Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
25 шілде 2017 ж.
«Agrobiz.kz» Германия және Қазақстан фермерлерінің арасындағы ынтымақтастық көпіріне айналды
«Еңбекшіқазақ аудандық жергілікті қауымдастықтар қоры» ҚҚ USAID-тың «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» бағдарламасының шеңберінде германиялық фермерлер делегациясын қарсы алды. Жалпы саны 28 адам келді, олардың қатарында фермерлер, агрокәсіпорындардың басшылары мен инвесторлар бар.
Делегация басшысы Дитрих Трайс мырзаның сөзіне сенсек, Германияның батыс аудандарынан келген фермерлердің елдің инвестициялық әлеуетін анықтау, фермерлерімен танысу, тәжірибе алмасу мақсатында Орталық Азияның елдеріне жұмыс сапарын жоспарлағандарына біраз болған.
Сондай-ақ, Трайс мырзаның атап өткеніндей, олар аталған мәселені бастапқыда мемлекеттік құрылымдар арқылы шешпек болған, алайда таныстыру үшін мемлекет тек үлгілі фермаларды ғана көрсетеді деген ықтималдықтың жоғары болғаны жасырын емес.
«Ал біздің басты мақсатымыз - қарапайым, кәдімгі, өзін-өзі жұмыспен қамтушы фермерлерді көру болды. Сондықтан өз бетімізше іздестіріп, интернет желісі арқылы Қазақстанның фермерлеріне шықтық. Дұрыс мекенжай бойынша хабарласқандығымызға көзіміз жетпегендіктен ұзақ уақыт іздедік. Осылайша аgrobiz.kz. сайтына тап болдық, Қазақстан фермерлерінің аймақтар, қызмет ету саласы бойынша дерекқорымен таныстық. Дереу фермерлермен хабарласуды бастап кеттік», - деп Д. Трайс өз сөзін жалғастырды.
Кездесу барысында Алматы облысының шаруа қожалықтарына жұмыс сапары ұйымдастырылды. Олар «Амиран» сүт компаниясының фермасы, «Қызыл ту» көгал өндіру фермасы және Бәйтерек ауылында орналасқан жылыжай.
«Біз аgrobiz.kz порталына орасан зор алғысымызды білдіреміз және ұзақ мерзімді ынтымақтастық қатынастар орнады деп сенеміз! », - деп неміс делегациясының басшысы өз ойын қорытындылады.
Қазақстанға келмес бұрын фермерлер тобы Үндістан, Қытай және Латын Америкасы елдерін аралаған екен.