Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

29 желтоқсан 2015 ж.

Қазақстанда үкіметтік емес секторға үшін МВА бағдарламасы басталды

26-28 қыркүйекте  Almaty Management University қабырғасында «Үкіметтік емес сектордағы менеджмент» МВА бағдарламасы қатысушылары үшін алғашқы сабақтар өтті. Үш күн ішінде бағдарлама қатысушылары – қоғамдық ұйым жетекшілері мен қызметкерлері, ҮЕҰ жас көшбасшылары, бастамашыл топтардың мүшелері төмендегі пәндерді қарқынды түрде оқыды: көшбасшылық, топты құру, микро-макроэкономика, ұйымдасқан мінез-құлық, үкіметтік емес ұйымдардың менеджменті. Оқытуды ең тәжірибелі бизнес-тренерлер өткізді:

Акмарал Алталиева, экономика ғылымдарының кандидаты, тәуелсіз консультант және бизнес-тренер, Alma U бизнес мектебінің оқытушысы.

Алма Темирбекова, экономика ғылымдарының докторы, ҚР профессоры.

Руслан Калимуллин, МВА, бизнес-тренер және көшбасшылық саласындағы консультант, HR-сарапшы.

Ольга Залучёнова,  «Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты.

Ляйла Избембетова, адам ресурстарын басқару мен жоспарлау саласындағы тренингтер, семинарлар мен кеңес берулердің авторы әрі жүргізушісі.

 

Бағдарламаның басты мақсаты - Қазақстанның үкіметтік емес секторының тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің дамуы. 

Оқыту аяқталғаннан кейін, ізденушілер төмендегідей мүмкіндіктерге ие болады:

§  ҮЕҰ менеджменті мен жоба қызметін дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қалпынакелтіру;

§  ҮЕҰ қызметіне қатысты кез келген тақырыпқа сәйкес аналитикалық, консультациялық, әдістемелік, білім беру, ақпараттық және техникалық қолдау көрсету;

§  әлеуметтік идеялар жөніндегі жобаларды ұйымдастыру мен қолдау дағдыларын үйрену;

§  ақпараттық-консультациялық қолдау, логистика және гранттар бойынша есептілік, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, сондай-ақ басқа да халықаралық донорлар және тағы басқа шеңберіндегі қызмет бойынша жұмысты ұйымдастыруды үйрену.

 

Оқытуды Алматы Менеджмент Университетінің ең үздік профессорлық-оқытушылық құрамы, азаматтық қоғамның дамуы саласындағы шақырылған сарапшы мамандар жүргізеді.

14 МВА студенттері үшін нұсқаушы сабақтар тек қана бағдарламаның бастауы ғана болып табылмайды, алда оларды екі жылдық дистанционды оқу күтуде. Бағдарлама соңында студенттерге Үкіметтік ұйымдар менеджменті мамандығы бойынша «Іскерлік басқару магистрі» біліктілігі (академиялық дәрежесі) беріледі және мемлекеттік үлгідегі диплом табысталады.  

 «Үкіметтік емес сектордағы менеджмент» МВА тыңдаушыларына арналған Алматы қ.өткен үш күндік сессия тез өте шықты. Тыңдаушылардың қатарына мен де іліктім. Бес пән бойынша қызықты ақпаратты қамтыған үш күн, тамаша белсенді, жылы шырайлы курстастар, алдағы екі жылға арналған үлкен жоспарлар және өзгеруге деген мотивация, - дейді Елена Лузянина, МВА бағдарламасының тыңдаушысы. – Ұйымдастырушыларға мүмкіндік пен жаңа белес үшін, біздің координатор Айнур Қуанышеваға бізге деген қамқорлығы үшін, тренерлер мен оқытушыларға берген білімдері, ал группаға жаңа тәжірибе үшін, достық және бір-бірімізге деген көмек үшін рахмет!»

Поделиться страницей: