Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

23 маусым 2023 ж.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында халықтың

Қатысушылар қолөнер немесе көкөніс өсіруді үйреніп, жеке микробизнесін дамытуға
16 мамыр 2023 ж.

Орал қаласында Orle Fest қалалық фестивалі өтеді

Келген қонақтарды жергілікті қолөнершілердің дизайнерлік бұйымдар мен
15 мамыр 2023 ж.

Ақмола облысында иппотерапия сабақтары мен ат турлары

«Keremet jol» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысында иппотерапия сеанстарын өткізіп

7 қазан 2021 ж.

QOLDA 3.0 - 2021 жылдың 16-30 қыркүйегі аралығындағы жұмыс нәтижелері

Qolda 3.0 жедел көмек бағдарламасы өз жұмысын жалғастыруда. Естеріңізге сала кетейік, 16 өңірлік ҮЕҰ өңірлік және республикалық ауқымдағы жобаларды іске асыруда. Үкіметтік емес ұйымдар инклюзивті қоғамның қағидаттарын алға тартып, әлеуметтік осал топтардың мүдделерін қорғайды және әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізу үшін мемлекеттік органдармен ынтымақтастық орнатады.

«Жанұя» отбасын қолдау орталығы ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Республикалық маңызы бар жоба

2021 жылдың 23-24 қыркүйегі аралығында жоба командасы Қызылорда облысының білім басқармасының өкілдерімен кездесу өткізді, онда кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік фактілері анықталған жағдайда білім алушылардың ата-аналарын, қамқоршыларын педагог-психологтар арқылы хабардар ету алгоритмін қолдану мәселелері талқыланды. Кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу бойынша Қызылорда облысының тәжірибесі талданды және алгоритмді енгізу кезінде педагог-психологтардың қор мамандарымен өзара іс-қимыл форматы әзірленді.

Аталған алгоритм Алматы облысында енгізілуде. Зорлық-зомбылық белгілері анықталған кезде шұғыл әрекет ету және әлеуметтік-психологиялық есепте тұрған оқушының жеке басын зерттеудің картасын рәсімдеу мәселелері бойынша психологтарға консультация жүргізілді. Алматы қаласы білім басқармасының өкілдерімен талқылау жүргізілді, ол алгоритмді білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының қызметінде пайдалану мүмкіндігін қарастырады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ұмай» баспанасы

Жобаның қамтылу аясы: Қызылорда қаласы

2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Ұмай» балалар қайырымдылық үйінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған экологиялық білім беру және эковолонтерлікті дамыту жобасы аясында табиғат сұлулығына таңдану сабақтары өтуде. Бұл сабақтардың аясында табиғатқа тұрақты экскурсиялар өткізіледі. Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде «Ұмай» қайырымдылық үйінің тәрбиеленушілері ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябаққа экскурсия жасады. Экскурсияларды өткізілудің себебі – табиғатпен қарым-қатынас мейірімділікті, қайырымдылық және сұлулықты көру қабілетін қалыптастырады, байқампаздықты дамытады, балалардың бойында шығармашылық қабілеттерін және қоршаған орта үшін жауапкершілікті оятады, қоршаған әлемге ұқыпты қарауды қалыптастырады.

Қарапайым экологиялық идеяларды қалыптастыру бойынша сабақтарды ұйымдастыра отырып, мұғалім балаларда табиғат туралы білімдерін, экологиялық тақырыптағы сөздік қорын және табиғатқа ұқыпты қарауды дәйекті түрде қалыптастырады.

«Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеу өте маңызды! Дәл осы 4-5 жаста сана элементтері айқын көрінеді: табиғатқа деген қызығушылық, эмоционалды реакциялар, табиғаттағы адамдардың мінез-құлқын саналы бағалау. Осылайша, мектепке дейінгі балалық кезеңде балалардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы жүреді. Оқыту семинары аясында мен көп нәрсені білдім. Маған тыңдаушы ғана емес, орын алып жатқан оқиғалардың қатысушысы болу ұнады. Мен өз жұмысыма басқаша қарай бастадым», – деп санайды қайырымдылық үйінің тәрбиешісі Айзада Дәуренбекова.

«Tandau Foundation» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Республикалық маңызы бар жоба

Қор қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі адамдардың істері жөніндегі облыстық кеңестің отырысына қатысты, сондай-ақ Павлодар облысының сауда үйлерінің өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуге жұмыс тобының консультанттары, облыстық Еңбек комитеті департаментінің әлеуметтік қорғау қызметкерлері және «Қолжетімді Қазақстан» жобасының команда мүшелері қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша сауда үйлерін мүгедек адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеу туралы шешім қабылданды. «Tandau Foundation» ҚҚ ұсыныстары қазірдің өзінде жүзеге асырылуда: балалар үйінің алдында қауіпсіздік мақсатында жылдамдатқыш бәсеңдеткіші орнатылды. Музыка мектебінің жанында мүгедектігі бар адамдардың көліктерін қоюға арналған белгілер орнатылды. Әзірленген ұсынастарды ескере отырып, «Қайнар» демалыс-білім беру орталығын бейімдеу бойынша құрылыс компаниясымен келісімшарт жасалды.

«QazYmCenter» ҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Өскемен қаласы

Екі апта ішінде команда дағдарыс орталығының қызметтерін таныстыру ролигін дайындады. Психолог орталықтың қызметі және көрсетілетін көмек түрлері туралы айтып берді. Есептік кезеңде орталыққа 10 адам көмекке жүгінді, адамдардың бір бөлігі орталықтың жұмысына қызығушылық танытса, қалғандары консультация мен психологиялық көмек алуға келді. Жоба командасы келесі әлеуметтік роликті әзірлеу жұмысын жүргізуде. Роликтің сценарийі әзірленіп, студия таңдалды, актерлер құрамы бекітілді. Сондай-ақ, есту қабілеті шектеулі жасөспірімдер мен студенттерге арналған бағдарламаны жүзеге асыру үшін мектептер мен колледждермен келіссөздер жүргізілуде. Келесі екі аптада есту қабілеті шектеулі балаларға арналған мектептерге бару және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

«Заң талабы» құқық қорғау орталығы

Жобаның қамтылу аясы: Түркістан облысы

Жобаның есептік кезеңінде 24 бенефициарға көмек көрсетілді: 5 адам талапарыздарын жазуға кәсіби көмек және заңгерден арнайы консультация алды, 17 адамға психологиялық қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, 6 ер адамға психологиялық көмек көрсетілді. Ұйым психологы агрессор ерлерді түзету жұмыстарын жүргізді. Адам құқықтары жөніндегі мектептің «Әйел құқығы – бұл адам құқығы» жобасы шеңберінде Түркістан облысында, Түлкібас ауданында, Тұрар Рысқұлов ауылында, Сарыағаш қаласында және Мақтаарал ауданы Атамекен қаласында ауыл әйелдері мен жасөспірім қыздарға арналған тренингтер топтамасы өткізілді. Тренингке қатысушылар гендерлік құқықтар бойынша білім алды, жасөспірім қыз немесе әйел отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жағдайда іс-қимыл алгоритмін зерттеді. Тренингке қатысушылардан алынған кері байланыс өткізілген тренингтердің тиімділігін көрсетеді.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелеріне халықтың назарын аудару мақсатында орталық қызметкерлері 5 ақпараттық науқан ұйымдастырды

«Отбасы орталығы» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Семей қаласы

«Экопатруль» жобасы аясында орталық қызметкерлері «Экологиялық мәселелер бойынша ШҚО Жол картасын іске асыру және халықтың қатысуы» туралы ақпараттық семинар өткізді. Бас спикер ретінде ШҚО экология департаменті РММ Семей қаласы бойынша мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Сейкенов Нұрлан Тұрсынбайұлы сөз сөйледі. Есептік кезеңде №12 «Ажар» балабақшасының балаларға экологиялық тәрбие беру бойынша «Біздің сүйікті жасыл балабақша» бейнематериалының тұсаукесері өтті. Осы балабақшаға бұдан бұрын да барған «Ecojer» қауымдастығының Шығыс Қазақстан филиалының басшысы Елена Березинская-Абилова оны эко-ағарту саласындағы алдыңғы қатарлы балабақшалардың бірі деп атады.

Білім беру мекемелерімен бірлескен жұмыс аясында «Сары түске таста» акциясы өткізілді. Аталған іс-шараға Семей қаласының орта білім беру мектептерінің басым көпшілігі тартылған. Акция қорытындысы бойынша «Семей Тазалық» ЖШС қолдауымен пластиктің үлкен көлемі жиналып, кейін шығарылды және кәдеге жаратылды.

ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының Павлодар филиалы

Жобаның қамтылу аясы: Павлодар облысы

Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен жоба серіктестерімен онлайн-конференция өтті. Конференцияға облыс әкімдерінің орынбасарлары, Павлодар облысы аудандары мен қалаларының ішкі саясат бөлімдерінің, Павлодар облысы ТЖД басшылары және барлық құрылымдық бөлімшелер қатысты. Қызыл Жарты Ай Павлодар филиалының директоры Гүлнар Исаканова жобаның мақсаттары мен міндеттері бойынша кіріспе презентация өткізді. Конференция қорытындысы бойынша Павлодар облысының аудандары мен қалалары үшін жергілікті бастамашыл топтар құру мақсатында кандидаттарды іріктеу бойынша ұсыныстар әзірленді.

Жоба аясында инструкторлар 30 Қызыл Жарты Ай волонтерлеріне арналған ТЖ кезінде алғашқы көмек көрсету бойынша тренингтерді жалғастыруда. Сондайақ, апаттарға әрекет етуге оқытылған команда ҚР ТЖМ «Жер 2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты.

«Ұлағат» ЖҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары

Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында ТЖ-ға әрекет ету бойынша волонтерлерді даярлау бойынша жұмыстар жалғасуда. Қызыл жарты айдың қатысуымен Шығыс Қазақстан облысының ауылдық волонтерлерін офлайн оқытуы жүргізілуде. Алматы облысының ҮЕҰ-ының бірыңғай базасы құрылды. Жақын арада Алматы облысының волонтерлерін оқыту, сондай-ақ террористік қауіп-қатерлерге әрекет ету үшін Qolda 24/7 мобильді қосымшасында чекпарақтарды орналастыру жоспарлануда.

«Verum Foundation» Қоры

Жобаның қамтылу аясы: Қазақстанның 10 өңірі

«Verum Foundation» ҚҚ дағдарыс орталықтарының психологтарын «Genesis» экспресс психотерапиялық тәсілі бойынша оқытуды жалғастыруда. Студенттер теориялық білімнің көп бөлігін игеріп, бір-біріне жеке терапия жүргізуге көмектесуде. Оқыту кері байланыс сауалнамаларының, атап айтқанда «Genesis» экспресс психотерапиялық тәсілінің клиникалық тиімділік карталарының көмегімен бағаланады. Айта кету керек, білім алушылар экспресс тәсілді қолдану дағдыларын меңгергендерін көрсетті. Олар өз жұмысының нәтижелеріне қанағаттанудың жоғары деңгейін көрсетті.

«Green Help» ҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Петропавл қаласы

2021 жылдың 18 қыркүйегінде жоба командасы мен волонтерлер Пестрое көлінің жағалау жолағын тазалау бойынша екінші сенбілік өткізді. Активистер бұл аумақты бір ай бұрын тазартқанына қарамастан, қоқыс көп болды. Аумақты ретке келтіру қызықты форматта өтті: қатысушылар жиналған қалдықтарды тек қайта өңделмейтін және қайта өңделетін қалдықтар болып қана бөлмей, қайта өңделетін қалдықтарды әр фракцияға - пластик, шыны және алюминийге бөлу керек болды.

Осылайша, команда барлығы 61,3 кг пластикалық бөтелкелер, 1,8 кг алюминий банка және 106 кг шыны ыдыс жинады. Барлық қалдықтар қайталама шикізатты қайта өңдеу зауытына жіберілді. Үш сенбіліктің қорытындысы бойынша «Экологиялық күзеттің» ең белсенді волонтерлері грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

«Белес-Жетісу» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Алматы облысы

Жоба командасы «Алматы облысы Ескелді ауданының әйелдеріне арналған пішу және тігу курстарын» іске қосу жобасы бойынша жұмысын жалғастыруда. 41 адам тігу және пішу курстарына, сондай-ақ бизнесконсультация беру және бухгалтерлік сауаттылық бойынша онлайн курстарға қатысуда.

Курсқа қатысушылардың алғашқы жетістіктері бар - әрқайсысы жеке эскизбен гүлді көрпе тігіп дайындады. Бұйымдар пайдалануға берілді. 3D форматында көрпелерді модельдеу бойынша оқыту басталды.

«Golden Hearts» ҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Петропавл қаласы

Ауыл тұрғындарына «Ауылдағы цифрлық сауаттылық» жобасының тренерлерін таныстыру бойынша жұмыс аяқталды. Тренерлерді таныстыру ауылдарға жасалған 10 сапар барысында жүргізілді. Тренерлер жұмысының екінші және үшінші рейтинг апталарының қорытындысы бойынша Тухватуллина Русалина үздік нәтиже көрсетті. Ол Тимирязев ауданы Степное ауылының 63 тұрғынын цифрлық сауаттылық негіздеріне үйретті.

Айта кетейік, ауыл тұрғындарының цифрлық құқықтарына қол жеткізудегі негізгі кедергі ауылдардағы интернет-қосылу сапасының төмендігі болып табылады.

«Ты не один» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Республикалық маңызы бар жоба

Есептік кезеңде қор қызметкерлері алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі мен көрсетілетін қызметтерге қанағаттану деңгейін анықтау үшін ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықта АИТВинфекциясымен өмір сүретін 150 адамға сауалнама жүргізді. Респонденттерді іріктеу өткен 12 ай ішінде әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, кеңесшілер сияқты қор мамандарының әлеуметтік сүйемелдеуіне мұқтаж болған АӨСА арасында жүргізілді.

Сауалнамалардың алдын ала талдауы бойынша қор командасы АӨСАның басым бөлігінің тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде АИТВ-мен байланысқан ауруларды емдеуге мүмкіндік беретін кешенді медициналық қызметтерге қолжетімділігі жоқ деген қорытындыға келді.

Қор мамандары АИТВ-мен өмір сүретін адамдарда АИТВ-мен байланысты ауруларды ерте диагностикалау мен емдеуді жақсарту үшін АИТВ-мен байланысты аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу жөніндегі қызметтерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне қосу қажет.

«АИТВ инфекциясын емдеу үшін антиретровирустық терапия қолданылады.Бұл ауруда өлім АИТВ инфекциясынан емес, АИТВ-мен байланысты ауруларданболады. Қор мамандары АИТВ-мен өмір сүретін адамдарда АИТВ-мен байланыстыауруларды ерте диагностикалау мен емдеуді жақсарту үшін ҚР Кодексінің«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Заңының 196-шыбабына өзгерістер енгізу қажет деп есептейді. Сондай-ақ, АИТВ-мен байланыстыаурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу жөніндегі қызметтерді тегінмедициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне қосу қажет»,– деп атап өтті қор басшысы Александр Пак.

«Ардос Жүрек» мүмкіндігі шектеулі жандар бірлестігі»

Жобаның қамтылу аясы: Петропавл қаласы

Жоба командасы «Тең қоғам» мобильді қосымшасын одан әрі әзірлеумен айналысуда. Қосымша дизайнының эскиздері даярланды, қосымшаны әзірлеуші мамандармен техникалық мүмкіндіктер талқыланды. Сондай-ақ, қосымшаның контентін қазақ тіліне аудару жұмыстары жалғасуда. Қосымшаның көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған нұсқасына бейімдеу жүргізу мақсатында осы санаттағы адамдармен жеке техникалық жұмыстар жүргізіледі. Нұр Отан партиясының өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша қосымшаны ілгерілетуде ақпараттық қолдау туралы келісімге қол жеткізілді.

«Локо» оқу-кеңес беру орталығы ЖМ

Жобаның қамтылу аясы: Ақтөбе қаласы

Есептік кезеңде орталық қызметкерлері пешпен жылытылатын үйде ауыр жағдайда тұратын мүмкіндігі шектеулі үш адамы бар отбасына көмек көрсетті. Волонтерлермен бірге команда отын жинап, жеткізді.

Сондай-ақ тұрақты негізде мақсатты топ өкілдерімен консультациялар мен кездесулер жүргізіледі. Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдармен 7 жеке кездесу өткізілді. Карантинді сақтау бойынша кеңестер, сондайақ жедел желі телефондарының нөмірлері бар брошюралар таратылды. Мақсатты топ консультациялар мен кездесулер түрінде үнемі сапалы көмек алуды жалғастырады, сонымен қатар кері байланыс береді.

«Жаңа Уақыт» ЖМ

Жобаның қамтылу аясы: Қарағанды облысы

2021 жылдың 20 қыркүйегіенде Қарағанды облысының жастарына арналған «ЭкоЖастар» атты экоағарту мектебінде «Экотренерлерге арналған тренинг» және «Эковолонтерлерге арналған тренинг» бағдарламаларын орыс және қазақ топтары үшін онлайн режимде оқыту басталды.

2021 жылдың 18 қыркүйегінде жоба командасы Теміртау колледждерінің студенттерімен бірге Нұра өзенінің жағалауын тазарту бойынша жалпықалалық сенбілікке қатысты. Акция қоқыс мәселесіне және оны жүйелі шешу қажеттілігіне назар аударуға бағытталған дүниежүзілік тазалық күніне арналды. Іс-шараға Теміртау қаласының колледждері мен мектептерінің 100-ден астам волонтерлері қатысты. Сенбілікке келген колледждердің экоактивистері экотренерлер мен эковолонтер болу үшін «ЭкоЖастар» мектебінде оқиды. Сенбілік қорытындысы бойынша волонтерлер 76 қап қоқыс жинады.

 

 

Поделиться страницей: