Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

22 желтоқсан 2021 ж.

QOLDA 3.0 - 2021 жылдың 1-15 желтоқсаны аралығындағы жұмыс нәтижелері

Qolda 3.0 жедел көмек бағдарламасы ҮЕҰ-ның соңғы алты айдағы жұмысын қорытындылайды. Сіздерге 2021 жылдың 1-15 желтоқсаны аралығындағы ҮЕҰ жобаларының нәтижелерін ұсынамыз. Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап 16 ҮЕҰ бес бағыт бойынша жобаларды жүзеге асыруда: ТЖ кезінде халықты қолдау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және профилактикалау, экологиялық ағарту және эко-волонтерлік, жұмыссыздарды еңбек нарығында қалпына келтіру және микро-бизнесті бастау, адвокация. ҮЕҰ өкілдері еліміздің қоғамдық маңызды оқиғаларына белсенді қатысып, мемлекеттік органдармен және серіктестермен ынтымақтастықты кеңейтті, қоғамның маңызды және өзекті мәселелерін шешуге үлес қосты.

ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының Павлодар филиалы

Жобаның қамтылу аясы: Павлодар облысы

Қызыл Жарты Ай бастамашыл топтары мен волонтерлері «Қауіпсіз өмір» жобасы бойынша көзбе-көз тренингтер түрінде практикалық оқытуды жалғастыруда. Есеп беру кезеңінде команда ТЖ кезінде оқушыларға алғашқы көмек көрсету бойынша тренингтер сериясын өткізді. Сондай-ақ желтоқсан айында мұздағы қауіпсіздік бойынша Павлодар облысының ТЖД-мен бірлескен профилактикалық рейдтер жалғасуда.

Павлодар, Шарбақты, Успен аудандарына барып, жергілікті бастамашыл топтар мен волонтерлер үшін бір күндік семинар-практикумдарды өткізу жыл соңына дейін жоспарланған.

«Ардос Жүрек» мүмкіндігі шектеулі жандар бірлестігі»

Жобаның қамтылу аясы: Петропавл қаласы

Команда мүгедек адамдарға арналған «Тең қоғам» мобильдік қосымшасының демо-нұсқасының таныстырылымын өткізді. Іс-шараға мемлекеттік органдар мен жұмыспен қамту орталығының өкілдері, сондай-ақ мүгедектігі бар студенттер қатысты. Бағдарламаның демо-нұсқасын Play Market-те жүктеуге болады. Қазіргі уақытта қосымшаны App Store-да жариялау туралы келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар, қосымшаның нашар көретіндерге арналған нұсқасын әзірлеу жалғасуда.

«Бұл қосымша мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне заңдардағы соңғы өзгерістерді және мәдениет объектілерінің қолжетімділігін білуге мүмкіндік береді. Қосымша арқылы инватакси қызметтерін пайдалану, азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізуге тапсырыс беру мүмкіндігі пайда болды», - «АРДОС-Жүрек» мүгедектер бірлестігінің директоры Ақжан Кәрім.

«Ұлағат» ЖҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары

Жоба командасы Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында ТЖ-ға әрекет ету бойынша волонтерлерді онлайн және офлайн оқытуды аяқтады. Қызметкерлер Qolda 24/7 мобильді қосымшасының жұмысын жақсарту бойынша «Кокос» ЖШС өкілдерімен жиналыс өткізді.

«Tandau Foundation» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Республикалық маңызы бар жоба

2 желтоқсанда «Tandau Foundation» командасы №1 орталық қалалық кітапханада Павлодар ауданының сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған тренинг өткізді. Тренинг барысында сайлау учаскелерінің қолжетімділігіне ерекше назар аударылды: қолжетімділік элементтері, ақпараттық материалдардың форматтары, қолжетімділікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар және т.б. тексерілді. Қатысушылардың WhatsApp және Telegram арқылы тренердан жеке консультация алу мүмкіндігі бар. Сондайақ, олар ғимараттың мониторингін өздігімен жүргізген кезде сертификат ала алады. Қор қызметкерлері қоғамдық нысандар мен жол карталарын бейімдеу бойынша ұсыныстар әзірлеуді жалғастыруда. Қор мамандары ұйымдардың сайттарында орналастыру үшін объектілердің қолжетімділігі туралы ақпарат жинап, «Қолжетімді Қазақстан» жобасының htps://doskaz.kz/ сайтына арналған тренингті дайындауда.

«Отбасы орталығы» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Семей қаласы

Желтоқсан айында Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының «№ 1 Семей әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» эко-бөлменің ашылуы өтті. Мамандандырылған бөлме Бородулиха ауылындағы эко-бөлмеден өзгеше, себебі негізгі бенефициарлар – психоневрологиялық аурулары бар адамдар. Бөлменің ішкі көрінісі ашық түстермен боялған. Бөлмеде экзотикалық өсімдіктер, музыкалық құрылғылар, теледидар, тотықұстар және балықтар бар, бұл ұйымдағы микроклиматты және қамқорлықтағылар арасындағы қатынасты жақсартуға көмектеседі. Эко-бөлме оқу орындарының эко-волонтерлері үшін кездесу алаңына айналды.

6 желтоқсанда Семей қаласының балалар мен жастар шығармашылық сарайында халықаралық волонтерлер күні қарсаңында «Эковолонтерлар слеті 2021» өтті. Қала өлкетанушылары мен ҮЕҰ өкілдері қоғамның ең жоғары бағалауына – көгілдір лентаға және «Алтын жүрек» құрметті атағына ие болды.

«Белес-Жетісу» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Алматы облысы

6 желтоқсанда барлық оқу шарттарын орындаған және барлық курстарға қатысқан 20 түлек әйел үшін пішу және тігу курсы бойынша жаттықтырушының қатысуымен емтихан өткізілді. Қатысушылар кестеленген бұйымдарын көрсетті.

7 желтоқсан күні Ескелді ауданы әкімдігінде әйелдерге тігін машиналарын уақытша пайдалануға салтанатты түрде табыс ету рәсімі өтті. Іс-шараға Ескелді ауданының әкімі Әли Рустам қатысты. Марапаттау барысында аудан әкімі жобаны ауданның әлеуметтік маңызы бар жобалар тізіміне енгізу туралы шешімді растады, сондай-ақ аудандық балалар командаларына спорттық киім және жаңа аудандық мешітке бұйымдар тігу бойынша бірнеше жобаны ұсынды. Осылайша, жоба тұрақтылыққа ие болды және әйелдер қосымша табыс табу үшін тігін дағдыларын қолдануға мүмкіндік алды.

«Заң талабы» құқық қорғау орталығы

Жобаның қамтылу аясы: Түркістан облысы

Ауыл әйелдері мен жасөспірім қыздарға арналған «Әйелдер құқығы – бұл адам құқығы» мектебі аясында тренингтер аяқталды. Барлығы 311 ауыл әйелдері оқытылды. Түркістан облысының 15 ауданында 15 тренинг өткізілді. Кері байланыс сауалнамаларын талдау сот төрелігіне және тегін заң көмегіне қол жеткізу проблемасы өзекті болып екенін көрсетті. Білім мониторингінің нәтижелері бойынша ауыл әйелдері алған білімдерін іс жүзінде пайдалана алды.

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді іс-қимыл» жаһандық акциясы аясында ұйым қызметкерлері Түркістан облысында ақпараттық науқандар, сондай-ақ Түркістан мен Кентау қалалары мен Сауран ауданы бөлімшелері инспекторларының қатысуымен «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жоба аясында Түркістан облысының 17 аудандық бөлімшесімен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша ынтымақтастық орнатылды. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша серіктестермен бірлескен бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ұмай» қайырымдылық үйі

Жобаның қамтылу аясы: Қызылорда қаласы

«Ұмай» қайырымдылық үйінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған экобілім беру және эко-волонтерлікті дамыту жобасы аясында табиғат сұлулығына тамсану сабақтары өтуде. Үй аумағында жылыжай мен күн батареясы орнатылған.

«Ты не один» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Республикалық маңызы бар жоба

Жоба командасы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Камасова Зарина Айдархановнамен кездесті. Келіссөздер нәтижесінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 196-бабына өзгерістер енгізу және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне АИТВассоциацияланған аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу бойынша қызметтерді енгізу туралы депутаттық сауал дайындалды.

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің және Пациенттер одағының 20 мүшесінің қатысуымен ҚР Пациенттер одағының алғашқы жиналысы өтті. 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді, ұйымның миссиясы мен пайымы тұжырымдалды.

«Жанұя» отбасын қолдау орталығы ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Республикалық маңызы бар жоба

ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасы бойынша Қазақстанда жасөспірімдердің суицидінің алдын алу, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды анықтау және оларға психологиялық көмек көрсету механизмдерің талқылау жүргізілді. Ісшараға қор мамандары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Кездесуге қатысушылар кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік фактілері анықталған жағдайда білім алушылардың ата-аналарын, қамқоршыларын педагог-психологтар арқылы ақпараттандыру алгоритмімен танысты. Мемлекеттік органдармен «Білім беру жүйесінің педагог-психологтары қызметінің негізгі бағыттарын әзірлеу. Іс қағаздар жүргізу» құжаты бойынша кездесу өтті.

Қор мамандары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының мектебінде зорлық– зомбылықты анықтау кезінде ақпараттандыру алгоритмін енгізу бойынша педагог-психологтардың қызметін қолдауға барды.

«Үйлесімді тұлғаны қалыптастыруда маңызды фактор болып табылатын біздің балаларымыздың психологиялық денсаулығына ерекше назар аудару керек. Ол үшін жүйелі негізде кәмелетке толмағандардың психологиялық жайкүйіне мониторинг жүргізу, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды анықтау және оларға уақытылы психологиялық көмек көрсету қажет», - жоба координаторы Айгүл Есімбекова.

«Verum Foundation» Қоры

Жобаның қамтылу аясы: Қазақстанның 10 өңірі

Жоба командасы дағдарыс орталықтарына мониторинг жүргізу үшін Қазақстанның бірнеше өңірін аралады. Психологтардың жұмысына, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс жасау барысында психологиялық проблемаларды шешудегі «Genesis» экспресспсихотерапиялық тәсілін пайдалану тиімділігіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, психологтармен супервизия жүргізілуде, онда олар жұмыс тәжірибесінен практикалық жағдайлармен және психотерапиялық араласудың сәтті сессияларымен бөліседі. Желтоқсан айында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына заңгерлік көмек көрсету бойынша дағдарыс орталықтарының заңгерлерін онлайн оқыту басталды. Тренерлер ретінде «Заң талабы» құқықтық қорғау орталығының мамандары Ильмира Пернебекова мен Шахрух Қадырқұлов шақырылды. Оқытудың мақсаты дағдарыс орталықтарының білікті көмек деңгейін арттыру болып табылады. Тренинг дағдарыс орталықтарының заңгерлерін практикалық даярлаудың әртүрлі формаларын біріктіреді.

«QazYmCenter» ҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Өскемен қаласы

Есептік кезеңде жоба командасы естімейтін адамдармен 7 видео-консультация өткізді. Кеңес беру кездесулерінің нәтижелері бойынша «Психологтың сұрақтары мен жауаптары» ақпараттық ролигі жазылды. Дағдарыс орталығы жұмысының 4 айында Қазақстан мен ТМД-ның басқа елдерінің тұрғындарынан 100-ден астам өтініш түсті. Азаматтардың өтініштері негізінен өзанықтама, әріптестер мен достар арасындағы жанжалдарды шешу, отбасындағы үйлесімді қатынастарды сақтау мәселелеріне қатысты болды.

«Локо» оқу-кеңес беру орталығы ЖМ

Жобаның қамтылу аясы: Ақтөбе қаласы

Орталықтың командасы тұрақты негізде қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға консультация береді. 14 желтоқсанда «Фокус» жобасы аясында ТЖ және дүлей апаттардың алдын алу бойынша мақсатты топ өкілдеріне арналған семинар-тренинг өткізілді. Карантинді сақтау жөніндегі кеңестері бар, сондай-ақ жедел желі телефондарының нөмірлері бар брошюралар таратылуда. Волонтерлер мүгедектігі бар адамдардың үйлеріне барып, оларға қажетті көмек көрсетеді.

«Жаңа Уақыт» ЖМ

Жобаның қамтылу аясы: Қарағанды облысы

13 желтоқсанда Қарағанды облыстық экологиялық музейінде «Қалдықтардан жасалған үздік арт-объект» байқауы аясында жұмыстар көрмесі ашылды. Қарағанды облысы колледждерінің студенттері қалдықтардан өздерінің креативті жұмыстарын ұсынды. «Қалдықтардан жасалған үздік арт-объект» байқауы жастардың экологиялық белсенділігін арттырып, Қарағанды облысының колледждері арасында кеңінен тарады. Көрмені «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің және Қарағанды облыстық экомузейдің қолдауымен «Жаңа уақыт» ЖМ өткізді.

Экотренерлер мен эковолонтерлерді, «Эко Жастар» мектебінің «Расхламление» марафон белсенділерін оқыту қорытындыларын шығару және конкурс түлектері мен жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау көрменің маңызды оқиғасына айналды. Экотренерлер мен эковолонтерлер ерекше үлгідегі сертификаттар алды. 8 экотренер оқушылар мен студенттерге арналған үздік тренинг өткізгені үшін сыйлық алды. Экомарафонның үздік студенттері сертификаттар мен сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Поделиться страницей: