Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

23 тамыз 2021 ж.

QOLDA 3.0 - алғашқы екі аптаның нәтижесі

«Tandau Foundation» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: республикалық маңызы бар жоба

Қор қызметкерлері ауылдық елді мекендердегі қоғамдық нысандарға мониторинг жүргізуге кірісті. Өткен кезеңде мониторинг Павлодар облысы Аққулы ауданының 4 ауылында жүргізілді: Қызылқоғам, Қарақала, Шабар және Аққу ауылдары. Нәтижесінде әкімдіктер, мектептер, балабақшалар, мәдениет үйі, балалар спорт алаңы, медициналық пункттер сияқты 18 қоғамдық ғимараттың қолжетімділігі тексерілді. Жоба командасы қазіргі уақытта жөнделіп жатқан нысандар бойынша алдын ала консультациялар өткізді. Объектілерді пайдалануға беру алдында адаптация бойынша кеңес беру жоспарлануда.

«Ұлағат» ЖҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары

Жоба командасы Алматы облысында волонтерлер базасын қалыптастыру үшін серіктестік жөнінде келіссөздер жүргізді. Сондай-ақ волонтерлерді дайындау бойынша ШҚО-дағы Қызыл Крест филиалымен келіссөздер жүргізілді. ШҚО-да ауыл еріктілерімен кездесулер жоспарланған. Қазіргі уақытта бірлестік қызметкерлері Алматы облысында еріктілерді оқыту бағдарламасын дайындауда және Qolda 24/7 қосымшасы үшін жаңа чек-листтер дайындауда.

 «ШҚО-да табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар жиі орын алады, өйткені ол жерде ормандар, таулы жерлер, өзендер көп. Көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстар кезінде, дала өрттері кезінде әкімдіктер волонтерлерге – қарапайым ауыл тұрғындарына жүгіне алады. Әкімдіктер бұған дейін де олардың көмегіне жүгінген болатын, бірақ енді біз волонтерлерге арнайы білім беріп, оларды ынталандырдық. Қазір біз осындай жобаны Алматы облысында жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Бізбен жұмыс істеуге дайын серіктестік ұйымдар бар», - «Ұлағат» ЖҚБ төрайымы Аяужан Әшімова.

«Ты не один» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: республикалық маңызы бар жоба

Өткен екі аптада қор командасы медициналық қызметтерге қолжетімділікті талдау шеңберінде сұхбат жүргізу үшін АИТВ инфекциясы бар респонденттерді іріктеу шарттарын белгіледі. Сондай-ақ талдау үшін сауалнамалар әзірленді. Респонденттерді іріктеуден соң АИТВ-мен өмір сүретін 12 адаммен сұхбат жүргізілді. Нәтижесінде сауалнамаға қатысқан 12 респонденттің 11-і қажетті медициналық қызметтерді алуға кедергі келтіретін бөгеттергетап болғаны анықталды.

«Verum Foundation» Қоры

Жобаның қамтылу аясы: Қазақстанның 10 өңірі

Қор қызметкерлері жобаның бенефициарларын анықтау мақсатында «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ басқарма төрайымы Зульфия Байсақовамен және «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» қоғамдық қорының президенті Маргарита Ускембаевамен кездесулер өткізді. Маргарита Ускембаева жобаға қызығушылық танытып, оның көмегімен өңірлік дағдарыс орталықтарының қызметкерлерімен онлайн кездесу ұйымдастырылды. Сондай-ақ дағдарыс орталықтарының психологтары мен заңгерлерін оқыту бойынша оқу модульдері әзірленуде. Жоба командасы әйелдер мен балалардың құқықтарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі дөңгелек үстелге қатысты, онда қордың жұмысы мен «Genesis» авторлық экспресс-терапевтік тәсілі таныстырылды.

«Ардос Жүрек» мүмкіндігі шектеулі жандар бірлестігі» ЗТБ

Жобаның қамтылу аясы: Петропавл қаласы

Өткен екі аптада мүгедектер ұйымдарының басшыларына және мүдделі мемлекеттік органдарға «Тең Қоғам» мобильдік қосымшасының контентін әзірлеу бойынша фокус-топқа қатысу үшін хаттар жіберілді. Қосымшаның техникалық тапсырмасын әзірлеу үшін фокус-топ қатысушыларымен кездесу өткізу, сондай-ақ әзірлеушіні одан әрі іріктеу жоспарлануда.

«Golden Hearts» ҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Петропавл қаласы

Аудан әкімдіктеріне тұрғындар арасындағы «Ауылдағы цифрлық сауаттылық» жобасы туралы ақпарат таратуға және оқытушылыққа үміткерлерді іріктеуге көмектесу туралы хаттар жіберілді. Жұмыс чаттары құрылды, әлеуметтік желілерде таргет жарнамасы іске қосылды.

«Отбасы орталығы» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Семей қаласы

Балалар мен ересектерге экологиялық білім беру мақсатындағы «Экопатруль» бастамасын іске қосу туралы брифинг өткізілді. Брифинг қорытындысы бойынша мүдделі тараптармен іс-шараларды өткізу алгоритмі әзірленді. Мемлекеттік құрылымдар жобаны қолдады және жобаны іске асыруға көмек көрсетуге, ақпараттық, ұйымдастырушылық және өзге де қолдау көрсетуге міндеттелді. 11 тамызда «Менің экологиялық өмір мектебім» инновациялық, педагогикалық идеялардың әдістемелік жинағы аясында қалалық және ауылдық мектептердің сынып жетекшілеріне арналған алғашқы білім беру-әдістемелік семинар өтті. Семинар нәтижелері бойынша қатысушылардың көпшілігі өз мектептерінде сарапшыларды тарта отырып, ата-аналар қоғамдастығының қатысуымен ашық сабақтар өткізуге және «Отбасы Орталығы» ҚҚ қарауында оқушылар қатарынан мектепшілік эковолонтер топтарын құруға ниет білдірді.

«QazYmCenter» ҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Өскемен қаласы

Команда Өскемен қаласында есту қабілеті шектеулі адамдарға арналған дағдарыс орталығын ашуға дайындалуда. Есту қабілеті шектеулі адамдар арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемаларын талдау және зерттеу, бейнероликтер шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алдағы аптада ымдау тілімен кәсіби видеоролик түсіру жоспарлануда.

«Заң талабы» құқық қорғау орталығы

Жобаның қамтылу аясы: Түркістан облысы

Тамыздан бастап орталық қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 32 әйел мен 3 кәмелетке толмаған балаға тегін құқықтық және психологиялық көмек көрсетті. 12 адам талап, арыздарын құрастыруда заңгерден консультация алды, 20 адамға психологиялық көмек көрсетілді. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер отбасылық жанжал тудырғандарды жауапкершілікке тарту туралы өтініш бере алды, кәмелетке толмаған балалары мен жарын асырауға, балалармен қарым-қатынас тәртібін анықтауға және жоба аясында ауыл әйелдері үшін мүмкін болатын басқа да көптеген өтініштерді бере алды.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге тиімді көмек көрсету үшін қазіргі COVID-19 кезеңінде олардың мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен, денсаулық сақтау және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, көмекке жүгінген адамдарды қайта бағыттау алгоритмі әзірленуде. Бұл алгоритм тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде барлық мүдделі тараптардың тиімді әрекет етуіне ықпал етеді.

 «Мен 8 жылдан бері тұрмыстамын, ұйымға өтініш білдіргенімнің себебі - күйеуімнің үнемі ұрып-соғуы. Менің кәмелет жасына толмаған төрт балам бар. Күйеуім мас күйінде келіп, есімнен танғанша мені ұрды. Екі қабырғам және тістерім сынған. Кейін балаларымды ұра бастағанда шыдай алмадым, түнде балаларыммен бірге көшеге шығып, көмек сұрадым. Көршім «Заң талабы» ұйымы туралы айтты. Жедел желіге телефон соқтым. Адвокат полицияға арыз беруіме көмектесті. Мен өзіме адвокат жалдай алмас едім. Қазір балаларымызбен күйеуімнен бөлек тұрамыз, ол алимент төлейді».

«Жаңа уақыт» ЖМ

Жобаның қамтылу аясы: Қарағанды қаласы

Жоба командасы Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында жобаны іске асыру бойынша «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ басшылығымен кездесу өткізді. «ЭкоЖастар» мектебінің экотренерлерін оқыту тұжырымдамасы мен бағдарламасы жасалды. Жақын арада экотренерлерді қабылдау мен оқытуды, сондай-ақ оқуға үміткерлерді іріктеу сауалнамасын бастау жоспарлануда.

«Green Help» ҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Петропавл қаласы

Қазіргі уақытта қор қызметкерлері Пестрое көлін жиналған қоқыстан тазарту үшін еріктілерді қабылдауда. Сондай-ақ өңірдің экотренерлерімен қоршаған ортаны қорғау бойынша шағын-тренинг өткізу туралы келіссөздер жүргізілуде. Жақын арада волонтерлермен кездесу, тазалық күнін белгілеу, қажетті жабдықтарды сатып алу және мемлекеттік органдармен келісу жоспарлануда.

ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының Павлодар филиалы

Жобаның қамтылу аясы: Павлодар облысы

Команда ұйымдастыру-дайындық жұмыстарын жүргізуде: келісімшарттарға қол қою, волонтерлерді құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жеткізушілерді іздеу, буклеттер мен үнпарақтарды әзірлеу, жоба бойынша хаттар, презентациялар, баспасөз релиздерін дайындау. Алдағы уақытта серіктестермен және волонтерлермен онлайн конференция өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарын және халықты жобаның басталуы туралы хабардар ету жоспарлануда. Сондай-ақ Павлодар облысының ТЖД-мен бірлескен рейдтер жоспарланған.

«Белес-Жетісу» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Алматы облысы

Жоба командасы Алматы облысы Ескелді ауданының әйелдері үшін пішу және тігу курстарын іске қосу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізді. Ескелді ауданы әкімдігінің өкілдерімен кездесу өткізіліп, әкімдік курс өткізетін ғимаратты тегін беруге деген ниетін  растады. Сонымен қатар әкімдік жиһазбен жабдықтауға көмектеседі: үстелдер мен орындықтар, тігін курстарын ашуға арналған пішу үстелі. Тігін жабдықтары сатып алынып, оқытушылар шақырылды. Әкімдіктен АӘК алушылар мен көп балалы отбасылардың, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың және толық емес отбасылардың тізімі сұралды (барлығы 360 отбасы). Қоңырау шалу нәтижесінде 39 әйел оқуға қызығушылық танытты. Ескелді ауданының әкімдігі мақсатты аудитория үшін қосымша консалтингтік қызметтер мен заң консультацияларын қамтамасыз ете отырып, Ескелді ауданындағы «Бақытты отбасы» жобасының масштабын кеңейту мүмкіндігін қарастыруға әзір екенін атап өткен жөн.

«Локо» оқу-кеңес беру орталығы ЖМ

Жобаның қамтылу аясы: Ақтөбе қаласы

Жобаны іске асыру барысында команда онлайн және офлайн кездесулер өткізді. Мақсатты топ өкілдеріне ТЖ кезінде және өмірдің кез келген қиын жағдайында өзін қалай ұстау керектігі жөнінде кеңестер берілді. Сондай-ақ ССУ порталын толтыру бойынша көмек көрсетілді.

«Жанұя» отбасын қолдау орталығы ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: республикалық маңызы бар жоба

Өткен екі апта ішінде жоба командасы Алматы облысындағы «Ресурс» балалардың психикалық жай-күйін диагностикалау жүйесі» авторлық құралын пайдалана отырып жүргізілген зерттеулер нәтижелерін; Qolda 2.0 жобасы шеңберінде жүргізілген психокоррекциялық іс-шаралар зерттеулерінің нәтижелерін; Алматы облысы Іле ауданының педагог-психологтарын оқыту нәтижелерін жинау және талдау бойынша жұмыс жасады.

Команда кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік фактілерінің алдын алуда білім алушылардың ата-аналарын, қамқоршыларын хабардар ету алгоритмін әзірлейді. Кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылық және қатыгез қарым-қатынас жағдайларында шұғыл ден қоюдың мобильді топтарының қызметі туралы ереже әзірленеді.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ұмай» баспанасы

Жобаның қамтылу аясы: Қызылорда қаласы

«Ұмай» балалар баспанасының қызметкерлері тәрбиеленушілер үшін жылыжай мен күн электр станциясын орнату үшін қызмет көрсетушілерді таңдады. 9, 13 және 14 тамыз күндері тәрбиешілер мен еріктілер үшін семинар-тренингтер өткізілді. Жақын арада жылыжай мен күн электр станциясын орнату жұмыстары жоспарланып отыр.

Поделиться страницей: