Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

6 қазан 2020 ж.

QOLDA 2.0

Орталық Азияның Еуразия қоры “Шеврон” компаниясымен серіктестікте “QOLDA” шұғыл көмек бағдарламасының екінші кезеңі аясында өтетін грант сайысын ашық деп жариялайды.

“QOLDA” бағдарламасының екінші кезеңі аймақтық бастамаларды қолдап, азаматтық қоғамның төтенше жағдайда тиімді әрекет ету қабілеттілігін арттыруға бағытталады.

“Qolda 2.0” жобасының сайысына қатысуға Шымкент қаласы мен 14 облыстағы төтенше жағдай кезінде халыққа көмек көрсететін және еріктілер қозғалысын дамытумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар шақырылады.

Қоғамдық ұйымдарға берілетін жалпы грант сомасы 30 млн. теңгені құрайды. Жобалар мен шараларды жүзеге асыруға 6 ай уақыт беріледі (2020 ж. 1 қараша - 2021 ж. 30 сәуір).

Бөлінген қаражат келесі жобаларға жұмсалуы керек:

  1. Ауыл аймақтарда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және оны жою (4,4 млн теңгеге дейін);

  2. Аймақтардағы халыққа төтенше жағдай кезінде ақпарат беріп, қолдау көрсетуге және аймақтық үкіметтік емес ұйымдардың төтенше жағдайда тиімді әрекет ету қабілеттілігін арттыру мен аймақтардағы еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған онлайн ұзақ мерзімді шешімдер (5 млн теңгеге дейін);

  3. Азаматтық қоғамның төтенше жағдайға жауап қайтару мен ұлттық деңгейде еріктілер қозғалысын дамытуға арналған онлайн ресурстарды қолдау (9 млн теңгеге дейін).

Сайысқа қатысу үшін https://qolda.org/ сайтында берілген өтінімді толтыру керек. Өтінімдер 2020 ж. 19 қазан сағат 23.00-ге дейін қабылданады (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен). Нәтижелер 2020 ж. 26 қазанға дейін жарияланды.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың сәуір айында Орталық Азияның Еуразия қоры “Шеврон” компаниясымен серіктестікте Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында  “Qolda 1.0” бірінші кезеңін іске қосқан болатын. Іріктеу нәтижесінде 11 ҮЕҰ мен 7 БАҚ грант иегері атанды.

ҮЕҰ-ға бөлінген грант медицина қызметкерлеріне, көпбалалы отбасыларға гуманитарлық көмек, мүгедектігі бар жандарға, мигранттарға, есірткі тәуелді азаматтарға қолдау көрсетуге және шағын және орта бизнеске консультациялық көмек көрсету мен әйел адамдарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге жұмсалды. 1900-ге жуық әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларға көмек көрсетілді, Алматы қ, және Алматы облысындағы провизорлық клиникалардың медицина қызметкерлеріне 2300 түскі және кешкі ас беріліп, оларға 500 жеке қорғану құралдары таратылды, мүгедектігі бар жандар мен есірткі тәуелді азаматтарға 1500 консультация берілді, 100 еңбек мигранттарына қолдау көрсетілді, шағын бизнеске 1400 консультация берілді, бизнесті дамытуға бағытталған 300 жеке жоспар құрылды. БАҚ-на бөлінген гранттар COVID-19 туралы мемлекеттік тілдегі контенттің сапасын арттырып, COVID-19 қарсы күрестегі қоғамдық ұйымдар, мемлекет және бизнес өкілдері өткізген шаралар туралы ақпараттандыруға бағытталған

Қосымша сұрақтарды “QOLDA” бағдарламасының менеджерлеріне жолдасаңыз болады: AzharN@ef-ca.org, Aliya@ef-ca.org,https://t.me/Qolda_project

 

Поделиться страницей: