Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

23 маусым 2023 ж.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында халықтың

Қатысушылар қолөнер немесе көкөніс өсіруді үйреніп, жеке микробизнесін дамытуға
16 мамыр 2023 ж.

Орал қаласында Orle Fest қалалық фестивалі өтеді

Келген қонақтарды жергілікті қолөнершілердің дизайнерлік бұйымдар мен
15 мамыр 2023 ж.

Ақмола облысында иппотерапия сабақтары мен ат турлары

«Keremet jol» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысында иппотерапия сеанстарын өткізіп

12 қыркүйек 2017 ж.

«3.2.1. Старт!» жобасының екінші сатысының қорытындылары шығарылды

20 маусымда финалдық таныстырылымдар барысында «3.2.1. Старт!» жобасының үш жеңімпазының есімдері белгілі болды. Финалға шыққандар 10 күн бойы конкурстық комиссияға өз идеяларын таныстырды, ал комиссия жоба ұйымдастырушыларынан грант алатындар жайында шешім шығарды. Жеңімпаздар ретінде танылғандар:

Қуаныш Мәден, Шымкенттен, «Құбыр тазалауда құбыр тазалаушы роботты пайдалану» жобасымен;

Дінмұхамед Құмарғазин, ШҚО Абай ауданы Қарауыл ауылынан, «Ауылдағы Жастар үйі базасында би және фитнес-студиялар ашу» жобасымен;

Алина Дектерева, Алматыдан, «Балалар киім-кешегін тігетін тігін шеберханасын ашу» жобасымен.

Таңдаулы үш бизнес-идеяның авторлары өз жобаларын жүзеге асыру үшін 1 миллион теңге көлемінде грант алады. Бұл қаржыға жеңімпаздардың әлеуметтік бастамаларын іске асыруға мүмкіндік беретін қажетті құрал-жабдық сатып алынады.

Биылғы наурыз айында CCI Kazakhstan компаниясы Орталық Азия Еуразия Коры (ОАЕҚ) қоғамдық ұйымымен, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатымен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп Қазақстанның әр түрлі аймақтарында нақты әлеуметтік және экологиялық проблемаларды шешу саласындағы жастар бастамаларын анықтауға және қолдау көрсетуге бағытталған кең көлемді «3.2.1. Старт!» жобасын іске қосқандығын еске сала кетейік.

Өтінімдер наурыздың ортасынан сәуірдің аяқ шеніне дейін қабылданды. Жастарды жобаға қатысу шарттарымен таныстыру мақсатында «Жас Отан» ЖҚ өкілдері Қазақстанның барлық өңірлерінде студенттермен кездесулер өткізді. Нәтижесінде қарауға келіп түскен 80-нің үстіндегі жобаның ішінен конкурстық комиссия финалға баратын 10 адамды таңдап алды. Іріктеу барысында жобаны ұйымдастырушылардан, әр түрлі министрліктер, сондай-ақ тәуелсіз медиа өкілдерінен тұратын білікті жюри мынадай өлшемдерді басшылыққа тұтынды:

өмір талаптарына сәйкес келуі – аймақтағы нақты проблеманы шешуі;

инновация – міндет шешудегі жаңа көзқарас;

орнықтылығы – жоба алдағы уақытта өзін-өзі ақтайтындай жоба бола алады;

әлеуметтік-экономикалық тиімділік.

«Әлбетте, көп өтінімнің ішінен неғұрлым қызық, ең бастысы болашағы бар идеяларды таңдап алу оңай шаруа емес, - деп атап көрсетті CCI Kazakhstan компаниясының корпоративтік және мемлекеттік қатынастар бөлімінің директоры Алима Исембаева, - таңдаудағы нақпа-нақ тұжырымдалған өлшемдер финалға шығатындарды анықтауға көмектесетіні даусыз. Әйткенмен әр жобаның артында тірі адамдар тұрғанын және де қоғамның күрмеулі мәселелеріне жіті үн қосатын, республикамыздың өркендеуіне мүмкіндігінше үлес қосқысы келетін сергек жандар тұрғанын жақсы түсіндік. Сондықтан конкурстық комиссияның мүшелері атынан жобаға қатысушылардың барлығына алғыс айтып, алдағы өмір сапарларына табыс тілегім келеді».

Екінші сатының қорытындысымен 10 таңдаулы идеяның авторлары мыналар деп танылды:

  • Виталий Шеминг, Петропавловск қаласы
  • Олжас Төлеген, СҚО, Жамбыл ауданы, Пресновка кенті
  • Айдана Жұмағұлова, Ақтөбе қаласы
  • Қуаныш Мәден, Шымкент қаласы
  • Ақбота Әукен, Текелі қаласы
  • Әсел Садықова, Талдықорған қаласы
  • Дінмұхамед Құрманғазин, ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл кенті
  • Мәдина Ақашева, Астана қаласы
  • Алина Дектерева, Алматы қаласы
  • Нұрбек Керімжанов, Текелі қаласы

«Орталық Азия Еуразия Қоры» ҚҰ өкілдері финалға шыққандардың барлығымен кәсіпкерлік әліппесіне, әлеуметтік жобалау және жоспарлау ісіне үйретуге арналған бірқатар вебинарлар өткізді. Айталық, алғашқы вебинар бизнес жоспарлау негіздеріне арналды, оны жетекші ретінде белгілі бизнес-бапкер Ғалым Жукупбаев жүргізді. Екінші вебинарды Ринад Темірбеков (ОАЕҚ) әзірледі, ол интернеттегі сатылым технологиясы жөнінде әңгімеледі. Бизнес-маркетингтің негіздері жайлы білімін CCI Kazakhstan компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Азура Камил бөлісті. PR-коммуникацияларға арналған соңғы вебинарды ОАЕҚ-ның коммуникация және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бастығы Анастасия Блок өткізді.

Оқыту бағдарламаларынан соң қатысушыларға финалдық таныстырылым әзірлеу кезегі келді, бүгін олар онымен конкурстық комиссия мүшелерінің алдына шықты. Оның алдында жастар шығып сөйлеуге машықтану үшін Анастасия Блоктің тиімді таныстыру және шешендік сөз шеберлік сыныбынан өтті.

Жобаны ұйымдастырушылар жасағы жоспар бойынша 2017 жылғы қарашада қорытынды таныстырылым болады, онда жұртшылық назарына үш жеңімпаз жобаның алғашқы нақты нәтижелері ұсынылады. 

Поделиться страницей: