Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

22 қараша 2021 ж.

QOLDA 3.0 - 2021 жылдың 1-15 қарашасы аралығындағы жұмыс нәтижелері

Qolda 3.0 жедел көмек бағдарламасы өз жұмысын жалғастыруда.

#27 Newsletter-де сіздерге 2021 жылдың 1-15 қарашасы аралығындағы ҮЕҰ жобаларының нәтижелерін ұсынамыз. Қойылған мақсаттардың басым көпшілігіне жоспарлау, жергілікті органдармен белсенді серіктестік, командалық жұмыс, сондай-ақ балама шешімдерді іздеу арқасында қол жеткізілді. Жобалардың бенефициарлары азаматтық сектор мамандарынан жүйелі түрде кәсіби көмек, консультациялар мен білім алуды жалғастыруда. Волонтерлер, білім беру ұйымдарының оқушылары мен жұмыскерлері, азаматтардың әлеуметтік осал топтары сияқты мақсатты топтармен орнатылған кері байланыс ҮЕҰ жұмысына қанағаттанудың жоғары деңгейін көрсетуде.

ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының Павлодар филиалы

Жобаның қамтылу аясы: Павлодар облысы

«Қауіпсіз өмір» жобасы аясында волонтерлер тобы Павлодар облысында апат қаупін азайту бойынша тренингтерге қатысуды жалғастыруда. 11 қарашада Екібастұз қаласында практикалық семинар өтті. Мобильді командалар тренингтерді өткізу барысында аудандық ТЖ бөлімдерімен серіктестікте ТЖ және дүлей апат бойынша профилактикалық іс-шаралар аясында тұрғындар арасында кеңінен тарату үшін ақпараттық буклеттер мен парақшалар алды.

11-12 қарашада апаттарға әрекет ету командасы Павлодар облысының «Қыс 2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысты. Волонтерлер алғашқы көмек және жылыту пункттерін ұйымдастырды, зардап шеккендерді тасымалдауға көмектесті, сондай-ақ ТЖД психологымен бірлесіп психологиялық қолдау көрсетті. Оқудың алғашқы күнінде облыстық команда Павлодар қаласындағы тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларға қатысты. Екінші күні команда Екібастұз ауданының Шідерті ауылына аттанды. Онда ПавлодарҚызылорда республикалық тас жолының учаскесінде адамдарды жылытусыз және ыстық тамақсыз қалдырған қар көшкіні симуляциясы жүргізілді. Оқужаттығуға Ертіс, Май, Аққулы аудандары мен Ақсу қаласының волонтерлері тартылды.

«Verum Foundation» Қоры

Жобаның қамтылу аясы: Қазақстанның 10 өңірі

Дағдарыс орталықтарының психологтарын «Genesis» экспресс психотерапиялық тәсілі бойынша оқыту аяқталды. Мамандар жеке терапиядан өтіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына «Genesis» әдістемесі бойынша консультация жүргізді.

Психологтар «Genesis» тәсілін пайдалану кезінде клиентке жеке консультация алу үшін әдеттегіден аз уақыт қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, бұл технология адамның психологиялық жағдайын өзгертеді: терапиядан кейін адам қиын дағдарыс жағдайынан тәуелсіз, еркін болады және өз өмірі үшін жауапкершілік сезінетін болады.

«Genesis» тиімді әдістемесімен осы жылдың қыркүйек айының басында таныстым және әлі де танысып келемін. «Genesis» дегеніміз не? Ол – қысқа мерзімде клиентке психологиялық мәселелерді шешуге көмектесетін жедел әдіс. Ол психологияның барлық тиімді құралдарын біріктірді. «Genesis» көмегімен балаларға, ересектерге, тіпті өз-өзіңе көмек көрсетуге болады. Бұл өте керемет! Бұл біздің қазақстандық психотерапевтер Жанар Даненова мен Құрмантай Шурабековтың авторлық әдістемесі», – тренингке қатысушы.

«Жанұя» отбасын қолдау орталығы ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Республикалық маңызы бар жоба

Агрессивті мінез-құлықты бәсеңдету және кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу үшін қор мамандары Алматы облысының Білім басқармасының және Панфилов ауданының білім бөлімінің өкілдерімен бірлесіп Алматы облысы Панфилов ауданының Пенжімм ауылы мен Жаркент қаласына барды. Қор қызметкерлері жасөспірімдер мен тренингтер және жеке консультациялар өткізді. Сондай-ақ, оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер үшін «Агрессивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында дәріс өтті.

Қор қызметкерлерінің көмегімен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлықзомбылық және қатыгездік фактілері анықталған жағдайда білім алушылардың ата-аналарын, қамқоршыларын педагог-психологтармен хабардар ету алгоритмі мұғалімдердің жұмысына енгізілді. Ал жасөспірімдерге қатысты зорлықзомбылық, қатыгездік жағдайында мобильді шұғыл әрекет ету топтарының қызметі туралы ереже келісу үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне жіберілді. Сондай-ақ, педагогпсихологтың істер номенклатурасына қойылатын талаптар анықталды.

«QazYmCenter» ҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Өскемен қаласы

Есептік кезеңде жоба командасы естімейтін адамдарға 25 видео-консультация өткізді. Сондай-ақ қарым-қатынасты бастауға шешім қабылдаған жастар үшін «Болашақ абьюзерді қалай тануға болады?» атты ақпараттық ролик түсірілді. 31 қазанда «Психологпен танысу» офлайн кездесуі өтті. Оған 6 есту мүмкіндігі жоқ әйел қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Кездесуден кейін жеке консультацияға 2 адам жазылды. Қараша айында қызметкерлер әлеуметтік желілерде жариялау үшін тағы бірнеше әлеуметтік роликтерді түсіруді, сондай-ақ Семей қаласында естімейтін адамдар үшін көзбе-көз кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

«Отбасы орталығы» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Семей қаласы

Есептік кезеңде қалалық және ауылдық мектептерге арналған «Менің өмірлік эко-мектебім» атты білім беру-әдістемелік семинар аясында кездесу өтті. Бас спикер болып «ЭкоАсар» ұйымының өкілі Ирина Немцан сөз сөйледі. Білім беру мекемелерімен бірлескен жұмыс аясында «Сары түске таста» акциясы жалғасуда. Қоқысты жинау мен сұрыптауға Семей қаласының білім беру мекемелері тартылған. Конкурс қорытындысы бойынша қайталама шикізатты жинау бойынша №3 орта білім беру мектебі көш бастады. Команда «Эковолонтерлер форумына» дайындық жүргізуде: сценарий дайындалып, жеңімпаздар мен белсенді азаматтар үшін сыйлықтар сатып алынды.

«Белес-Жетісу» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Алматы облысы

Қор командасы әлеуметтік осал санаттағы әйелдерді пішу және тігін курстарына оқытуды жалғастыруда. Әйелдер құрақ тігу әдісін және фетр матасынан бұйым дайындауды үйренді. 16 қараша күні Қарабұлақ ауылындағы аудандық мәдениет үйінде жобаға қатысушылардың 3 айлық курс барысында тіккен бұйымдары – ұлттық стильдегі көрпе, жастық, кілемшелердің көрмесі өтті. Ескелді облысы әкімдігінің қолдауымен жобаға қатысушылар «Атамекен» ҰКП, «Отбасы банк» өкілдерінен, аудандық әлеуметтік бөлім мен жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерінен бизнес жүргізу бойынша консультация ала алады.

«Жаңа Уақыт» ЖМ

Жобаның қамтылу аясы: Қарағанды облысы

Жоба командасы Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында экологиялық білім беру бойынша экотренерлерге сараптамалық және техникалық қолдау көрсетеді. Студенттердің тағылымдамасын аяқтау 2021 жылдың 20 қарашасына жоспарланып отыр. Жоба командасы тұрақты негізде жобаның Instagram-дағы @zhana_uakyt парақшасында түрлі білім беру іс-шараларын өткізеді. Олардың арасынан төмендегі іс-шараларды айрықша бөліп көрсетуге болады: өзбекстандық журналист, экоактивист және трэвел-блогер Жанна Рахимовамен «Орталық Азиядағы экотуризм» тақырыбында тікелей эфир; Атбасар қ. эковолонтері, «Жас Мұра» волонтерлік ұйымының төрағасы Рүстем Мұстафинмен тікелей эфир; «Instagram-да контент құру» және «Instagram-да парақшаны ілгерілету» мастер-класстар сериясы.

Сондай-ақ, жоба командасы Қарағанды облысының білім беру ұйымдары үшін «Қалдықтардан жасалған үздік арт-объект» конкурсын өткізуге дайындауда. Көрмені өткізу 2021 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.

«Golden Hearts» ҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Петропавл қаласы

Команда ауыл тұрғындарын цифрлық сауаттылық негіздеріне оқыту жұмысын қорытындылауда. Жоба бойынша барлығы 890 ауыл тұрғыны үшін жалпы саны 590 консультация өткізілді. Консультациялар саны бойынша Қызылжар және Тимирязев аудандары үздік нәтижелер көрсетті. Сапаны бақылау мақсатында жоба командасы ауыл тұрғындарынан цифрлық сауаттылық бойынша тренерлердің қызметтеріне қанағаттану деңгейі туралы сауалнама жүргізді.

«Тренерді іріктеу кезеңінде қойылған міндет соншалықты жауапты іс болғандықтан, біз үшін тек оқытып қана қоймай, цифрландырудың шынымен де жүзеге асырылу идеясын жеткізе алатын адамды таңдауда қателеспеу маңызды болды. Жобаның арқасында ауыл тұрғындары заман талабына сай өмір сүріп, заманауи өзгерістерден қорықпайды», – ҚБ директоры Динара Өмірзақова.

«Ардос Жүрек» мүмкіндігі шектеулі жандар бірлестігі»

Жобаның қамтылу аясы: Петропавл қаласы

Жоба командасы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Тең қоғам» мобильді қосымшасын әзірлеумен айналысуда. Қазіргі уақытта қосымшаны стилизациялау бойынша жұмыс аяқталды. «Қызметтер және сервис» тарауына материалдар қосылды. Play Market және App Store үшін жүктеу файлдарын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ, команда мүгедек адамдардың мүдделерін қорғайтын ұйымдармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол жеткізді.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ұмай» баспанасы

Жобаның қамтылу аясы: Қызылорда қаласы

«Ұмай» қайырымдылық үйінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған эко-білім беру және эко-волонтерлікті дамыту жобасы аясында табиғат сұлулығына тамсану сабақтары өтуде. Осы сабақтар аясында табиғатқа тұрақты экскурсияларды жүргізу жалғасуда. Сондай-ақ, баспана тәрбиешілері мен волонтерлерді оқыту жүргізілуде. 2021 жылдың 10 қарашасында Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің волонтер студенттеріне арналған «Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым экологиялық түсініктерін қалыптастыру» бағдарламасы бойынша семинар-тренинг өтті.

«Заң талабы» құқық қорғау орталығы

Жобаның қамтылу аясы: Түркістан облысы

Ауыл әйелдері мен жасөспірім қыздарына арналған «Әйел құқығы – бұл адам құқығы» мектебінің аралық нәтижелері шығарылды. Оның қорытындысы бойынша әйелдердің 65 %-ы психологиялық және заңгерлік көмек алу үшін ұйымға жүгінді. Әйелдердің 30 %-ы өз бетінше құқық қорғау және сот органдарынан көмек сұрай алды. Орталық қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетуді жалғастыруда. Отбасылықтұрмыстық зорлық-зомбылық проблемаларына халықтың назарын аудару мақсатында орталық қызметкерлері Шымкент қаласының жастарға арналған ресурстық орталығында 4 ақпараттық науқан ұйымдастырды.

Жобаның есептік кезеңінде 18 бенефициарға көмек көрсетілді: 3 адам талап-арыздарын жазуға көмек және заңгерлің консультация алды, 16 адамға психологиялық қолдау көрсетілді. Бенефициарлар материалдық қиындықтарға байланысты адвокатқа немесе психологқа өз бетінше жүгіне алмайтындықтарын атап өтті. 7 кәмелетке толмаған қызға психологиялық көмек көрсетілді. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін психолог арт-терапия әдістерін және жеке психокоррекциялық сабақтарды қолданады. Осылайша, жобаның бенефициарлары құқықтық сауаттылық деңгейін арттырып, бұзылған құқықтарын қорғауға мүмкіндік алды.

«Tandau Foundation» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Республикалық маңызы бар жоба

Қор қызметкерлері Екібастұз ауданында қоғамдық ғимараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда. Мердігерлермен кездесу қорытындысы бойынша Екібастұз ауданының Естай атындағы музыкалық мектебінде және «Жасыбай» спорт кешенінде адаптация жұмыстары жүргізілуде. Мониторинг жүргізілгеннен кейін қор қызметкерлері 6 қоғамдық объектіні адаптациялау бойынша ұсыныстар әзірлеуді жалғастыруда.

«Локо» оқу-кеңес беру орталығы ЖМ

Жобаның қамтылу аясы: Ақтөбе қаласы

Орталық командасы өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға тұрақты негізде қажетті консультация беруде. Есептік кезеңде 5 бенефициарға психологиялық көмек көрсетілді. 3 адам атқарушы органдарға өтініш жазуда көмек алды. Волонтерлер Ақтөбе қаласында ТЖ-ға әрекет ету бойынша оқытудан өтті. Сондай-ақ олар мүмкіндігі шектеулі адамдардың үйлеріне барып, оларға қажетті көмек көрсетуде. Мақсатты топ консультация түрінде үнемі сапалы көмек алуды жалғастырып отыр. Карантинді сақтау жөніндегі кеңестері бар, сондай-ақ жедел желі телефондарының нөмірлері бар брошюралар таратылуда.

«Ұлағат» ЖҚБ

Жобаның қамтылу аясы: Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары

Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында ТЖ-ға әрекет етуге волонтерлерді даярлау бойынша жұмыстар аяқталуда. Есептік кезеңде «ҚР-дағы қоғамдық кеңестер және жергілікті өзін-өзі басқару» атты облыстық конференцияда волонтерлерді даярлау бойынша мастер-класс өткізілді. Сондай-ақ волонтерлерді онлайн оқыту мәселесі бойынша ауылдық әкімдіктерге хаттар жіберілді. Команда террористік қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету бойынша чек-листтер әзірлеуді жалғастыруда. Жоба Шығыс Қазақстан облысының ауылдық округтері әкімдеріне таныстырылды.

«Ты не один» ҚҚ

Жобаның қамтылу аясы: Республикалық маңызы бар жоба

Қор қызметкерлері алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі мен көрсетілетін қызметтерге қанағаттану деңгейін анықтау үшін АИТВ инфекциясымен өмір сүретін 150 адамға жүргізілген сауалнама нәтижелерін қорытындылады. Барлығы АИТВ-статусы анықталған 27 мен 62 жас аралығындағы 105 ер адам мен 45 әйелден сауалнама алынды. Денсаулық жағдайы бойынша респонденттердің басым көпшілігі физикалық белсенділікпен байланысты жұмыстарды орындай алмайды. Респонденттердің көпшілігінде денсаулық жағдайы орташа немесе орташа деңгейден төмен. Респонденттерге қызметтерді 10 баллдық шкала бойынша бағалау ұсынылды. 87 респондент қала емханаларында көрсетілетін қызмет деңгейіне 5 баллдан аспайтын орташа баға берді. Облыс стационарларындағы қызметтерді 66 респондент те дәл осылай бағалады.

Сауалнамалардың нәтижелері бойынша МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебенің болмауына байланысты 128 адам қажетті медициналық көмекке қол жеткізе алмаған. Сондай-ақ есептік кезеңде Нұр-Сұлтан қаласындағы қамқоршылық кеңеспен және пациенттер қоғамдастығының көшбасшыларымен кездесу жоспары бекітілді. Іс-шараның логистикасы дайындалды, қатысушылар үшін ортақ чат құрылды. Павлодар қаласының көшбасшыларымен кездесуде медициналық қызметтерге қолжетімділікті жақсарту үшін бірлескен адвокациялық іс-шаралар жоспары талқыланды.

 

 

Поделиться страницей: