Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

11 мамыр 2022 ж.

QOLDA 4.0 қатысушылары сәуір айында не істеп үлгерді?

«QOLDA» жедел көмек бағдарламасының төртінші кезеңінің ҮЕҰ-дары өз жобаларын іске асыруға кірісті. Есіңізге сала кетейік, Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылғы 8 ақпанда «QOLDA» жедел көмек бағдарламасының төртінші кезеңін іске қосты. Бағдарламаның төртінші кезеңі азаматтық қоғамның төтенше және дағдарыс жағдайларға инновациялық және тиімді әрекет ету қабілетін цифрлық технологиялар мен адвокацияны қолдана отырып арттыруға жәрдемдесуге бағытталған. Жеңімпаздар жобаларының тұжырымдамаларымен біз сізді бұдан бұрын таныстырғанбыз. Қазір 2022 жылғы сәуір айындағы жоба басталғаннан кейінгі ҮЕҰ жұмысының алғашқы қорытындыларын ұсынғымыз келеді. 

«Арғымақ» әлеуметтік даму қоры» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Алматы қ. 

Есепті кезеңде «Жаңа Белес» жобасы бойынша қызмет алушыларды қабылдау және оларға консультация беру үшін нетворкиң-аймақ дайындалды. Электрондық сауда алаңдарын пайдалану бойынша оқыту курстарына жаңа бастаған кәсіпкерлерді тарту үшін «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығымен, жетекші сарапшылармен және бизнес-жаттықтырушылармен ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Iсін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін Kaspi.kz және Wildberries электрондық сауда алаңдары бойынша онлайн және офлайн трениңдер өткізілді. Трениңдерде қатысушылар сатылатын тауарлар бойынша контент құру процесі, бизнес стартаптардың жеке кабинеттерін толтыру және баптау бойынша мәселелерді талқылады. Тауарларға арналған штрих-кодтарды басып шығару үшін принтермен жұмыс істеу бойынша мастер-класс өткізілді. Принтер іске асырылып жатқан грант аясында сатып алынды. Трениң бойынша өзекті ақпарат qolday.kz ресми сайтында және қордың Instagram-дағы @argymak_fund аккаунтында жарияланады.

«Қорған-М» ҚБ 

Жобаның қамтылу аясы: Шымкент қ. және Түркістан облысы

Сәуірде команда мүгедектігі бар адамдарға толерантты көзқарас пен эмпатияны дамыту бойынша тақырыптық мультфильмдер, презентациялар, теориялық сабақтар мен практикалық тапсырмаларды қамтитын оқушыларға арналған инклюзивті оқыту бойынша бағдарлама әзірледі. Бұл оқу бағдарламасы мен сабақ кестесі 16 оқу орнының әкімшілігімен келісілген. Балаларға инклюзивті білім беру бойынша сабақтар өткізу жобасының еріктілерін оқыту бойынша семинар-трениң өткізілді. Команда Түркістан облысындағы Сайрам ауданының 8 мектебінің әкімшілігімен кездесулер және осы мектептердің оқушылары арасында инклюзивті білім беру бойынша сабақтар өткізді. Мамырда әлеуметтік желілерде өткізілген іс-шаралардың қорытындысы және 2025 жылға дейінгі мүгедектігі бар адамдарды қолдаудың ұлттық бағдарламасы бойынша жарияланымдар жоспарланып жатыр. Сондай-ақ, «Тең қоғам» тақырыбында әлеуметтік бейнеролик шығарылады.

«Сенім-Тірек» ҚБ

Жобаның қамтылу аясы: республикалық маңызы бар жоба 

Өткен кезеңде команда «Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ өкілдерімен жобаны талқылады. Екі тараптың қызметкерлері де азаматтық қоғамдағы оң өзгерістер бойынша ынтымақтастық пен топтық жұмысқа мүдделі. Серіктестермен офлайн кездесулер сенімді байланыс орнатуда өзінің тиімділігін көрсетті.

Команда Ақтөбе облысындағы денсаулық сақтау субъектілерінде денсаулық сақтау қызметкерлерінің лайықты төлемге және еңбек жағдайларына құқықтарының бұзылуы бойынша деректерді бағалайтын сауалнама әзірледі. Сауалнама жүргізуге және шығу кестелерін әзірлеуге жәрдемдесу туралы хаттар аудандық денсаулық сақтау объектілеріне жіберілді. Бұған қоса, ұйымның Instagram аккаунтында алғашқы жарияланымдары жарияланды.

«ЭМИР» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Өскемен қ. 

Команда Өскемен қаласындағы қоқыс мәселесі бойынша азаматтардың өтініштеріне арналған құралға айналатын «Таза қала» порталының тұжырымдамасын әзірледі. Бағдарламаны әзірлеушілерімен бірге жобаның атауы, веб-платформаның логотипі мен дизайны талқыланды. Есептік кезеңде сайт құрылымы анықталды, сайт парақтарының дизайны мен контенті әзірленді. Басты беттің логотипі таңдалды. Жоба аясында жүргізілетін іс-шара тұжырымдамаларын әзірлеу бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

«ЭКОМ» ҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Павлодар қ. 

Есепті кезеңде ағаш екпелерінің тіршілік жағдайы туралы ғылыми зерттеулерге талдау жүргізілді. Ағаштардың тіршілік жағдайын бағалау әдістемесін жасауға тәжірибелі сарапшылар: экологтар, биологтар және Торайғыров университетінің өкілдері тартылды. Әдістеменің негізгі элементі – оның қызмет саласына қарамастан қолжетімді болуы. Әдістеменің негізін құрайтын құжаттар нұсқаулық материалдарды жақсарту үшін мониториң жасайтын топтың болашақ мүшелерінде сыналды.

«Отбасы хрестоматиясы» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: республикалық маңызы бар жоба 

Ecoinfo.kz ақпараттық экологиялық ағарту порталының сайты жұмысын 2022 жылғы 1 сәуірде қайта бастады. 2 журналист, 1 SMM маманы және 1 техникалық маман жұмысқа қабылданды. Сайттың техникалық қателері жойылуда. Сәуір айының басынан бастап экологиялық білім туралы барлығы 8 мақала мен 1 сұхбат жарияланды. Мамырда жоба сайтында жаңа «Экосақшы» айдары пайда болады. Сайтқа трафикті арттыру үшін Facebook пен Instagram-да таргет жарнаманы іске қосу жоспарланып жатыр.

«Үміт-Надежда» ҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Қостанай қ. 

Есептік кезеңде жоба туралы ақпараттықтүсіндіру жұмыстары жүргізілді: «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не, «Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ-не, Қостанай облысының Азаматтық альянсына, «Қостанай мүгедектер ерікті қалалық қоғамы» ҚБ-не, «Радуга» ҚБ және «Ритм» ҚБ-не хаттар жіберілді.

«SMM менеджмент» курсы бойынша оқыту 2022 жылғы 18 сәуірде басталды, «Маркетиң негіздері», «Әлеуметтік желілердегі маркетиң», «Әлеуметтік желілерге посттарды қалай жазу керек», «Instagram және оның функцияларымен танысу», «Instagram-да кәсіби бизнес аккаунт құру», «Instagram-да жарнамалық посттар құру» тақырыптары бойынша барлығы 6 теориялық трениң өткізілді. Оған қоса, онлайн форматта практикалық сабақтар өткізіледі, барлық қатысушылар үшін үлестірме материалдар дайындалды. Компьютерлік сыныптарда оқыту офлайн режимінде өткізілуде. 

«Ардос Жүрек» мүмкіндігі шектеулі жандар бірлестігі» ЗТБ

Жобаның қамтылу аясы: республикалық маңызы бар жоба

Команда өңірлік білім басқармалары тарапынан ақпараттық қолдау көрсету үшін жобаның басталуы туралы Білім және ғылым министрлігіне хат жолдады. «Маған өзіңе тең адам ретінде қара» тақырыбында оқыту трениңдерін өткізу Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының 10 білім беру мекемесінде жоспарланған. 15 сәуірде М. Жұмабаев атындағы колледжде инклюзивті білім беру және оның принциптері туралы алғашқы трениң өткізілді. 26 сәуірде №2 Бескөл мектеп-гимназиясында инклюзивті трениң өткізілді, жоюа командасы мектеп-гимназия жанындағы инклюзивті білім беру кабинетін көріп қайтты. 27 сәуірде №1 Смирнов мектепгимназиясында инклюзивті трениң өткізілді. Оқушылар инклюзивті білім беру туралы біліп, мүгедектігі бар адамдарға ситуациялық көмек көрсетуде жаттықты. Ұйым өкілдері «Инклюзивті білім беруді басқару: заманауи мектептің болмысы» атты республикалық уоркшопқа қатысты.

«Urban Forum Kazakhstan» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Атырау қ.

Есепті кезеңде Атырау қаласының аумағына бастапқы талдау жүргізілді: қала карталарында жасыл аймақ ретінде белгіленген 70-тен астам нүкте анықталды. Команда осы нүктелерді тексеретін волонтерлер штабын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Деректерді талдау және ақпараттық схемаларды құру міндеттеріне кіретін маманды іздеу жүргізілуде. Қордың Instagram-дағы аккаунты үшін жарияланымдардың контент-жоспары әзірленді.

«Әлеуметтік-экологиялық қор» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: республикалық маңызы бар жоба

7 сәуірде ұлттық парктер мәселелеріне жетекшілік ететін экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабековамен кездесу өтті. Жобаны ұлттық парктер мен қорықтарда іске асыру және ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Нұрлан Қылышбаевпен кездесу өтті, онда ұлттық саябақтардағы туристік және рекреациялық қызметке рұқсат беру жүйесі бойынша заңнаманы өзгерту ұсыныстары талқыланды. Жоба сарапшысы Вадим Ни өзгерістерді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобыныңмүшесі болды. Команда әзірленген өзгерістерді Парламент 2023 жылдың ішінде «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңға қабылдайды деп күтеді. Жоба сарапшыларымен келісімдер жасалды. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (ЕҚТА) бару қағидаларына» өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс басталды. ҚР ЭГТРМ-мен 2022 жылғы мамырдың аяғында Нұр-Сұлтан қаласында «ЕҚТА-ға бару ережелеріне» түзетулерді талқылау бойынша жұмыс тобының жиналысын өткізу туралы келіссөз жүргізіліп жатыр. Команда ұлттық парктер мен қорықтарға барған кезде экологиялық жауапты мінез-құлық туралы көрнекі жадынамаларды жасап жатыр.

 

Поделиться страницей: