Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

5 қараша 2021 ж.

QOLDA 3.0 - 2021 жылдың 15-31 қазаны аралығындағы жұмыс нәтижелері

Qolda 3.0 жедел көмек бағдарламасы өз жұмысын жалғастыруда. Төменде 2021 жылдың 15-31 қазаны аралығындағы ҮЕҰ жобаларының нәтижелерін ұсынылған.

Естеріңізге сала кетейік, 16 өңірлік ҮЕҰ өңірлік және республикалық ауқымдағы жобаларды іске асыруда. Мақсатты топтар мен жобалардың бенефициарлары азаматтық сектор мамандарынан жүйелі кәсіби көмек, консультациялар мен білім алуды жалғастыруда. Пандемияның теріс салдарын еңсеруде елеулі және тұрақты нәтижелерге қол жеткізу үшін ҮЕҰ командалары өңірлік және республикалық деңгейлерде ынтымақтастықты дамыта отырып, жергілікті деңгейде мемлекеттік органдармен және әріптестермен бірлесіп жұмыс істейді.

«Заң талабы» құқық қорғау орталығы

Жобаның қамтылу аясы: Түркістан облысы

Жобаның есептік кезеңінде 33 бенефициарға көмек көрсетілді: 26 адам талап-арыздарын жазуға кәсіби көмек және заңгерден арнайы консультация алды, 7 адамға психологиялық қолдау көрсетілді. Бенефициарлар материалдық қиындықтарға байланысты адвокатқа немесе психологқа өз бетінше жүгіне алмайтындықтарын атап өтті.

Сонымен қатар отбасындағы агрессивті мінез-құлықты түзету бойынша 7 ер адамға психологиялық көмек көрсетілді. «Әйелдер құқығы – бұл адам құқығы» атты адам құқықтары мектебінің жобасы аясында ауыл әйелдері мен жасөспірім қыздар үшін Арыс, Түркістан, Сарыағаш қалаларында, сондайақ Қазығұрт, Сайрам, Түлкібас және Мақтаарал аудандарында тренингтер өткізілді. Тренингке 131 адам қатысты. Тренингке қатысушылар жасөспірім қыз немесе әйел отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жағдайда әрекет ету алгоритмін әзірледі. Сондай-ақ, тренерлер құқық қорғау және сот органдарына өтініш жазуға үйретеді. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемаларына халықтың назарын аудару мақсатында орталық қызметкерлері Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығында 4 ақпараттық науқан ұйымдастырды.

«QazYmCenter» ҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Өскемен қаласы

Есептік кезеңде жоба командасы естімейтін адамдармен 25-тен астам консультация өткізді. Сондай-ақ, ZOOM-да есту мүмкіндігі жоқ 12 адамның қатысуымен кездесу өткізілді, онда әйел адам тұрмыстық зорлықзомбылықтың құрбаны болған жағдайда әрекет ету алгоритмі түсіндірілді.

31 қазанда «Психологпен танысу» офлайн кездесуі өтті, оған есту мүмкіндігі жоқ 6 әйел қатысты. Олар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Кездесу қорытындысы бойынша 2 адам жеке консультацияға жазылды.

«Мен үшін ең айқын нәрсе – есту қабілеті бұзылған адамдардың көпшілігінде коммуникацияның ақсауы. Бұл қоғаммен әрекеттестікпен шектелмей, тіпті жақын туыстарымен байланыста да байқалады. Осы орталықта бұл адамдарда естілуге мүмкіндік бар. Бұл – гендерлік айырмашылықтардан тыс, жай қиындықтарға ғана емес, қайғылы оқиғаларға тап болған адамдар. Бұл – қолында проблемаларды шешудің негізгі базалық құралдары жоқ адамдар. Біздің дағдарыс орталығымыз олар үшін қажетті ақпарат пен кеңес алуға мүмкіндік береді, өздері таңдаған кез-келген бағытта өздерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – дағдарыс орталығының психолог-кеңесшісі Анна Калинина.

«Verum Foundation» Қоры

Жобаның қамтылу аясы: Қазақстанның 10 өңірі

Дағдарыс орталықтарының психологтарын «Genesis» экспресс психотерапиялық тәсілі бойынша оқыту жалғасуда. Мамандар өз жұмысының нәтижесіне қанағаттанудың жоғары деңгейін көрсетуде. Олар 6 оқу модулін игерді және қазір топтық жұмыста бір-біріне жеке терапия жүргізуде. Оқыту қатысушыларға дағдарыс орталығына жүгінген адамдармен жұмыс жасауда «Genesis» экспресс-психотерапиялық тәсілінің тиімді әдістерін көрсетуге мүмкіндік берді. Психологтардың айтуы бойынша «Genesis» тәсілін қолдану арқылы клиентпен жеке консультацияға аз уақыт жұмсалады.

«Green Help» ҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Петропавл қаласы

Жоба командасы Пестрое көлі мен Есіл өзенінің жағалауын тазарту бойынша барлық жоспарланған іс-шараларды жүзеге асырды. Жоба қорытындысы бойынша бизнес-серіктестермен кездесу ұйымдастырылды, онда жағалау аймақтарындағы қоқыстың көп жиналу себептері қарастырылды. Сондайақ жоба командасы келесі жылға арналған жұмыс жоспарын белгілеп, қоғамдық орындардағы қоқыс мәселесін шешу жолдарын талқылады. Су объектілеріндегі жағдай бойынша ақпарат алмасу үшін Whatsapp-та белсенді волонтерлер чаты құрылды.

«Tandau Foundation» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Республикалық маңызы бар жоба

Қор қызметкерлері Екібастұз ауданындағы ауылдық елді мекендерінің мамандарына қоғамдық ғимараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тренинг өткізді. Тренингке ауылдық мемлекеттік мекемелердің басшылары мен әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау бөлімдерінің мамандары қатысты.

Тренинг бағдарламасы үш блоктан тұрды: қоғамдық ғимараттардың қол жетімділігі негіздері, қоғамдық ғимараттардың қолжетімділігі саласындағы заңнама және практикалық жұмыс. Теориялық оқытудан кейін қатысушылар ғимараттарды мониторингілеуге және фотосуреттер бойынша қоғамдық объектілердің қолжетімділік деңгейін бағалауға кірісті. Қатысушылар тренингтің тиімділігін жоғары бағалады. Әзірленген ұсыныстар бойынша Екібастұз ауданының «Қайнар» білім беру-демалыс кешенінде адаптация жұмыстары жүргізілуде.

«Жаңа Уақыт» ЖМ

Жобаның қамтылу аясы: Қарағанды облысы

Жоба командасы «Экожастар» мектебінің белсенді эковолонтерлерінің қатысуымен «Расхламление» экомарафонын қорытындылады. Практикалық марафон шеңберінде эковолонтерлер жоба командасының және колледж әкімшілігінің қолдауымен өз курстастары үшін 10-нан астам экологиялық білім беру іс-шараларын, соның ішінде экологиялық тақырыптағы фильмдерді қарау, дебаттар, қайта өңдеу үшін макулатура жинау, пайдаланылған маскаларға арнайы бокстар орнату жұмыстарын ұйымдастырды .

Әр апта сайын мектептің барлық студенттері үшін онлайн іс-шаралар: @zhana_uakyt жобасының Instagram парақшасында сарапшылармен тікелей эфирлер, сондай-ақ тренерлер дағдыларын дамыту мен экологиялық ойлауды қалыптастыру мақсатында тренерлермен мастер-класстар өткізіледі. Белсенді студенттер мектептің онлайн іс-шараларына модератор және жүргізуші ретінде қатыса алады. Сертификатталған тренер, коуч Вера Садыкова «Ұрпақтар теориясы – Z ұрпағын оқыту ерекшеліктері» атты мастер-класс өткізді. Сертификатталған тренер Надежда Червяковадан «Тренингтердегі геймификация» мастер-классы өтті.

«Ты не один» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Республикалық маңызы бар жоба

Қор қызметкерлері алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі мен көрсетілетін қызметтерге қанағаттану деңгейін анықтау үшін АИТВ инфекциясымен өмір сүретін 150 адамға жүргізілген сауалнама нәтижелерін қорытындылады. Барлығы 100 сауалнамаға талдау жүргізілді. Респонденттерге қызметтерді 10 баллдық шкала бойынша бағалау ұсынылды. 87 респондент қала емханаларында көрсетілетін қызмет деңгейіне 5 баллдан аспайтын орташа баға берді. Облыс стационарларындағы қызметтерді 66 респондент те дәл осылай бағалады. Сауалнамалардың нәтижелері бойынша МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебенің болмауына байланысты 59 адам қажетті медициналық көмекке қол жеткізе алмаған. 29-31 қазан аралығында ЖҚТБ-мен күрес жөніндегі Әлемдік қордың жобасы аясында «Туберкулез және АИТВ» атты пациенттер мектебі өткізілді. Мектеп жұмысының қорытындысы бойынша екі қауымдастық өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін күш біріктірді. Сондайақ есептік кезеңде Нұр-Сұлтан қаласындағы қамқоршылық кеңеспен және пациенттер қоғамдастығының көшбасшыларымен кездесу жоспары келісілді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және ҚР Парламентінің өкілдерімен пациенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға және елордада өтетін кездесудің форматына байланысты телефон арқылы келіссөздер жүргізілді.

«Ұлағат» ЖҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары

Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында ТЖ-ға әрекет ету бойынша волонтерлерді даярлау бойынша жұмыстар жалғасуда. Есептік кезеңде «ҚРдағы қоғамдық кеңестер және жергілікті өзін-өзі басқару» атты облыстық конференцияда волонтерлерді даярлау бойынша мастер-класс өткізілді. Сондайақ волонтерлерді онлайн оқыту мәселесі бойынша ауылдық әкімдіктерге хаттар жіберілді. Команда террористік қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету бойынша чекпарақтар әзірлеуді жалғастыруда.

«Локо» оқу-кеңес беру орталығы ЖМ

Жобаның қамтылу аясы: Ақтөбе қаласы

Есептік кезеңде орталық қызметкерлері Еуразиялық банк өкілдерімен кездесті. Заңды тұлғаларға кредит беру бөлімінің мамандары автокредит беру бағдарламалары және банктің басқа да өнімдері мен сервистері туралы айтып берді. Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдармен тұрақты негізде консультациялар мен талқылаулар жүргізілуде. Карантинді сақтау жөніндегі кеңестері және жедел желі телефондарының нөмірлері бар брошюралар таратылуда. Мақсатты топ консультация түрінде үнемі сапалы көмек алуды жалғастыруда.

ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының Павлодар филиалы

Жобаның қамтылу аясы: Павлодар облысы

«Қауіпсіз өмір» жобасы аясында волонтерлер тобы Павлодар облысында апат қаупін азайту бойынша тренингтерге қатысуды жалғастыруда. 26 қазанда Железин ауданы, Аққулы ауылында практикалық семинар өтті. 28-29 қазанда апаттарға әрекет ету командасы Павлодар облысының Железин ауданындағы «Зымыран 2021» республикалық командалық-штабтық оқуларға қатысты. Волонтерлер алғашқы көмек және жылыту пункттерін ұйымдастырды, зардап шеккендерді тасымалдауға көмектесті, сондай-ақ ТЖД психологымен бірлесіп психологиялық қолдау көрсетті. Волонтерлер статист ретінде жаттығып, ТЖ кезіндегі ықтимал қатерлерді игерді, құтқару және медициналық қызметтердің, полицияның, әкімдіктің және Қызыл жарты айдың ТЖ жою бойынша жұмысын бақылады. Тренингтің екінші күнінде команда Железин ауданының және Аққулы ауданының ТЖ бөлімдерімен бірге жергілікті және мобильді волонтерлер топтары үшін практикалық сабақтар өткізді. Қатысушылар жергілікті жердің жағдайын бағалау, төтенше жағдайларға неғұрлым бейім ауылдық округтерді анықтау, сондай-ақ жергілікті жерлердің тәуекел картасын жасау дағдыларын үйренді.

«Белес-Жетісу» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Алматы облысы

Команда әлеуметтік осал санаттағы әйелдерді пішу және тігу курстарын және SMM сабақтарын оқытуды жалғастыруда. Қатысушылар үй киімдерін – пижамалар мен пенюарларды пішудің және тігудің жаңа әдістерін игерді. Олар жиһазға арналған төсеніштер мен жастықтар, сонымен қатар ою-өрнектері бар дәстүрлі көрпешелер жасауды жалғастыруда. «SMM негіздері» курсы бойынша қатысушылар копирайтинг және әлеуметтік желілерде визуалды контент құру бойынша өз білімдерін тәжірибе жүзінде қолданды.

«Golden Hearts» ҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Петропавл қаласы

Команда ауыл тұрғындарын цифрлық сауаттылық негіздеріне оқыту жұмысын қорытындылауда. Қазан айында жалпы 344 консультация өткізілді. Консультациялар саны бойынша Қызылжар, Тимирязев және Мүсірепов аудандары үздік нәтижелер көрсетті: оларда 150-ден астам консультация өткізілді. Ауыл халқына қызмет көрсетудегі негізгі кедергілер жаттықтырушылардан кері байланыс алу кезінде анықталды. Басты кедергілердің бірі карантиндік шараларға байланысты офлайн кездесулерді шектеу болып табылады. Сәйкесінше, жеке консультациялар онлайн өткізілді.

«Жанұя» отбасын қолдау орталығы ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Республикалық маңызы бар жоба

Есептік кезеңде команда кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік фактілері анықталған жағдайда білім алушылардың ата-аналарын, қамқоршыларын педагог-психологтар арқылы ақпараттандыру алгоритмін келісу мәселесі бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің өкілдерімен кездесу өткізді.

Педагог-психологтардың іс жүргізуі, жұмыс уақытын және негізгі құжаттардың нысандарын бөлу бойынша есеп құжаттамасы әзірленді. Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің құрамы мен қызметі анықталды. Білім беру жүйесінің педагог-психологтарының қызметі туралы негізгі ережелер әзірленді.

«Кәмелетке толмағандардың қауіпсіз ортасын қамтамасыз етуге, қысқа мерзімде балаларға әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсетуге бағытталған қор әзірлеген құжаттарды енгізу мүмкіндігі бойынша мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізілді», – қор заңгері Алия Казакова.

«Ардос Жүрек» мүмкіндігі шектеулі жандар бірлестігі»

Жобаның қамтылу аясы: Петропавл қаласы

Жоба командасы «Тең қоғам» мобильді қосымшасын одан әрі әзірлеумен айналысуда. Қазіргі уақытта анимациялық роликтер түсірілуде. Бағдарлама контентін қазақ тіліне аудару аяқталды, қосымшаны стилизациялау бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ, команда мүмкіндігі шектеулі адамдардың мүдделерін қорғайтын ұйымдармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол жеткізді.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ұмай» баспанасы

Жобаның қамтылу аясы: Қызылорда қаласы

«Ұмай» қайырымдылық үйінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған эко-білім беру және эко-волонтерлікті дамыту жобасы аясында табиғат сұлулығына тамсану сабақтары өтуде. Бұл сабақтарға табиғат аясындағы тұрақты экскурсиялар кіреді. Сондай-ақ, мектеп жасына дейінгі балалар арасында қарапайым экологиялық түсініктерді қалыптастыру бойынша сабақтар өткізіледі, онда балалар табиғат туралы білімдерін, экологиялық тақырыптағы сөздік қорын және қоршаған әлемге ұқыпты қарауды біртіндеп қалыптастырады.

«Отбасы орталығы» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Семей қаласы

Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бородулиха арнайы қызмет көрсету орталығында» эко-бөлменің ашылуы өтті. Экотерапия бөлмесінде демалу мен кездесулер үшін арнайы жағдайлар жасалды, аквариум, экзотикалық өсімдіктер мен попугайлар сатып алынды. Экотерапиямен айналысу депрессиялық, стресстік жағдайды азайтуға, шаршауды жеңуге, жан тыныштығын орнатуға көмектеседі.

20 қазанда радиотехника және байланыс колледжімен бірлесіп «Менің көміртек ізім» акциясы өткізілді. Онлайн іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының барлық колледждері қатысты. Студенттер жеке көміртек ізін есептеуге арналған онлайн-калькуляторды көрсетті. Сондай-ақ, қалалық және ауылдық мектептерге арналған «Менің экологиялық өмір мектебім» атты білім беру-әдістемелік семинар аясында кездесу өтті. Бас спикер болып «Оператор РОП» ЖШС стратегиялық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Қайролла Қайратғали Сағынғалиұлы сөз сөйледі.

 

 

Поделиться страницей: