Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

6 қыркүйек 2021 ж.

QOLDA 3.0 - 2021 жылдың 16-31 тамызы аралығындағы жұмыс нәтижелері

QOLDA жедел көмек бағдарламасының үшінші кезеңініңҮЕҰ-дары дайындық кезеңінен өтіп, өз жобаларын іске асыруға кірісті. Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаның үшінші кезеңі ағымдағы жылдың 2 тамызында Орталық Азияның Еуразия Қоры және “Шеврон” компаниясының серіктестігімен өз жұмысын бастады. Қазақстанның 14 өңірінен 16 ҮЕҰ Qolda 3.0 грантының иегерлері атанды. Біз 2021 жылғы 16-31 тамыз аралығында іске асырылған ҮЕҰ жұмысының нәтижелерімен бөліскіміз келеді.

ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының Павлодар филиалы

Жобаның қамтылу аясы: Павлодар облысы

Жоба аясында инструкторлар Қызыл Жарты Ай волонтерлеріне ТЖ кезінде алғашқы көмек көрсету бойынша тренинг өткізді және судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейдтерге қатысты. Жоба жетекшісі кіріспе инструктаж өткізді. 2021 жылдың қыркүйек айында Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен онлайн конференция жоспарланған.

Команда ұйымдастыру-дайындық жұмыстарын жалғастыруда: волонтерлер үшін жабдықтар сатып алынды және ауылдық өңірлерде ТЖ жағдайына қосымша жабдық сатып алу жоспарланған. Мүдделі серіктестермен: Павлодар қаласының және Павлодар облысының әкімдіктерімен және Павлодар облысының ТЖД-мен кездесулер өткізіледі.

«Новое Время» ЖМ

Жобаның қамтылу аясы: Қарағанды облысы

Жоба командасы «ЭкоЖастар» мектебінде экологиялық білім беру мен эковолонтерлықты насихаттау бойынша оқыту жұмыстарына дайындалуда. Қарағанды облысының университеттері мен колледждерінің студенттері үшін «Экотренерлерге арналған тренинг” бағдарламасына тіркелу басталды. Қатысушыларды тіркеу жобаның ресми zhana_uakyt Instagram парақшасында 2021 жылдың 16 тамызынан 10 қыркүйегіне дейін жүргізіледі.

Жоба командасы тренерлердің тізімін, сабақтардың контент-жоспарын және сабақ кестесін бекітуде, оқу барысы және Қарағанды облысының білім беру мекемелерінде экоағарту бойынша тағылымдамадан өту туралы тренингке қатысушылармен келісімшарт дайындауда.

«Жоба аясында мектептің әлеуметтік парақшаларында кеңінен ақпараттық науқан өткізу жоспарланған: сарапшылармен тікелей эфирлер, экобелсенділермен сұхбат, челлендждер, конкурстар. Онлайн іс-шаралар арқылы экобелсенділікке және экологиялық әдеттер қалыптастыруға: үнемділікке, қайта пайдалануға болатын қалдықтарды пайдалануға, қоқысты және басқа да қалдықтарды өңдеуге, заттарды саналы түрде пайдалануға оқыту жұмыстары жүргізіледі. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ және ірі өндірістердің экологияға әсері сияқты экологиялық проблемаларға назар аударылатын болады», - жоба жетекшісі Гүлнар Жақсыбаева.

«Белес-Жетісу» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Алматы облысы

Команда Алматы облысы Ескелді ауданының әйелдеріне арналған пішу және тігу курстарын іске қосу жобасы бойынша жұмысын жалғастыруда. Жергілікті әкімдік жоба мақсатының кеңеюін және әкімдік тарапынан консалтингтік қызметтер мен заң тұрғысынан қолдауды енгізуді ескере отырып, курстардың локациясын өзгертті. Әкімдіктің бастамасымен курс өтетін орынға жөндеу жұмысы жүргізіліп, жиһаз берілді.

Оқушылардың құрамы анықталды. Курс қатысушылары үшін ақпараттық чат ашылды. Жобаның мақсаты және «Бастау бизнес» бағдарламасы шеңберінде грант алу мүмкіндіктері туралы 3 онлайн конференция өткізілді. Топ оқытушылармен және жоба бағдарламасымен таныстыру өткізілді.

«QazYmCenter» ҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Өскемен қаласы

Жоба командасы Өскемен қаласында есту қабілеті шектеулі адамдарға арналған дағдарыс орталығын ашуға дайындалуда. Есептік кезеңде жабдықтарды орнату бойынша белсенді дайындық жүргізілді. Монтажға ыңғайлы жасыл фон, сондай-ақ жоғары сапалы бейнекамералар және түсіру кезінде жарыққа арналған софтбокстар сатып алынды. Instagram желісінде qazymcenter.women парақшасы ашылды және ақпараттық науқан басталды. Психологиялық көмек көрсету үшін және бірқатар іс-шаралар мен сценарийлерді жоспарлауға психолог шақырылды. 2021 жылдың қыркүйек айының басында есту қабілеті шектеулі балаларға арналған ымдау тілінде дәрістер өткізу және зорлық-зомбылықтың алдын алуды насихаттайтын ымдау тілінде 2 бейнеролик жазу туралы жергілікті мектептермен келіссөздер жүргізу жоспарланған.

«Отбасы орталығы» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Семей қаласы

Есептік кезеңде «Экопатруль» жобасы аясында орталық қызметкерлері экологиялық мәселелер бойынша ШҚО Жол картасын іске асыру туралы 2 ақпараттық семинар өткізді. Негізгі спикер ретінде «ШҚО Экология департаменті» РММ Семей қаласы бойынша мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Сейкенов Нұрлан Тұрсынбайұлы сөз сөйледі. ШҚО жол картасының негізгі бағыттары, жаңа қоқыс өңдеу зауытының қызметі және полигон орындарын пайдалану талқыланды.

Білім беру мекемелерімен бірлескен жұмыс аясында «Біздің сүйікті жасыл балабақша» бейнематериалының таныстырылымы өтті, онда №15 балабақшаның балаларды экологиялық тәрбиелеу бойынша тәжірибесі көрсетілді.

«Отбасы Орталығы» ҚҚ мамандары мен іріктеу комиссиясының мүшелері «Түрлі-түсті қала» конкурсы бойынша қаланың бірқатар мемлекеттік және жекеменшік мекемелеріне барды.

«Golden Hearts» ҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Петропавл қаласы

Жоба командасы «Ауылдағы цифрлық сауаттылық» жобасын іске қосу бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. «Ардос Жүрек» мүгедектер бірлестігі» ЗТБ және «Smart People зияткерлік академиясы» ЖК-мен, «Алтын Орда» қонақ үй кешенімен ауылдағы жаттықтырушылардың тамақтануы және тұрақтауы туралы, сондай-ақ «Достар» ЖШС-пен тұрғын үй жалдау туралы меморандум жасалды. Жаттықтырушыларды іріктеу жұмыстары жүргізілді, еңбек шарттарына қол қойылды, олардың бірі – 2-ші топтағы мүгедек, екіншісі – балалар үйінің түлегі. Тренерлерді оқыту жүргізілді, сертификат табысталды, жоба бойынша оқыту бағдарламасы жасалды. Жобаға қосымша «Қазпочта» АҚ, ХҚКО консультанттары, банк қызметкерлері мен заңгерлер шақырылды.

«Tandau Foundation» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Республикалық маңызы бар жоба

Қор қызметкерлері ауылды қелді мекендердегі қоғамдық нысандарға мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Өткен кезеңде Павлодар облысының 3 ауылында мониторинг жүргізілді: Кенжекөл, Байдалы және Долгое. Мониторинг материалдарын өңдеу кезінде қызметкерлер қоғамдық нысандардың қолжетімділігіне әсер ететін жүйелік қателіктерді атап көрсетті. Бұл ерекшеліктер тренинг материалдарын әзірлеу кезінде ескеріледі.

Жоба командасы 2021 жылғы 1-15 тамыз аралығында өткен кезеңдегі қолжетімділік мониторингінің нәтижелерін өңдеуді бастады, қазіргі уақытта 28 чек-парақ толтырылды, адаптация бойынша 6 ұсыныс жасалды.

«Ұлағат» ЖҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары

Жоба командасы Шығыс Қазақстан облысында ТЖ-ға әрекет ету бойынша волонтерлерді дайындау және Алматы облысында жобаны іске қосу бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Жоба командасы Өскемен қаласында Qolda 24/7 мобильді қосымшасының таныстырылымын өткізді, мобильді қосымша үшін ТЖ-ға ден қою бойынша жаңа чек-парақтарды дайындады. ШҚО ТЖД-мен бірлесіп волонтерлерді оқыту бағдарламасы дайындалды.

Алматы облысының аймағы бойынша жоба командасы аудандардың паспорттарын жасауда, ҮЕҰ және волонтерлер базасын жинақтауда. Тарбағатай, Күршім және Зайсан аудандарының волонтерлерімен кездесулер өткізілді.

«Заң талабы» құқық қорғау орталығы

Жобаның қамтылу аясы: Түркістан облысы

Орталық қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетуді жалғастыруда. Жобаның есептік кезеңінде 17 бенефициарға көмек көрсетілді: 5 адам талап-арыздарын жазуда кәсіби көмек және заңгерден арнайы консультация алды, 12 адамға психологиялық қолдау көрсетілді.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер отбасылық жанжал себепкерлерін жауапкершілікке тарту, кәмелетке толмаған балалар мен жұбайын қамтамасыз ету, балалармен қарым-қатынас тәртібін анықтау және т.б. туралы өтініш бере алды. Қазір COVID-19 кезеңінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен, денсаулық сақтау саласындағы органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленуде.

Есептік кезеңде заңды өкілдері (ата-аналары) арқылы 5 кәмелетке толмаған бала психологиялық көмекке жүгінді. Өтініш берген кәмелетке толмаған балалардың барлығы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдар ретінде тіркелген.

«Ты не один» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Республикалық маңызы бар жоба

Өткен екі аптада қор командасы АИТВ-инфекциясымен бір жылдан астам уақыт өмір сүрген 52 адамға сауалнама жүргізді. Сауалнамаға қатысушылар сақтандыру медицинасы енгізілгеннен соң емханалар деңгейінде бірқатар медициналық қызметтерді ала алмайтынын атап өтті, өйткені көбінің ресми жұмысы жоқ және МӘМС жүйесіне жарна аудармайтын бір реттік табыспен шектеледі.

Келіссөздердің нәтижелері бойынша Қазақстанның пациенттер Одағының қамқоршылық кеңесіне 5 өкілдің: мемлекеттік органдардың 2 өкілінің, ҮЕҰ-дан 2 өкілдің және 1 медицина қызметкерінің кіруі туралы келісімге қол жеткізілді.

«Ардос Жүрек» мүмкіндігі шектеулі жандар бірлестігі»

Жобаның қамтылу аясы: Петропавл қаласы

Өткен екі аптада «Тең Қоғам» мобильдік қосымшасының функционалы мен контентін талқылау бойынша фокус-топ жиналыстары өткізілді. Фокус-топқа Нұр Отан партиясының, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қосылды. Компаниялармен мобильді қосымшаны әзірлеу бойынша келіссөздер жүргізілді, коммерциялық ұсыныстар алынды. Мобильді қосымшаны әзірлеу бойынша шарт жасасу және мақсатты топпен контентті жақсарту бойынша одан әрі талқылау жұмыстары жоспарлануда.

«Green Help» ҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Петропавл қаласы

2021 жылдың 21 тамызында жергілікті белсенділердің қатысуымен Пестрое көлінің жағалауын жазғы кезеңде жиналған қоқыстан тазарту бойынша іс-шараны іске асыру үшін волонтерлер тобы жиналды.

50 волонтер, экология департаменті мен табиғи ресурстар басқармасы өкілдерінің көмегімен 100 қап қоқыс жиналды. Кейіннен қалдықтар сұрыптауға және утилизацияға жіберілді. Пластик пен шыны қалдықтары бөлек жиналды. Қалдықтардың көп мөлшерін жинаған волонтерлердің белсенді топтары «Экологиялық күзет» қатысушыларының сертификаттарымен марапатталды. Алдағы уақытта Есіл өзенінің жағалауын тазарту бойынша іс-шара жоспарланған.

«Біз қалдықтарды екі топқа бөлеміз: қайта өңделетін және қайта өңдеуге жарамсыз қалдықтар. Бұл ретте, әдеттегідей қалалық сенбіліктердегідей жапырақтарды, бұтақтарды және ағаштарды жинамаймыз. Біздің мақсатымыз - тек қоқыс», - жоба координаторы Азат Жұмағұл.

«Verum Foundation» Қоры

Жобаның қамтылу аясы: Қазақстанның 10 өңірі

Жоба командасы дағдарыс орталықтарының білім алушы психологтары мен заңгерлерінің тізімін жасады. Қазіргі уақытта Қазақстанның 11 өңірі дағдарыс орталықтарынан 22 психолог оқуға қатысатынын растады. Қор Алматы және Шымкент қалаларынан келген дағдарыс орталықтарының 6 психологын қайырымдылық негізде оқытпақ. Оқу модульдерінің бағдарламасы әзірленді. «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік Институты» ҚҚ және «Заң Талабы» құқық қорғау орталығы» ҚБ-мен серіктестік меморандумдарға қол қою бойынша жұмыс жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Владимировна Смирнова және «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік Институты» қоғамдық қорының президенті Маргарита Ускембаевамен жобаның мақсаты және өңірлік дағдарыс орталықтарын дамыту мәселелері туралы кездесулер өткізілді.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ұмай» баспанасы

Жобаның қамтылу аясы: Қызылорда қаласы

Баспана қызметкерлері «Ұмай» балалар баспанасының тәрбиеленушілеріне арналған жылыжай мен күн электр станциясын орнату қызметтерін жеткізушілерді таңдады. Қазіргі уақытта жылыжай мен күн электр станциясын орнату жұмыстары жүргізілуде. 2021 жылдың 30 тамызында баспана тәрбиешілеріне арналған семинар-тренинг өткізілді. Оқу бағдарламасы жасалды, бағдарлама бойынша сабақтар 2021 жылдың 6 қыркүйегінде басталады.

«Локо» оқу-кеңес беру орталығы ЖМ

Жобаның қамтылу аясы: Ақтөбе қаласы

Жобаны іске асыру барысында команда 18 онлайн және 7 офлайн кездесу, сондай-ақ 15 жеке консультация өткізді. Тараз қаласындағы жарылыстарға байланысты төтенше оқиғалар кезеңіндегі тәртіп ережелері туралы мақсатты топ өкілдерімен кездесулер өткізілді. Карантинді сақтау бойынша кеңестер, сондай-ақ жедел желі телефондарының нөмірлері бар брошюралар таратылды. Мақсатты топ консультациялар және әңгімелесу форматында үнемі сапалы көмек алуды жалғастырады, сонымен қатар кері байланыс береді.

«Жанұя» отбасын қолдау орталығы ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Республикалық маңызы бар жоба

Өткен екі апта ішінде жоба командасы Алматы облысындағы авторлық «Ресурс» балалардың психикалық жай-күйін диагностикалау жүйесі» көмегімен оқытудан өткен педагог-психологтардың, сондай-ақ Qolda 2.0 жобасының психокоррекциялық іс-шараларына қатысушыларының сұраныстарын қарастырды. Пайдалы кері байланыс алынды, нәтижелер құжаттарға енгізілді. Жоба командасы кәмелетке толмағандармен дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде мемлекеттік құрылымдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылы бойынша халықаралық және жергілікті тәжірибе жұмыстарына зерттеу жүргізді.

Қызметкерлер келесі әзірленген құжаттарды уәкілетті мемлекеттік органдарға келісуге жіберді:

  • Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік фактілерінің алдын алу үшін білім алушылардың ата-аналарын, қамқоршыларын педагог-психологтар арқылы ақпараттандыру алгоритмі;

  • Кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылық, қатыгездік және аутодеструктивті, соның ішінде суицидтік және девиантты мінез-құлық жағдайындағы жедел әрекет ету мобильді топтарының қызметі туралы ереже.

 

Поделиться страницей: