Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

21 қыркүйек 2021 ж.

QOLDA 3.0 - 2021 жылдың 1-15 қыркүйегі аралығындағы жұмыс нәтижелері

QOLDA жедел көмек бағдарламасының үшінші кезеңінің ҮЕҰ-ы әлеуметтік жобаларын белсенді түрде іске асыруда. Төменде ҮЕҰ-дың 2021 жылдың 1-15 қыркүйек аралығында атқарған жұмысының нәтижелері ұсынылған. Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаның үшінші кезеңі ағымдағы жылдың 2 тамызында Орталық Азияның Еуразия Қоры және «Шеврон» компаниясының серіктестігімен іске қосылды. Жобалар 5 бағытты қамтиды: ТЖ кезеңінде халықты қолдау, тұрмыстық зорлықзомбылықтың алдын алу және оны болдырмау, экологиялық білім беру және эко-волонтерлік, жұмыссыздарды еңбек нарығында қалпына келтіру және микро-бизнесті бастау, адвокация.

«Заң талабы» құқық қорғау орталығы

Жобаның қамтылу аясы: Түркістан облысы

Орталық қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетуді жалғастыруда. Жобаның есептік кезеңінде 16 бенефициарға көмек көрсетілді: 10 адам заңгерлік консультация және талап арыздарын жазуда көмек алды, 6 адам психологиялық қолдау алды. Сондайақ, 13 ер адамға психологиялық көмек көрсетілді. Бір кәмелетке толмаған бала заңды өкілдері (ата-аналары) арқылы психологиялық көмекке жүгінді. Өтініш баланың анасынан түсті. Анасының айтуынша, әкесі баласына жиі қол көтереді.

2021 жылдың 6 қыркүйегінде жұбайлар арасындағы отбасылық өзара қарымқатынастарды түзету бойынша ерлерге арналған тренинг өтті. Психологпсихотерапевт тренингке қатысушыларға үйлесімді қарым-қатынас орнатуға, агрессияны жеңілдетудің балама жолдарын табуға, сондай-ақ жеке тұлға ретінде өсуге ынталандыруға көмектесті.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелеріне халықтың назарын аудару мақсатында орталық қызметкерлері 4 ақпараттық-насихаттау науқанын ұйымдастырды.

«Verum Foundation» Қоры

Жобаның қамтылу аясы: Қазақстанның 10 өңірі

«Verum Foundation» ҚҚ өңірлік дағдарыс орталықтарын қолдау аясында Ыстықкөл жағалауында оқыту турын ұйымдастырды. Жоба тренерлері «Genesis» экспресс психотерапиялық тәсілі бойынша шеберлік сабақтар және психологиялық мәселелердің барлық түрлерін шешуге арналған тренинг-интенсив өткізді. Топпен бірге «Қазақстандағы тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ президенті Маргарита Өскембаева мен өңірлік дағдарыс орталықтарының басшылары да болды.

«Genesis» жедел психотерапиялық тәсілін оқыту психологтарға психологиялық жарақат алғаннан кейін дағдарысқа ұшыраған ересектерге, жасөспірімдерге және балаларға дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Тренингке қатысушылар тур нәтижелеріне жоғары баға береді. Сондай-ақ, оқыту туры барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Владимировна Смирновамен кездесу өтті, онда өңірлік дағдарыс орталықтарын дамыту мәселелері талқыланды.

«Біз зорлық-зомбылық құрбандарына көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында дағдарыс орталықтарының психологтары мен заңгерлерінің біліктілігін арттырғымыз келеді. Шеберлік сабақтарға қатысушылар экспресс-тәсілдің мүмкіндіктерімен таныса алды. Бір сеанстан кейін олар өздерін көптеген жылдар бойы мазалаған жағымсыз эмоциялар мен тәжірибелерден арыла алды. «Genesis» тәсілінің қаншалықты мақсатты және жеңіл түрде психотерапиялық интервенция өткізе алатыны таңғаларлық нәтиже», - Жанар Даненова, жоба тренері.

«Жаңа Уақыт» ЖМ

Жобаның қамтылу аясы: Қарағанды облысы

2021 жылдың 10 қыркүйегінде «Жаңа уақыт» ЖМ командасы Қарағанды облысы колледждерінің өкілдерімен іске асырылып жатқан «ЭкоЖастар» Мектебі» экологиялық білім беру және эковолонтерлік жоба бойынша онлайн кездесу өткізді. Қарағанды облысының білім басқармасының қолдауымен барлығы 50-ден астам колледж өкілдері қатысты. Кездесуде жоба командасы «ЭкоЖастар» мектебінің бағдарламасын, экотренерлер мен эковолонтерлерді оқыту бағдарламасына қабылдау үшін байқау шарттарын таныстырды. Жоба колледж өкілдері мен студенттер арасында кең қолдау тапты: максималды тек 100 квоталық орын бар болғанымен экотренерлер мен эковолонтерлер тренингіне 500-ден астам өтінім келіп түсті.

Колледждер үшін Телеграмда жұмыс чаты құрылды, онда олар сұрақтар қоя алады, сондай-ақ әкімшілік қолдау ала алады. 2021 жылдың 15 қыркүйегінде онлайн конференция форматында «ЭкоЖастар» мектебінің салтанатты ашылуы өтті. Мектептің ашылуына өңірдегі 60-тан астам колледж, оқытушылар мен студенттер қатысты. Онлайн конференцияға қатысушылардың жалпы саны 95-тен астам адамды құрады.

«Жанұя» отбасын қолдау орталығы ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Республикалық маңызы бар жоба

Команда халықаралық және отандық тәжірибеге сәйкес кәмелетке толмағандарың өмір сүру және тәрбиелеу жағдайларын зерттеу актісін әзірледі. Құжат тек тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды ғана емес, кәмелетке толмағандардың өмірінің барлық негізгі салаларын да бағалауды қамтиды. Акт кәмелетке толмағандарға қатыгездік фактісі анықталған жағдайда шұғыл мобильді топ шыққан кезде жасалады және көмек көрсетуді нақтылауға, оны жеделдетуге мүмкіндік береді.

Команда кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік фактілері анықталған жағдайда білім алушылардың ата-аналарын, қамқоршыларын педагог-психологтар арқылы хабардар ету алгоритмін Алматы облысының білім басқармасының қарауына берді. Алматы облысының білім басқармасы оны білім беру ұйымдарының педагог–психологтарының қызметінде пайдалану мүмкіндігін қарастыруда. Сондай-ақ, қызметкерлер құжатты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне келісуге жіберді.

«Ардос Жүрек» мүмкіндігі шектеулі жандар бірлестігі»

Жобаның қамтылу аясы: Петропавл қаласы

Жоба командасы «Тең қоғам» мобильді қосымшасын әрі қарай әзірлеу жұмыстарын жүргізуде. IT компаниямен келісімшарт жасалды, техникалық тапсырма жасалды және орындаушымен әзірлеу кезеңдері келісілді. Естеріңізге сала кетейік, қосымша интуитивті түрде түсінікті болатын интернет порталы, одан ке»ін «Тең қоғам» мобильді қосымшасын құру арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін өзекті және пайдалы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Қосымша контенті заңдар, жеңілдіктер, жұмыспен қамту, әлеуметтік қызметтер және жиі қойылатын сұрақтар сияқты бірнеше блоктардан тұрады. Қосымшаның функционалдылығы мен контентін талқылау нәтижелері бойынша мақсатты аудиториямен кері байланыс орнатылды. Алдағы жоспарда – қосымшаның дизайнын әзірлеу және қазақ тіліне аудару.

ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының Павлодар филиалы

Жобаның қамтылу аясы: Павлодар облысы

Жоба командасы ұйымдастыру-дайындық жұмыстарын жалғастыруда: ауылдық өңірлерде ТЖ болған жағдайда және волонтерлерге қажетті құралжабдықтар сатып алынды. Мүдделі серіктестермен – Павлодар қаласының және Павлодар облысының әкімдіктерімен, сондай-ақ Павлодар облысының ТЖД-мен – кездесулер өткізілуде.

Жоба аясында инструкторлар 30 Қызыл Ай волонтерлері үшін ТЖ кезінде алғашқы көмек көрсету бойынша тренингтерді жалғастыруда. Сонымен қатар олар үшін халық арасында апат қаупін азайту бойынша оқыту жүргізіледі, мысалы, қауіп карталарын жасау, жағдайды және қажеттілікті бағалау, төтенше жағдайлар кезінде гуманитарлық көмек көрсету үшін ең қатты зардап шеккендерді анықтау, мемлекеттік органдармен әрекеттестік және т. б.

Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен жоспарланған онлайн конференция қыркүйектің екінші жартысында өткізілетін болды.

«Белес-Жетісу» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Алматы облысы

Жоба командасы «Алматы облысы Ескелді ауданының әйелдеріне арналған пішу және тігу курстары» жобасы бойынша жұмысын жалғастыруда. 41 адам пішу және тігу курстарына, сондай-ақ бизнес-консультация беру және бухгалтерлік сауаттылық онлайн курстарына қатысуда.

Жобаны іске асыру барысында жоба командасы Ескелді ауданы әкімдігімен келіссөздер жүргізді. Кездесу бұл жобаның жұмыссыз әйелдерге арналған әлеуметтік көмек орталығына айналуы мүмкін екенін көрсетті. Әкімдік оқыту курстарын жүргізу үшін ғимарат бөлді, ол «Атамекен» ӨКП аудандық өкілдігімен, сондай-ақ аудандық жұмыспен қамту орталығымен бір ғимаратта орналасқан.

Сондай-ақ, әкімдік азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын ақпараттық қолдау шаралары бойынша, оның ішінде Egov.kz электрондық үкіметпен жұмыс жасау бойынша тегін ақпараттық кабинет ашты. Бұл шара қатысушыларға, сондайақ басқа әйелдерге кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін өз мүмкіндіктерін объективті бағалауға мүмкіндік береді

«АӘК желісі бойынша негізгі қолдаудан айырмай, бізге қолдау көрсетіле бастағаны бізді қуантады. Бұл бізге аяққа тұруымызға мүмкіндік береді», - Әйгерім Сәдуақасова, курс қатысушысы.

«Green Help» ҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Петропавл қаласы

2021 жылдың 10 қыркүйегінде жоба командасы мен волонтерлер Есіл өзенінің жағалауын тазалау бойынша сенбілік өткізді. Сенбілік қорытындысы бойынша Жастар ресурстық орталығының мүшелерімен бірге 69 қап қоқыс жиналды. Барлық қалдықтар қайта өңдеуге және утилизацияға жіберілді.

Белсенділер мен волонтерлер өзен жағалауының жаз мезгілінде адамдар табиғатта демалу үшін орналасқан аумағын ретке келтірді: ескі бұтақтар алынып тасталды, от жағылғын және ескі кірпіштер жатқан орындар тазартылды, пластикалық қалдықтар, қаңылтыр құтылар, полиэтилен пакеттер және басқа да қоқыстар жиналды.

Жоба аясында қала аумағын тазарту бойынша тағы бір сенбілік өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, қаланың экоактивисттерінің қатысуымен қорытынды және келесі жылға жоспар жасау мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

«Golden Hearts» ҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Петропавл қаласы

Есептік кезеңде жоба командасы «Ауылдағы цифрлық сауаттылық» жобасының презентациясымен ауылдық аймақтарды аралау кестесін жасады. Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Тимирязев аудандарына барып қайтты. Ауыл тұрғндарына оқытушыларды таныстыру үшін буклеттер мен тарату материалдары әзірленді. Тренелер жұмысының бірінші рейтингтік апталығының қорытындысы бойынша үздік нәтижеге Қызылжар ауданының тренері Сара Сатыбалдина ие болды. Ол 13 ауыл тұрғынын цифрлық сауаттылық негіздеріне үйретті.

Жоба тренелері ауыл тұрғындарын Egov.kz азаматтарға арналған электрондық үкімет сайтында ЭЦҚ, сондай-ақ ресми анықтамалар алуды, әлеуметтік порталмен жұмыс істеуді, «Ashyq», «Kaspi Bank», «Halyk Bank» және басқа да пайдалы қосымшаларды орнатуды үйретеді.

«Ұлағат» ЖҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары

Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында ТЖ-ға әрекет ету бойынша волонтерлерді даярлау жұмысы жалғасуда. Жоба командасы Алматы облысы бойынша волонтерлер мен материалдар тізімін жасады, Qolda 24/7 қосымшасы үшін ТЖ-ға әрекет ету бойынша жаңа чек- парақтар дайындады. ШҚО ТЖДмен бірлесіп волонтерлерді оқыту бағдарламасы бекітілді. Жақын арада Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының волонтерлерін оқытумен бірге кездесулер өткізу жоспарлануда.

«Отбасы орталығы» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Семей қаласы

Есептік кезеңде «Экопатруль» жобасы бойынша қызметкерлер «Түрлі-түсті қала» байқауын жеңімпаздар үшін құрмет грамоталары мен сыйлықтарды салтанатты түрде табыстау рәсімімен аяқтады.

Байқауға 30 ұйым – Семей өңірі мен жақын маңдағы аудандардың мекемелері мен тұрғын алаңдары – қатысты. 7 жеңімпаз таңдалды: білім беру саласынан – 3 мекеме, әлеуметтік қорғау саласынан – 2 мекеме және қалалық ПМК-тен 2 белсенді.

Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі үлгілі деп танылған «Қостанай 79» ПМК төрағасын алғыс хатпен марапаттады. Білім беру мекемелерімен бірлескен жұмыс аясында «Сары түске таста» акциясын өткізу туралы ереже дайындалды. Аталған іс-шараға қаланың барлық мектептерін қатыстыру жоспарлануда.

«Ты не один» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Республикалық маңызы бар жоба

Өткен екі аптада қор командасы АИТВ-инфекциясымен бір жылдан астам өмір сүріп жатқан 58 адамға сауалнама жүргізді. Жоба басталғаннан бері барлығы 115 адам сауалнамаға қатысқан. Сауалнамаға қатысушылар сақтандыру медицинасы енгізілгеннен кейін алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде бірқатар медициналық қызметтерді басым көпшілігінің ресми жұмысының жоқтығынан және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне жарналар аудармайтын бір реттік табыстарымен шектелгендігінен ала алмайтындықтарын атап өтті, Қыркүйек айының соңына дейін сауалнаманы аяқтау және Нұр-Сұлтан қаласында қамқоршылық кеңес пен пациенттер қоғамдастығы көшбасшыларының кездесуіне дайындық жоспарлануда.

«Tandau Foundation» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Республикалық маңызы бар жоба

Қор қызметкерлері ауылдық елді мекендердегі қоғамдық объектілердің мониторингін жалғастыруда. Қамтылған уақыт аралығында Екібастұз ауданының әкімдігі, балалар үйі, демалыс кешені және автовокзал сияқты 4 қоғамдық объектіге мониторинг жүргізілді.

Екібастұз ауданының басшылығымен арнайы жиналыс өткізілді. Жергілікті басшылықтың қолдауының арқасында жоба командасы осы өңірдегі жұмысты одан әрі жалғастыруды жоспарлап отыр. Жоба командасы 2021 жылдың 15-31 тамызы аралығында қолжетімділік мониторингінің нәтижелерін өңдеуді жалғастыруда. Қазіргі уақытта 4 чек-парақ толтырылды және адаптация бойынша 4 ұсыныс жасалынды.

«Локо» оқу-кеңес беру орталығы ЖМ

Жобаның қамтылу аясы: Ақтөбе қаласы

Жоба командасы мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетуді жалғастыруда. Қызметкерлер 25 бенефициарға көмек көрсетті: 15 адам өтініш жасауда консультация алды, 10 адам психологиялық қолдау алды.

Орталық қызметкерлері волонтерлермен бірге өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасына барып, азық-түлік пакетпен көмек көрсетті.Мақсатты топтың барлық толғандыратын мәселелері талқыланған семинар-тренинг өткізілді. Карантинді сақтау бойынша кеңестер, сондай-ақ жедел желі телефондарының нөмірлері бар брошюралар таратылды. Мақсатты топ консультациялар мен әңгімелер түрінде үнемі сапалы көмек алуды жалғастыруда, сонымен қатар кері байланыс беруде.

«QazYmCenter» ҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Өскемен қаласы

Екі апта ішінде жоба командасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбы бойынша екі бейнеролик түсірді. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек» атты ролик есту қабілеті нашар адамдардың дағдарыс орталығына және жедел желі нөміріне хабарласуына түрткі болды. Нәтижесінде ролик 6215 аккаунтты қамтыды, 3588 қаралым, 440 репост және 8 комментарий жинады. Инстаграм парақшасына жазылушылар саны 70-тен 213 адамға дейін өсті, директ арқылы 4 адам байланысқа шықты. WhatsApp нөміріне екі адам жазды, олардың бірі әлеуметтік көмекке жүгінді, екіншісі отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайымен бөліскен әйел болды. Қазіргі уақытта бұл әйел психологтан және ымдау тілі маманынан психологиялық көмек алуда.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ұмай» баспанасы

Жобаның қамтылу аясы: Қызылорда қаласы

2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Ұмай» балалар үйінде «Табиғатты сүю» сабақтары өтуде. 48 сағаттық оқу және тәрбие сабақтары «Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым экологиялық ұғымдарды қалыптастыру» жобасының бөлігі болып табылады. Сондай-ақ, жоба аясында баспана аумағында күн электр станциясы орнатылды. Практикалық сабақтарды ұйымдастыру мақсатында жылыжайды орнату жұмыстары жүргізілуде. Қызылорда қаласының балабақша тәрбиешілері мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің волонтер студенттері үшін семинар-тренингтер жоспарлануда.

 

 

Поделиться страницей: