тілдегі ақпаратты дер кезінде ұсынатын тиімді алаң ретінде көрсетті.

"QOLDA"  шұғыл көмек жобасының бірінші кезеңіне арналған онлайн-конференция соңында бағдарламасының екінші кезеңі «Qolda 2.0» таныстырылды. Жобаның егжей-тегжейін www.ef-ca.kzкөруге болады.

Поделиться страницей: