Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
9 қаңтар 2017 ж.
Қазақстандағы опиоидты алмастырушы терапияның қолжетімділігі туралы журналистер арасындағы үздік материалдар байқауының жеңімпаздары
Орталық Азияның Еуразия Қорының қолдауымен «Аман-саулық» Қоғамдық Қоры «Қазақстанда АИТВ/ЖИТС-ын алдын алу, тестілеу және емдеу бойынша нормативтік-құқықтық базаны жақсарту» жобасы аясында АИТВ-инфекциясының профилактикасы мен инъекционды есірткілерді пайдаланушылардың есірткіге тәуелділігі деңгейін төмендету мақсатында баспа, электронды және Интернет-БАҚ журналистері мен блогерлерінің арасында Қазақстандағы опиоидты алмастырушы терапияның (ОАТ) қолжетімділігін арттыру мәселелерін үздік және сенімді баяндаушыларға байқау өткізді.
Республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының байқау нәтижелерін бағалау және қорытындылау үшін арнайы комиссия құрылып, оның құрамына ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің өкілдері, қоғамдық қайраткерлер, журналистер мен ҮЕҰ өкілдері кірді.
Баспасөз басылымы, теле- және радиоканалдар, интернет-басылымдардағы жалпы саны 13 материал қарастырылды. Жұмыстарды бағалау барысында келесі критерийлер ескерілді: тақырыпқа сәйкестігі, қамтудың толыққандылығы мен берілген тақырыптың өзектілігі, объективтілік, ақпараттың шынайылығы, шығармашылық тәсілдеменің болуы, мазмұндаудың жасампаздығы, материалды эмоционалды жеткізу мен жұмыстан алынған жалпы әсер.
"Қазақстан Республикасында қолдаушы алмастырушы терапияны (ҚАТ) кеңінен тарату жобасы бойынша жұмыста біз белгілі жазушы Джордан Белфорттың "Егер адамдарға "не үшін" екенін дұрыс түсіндірсең, "қалай" іске асыру жолын олар өздері табады" афоризмін басшылыққа алдық. Азаматтардың ақпараттандырылуы мәселелерінде журналистердің "сөзіне" деген қазақстандықтардың сезімталдығын біле отырып, құрметті журналистер, қоғамдық ұйымдар сіздерге арқа сүйейді", - деп 2016 жылдың 23 желтоқсанында өткен марапаттау рәсімінде "Аман-саулық" ҚҚ президенті Бахыт Түменова журналистерге сөзін бағыттады.
Комиссияның шешімі бойынша І орын және 100 мың теңге көлеміндегі ақшалай жүлдені Дина Амирова иеленді ("Юридическая газета" Медиа корпорации "ЗАҢ": "Устранить правовые барьеры"); ІІ орын және 90 мың теңге: Светлана Егорова (Общественно-информационное сетевое издание "Форматор": "Выбор должен быть даже у наркозависимого"); ІІІ орынды (80 мың теңгеден) Альмира Алишбаева (Информационная газета "Диапазон": "Наркоманам бесплатно выдают заменитель героина без кайфа") мен Гүлбану Мұхтарқұлова ("Қазақ" радиосы: "Нашақорлық - ғасыр індеті") өзара бөлісті.
Мақалаларға сілтеме:
http://www.kazinform.kz/ru/obschestvennye-deyateli-v-rk-zayavlyayut-o-vygode-metadonovoy-terapii_a2960633http://ratel.kz/kaz/ekspert_schitaet_chto_terapija_metadonom_dlja_narkozavisimyh
_obhoditsja_deshevle_traditsionnogo_lechenija_
https://www.youtube.com/watch?v=7M9Vjo5fQ5o
http://www.arnapress.kz/taraz/health/83531/pages/3/
http://www.express-k.kz/news/?ELEMENT_ID=86090
https://liter.kz/ru/articles/show/24934-otkazatsya_ot_igly
http://erkindik.kz/zharkiy-metadonovyiy-spor/
https://www.zakon.kz/4826287-ustranit-pravovye-barery-dina-amirova.html
http://www.kaztag.kz/standpoint/detail.php?ID=505042
http://formator.info/articlepage?id=41154
http://kazradio.kaztrk.kz/kz/archive/programs/almaty-studiasy/ozekjardy_kazradio/463103