Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

12 қыркүйек 2017 ж.

«3.2.1. Старт!» жастар бастамалары саласындағы жаңа маусымның ашылуы

2017 жылғы 16 наурызда CCI Kazakhstan компаниясы «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатымен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және «Орталық Азия Еуразия Қоры» (ОАЕҚ) қоғамдық ұйымымен бірлесіп, республиканың әр түрлі аймағында нақты әлеуметтік, экологиялық проблемаларды шешу және туризмді дамыту саласындағы жастар басталамаларын анықтауға және қолдау көрсетуге бағытталған «3.2.1. Старт!» кең көлемді жобасын іске қосты.

Жобаның негізгі мақсаты – аймақтардағы неғұрлым зәру мәселелерді анықтап, шешуге әрекеттеніп қана қоймай, жастарды кәсіпкерліктің, әлеуметтік жобалаудың және жоспарлаудың әліппесіне оқып-үйрету.

«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында атап көрсетілгендей, жастардың әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістерге толыққанды қосылуы мемлекеттің, азаматтық қоғам институттарының және бизнес-қоғамдастықтың өзара кеңінен әрекеттестігі негізінде қамтамасыз етілмек. Біздің компания сол себепті де жастар ұйымдары өкілдерін, мемлекеттік секторды және бизнесті біріктіретін жобаға бастамашы болып отыр. Олар білікті жюри ғана емес, тәлімгерлер де болмақ», - деп атап көрсетті CCI Kazakhstan компаниясы корпоративтік және мемлекеттік қатынастар бөлімінің директоры Әлима Исембаева.

«3.2.1. Старт!» жобасы шеңберінде 17 және 22 жас арасындағы жастар (колледждер, ЖОО студенттері, жас мамандар) кәсіпкерлік қызмет арқылы әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруда нақты көмек алады. Азаматтық ұстанымы белсенді, өз өңіріндегі проблемаларды шешуге көмектескісі келетін кез-келген жас жоба сайтына (www.321.the-steppe.com) өтінім жолдай алады, сөйтіп қатысушы бола алады. Өтінімдер 2017 жылғы 16 наурыздан 17 сәуірге дейін қабылданады.

Екінші кезең барысында білім және ғылым министрлігінің, денсаулық және әлеуметтік даму министрлігінің, ұлттық экономика министрлігінің «Атамекен» ҰКП, ОАЕҚ және CCI Kazakhstan компаниясы өкілдерінен тұратын комиссия 10 өтінімді таңдап алады, олар одан әрі байқауға қатысуға жіберіледі. Бұл кезең биылғы 24 сәуірге дейін созылады.

«Әлбетте, іріктеу кезінде біз мәселенің зәрулігі мен көкейкестілігі тәрізді өлшемдерді, сондай-ақ ұсынылған шешімді өмірде жүзеге асыруға болатындығын негізге аламыз. Яғни, идея қанша жерден мықты болып тұрса да, оның шешімін табудың жұмыс істеуші тетігі ұсынылмаса, әлгі жоба қолдау таппайды. Осы арқылы біз еліміздің әрқилы саласын жақсартуға шынымен де еселі үлес қосуды қамтамасыз еткіміз келеді. Бұл орайда бастамашыл жастарды идеяны туған сәтінен жүзеге асырғанға дейін көлбеу орналастыра отырып алыстан ойлауға үйретудің маңызы зор», - деп дәлдеді ОАЕҚ атқарушы директоры Ринад Темірбеков.

Сәуірдің аяқ шенінен 30 мамырға дейін жартылай финалға шыққандар арасында оларды таныстырылым жасау, жоба менеджменті, бизнес-жоспар  жасау және тағы да басқалардың әліппесіне үйрететін бірқатар вебинарлар өткізіледі. Сосын, 2017 жылғы 30 мамырда конкурсқа қатысушылар өз жобаларын кеңінен таныстыруға шақырылады. Бұл тур 3 жеңімпазды анықтаумен қорытындыланбақ, оларға жобаларын іске асыру үшін 1 миллион теңге көлемінде гранттар бөлінетін болады. Бұл ақшаға қажет құрал-жабдық алынады. Орталық Азия Еуразия Қоры жұмысты үйлестіріп отырады, оның өкілдері барлық үш жоба жеңімпазының жанында мәреден бастап сөрелік есеп беруге дейін болады. 2017 жылғы қарашада қорытынды таныстырылым өткерілмек, онда жұртшылық назарына жобалардың алғашқы нақты нәтижелері ұсынылады.

Ұйымдастырушылар «3.2.1. Старт!» бағдарламасын іске асыру барысында жастардың көптеген проблемаларды, соның ішінде қоршаған ортаның ластануы, су және басқа да табиғи ресурстарды ысырап ету, экожүйені бұзу, шаруашылықты бей-берекет жүргізу және басқа да мәселелерді шешуге деген ынтасы оянады деп үміттенеді. Ұзаққа есептелген жоспарда жоба әлеуметтік салаға  салынатын адами, ақпараттық, зияткерлік,  материалдық және өзге де ресурстарды арттыру мүмкіндігіне, дұрыс кадрлар тәрбиелеу, инновация әкелу мәселелеріне бағытталмақ.

Қосымша ақпарат алу үшін жоба менеджері Андрей Бачищеге мына байланыстар: +7 (727) 250 18 10, ішкі 105, моб.: +7 777 525 7463, немесе мына электрондық пошта andrey@ef-ca.org арқылы шығуға болады:

Неғұрлым толық мәлімет «3.2.1. Старт!» жобасының ресми парақшасында: https://321.the-steppe.com/cola

Поделиться страницей: