Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

7 желтоқсан 2021 ж.

QOLDA 3.0 - 2021 жылдың 15-30 қарашасы аралығындағы жұмыс нәтижелері

Qolda 3.0 жедел көмек бағдарламасы өз жұмысын жалғастыруда. #28 Newsletter-де сіздерге 2021 жылдың 15-30 қарашасы аралығындағы ҮЕҰ жобаларының нәтижелерін ұсынамыз. ҮЕҰ жобалары тұрақтылығы және басқа аймақтарға репликациялау мүмкіндігі арқасында көзге түседі. Жобалардың басым бөлігі аяқталуға жақын, командалар жақын арада қорытындыларын шығарады. Бенефициарлар мен волонтерлер, білім беру ұйымдарының оқушылары мен жұмыскерлері және азаматтардың әлеуметтік осал топтары сияқты нысаналы топтармен орнатылған кері байланыс ҮЕҰ жұмысына қанағаттанудың жоғары деңгейін көрсетеді.

ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының Павлодар филиалы

Жобаның қамтылу аясы: Павлодар облысы

«Қауіпсіз өмір» жобасы аясында волонтерлер тобы Павлодар облысында апат қаупін азайту бойынша тренингтерге қатысуды жалғастыруда. 19 қарашада Павлодар облысының Тереңкөл ауданында жоба бойынша семинар-практикум өтті. Тренингтерді өткізу барысында мобильдік командалар аудандық ТЖ бөлімдерімен серіктестікте ТЖ және табиғи апаттардың алдын алу бойынша іс-шаралары шеңберінде тұрғындар арасында одан әрі тарату мақсатында ақпараттық буклеттер мен парақшалар алды.

24 қарашада жоба командасы Қызыл Жарты Ай жаңа волонтерлері мен «Ашық жүрек» мектеп жасағы үшін тренинг өткізді. Тренингте волонтерлер Павлодар қаласының шегінде орналасқан ТЖ-ға ұшырағыш ауылдарды анықтады, сонымен қатар олар апат картасын жасауды және жағдайды бағалауды үйренді. Тренингтің практикалық бөлімінде волонтерлер Ленин ауылына барып, команда ретінде жағдайды визуалды тексеру және аралау әдісімен бағалауды үйренді. Команда Павлодар облысының ТЖД-мен өрт қауіпсіздігі бойынша бірлескен рейдтерді және волонтерлер үшін ТЖ кезінде алғашқы көмек көрсету бойынша тренингтер сериясын жалғастыруды жоспарлап отыр.

«Заң талабы» құқық қорғау орталығы

Жобаның қамтылу аясы: Түркістан облысы

Жобаның арқасында нысаналы топтар консультациялар, сотта және басқа да органдарда өз мүдделерін қорғау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін арнайы әлеуметтік қызметтерге қол жеткізу құқығын қорғау сияқты құқықтық қорғау құралдарына қол жеткізді. Жобаның есептік кезеңінде 25 бенефициарға көмек көрсетілді: 17 адам талап-арыздарын жазуға кәсіби көмек және заңгерден арнайы консультация алды және 8 адамға психологиялық қолдау көрсетілді. Отбасылық-тұрмыстық зорлықзомбылық құрбандарына көмек көрсету үшін ұйым психологы әйелдермен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу бойынша сауықтыру бағдарламаларын пайдаланады. Әсіресе жыныстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған терапия мұқият таңдалды. Есеп беру кезеңінде әлеуметтік желілерде қысым көрсету мәселесі бойынша 8 жасөспірім қызға көмек көрсетілді. Психолог олармен бірқатар консультациялар өткізді. Адам құқықтары мектебі аясында ауыл әйелдері мен жасөспірім қыздарға арналған «Әйелдер құқығы – бұл адам құқығы» тренингтері жалғасуда. Шадыр және Отырар аудандарында 2 тренинг өткізілді. Тренинг тыңдаушылары құқық қорғау органдарына электронды өтініш беру бойынша оқытудан өтті.

«Шымкентте алғаш рет біз отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендермен ғана емес, агрессор ер адамдармен де жұмыс жүргіздік. Біз ер адамның зорлық-зомбылыққа деген көзқарасын өзгертудің, шиеленіс пен агрессияны жеңілдетудің балама жолдарын табудың маңызды екенін түсіндік. Біздің міндетіміз - алынған тәжірибе мен білімді бүкіл Қазақстан бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайын өзгерту үшін пайдалану», - жоба координаторы Юлия Улеева.

«Ты не один» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Республикалық маңызы бар жоба

АИТВ-статусы бар адамдардың мүдделерін ілгерілету үшін депутаттық сауал әзірленді. Ол ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында жарияланатын болады. Сауалда жоба командасы ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 196-бабына өзгерістер енгізуді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне АИТВ-ассоциацияланған аурулардың профилактикасы, диагностикасы және емдеу жөніндегі қызметтерді қосуды ұсынады.

18-19 қарашада ҚР Пациенттер одағы өкілдері мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Заң палатасының қызметкерінің алғашқы кездесуі өтті. Кездесу әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу және Қазақстанда медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту бойынша жұмыс істейтін адамдардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған.

«Tandau Foundation» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Республикалық маңызы бар жоба

25 қарашада «Tandau Foundation» командасының Орталық Азияның Еуразия қоры, «Шеврон» компаниясы, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының өкілдерімен және қалалық мәслихат депутаттарымен кездесуі өтті. Қор қызметкерлері «Qolda 3.0» бағдарламасын іске асырудың аралық қорытындыларын талқылап, келесі жылға арналған жоспарларымен бөлісті, Павлодар облысы мен Қазақстандағы қолжетімді орта саласының жүйелі проблемаларын белгілеп өтті.

Есептік кезеңде Аққулы ауданында 37 адамға арналған 4-ші онлайн тренинг өткізілді. Ғимаратқа өз бетінше мониторинг жүргізетін қатысушылар сертификаттар ала алады. Қор қызметкерлері қоғамдық нысандарды атаптациялау бойынша ұсыныстар әзірлеуді жалғастыруда.

«Ардос Жүрек» мүмкіндігі шектеулі жандар бірлестігі»

Жобаның қамтылу аясы: Петропавл қаласы

Жоба командасы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Тең қоғам» мобильді қосымшасын одан әрі әзірлеу бойынша жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта қосымшаның демо нұсқасы Play Market-те жарияланған. Желтоқсан айында мемлекеттік органдардың өкілдерімен және серіктес үкіметтік емес ұйымдармен қосымшаның таныстырылымын талқылау бойынша кездесу жоспарлануда. Қосымшаны қазақ тіліне аудару бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Жанұя» отбасын қолдау орталығы ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Республикалық маңызы бар жоба

Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік фактілері анықталған жағдайда білім алушылардың ата-аналарын, қамқоршыларын педагог-психологтар арқылы ақпараттандырудың әзірленген алгоритмі тиімділікті арттырудың, уақтылы әрекет етудің және балаларға қажетті көмек көрсетудің практикалық құралы ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жоғары бағасына ие болды.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл құжатты балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысты одан әрі нығайту үшін ҚР барлық облыстарының, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына таратты. «Білім беру жүйесінің педагог-психологтарының қызметі бойынша негізгі бағыттарды әзірлеу» құжатының редакциялау жұмысы аяқталды. Құжатта педагог-психологтардың лауазымдық міндеттері, жұмыс түрлері, құжаттама нысандары, істер номенклатурасына қойылатын талаптар, сондай-ақ қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтау жағдайында іс жүргізу және деректерді өңдеу қағидалары жазылған.

«Белес-Жетісу» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Алматы облысы

Команда әлеуметтік осал санаттағы әйелдерге пішу және тігу курстарын және SMM сабақтарын оқытуды жалғастыруда. Әйелдер мақтадан бас киімдер мен үй киімдерін пішу техникасын үйренді. 7 желтоқсанда белсенді қатысушыларды сертификаттармен және сыйлықтармен марапаттау жоспарлануда.

«Локо» оқу-кеңес беру орталығы ЖМ

Жобаның қамтылу аясы: Ақтөбе қаласы

Орталық командасы өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға тұрақты негізде қажетті консультация беруде. Есептік кезеңде бенефициарға психологиялық көмек көрсетілді. Мүгедектігі бар әйелге декреттік жәрдемақы алу үшін заңгерлік көмек көрсетілді. Мақсатты топ өкілдеріне арналған «Қысқы уақытта тоңазу кезінде өзін қалай ұстау керек» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Карантинді сақтау жөніндегі кеңестері бар, сондай-ақ жедел желі телефондарының нөмірлері бар брошюралар таратылуда. Волонтерлер мүгедектігі бар адамдардың үйлеріне барып, оларға қажетті көмек көрсетуді жалғастыруда.

«QazYmCenter» ҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Өскемен қаласы

Есептік кезеңде команда естімейтін адамдармен 14 бейне-консультация өткізді. «Білуге қажет деген тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 4 түрі» атты ақпараттық ролик жазылды. Сондай-ақ, есту қабілеті бұзылған актердің қатысуымен «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» әлеуметтік ролигі жазылды. Видеода тұрмыстық зорлық-зомбылық жиі байқалатын өмір салалары көрсетілген. Орталық қызметкерлері Алтай ауданының маңындағы (Зырян) естімейтін балалар мен жасөспірімдерге арналған 2 мектепте көзбе-көз дәрістер өткізді. Оларға барлығы 45 бала мен жасөспірім қатысты.

«Отбасы орталығы» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Семей қаласы

Есептік кезеңде қалалық және ауылдық мектептерге арналған «Менің өмірлік эко-мектебім» атты білім беру-әдістемелік семинар аясында қорытынды кездесулер өтті. «Бақыт» шағын орталығы мен «Арман» бөбекжайының қызметкерлері өскелең ұрпаққа экологиялық білім берудің креативті тәсілдерімен бөлісті. Жоба командасы «2021 эко-волонтерлер форумын» өткізуге дайындалуда. 2 желтоқсанда форумның басты дайындық жұмыстары өтті. Сондай-ақ арнайы марапаттар, қоғамдық тану ленталары және естелік сыйлықтар дайындалды.Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының «№ 1 Семей әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» эко-бөлменің ашылуы 6 желтоқсанға жоспарланған. Команда бөлмені жабдықтау бойынша жұмыс істеуде.

«Экотерапия бөлмесінің ашылуы әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі микроклиматты және қамқорлықтағы адамдар арасындағы өзара қарымқатынасты жақсартуға мүмкіндік береді. Экобөлме білім беру мекемелерінің эковолонтерлері кездесе алатын аумақ болды», – қор координаторы Николай Лылык.

«Ұлағат» ЖҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары

Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында ТЖ-ға әрекет ету бойынша волонтерлерді даярлау жұмыстары аяқталуда. Есептік кезеңде Шығыс Қазақстан облысының ауылдық округтері әкімдеріне және Өскемен қаласының төтенше жағдайлар басқармасына жобаның таныстырылымы өткізілді. Жоба командасы Орталық Азияның Еуразия Қоры мен «Шеврон» компаниясы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізіп, іске асырылып жатқан жобаны одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

«Golden Hearts» ҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Петропавл қаласы

Жоба командасы ауыл тұрғындарын цифрлық сауаттылық негіздеріне оқыту жұмысын қорытындылады. Жоба аясында барлығы 1110 ауыл тұрғындары үшін 585 консультация өткізілді. Консультациялар саны бойынша Қызылжар және Тимирязев аудандары үздік нәтижелер көрсетті. Сапаны бақылау үшін жоба командасы ауыл тұрғындарынан цифрлық сауаттылық бойынша тренерлердің қызметтеріне қанағаттану деңгейі туралы ішінара сауалнама жүргізді. Тухватуллина Русалина жобаның үздік тренері атанды, ол барлығы 244 адамды цифрлық сауаттылық негіздеріне үйретті.

«Жаңа Уақыт» ЖМ

Жобаның қамтылу аясы: Қарағанды облысы

«ЭкоЖастар» мектебінің волонтерлері акция өткізуді жалғастыруда. Теміртау қаласы колледждерінің волонтерлері қайта өңдеу пункттеріне қайталама шикізатты жинау және тапсыру бойынша «А-дан Я-ға дейінгі кәдеге жарату» акциясын ұйымдастырды. Акция барысында колледждерде сынып сағаттары өткізілді, құстарға жем салуға арналған астаулар орнатылды. Барлығы 100 кг-нан астам қайталама шикізат өнімдері жиналды. 22 қарашада акцияның қорытындысы ретінде «ЭкоЖастар» командасы Теміртау қ. ҚТҚ полигонына экскурсия ұйымдастырды.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ұмай» баспанасы

Жобаның қамтылу аясы: Қызылорда қаласы

«Ұмай» қайырымдылық үйінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған эко-білім беру және эко-волонтерлікті дамыту жобасы аясында табиғат сұлулығына таңдану сабақтары өтуде. Осы сабақтар аясында табиғатқа тұрақты экскурсиялар жалғасуда. Үй аумағында жылыжай мен күн батареясы орнатылған.

«Verum Foundation» Қоры

Жобаның қамтылу аясы: Қазақстанның 10 өңірі

Команда дағдарыс орталықтарына мониторинг жүргізу мақсатында Қазақстанның 7 өңірін аралады. Психологтардың жұмысына және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендермен психологиялық проблемаларды шешу мақсатында «Genesis» экспресс-психотерапиялық тәсілін қолданудың тиімділігіне ерекше назар аударылды. Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Өскемен, Степногорск, Ақтөбе және Орал қалаларында мониторинг жүргізілді. Қор қызметкерлері дағдарыс орталықтарының жұмысымен танысып, мамандармен және қызмет алушылармен кездесулер өткізді.

Психологтар «Genesis» тәсілінің тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендермен жұмыс істеудегі жоғары тиімділігін атап өтті, ал зардап шеккендердің өздері бірнеше сессиядан кейін эмоционалдық жағдайларының жақсарғанын айтуда. Сонымен қатар, алған білімдерін бекіту үшін психологтармен супервизия жүргізілуде. Супервизия барысында олар жұмыс тәжірибесі кезінде көрген жағдайлармен және психотерапиялық интервенцияның сәтті сессияларымен бөліседі.

 

 

Поделиться страницей: