Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

7 сәуір 2022 ж.

QOLDA 4.0 - жобалар

2022 жылғы 8 ақпанда Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «QOLDA» жедел көмек бағдарламасының төртінші кезеңін іске қосты. Бағдарламаның төртінші кезеңі цифрлық технологиялар мен адвокацияны қолдана отырып, азаматтық қоғамның төтенше жағдайларға инновациялық және тиімді әрекет ету қабілетін арттыруға жәрдемдесуді көздейді. Байқауға Қазақстанның барлық облыстарынан 83 үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) қатысты. Гранттық комитет 10 жобаны іріктеп алды. Жобаларды іске асыру 2022 жылғы сәуірқазан аралығындағы кезеңде 7 айға дейінгі мерзімге жоспарланып отыр. Сізге «QOLDA» бағдарламасының төртінші кезеңінің жобаларын ұсынғымыз келеді.

«Үміт-Надежда» ҚБ

Мүгедектігі бар адамдарды цифрлық дағдыларға оқыту бойынша жоба

Жобаның қамтылу аясы: Қостанай қ. 

Жоба аясында компьютерлік сауаттылық бойынша SMM негіздері, сайттармен жұмыс, копирайтиң, әлеуметтік желілерде таргет жарнама арқылы ақпарат тарату бағыттарында 7 айлық курстар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, электрондық үкімет (Egov.kz) және әлеуметтік қызметтер сайттарымен жұмыс істеу курстары ұйымдастырылады. Жоба мүгедектігі бар адамдарды компьютерлік сауаттылықтың практикалық дағдыларына оқытуға және онлайн-қызметтерге қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған.

«Ардос Жүрек» мүмкіндігі шектеулі жандар бірлестігі» ЗТБ

Инклюзив білім беруге мониториң және бағалау жүргізу бойынша жоба

Жобаның қамтылу аясы: республикалық маңызы бар жоба

Жоба мүгедекдігі бар адамдар үшін білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Жоба командасы білім беру мекемелерінің педагогтеріне сауалнама жүргізуді, әдістемелік құрал әзірлеуді, Солтүстік Қазақстан облысында инклюзив білім берудің қолжетімділігіне мониториң жүргізуді және жазғы инклюзив лагерьдің жұмысын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

«Арғымақ» әлеуметтік даму қоры» ҚҚ

Интернет-саудадағы ШОБ-тің цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша жоба

Жобаның қамтылу аясы: Алматы қ. 

Жоба мақсаты — Қазақстанда e-commerce-ті дамыту және интернет-сауда көмегімен шағын және орта бизнестің цифрлық сауаттылығын арттыру. Жоба аясында мастер-класстар мен вебинарлар ұйымдастыру, қолданыстағы бизнесті қолдау, Wildberries, Ozon, Kaspi.kz сияқты маркетплейс өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру жоспарланып отыр. Жоба жаңа жұмыс орындарын құру арқылы өңір үшін оң экономикалық әсер жасайды, бұл халық табысының өсуіне ықпал етеді.

«Қорған-М» ҚБ 

Балабақшалар мен бастауыш сыныптарда инклюзив білім беру бойынша жоба

Жобаның қамтылу аясы: Шымкент қ.

Команда Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 50 балабақшасы және 50 мектебінде 5000 оқушыны тікелей қамти отырып, «Инклюзив білім беру – болашақта толерантты қоғам құрудың кепілі» атты ақпараттық инклюзив науқанын өткізуді жоспарлап отыр. Ақпараттық науқан өткізу үшін жобаның бенефициарларымен толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру бойынша интерактивті сабақтар ұйымдастырылатын болады. Жоба аясында Шымкент қаласы мен Түркістан облысының Білім басқармасы үшін жүйелі негізде оқушылардың инклюзив білім алуы бойынша сабақтар өткізу жайлы ұсыныстар әзірлеу жоспарланып отыр.

«Сенім-Тірек» ҚБ

Медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау бойынша жоба

Жобаның қамтылу аясы: республикалық маңызы бар жоба 

Жоба мақсаты — медицина қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен кепілдіктерінің сақталуын, оның ішінде еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру үшін, бақылау. Жоба командасы еңбек заңнамасының нормаларын сақтау, зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін қосымша ақы төленетін демалыстар беру, біржолғы сақтандыру төлемдерін беру сияқты бағыттар бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

«Отбасы хрестоматиясы» ҚҚ

«Ecoinfo» экологиялық ақпараттық порталын қолдау бойынша жоба

Жобаның қамтылу аясы: республикалық маңызы бар жоба 

Жоба аясында экология саласында журналистік зерттеулер, эколог-ғалымдармен, заңгерлермен, экобелсенділермен сұхбат жүргізілетін болады. Осылайша, «Ecoinfo» ақпараттық порталы еліміздің экологиялық мәселелерін шешудің маңыздылығы туралы хабарлау арқылы қазақстандықтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.

«ЭМИР» ҚҚ

«Қоқыссыз қала» интерактивті платформасын құру бойынша жоба

Жобаның қамтылу аясы: Өскемен қ. 

Жоба командасы «Қоқыссыз қала» интерактивті платформасын әзірлейді, онда әрбір тұрғын рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлер мен толған контейнерлерді белгілеп, мәселелердің шешімін қадағалап, қаланың экологиялық мәселелерін шешуге қатыса алады. Қоғамдық бақылау және азаматтардың сайттан түскен өтініштеріне мониториң жүргізу үшін жауапты мемлекеттік органдармен және қала белсенділерімен жеке жұмыс жүргізілетін болады.

«ЭКОМ» ҚБ

Кәсіпорындардың жасыл екпелерді отырғызуына мониториң жүргізу бойынша жоба

Жобаның қамтылу аясы: Павлодар қ. 

Жоба қала тұрғындарын кәсіпорындардың жасыл екпелерді отырғызуына қоғамдық мониториң жүргізуге тарту арқылы Павлодар қаласының жасыл қорын қалпына келтіру және кеңейту жөніндегі жұмыстардың сапасын арттыруға бағытталған. Команда мониториң тобын ұйымдастыруды, әдістемені әзірлеуді және жасыл желектердің тіршілік жағдайын анықтауға үйретуді, мониториңдік шығуларды ұйымдастыруды, көгалдандыру жөніндегі іс-шаралардың тиімділігіне талдау жүргізуді және ұсынымдар әзірлеуді, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік органдарға ұсынымдар әзірлеуді жоспарлап отыр.

«Urban Forum Kazakhstan» ҚҚ

Атырау қаласын көгалдандыру бойынша жоба

Жобаның қамтылу аясы: Атырау қ.

Жоба командасы Атырау қаласы тұрғындары үшін көгалдандырылған кеңістіктердің жетіспеушілігі мәселесін көрнекі түрде көрсетуге және ғылыми расталған деректер мен тәсілдер негізінде көгалдандыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге ниеттеніп отыр. Жоба Атырау қаласының жасыл аймақтарының қолжетімділігін зерттеуді, тұрақты және ғылыми тәсілдерді қолдана отырып, пилоттық учаскені көгалдандыруға дайындықты, ұсынымдары бар қорытынды есепті жасауды және жоба нәтижелерін таныстыруды қамтиды. Осылайша, жоба Атырау қаласының тұрғындары үшін жасыл аймақтардың қолжетімділігіне үлес қосады. Пилоттық жоба ретінде көгалдандырылған қоғамдық кеңістіктер құрылатын болады. 

«Әлеуметтік-экологиялық қор» ҚҚ

Реттемелі ішкі туризм үшін жағдай жасау бойынша жоба

Жобаның қамтылу аясы: республикалық маңызы бар жоба

Заңнама ұлттық саябақтарда экотуризмді дамыту үшін қажетті негізді белгілемейтінін, ал келушілер табиғи аумақтардағы экологиялық жауапты туризмнің ережелері туралы жеткілікті білмейтінін назарға ала отырып, жоба мақсаты ретінде ұлттық саябақтарда реттелетін және ақпараттандырылған экотуризм үшін жағдай жасау таңдалды. Ұлттық саябақтарда экотуризмді ілгерілетуге бағытталған өзгерту бойынша ұсыныстар әзірленеді, ұсынылған өзгерістерді сарапшылармен, мемлекеттік органдардың мамандарымен талқылау ұйымдастырылады және қала тұрғындары үшін ұлттық саябақтарға барған кезде экологиялық мінез-құлық бойынша визуалды жадынамалар дайындалады. 

Команда заңнамаға әзірленген өзгерістерді Парламент 2023 жылдың ішінде «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңға қабылдайды деп күтеді. Экологиялық белсенділер, азаматтық белсенділер, қоғамдық экологиялық ұйымдар, сарапшылар, мемлекеттік органдардың мамандары ұсынылған өзгерістерді талқылауға қатыса алады.

 

 

Поделиться страницей: