Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

7 сәуір 2015 ж.

COCA-COLA ALMATY BOTTLER мен ОАЕҚ ауыл жастарын бұқаралық спортқа тартуға ықпал етуде

 

Coca-cola Almaty Bottlers, Орталық Азияның Еуразия Қоры Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, спортпен шұғылдану саласында ауылдағы мектептердің инфрақұрылымдық мәселелерін шешуге және мектептерде спортпен шұғылдану саласында оқыту бойынша инновациялық әдістемелерін ендіруге бағытталған "3. 2. 1. - СТАРТ!" жобасын бастады.

Жобаның алғышарты

Жоба басталмас бұрын, Coca-cola Almaty Botllers компаниясы Алматы және Ақмола облыстарында ауыл жастары арасындағы салауатты және белсенді өмір салтын ұстану жағдайын бағалау үшін зерттеуді ұйымдастыруға себепкер болды. Зерттеу нәтижесінде, балалар арасында спорттың кең таралуына кедергі болатын бірқатар жағдайларды анықталы: спорттық секциялар, инвентарлардың аздығы, аудандық және облыстық жарыстарға бару үшін қаражаттың жеткіліксіздігі т.б. аудандардағы спорттың дамуын тежеп, нәтижесінже балалардың спортпен шұғылдануға аз тартылуына және салауатты өмір салтын ұстанбауына алып келеді.

Аталмыш зерттеудің нәтижесі бойынша, ұйымдастырушылар Ақмола облысы Аршалы ауданында «3,2,1 Старт» пилоттық жобасын іске қосу туралы шешім қабылдады. Жоба шарттарына сәйкес, жоғарыда көрсетілген ауданның 28 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында әр түрлі жастағы балалардың салауатты салтты ұстанып, спортпен айналысуға тартатын бастамаларын әзірлеуге арналған байқау ұйымдастырылады. Ең үздік идеялар жоба доноры арқылы жүзеге асырылады.

Жоба туралы

Жоба мақсаты: 

  • Ауыл балалары мен жастары арасында спортпен айналысу мен салауатты өмір салтын ұстану бойынша қанағаттану пен ынталандыру деңгейін өсіру.

 

Жоба міндеттері:

  • Спорт саласындағы мектептік және демалыс қызметтерінің сапасын арттыру.
  • Жергілікті тұрғындардың ауылдың спорттық өмірін дамытуға атсалысу. Жобаның әлеуметтік маңыздылығы. 

Алима Исембаева, Coca-ColaAlmatyBottlers (CCAB) корпоративтік қатынастар жөніндегі директоры: «Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен белгілеген басты мақсаттардың бірі – 2050 жылға дейін тұрғындардың спорт пен СӨС саласына араласуы деңгейін 30% жеткізу. Мемлекет басшысы өзінің жолдауына салауатты өмір салтын насихаттау маңыздылығы мен елімізде бәріне қол жетімді спортық кешендердің, инвентарлар мен құралдардың аздығын атап өтті. Әлеуметтік-жауапты компания ретінде, салауатты демалыстың дамуына өңірлік деңгейде ықпалдасуды қажет деп санаймыз, себебі ауылдық өңірлер аудандық мектептерде спортпен айналысу үшін материалдық-техникалық жабдықтанумен қамтамасыз етілуде өте үлкен қажеттілікке ие. Балалар спортпен айналысып, спорттық секцияларға қатысып, уақыттарын бос өткізбес үшін барлық жағдайды жасауымыз керек – біз бұл пилоттық жобада республикамыздың барлық өңірлерінде балаларлы салауатты өмірге кезең-кезеңдік тартудың фундаментін көреміз және осы бастаманы қолдаймыз.

Ринад Темірбеков, ОАЕҚ Атқарушы директоры (Орталық Азияның Еуразия Қоры): «Біздің қор бірқатар жастар мен білім беру жобаларын жүзеге асырған – бұл қор қызметінің бір бағыты, сондықтан біз салауатты және белсенді қазақстандық ұрпақтың қалыптасуының өзектілігі мен маңыздылығын түсінеміз. «3, 2, 1 - Старт» жобасы өз алдына бірнеше маңызды міндеттер қойып отыр – балалар спорты үшін қолайлы жағдайларды жасау және дене шынықтыру пәні бойынша ауыл мұғалімдерінің тренингтер арқылы біліктілігін арттыру. Біз тек қана салауатты демалыс үшін жағдайды жақсартып қана қоймай, білім берудің инновациялық тәсілдерін ендіріп, ұстаздарды оқытып, қажетті біліммен шыңдап, олардың мәртебесін өсіргіміз келеді. Егер ұстаздар осы пәнге толығымен еніп кетсе, олар өздерінің оқушылары үшін максималды тиімді жағдайларды жасайтын болады». 

Жоба ұйымдастырушылары жергілікті атқарушы билік органдары, ұстаздар мен еріктілердің осы жобаға деген қызығушылығын атап өтті.

Жоба үйлестірушісі қызметіне үміткер, ерікті: «Ауылды жердегі балалардың, қаладағы балалармен салыстырғанда, өз уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіншілігі аздау, спорт олардың өмірінің маңызды құрамдас бөлігіне айналуым мүмкін».

Жобаның алғашқы қадамдары: дене шынықтыру пәні ұстаздарына арналған жоба менеджменті саласындағы тренинг

2015 жылдың 1 сәуірінде дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен жерілікті мектеп директорларына жобаның презентациясы болып өтті. Аршалы ауданының әкімі Нүркенов Жомарт Жұмағалиұлының қатысуымен өткен жобаның салтанатты ашылуынан кейін, дене шынықтыру мұғалімдері үшін жоба менеджементі туралы тренинг өтті. Аталмыш тренинг мақсаты жобаларды әзірлеу дағдыларына, өтінімдерді жазу, донорларды іздеу және оның жүзеге асуы бойынша оқыту болып табылды. Тренинг соңында, спорт саласындағы ең үздік инновациялық жобалардың конкурсына байқау жарияланды. Дене шынықтыру мұғалімдерімен бірлесе отырып, байқау өтінімдерін бағалау үшін келесідей критерийлер анықталды:

  • Өтінім берушінің жаттықтырушылық тәжірибесі (20%);
  • Күтілетін нәтижелердің жоспарланған бюджетпен сәйкестігі (20%);
  • Ата-аналар комитеті өкілдерімен шектеліп қана қоймай, ата-аналардың жобаны жүзеге асыруға қатысуы (10%);
  • Инновациялық білім беру тәсілдерін, соның ішінде мәселені стандартты емес шешу жолдарын қолдану (20%);
  • Өтінім берушінің кооперативтілігі және ОАЕҚ ұсыныстарына икемді жауап беру дайындығы (10%);
  • Жаңа спорт түрлерін ендіру (басымдылық қыздардың сорт түрлеріне беріледі) (10%).
  • Жобаны жүзеге асыруға өз үлесі (немесе тартылған серіктестің үлесі) (10%).

Байқау нәтижесінде, ең үздік инновациялық жобалар қаржыландыруға ие болады. 2015 жылдың күзінде Орталық Азияның Еуразия Қоры Кока Кола Алматы Боттлерс компаниясымен бірлесе отырып, ауқымды фестиваль өткізуді жоспарлап отыр, оның шеңберінде жоба қатысушылары жалпы жұртшылықтың алдында өз жобаларының нәтижелерін көрсететін болады.

Жоба қатысушыларының бірі Татьяна Немцан, Вячеслав ОМ директоры, Арнасай ауылы былай дейді: «Тренинг өте жоғары деңгейде өтті, себебі қатысқан 70 адамның көбісі негізінде жобаны әзірлеу мәселелері, жоба міндеттерін жүзеге асыру бойынша жергілікті қауымдастықпен жұмыс жасау бойынша тұрақты білімдері болмады. Тыңдаушылар арасында әсіресе жобаның логистикасын құрастыру, жұмысты жоспарлау, әлеуметтік серіктестерді, әкімшілік құрылымдарды тарту бойынша мәселелер қызығушылық туғызды. Тренинг ұйымдастырушылары – Орталық Азияның Еуразия Қоры өкілдері тренингті ақпараттық қамтылған, тәжірибелік және пайдалы етіп өткізді. Осы жобаға қатысу спорт саласындағы мектептік қызметтердің сапасын жақсартуға, ауыл жастарының спортпен шұғылдануға деген қызығушылығын арттыруға көмектеседе деп үміттенеміз».

Байланыс тұлғалары:

  • Жоба менеджері: Бачище Андрей, ОАЕҚ Жоба маманы, тел.: +7 (727) 250 18 10, ішкі 105, ұялы: +7 777 525 74 63, почта: andrey@ef-ca.org 
  • Донордың өкілі: Мөлдір Сапарова, Жоба маманы, тел.: +7 (727) 250 93 19, почта:moldir.saparova@cci.com.kz

 

Жоба туралы толығырақ мында 

 

 

Поделиться страницей: