Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

22 қазан 2021 ж.

QOLDA 3.0 - 2021 жылдың 1-15 қазаны аралығындағы жұмыс нәтижелері

Qolda 3.0 жедел көмек бағдарламасы өз жұмысын жалғастыруда. Естеріңізге  сала кетейік, 16 өңірлік ҮЕҰ өңірлік және республикалық ауқымдағы  жобаларды іске асыруда. Грант иегерлері экологиялық білім беру мен ағарту, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтарын қорғау, волонтерлікті дамыту, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі жобаларды іске асыруды жалғастыруда. Сонымен қатар ҮЕҰ жобаларына азаматтардың қатысуы және танымалдылығы біртіндеп артып келеді. Төменде 2021 жылдың 1-15 қазаны аралығындағы ҮЕҰ жұмысының  қорытындылары ұсынылған.

«QazYmCenter» ҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Өскемен қаласы

Есеп беру кезеңінде жоба командасы естімейтін актерлердің қатысуымен  тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі туралы әлеуметтік ролик шығарды.  Әлеуметтік ролик 17 166 рет қаралды, ал әлеуметтік желілерде 37 633 адамды  қамтыды. Ролик Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Тәжікстан, Қырғызстан және  ТМД-ның басқа да елдерінің тұрғындары арасында 30 000 астам қаралым жинады.  Ролик бірнеше танымал платформаларда орналастырылды. Жазылушылар саны  220-дан 1100 адамға дейін өсті. Ролик жарияланғаннан кейін дағдарыс орталығына психологтан консультация алу үшін көптеген адамдар хабарласа бастады. 

13 қазанда «Тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлері және тұрмыстық зорлық зомбылық жағдайындағы әрекет ету алгоритмі» тақырыбында онлайн конференция өтті. Жоба командасы естімейтін жас жігіттің қатысуымен  «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 7 себебі» атты ақпараттық ролик дайындады. Естімейтін жасөспірімдер мен студенттерге арналған бағдарламаны жүзеге  асыру үшін мектептер мен колледждермен келіссөздер процесі жалғасуда.

ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының Павлодар филиалы

Жобаның қамтылу аясы: Павлодар облысы

«Қауіпсіз өмір» жобасы аясында Павлодар облысының әкімдігімен бірлесіп, облыстың 10 ауданы мен 3 қаласында апат қаупін азайту бойынша тренингтерге  қатысу үшін волонтерлердің шығу кестесі құрылды. Есептік кезеңде Ертіс және Ақтоғай аудандарында үш практикалық семинар өткізілді. Павлодар облысының  жергілікті ТЖ бөлімдерімен бірлесіп төтенше жағдайларды жою бойынша мобильді волонтерлік топтар үшін практикалық сабақтар өткізілді. Тренинг  барысында қатысушылар аймақтың жағдайына бағалау жүргізуді, төтенше  жағдайларға неғұрлым бейім ауылдық округтерді бірлесіп анықтауды, сондай ақ жергілікті аймақтардың қауіп карталарын жасауды үйренді. Тренингті өткізу  барысында волонтерлер профилактикалық іс-шаралар бойынша ақпараттық  буклеттер алды.

«Волонтерлік - ТЖ-ға дайындық пен оның салдарын жоюдың тиімді құралы. Біздің ұйым  ортақ іске өз үлесін қосуда. Біз жоба бірнеше тарап үшін оң әсерін тигізеді деп жоспарлап  отырмыз: жастар үшін - пайдалы дағдылар мен білім алу; мемлекеттік органдар үшін  – волонтерлік ұйымдар туралы ақпараттандыруды арттыру және халықпен жұмыс  істеу кезінде волонтерлердің әлеуетін пайдалану; халық үшін - бірінші қажеттілік  заттарын және алғашқы көмек көрсету қызметтерін алу», - филиалының директоры Гүлнар Исақанова.

«Жанұя» отбасын қолдау орталығы ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Республикалық маңызы бар жоба

Есептік кезеңде команда Алматы қаласының білім беру өкілімен кездесу өткізді, кездесуде кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік фактілері анықталған жағдайда білім алушылардың ата-аналарын, қамқоршыларын педагог-психологтармен ақпараттандыру алгоритмін қолдану мәселелері талқыланды. Білім беру ұйымдарында психологтар  жұмысының құжат айналымын жасау тәртібіне қойылатын талаптар әзірленді. 

Халықаралық және отандық тәжірибені талдау нәтижелері бойынша білім беру мекемелерінің педагог-психологтары қызметінің бес негізгі бағыты айқындалды: психологиялық ағарту, психологиялық профилактика, кешенді психологиялық диагностика, психологиялық түзету және консультациялық қызмет.

«Verum Foundation» Қоры

Жобаның қамтылу аясы: Қазақстанның 10 өңірі

Дағдарыс орталықтарының психологтарын «Genesis» экспресс  психотерапиялық тәсілі бойынша оқыту жалғасуда. Мамандар өз жұмысының  нәтижесіне қанағаттанудың жоғары деңгейін көрсетуде. Бүгінде олар 4  оқу модулін игерді және қазіргі таңда топтық жұмыста бір-біріне жеке  терапия жүргізуде. Оқыту қатысушыларға өздерінің кәсіби қызметіне жаңа  көзқараспен қарауға, өздерінің күшті және әлсіз тұстарын түсінуге, сондай-ақ дағдарыс орталығына жүгінген адамдармен жұмыс жасауда «Genesis» экспресс-психотерапиялық тәсілінің тиімді әдістерін көрсетуге мүмкіндік  берді.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ұмай» қайырымдылық үйі

Жобаның қамтылу аясы: Қызылорда қаласы

«Ұмай» қайырымдылық үйінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған  экологиялық білім беру және эко-волонтерлікті дамыту жобасы аясында табиғат  сұлулығына тамсану бойынша сабақтар өтуде. Бұл сабақтардың аясында табиғат  аясындағы тұрақты экскурсиялары жүргізіледі. Сондай-ақ мектеп жасына  дейінгі балалар арасында қарапайым экологиялық түсініктерді қалыптастыру  бойынша сабақтар өткізіледі, сабақ барысында балалар табиғат туралы  білімдерін, экологиялық тақырыптағы сөздік қорын және қоршаған әлемге  ұқыпты қарау қасиетін біртіндеп қалыптастырады. Қызылорда қаласының  балабақша тәрбиешілері мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік  университетінің волонтер студенттері үшін «Мектеп жасына дейінгі балаларда  қарапайым экологиялық түсініктерді қалыптастыру» бағдарламасы бойынша  семинар-тренингтер жоспарлануда.

«Жаңа Уақыт» ЖМ

Жобаның қамтылу аясы: Қарағанды облысы

Есептік кезеңде волонтерлер оқытудың теориялық бөлігін аяқтап,  практикалық тапсырма ретінде «Расхламление» атты эко-марафонға  қатысуда. Эко-марафон аясындағы күнделікті тапсырмалар, іс-шаралар,  сондай-ақ қатысушылардың белсенділігі жобаның Instagram желісінде  @zhana_uakyt ресми парақшасында жарияланады. Топтық жұмыстар мен  «ЭкоЖастар» командасымен өткен жеке консультациялардың нәтижелері  бойынша студенттердің қараша айындағы жұмысы мен тағылымдамадан өтуі  үшін тренингтердің тақырыптары бойынша тізімдер жинақталды. Оқытуды  экология, жастар көшбасшылығы және бейресми білім беру салаларындағы 7 сертификатталған тренерден құралған команда жүргізеді. 

15 қазан күні тренер Динара Жүнісовамен «Волонтерлік қызмет туралы» тақырыбында тікелей эфир өтті. 20 қазанда тренер Вера Садыковамен «Z ұрпағын оқытудың ерекшеліктері» атты онлайн мастер-класс жоспарлануда.

«Белес-Жетісу» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Алматы облысы

Команда әлеуметтік осал санаттағы әйелдерді пішу және тігу курстарында оқытуды  жалғастыруда. Сондай-ақ, әлеуметтік желілер бойынша «SMM негіздері» тренингі өткізілді.  Қатысушылар Instagram-да парақшаларды ашуды, аккаунт дайындауды және контент  жоспарын құруды үйренді. 

Қазан айында жобаға қатысушылардың «Атамекен» ҰКП Алматы өңірлік филиалының мамандарымен, Оңғарбаева Алмагүл және Бекмұрат Мұсаханмен онлайн-кездесуі өтті. Қатысушылар «Бизнес бастау», «Еңбек 2025» жобалары туралы ақпаратпен танысып және осы жобаларға қатысушы әлеуметтік осал әйелдердің қолдауы арқасында өз ісін бастауға шабыт алды.

«Green Help» ҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Петропавл қаласы

Жоба командасы Пестрое көлі мен Есіл өзенінің жағалауын тазарту бойынша барлық жоспарланған іс-шараларды жүзеге асырды. Жоба қорытындысы бойынша бизнес-серіктестермен кездесу ұйымдастырылды, онда жағалау аймақтарындағы қоқыстардың көп болу себептері қаралды. Сондай-ақ жоба командасы қоғамдық орындардағы қоқыс мәселесін шешу жолдарын талқылап,  келесі жылға арналған жұмыс жоспарын белгіледі.

«Ұлағат» ЖҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары

Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында ТЖ-ға әрекет ету бойынша  волонтерлерді даярлау бойынша жұмыстар жалғасуда. Қызыл Жарты Айдың  қатысуымен Алматы облысының 214 ауылдық волонтеріне арналған офлайн  және онлайн сабақтар өткізілді. 

Жақын арада Қызыл Жарты Айдың қатысуымен Шығыс Қазақстан облысының  волонтерлері үшін офлайн оқытуды аяқтау және онлайн тренингтерді іске  қосу жоспарлануда.

«Отбасы орталығы» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Семей қаласы

Қор қызметкерлері қалалық және ауылдық мектептерге арналған «Менің  экологиялық өмір мектебім» атты білім беру-әдістемелік семинарын  ұйымдастыру бойынша дайындық жүргізді. Іс-шараны қазан айының екінші жартысында өткізу жоспарланып отыр. Іс-шара бағдарламасы дайындалды  және экологиялық мәселелер бойынша спикер шақырылды. 

Сондай-ақ қазан айында Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бородулиха ауылының арнайы қызмет көрсету орталығында» эко-бөлме ашу жоспарлануда. Экологиялық  бөлмені даярлау бойынша жұмыс аяқталды, ал бөлмені ашу рәсіміне жобаның  серіктестері мен БАҚ шақырылды. Білім беру мекемелерімен бірлескен  жұмыс аясында «Сары түске таста» акциясы жалғасуда. Акция аясында Семей  қаласының мектептерінде пластикалық қалдықтарды жинау жүріп жатыр.

«Ардос Жүрек» мүмкіндігі шектеулі жандар бірлестігі»

Жобаның қамтылу аясы: Петропавл қаласы

Жоба командасы «Тең қоғам» мобильді қосымшасын одан әрі әзірлеумен  айналысуда. Қазіргі уақытта қосымшаның контентін қазақ тіліне аудару  жұмысы аяқталды, мобильді қосымшаға арналған роликтердің сценарийі  әзірленді, қосымшаны одан әрі әзірлеуді мүдделі тараптармен талқылау  бойынша онлайн кездесу өткізілді, сондай-ақ қосымшаны көру қабілеті  бұзылған адамдарға бейімдеу мәселелері талқыланды. Қазір жоба командасы мүмкіндігі шектеулі адамдардың мүдделерін қорғайтын ұйымдармен бірге  ынтымақтастық туралы меморандум жасауды жоспарлап отыр.

«Golden Hearts» ҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Петропавл қаласы

Команда ауыл тұрғындарын цифрлық сауаттылық негіздеріне оқыту жұмысын қорытындылаумен айналысуда. Қыркүйек айында жалпы 404 консультация өткізілді.  Консультациялар саны бойынша Қызылжар және Тимирязев аудандары үздік нәтижелер  көрсетті, оларда 100-ден астам консультация өткізілді. 

Ауыл тұрғындарына қызмет көрсетудегі негізгі кедергілер тренерлерден кері байланыс алу кезінде анықталды. Олардың  арасында халықтың тегін оқуға деген сенімсіздігі, жеке деректерді беруден  сақтану және алаяқтардың құрбаны болудан қорқу бар. Сенімсіздікті талқылау үшін «Қарсылықтармен жұмыс жасау» бойынша қосымша онлайн кездесу  жоспарланған.

«Аудан орталықтарынан тыс ауылдарда интернет сапасының төмендігі  цифровизацияны толық көлемде игеруді тежейтін негізгі фактор болып табылады. Біздің  консультанттар цифрлық қызметтерді оқыту және алу бойынша Ashyq қосымшасын  орнатудан бастап egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы құжаттарды алуға  дейінгі әртүрлі бағыттарда қызметтер көрсетеді. Тұтастай алғанда, бағдарлама  ауыл халқының өмірін оңайлату, уақытты үнемдеу және интернет-технологияларды  дамыту туралы хабардар болу деңгейін арттыру үшін цифрлық ресурстардың  танымалдылығының өсуіне ықпал етеді. Жобаны басқа елді мекендерді қамту арқылы  дамыту «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын неғұрлым кең қамтуға  және неғұрлым тиімді іске асыруға мүмкіндік береді», - жоба тренері Нұргүл Болатова.

«Заң талабы» құқық қорғау орталығы

Жобаның қамтылу аясы: Түркістан облысы

Жобаның есептік кезеңінде Түркістан облысынан 12 бенефициарға көмек  көрсетілді: 8 адам талап-арыздарын жазуға кәсіби көмек және заңгерден арнайы  консультация алды, 4 адамға психологиялық қолдау көрсетілді. Бенефициарлар материалдық қиындықтарға байланысты адвокатқа немесе психологқа өз  бетінше жүгіне алмайтындықтарын атап өтті. 

Адам құқықтары мектебінің «Әйелдер құқығы – бұл адам құқығы» жобасы  аясында ауыл әйелдері мен жасөспірім қыздар үшін 5 тренинг өткізілді. Тренингке қатысушылар жасөспірім қыз немесе әйел отбасылық-тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жағдайда әрекет ету алгоритмін әзірледі. Тренерлер сондай-ақ құқық қорғау және сот органдарына өтініш жазуды  үйретеді. 10 қазанда агрессор ерлерге арналған екінші тренинг өтті. Тренингке  қатысушылардан алынған кері байланыс өткізілген тренингтердің тиімділігін  дәлелдеді.

«Ты не один» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Республикалық маңызы бар жоба

Есептік кезеңде қор қызметкерлері алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі мен көрсетілетін қызметтерге қанағаттану деңгейін анықтау үшін АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін 150 адамға жүргізілген сауалнама нәтижелерін қорытындылады. Барлығы 97 сауалнамаға талдау жүргізілді. Респонденттерге қызметтерді 10 баллдық шкала бойынша бағалау ұсынылды. Мәселен, 81 респондент қала емханаларында көрсетілетін қызмет деңгейіне 5 баллдан аспайтын орташа баға берді. Облыс стационарларындағы қызметтерді 52  респондент дәл осылай бағалады. Сонымен қатар ЖИТС орталығы консультация  беру, анализ тапсыру және АРВ-терапиясын алудан басқа қызметтерді  ұсынбайды. Қор мамандары АИТВ-ға байланысты аурулардың алдын алу,  диагностикалау және емдеу жөніндегі қызметтерді тегін медициналық көмектің  кепілдік берілген көлеміне қосу қажет деп есептейді.

«Локо» оқу-кеңес беру орталығы ЖМ

Жобаның қамтылу аясы: Ақтөбе қаласы

Есептік кезеңде орталық қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі адамдар күні қарсаңында мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен іс-шара өткізді. Жоба командасы халық санағына белсенді қатысты: мекеме кеңсесінде жан жақты түсіндіру және консультация беру бойынша қызметтер көрсетілді. Сондай-ақ тұрақты негізде өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдармен  консультациялар мен талқылау жүргізілуде. Карантинді сақтау жөніндегі кеңестері бар, сондай-ақ жедел желі телефондарының нөмірлері бар  брошюралар таратылуда. Мақсатты топ консультация түрінде үнемі сапалы көмек алуды жалғастыруда.

«Tandau Foundation» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Республикалық маңызы бар жоба

Қор қызметкерлері Нұр Отан партиясының мүшелері болып табылатын ауылдық аудандардағы мониторингтік топтардың басшылары мен әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау бөлімдерінің және мемлекеттік  мекемелердің мамандары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері  бойынша екі тренинг өткізді. Тренинг бағдарламасы үш блоктан тұрды:  қоғамдық ғимараттардың қол жетімділігі негіздері, қоғамдық ғимараттардың  қолжетімділігі саласындағы заңнама және практикалық жұмыс. Теориялық  оқытудан кейін қатысушылар ғимараттарды мониторингілеуге және фотосуреттер бойынша қоғамдық объектілердің қолжетімділік деңгейін бағалауға кірісті. Сондай-ақ олар Павлодар қаласындағы бір супермаркеттің  адаптациядан бұрынғы және кейінгі қолжетімділігін бағалады. 

Қатысушылар тренингтің тиімділігін, оның ішінде материалдың  қолжетімділігін, ойластырылған практикалық жұмысты, сондай-ақ мамандар  үшін осындай оқытудың қажеттілігін бағалады. Нұр Отан партиясының  облыстық филиалы тренингті ұйымдастыруда қолдау көрсетті.

 

 

Поделиться страницей: