Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

28 желтоқсан 2015 ж.

Coca-Сola: Қазақстанның аудандық мектептеріне көмек жалғасын табады

Ақмола облысының Аршалы ауылында «3.2.1 — СТАРТ!» спорттық фестивалі өтті. Ол Coca-Cola компаниясының аудандық ауыл мектептеріне көмек көрсету бойынша пилоттық жобасының бірінші кезеңін аяқтады.

Бұған дейін «3.2.1 — СТАРТ!» бағдарламасын Түркия, Иран мен Пәкістанда жүзеге асырды, ол онда «3.2.1 — MOVE!» деп аталды. Басқа мемлекеттерде бұл ұзақмерзімдік, ең алдымен, әлеуметтік жоба: Қазақстанда жүзеге асырмас бұрын «Орталық Азияның Еуразия Қоры» Ақмола мен Алматы облысының ауыл жастары арасындағы салауатты және белсенді өмір салтын ұстану бойынша жағдайға баға беру үшін зерттеу жүргізді. Нәтижесінде, жобаны жүзеге асыру үшін Ақмола облысының Аршалы ауданы таңдалды – бұл аймақ мектептерде спорттық және бос уақыттарын пайдалану жағдайын жақсарту үшін көмекке көбірек мұқтаж болды. Coca-Cola ауданның 19 мектебіне спорттық инвентарьлар сатып әперді. Енді дене шынықтыру сабағы мектебіне спорттық инвентарь сатып әперді. Енді дене шынықтыру сабағы 3000 ауыл балалары үшін түрлендірілген, балалар кез келген ауа-райында дайындалуға барады, себебі енді оларда үстел ойындарын, хоккей ойнауға, шаңғы тебуге, хореографиямен және гимнастикамен айналысуға, волейбол ойнауға мүмкіндігі бар.

Дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен мектеп директорлары менеджмент және дене шынықтыру мен спортты оқытудың инновациялық әдістері бойынша курсттан өтті. Енді мұғалімдер үшін де, балалар үшін де бұл тек қана сабақ емес, шын мәнінде бос уақытты тиімді өткізу. Бұл барлығы асыға күтетін уақыт. Енді бұл балалармен қаар үлкендердің де өмір бөлігі.

Таңертең, сәрсенбі, +16 градусов...

Аршалы ауданы, местный – «Құрылысшы» («Строитель») жергілікті ең негізгі стадионы. Бұл үлкен және қатты тегіс емес алаң, трибуналардың сегіз қатары, оларда оқушылар, ұстаздар және жергілікті халық отыр.

Біз мұнда тамыздың басында болдық– аудан әкімшілігімен ұйымдастырылған Спартакиадада. Бұл екі іс-шараны салыстыру қиын, бірақ салыстыру керек. Тамызда әкім және жүргізушілр халықты кілемнің үстінде тұрып қарсы алды, ал қазан айында жабынды ретінде жасанды шөп болды. Шаттынып сөйлеу азайып, мереке көбейе түсті. «3.2.1 — СТАРТ!» фестивалі жеңістер мен жеңілістер туралы емес, көбірек көңіл-күй туралы. Жоғары дәрежелі қонақтардан қысқа әрі нұсқа сөздер айтылды: Аршалы ауданының әкімі Жомарт Нуркенов,  компанияға қаржылай қолдау үшін «рахмет» айтты және атап өтті: «Олар 100 мың доллардан астам сомманы спортинвентарьға жұмсады, Николаев мектебінде хоккей қорабын салды, Сарыобада залға жөндеу жұмыстарын жүргізді, Ижевскте фитнесс-зал жасады».

Ижевск мектебінде біз бір сағат бұрын болдық – балалар мен әкімшілікті гимнастика, аэробика, йогамен айналуға арналған фитнесс-залмен таныстырды. Бұнда тек қана мектеп оқушылары ғана емес, жергілікті тұрғындар да келе алатын болады. Ашылу кезінде шашу рәсімін жасады, бұл рәсімге әсіресе оқушылар қуанды.

Дене шынықтыру пәні мұғалімі Лидия Абрамова бұл өңделген залда екі топ жаттығып жатқандығын айтты және оқушылармен берге көңілді әуен сүйемелдеуімен бірнеше жаттығуларды көрсетті.

«Құрылысшы» («Строитель») стадионына қайта оралайық. Спартакиадаға 8 мектеп, 120 бала қатысуда. Оларды түрлі топтарға біріктірді: Көктер, Қызылдар, Сарғылттар, Жасылдар. Алғаш рет бірнеше мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдері Спартакиадаға балаларды дайындау үшін, бірлесіп жұмыс істегені көрініп тұр.

Аршалы ауданының спортшылары стадионды айналып жүгіріп, Спартакиада алауын жақты. Алима Исембаева,  Coca-Cola Almaty Bottlers компаниясының корпоративтік қатынастар бойынша директоры, балалар мен ата-аналарға сәлем беріп, қошамет көрсетті:

— Менің сіздерге үлкен рахмет айтып келеді, сіздер сондай белсенді, жалындысыздар, бізбен жұмыс істеуге дайынсыздар. Ең бастысы, сіздер әрқашан спортпен шұғылдануға дайынсыздар. Сіздің ауданнның әкімшілігіне алғыс айтқым келеді, себебі әкімшіліктің қолдауынсыз мұндай жоба жүзеге асырылмас еді. Өз жұмыс тәжірибеме орай айтайын, сіздердің әкімшілік ең ерекше. Біз бұл тек бастамасы деп қана үміттенеміз. Біз сіздер өз ауылдарыңызды, ауданды қолдауды жалғастыруларыңыды қалаймыз. Әсіресе, дене шынықтыру пәні ұстаздары мен балаларға алғысым шексіз.

Жылдың басында компания бұл жобаға дайындық кезінде ұсынылған көмектен бас тартқан аудандық әкімшіліктер болды, мүмкін халықаралық компанияның шындап кіріскендігіне сенімсіздік болды.

— Компанияның бөлген қарадаты біздің бюджет үш есе көп, - деп мойындады Аршалы ауданының әкімі Жомарт Нуркенов— Біздің бюджет өте аз. Өткен жылы мен тек бір ғана мектепке – Константиновск орта мектебіне спортинвентарь үшін тек қана 800 мың қаражат бөлгенмін. Ең бастысы инвентарь емес, адамдардың мотивациясы. Мысалы дене шынықтыру пәні мұғалімдері Coca-Cola ұйымдастырған тренингтерге қатысты және енді жұмысқа басқаша бағытталған, бұны мына спартакиададан да көруге болады. Жазда өткізілген мен мына спартакиада арасында ерекшелік үлкен,сіздер де мұны сезіп тұрсыздар ғой?

Біз келісім ретінде басымызды изедік, ал әкім сөзін жалғады «өткен жылы біз спорттық жетістіктертен облыс бойынша 19 ауданның ішінен 18-орын алғанбыз, ал биыл 11-орынға ие болдық. Мұндай жетістік соңғы рет 2002 жылы орын алған болатын».

Нуркенов басында компанияның бастамасына қатты сенбегендігін мойындады. «Маған ең алғаш рет Қор мен Coca-Cola қызметкерлері келген кезде, мен ойланып, жұмыс істеп көрейік деп шештім. Олар барлық мектептерде болып қатты, бұл машина іске қосылып кетті. Мен процесстің басталғанын түсінндім. Барлық әкімшілікпен бірлесіп жұмыс істей бастадық. Біз енді ары қарай жұмысты жалғастырғымыз келеді – Серік Сапиев, «Барыс» команасын шақырғымыз, Coca-Сolа  хоккей қорабын жасаған Николаев мектебінде жақсы спортшылармен бірлесіп тренингтер ұйымдастырғымыз келеді. Мен автобустармен қамтамасыз етемін, барлық ауданды сол жаққа апарамыз».

Біз әкіммен әңгімелесіп жатқанда фестиваль қызу жүріп жатты: 120 бала алаңда ширату жаттығуларын жасап жатты. Тамыз айында дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған тренингте Fidelity клубының шеберлері Елена Кун және Роза Алдонгарова ширату жаттығуларына үлкен көңіл бөлген. Роза Алдонгарова даже тіпі Спартакиадада көрсету үшін іс-қимылдар көрсетілген видеоны жібеді. Сол арқылы фестивальге дайындық кезінде жаттықты.

Ерлан Накипбеков, №2 Аршалы аудандық мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:

Біз тренингтерден соң дайындыққа кірісіп кеттік, таңертеңнен кешкі сегізге дейін дайындалдық. Әне Юрий Палыч бізбен әлі жүгіріп жүр, — тағы бір дене шынықтыру пәнінің ұстазы Юрия Дмитриев жағына қарай көрсетті. — Біздегі оқыту нақты өзгерді, балаларға деген басқа тәсілдемені қолдана бастадық, музыка көбейе түсті. Балаларға өте ұнады. Тіпті ауа-райы жаман болып тұрса да, жаттыққылары келеді. Мысалы, дүйсенбі күні қар араласқан жаңбыр жауды, бірақ балалар алаңға келді, ешкім ауырмады.

Юлия Чернобай,  №2 мектептің оқушысы, 11 жасынан бастап бимен айналысалы, сондықтан да оны ширату жаттығуының басына қойып қойды: ол трубунада балаларға қарсы тұрып, қимылдарды көрсетіп тұрды, ал олар қайталады:

— Бізге дайындалу керек деген ереже келді, сол күні маған видеоны жіберді. Мен оны бірден жаттап алып, сол бойынша дайындала бастадық мектепте. Біздің мектепке дайындық үшін 2 күн жеткілікті болды, біз тез үйреніп, стадионда дайындала бастадық. Дайындықтың соңғы күндері күнде болды. Осы фестиваль арқасында мұғалімдер мен оқушылар бір біріне жақын, тату бола бастады.

Ширату жаттығуынан кейін эстафета басталады, оны да тренингте оқытқан болатын. Жарыстарда компания сыйға тартқан инвентарь қолданылады: допта, шеңберлер, секіртпелер.

Сосын ең шешуші сайыс басталады: арқан тарту.

— Қызылдар!!!

— Көктер!!!

Трибунадан жанкүйерлер айқайлауда. Қызылдар тобы жеңіске жетті, екінші орында Жасылдар, үшінші орында Сағылттар тобы. Қызылдарда бірнеше жаттықтырушылары бар, оларға жақындадым, олар өз топтары туралы жарыса айтуда: «Біздің топта Анар мектебінің қыздары, №3 мектептен 25 бала, мұғалімдер №3, Анар және Волгодоновск мектептерінен. Инвентерь аздар жетіспейді, бірақ біз тырысамыз. Мысалы, бар болғаны екі волейбол доптары, секіртпелер жоқ, бірақ біз жоқтан бар жасаймы!»

Дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен балалар марапатталады— сыйлықтар мен дипломдар, естелік суретке түседі, сосын барлығы алаңға қайтадан шығып, аспанда түрлі түсті шариктерді жібереді. Күшті жел оларды биікке алып кетеді, ал осы уақытта мынандай дауыс шығады: «Стадионда қоқыс қалдырмаймыз!»

 «3.2.1 — СТАРТ!» фестивалі аяқталды, бірақ мектептерге арналған көмек жалғасын табады: Аршалыда мұғалімдерге арналған жаңа тренингтер жүргізілетін болады, ал келесі жылы Coca-Cola дәл осындай жобаны Қазақстанның басқа аймағында жүргізуді жоспарлауда.

Қайнар көзі: http://vlast.kz/zhizn/13484-100-000-na-pomos-rajonnym-skolam-eto-tolko-nacalo.html

Поделиться страницей: