Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

27 маусым 2018 ж.

2018 ж. «Жарқыра» байқауының жеңімпаздары

Атырау, Қазақстан –  17 маусымда Атырауда, Орталық Азияның Еуразия Қоры «Тенңізшевройл» ЖШС қаржылық қолдауымен жүзеге асыратын «Жарқыра» бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша үздік жобалар авторларына сертификаттар тапсыру салтанаты өтті.

2018 ж. 30-31 мамырында байқаудың 25 жартылай финалистері өздерінің әлеуметтік жобаларын сарапшылар комитетіне таныстырды. Комитет грант, 5 жылдық пайызсыз несие және кәсіби тағылымдамалар түріндегі қаржылық қолдауға ие болатын 8 жобаны таңдап алды. «Жарқыра» бағдарламасының биылғы жалпы грант қоры 14 900 000 теңгені құрады. Жеңімпаздар қатарында Атырау қ. мен Жылыой және Махамбет ауданындарындағы 5 кәсіпкерлік пен 3 стартап бар.

Сарапшылардың дауыстары нәтижесінде байқаудың жеңімпаздары атанды:

  1. «Венера» инклюзивті шеберхана» жобасыменГүлбарам Ермұханова. Гүлбарам ең жоғарғы ұпайды жинап, 3 млн. теңге көлеміндегі грантты және кәсіби тағылымдаманы ұтып алды. Ерекші баланың анасы болғандықтан, Гүлбарам Атыраудағы осындай балалардың ата-аналары тап болатын қиындықтарды жақсы біледі. Жоба аутизм, психикалық даму бөгелісі, сөйлеудегі даму бөгелісі, Даун синдромы диагноздары қойылған мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесетін болады.
  2. «FasTracKids: болашақ көшбасшылар» жобасымен Алмагүл Шудабаева 3 млн. теңге көлеміндегі пайызсыз несиені және кәсіби тағылымдаманы ұтып алды. «FasTracKids» - бұл балаларға білім беру орталығының халықаралық франшизасы. Орталықтың жұмысы балалар үшін дамыту ортаны құруға, қабілеттерін ашуға, өмірге қажетті жеке қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. «Монтессори» кабинетінде мүмкіндігі шектеулі балаларға жағдай жасалған. Жоба Құлсары қаласындағы мектепке дейінгі мекемелердің жетіспеушілігі және балалардың сапалы ерте даму мәселелерін шешуге үлесін қосуда.
  3. «Бақытты ана» босануға дайындау орталығы жобасымен Татьяна Циммерман 3 млн. теңге көлеміндегі пайызсыз несиені және кәсіби тағылымдаманы ұтып алды. Орталық әйел адамдарға дені сау баланы дүниеге әкелуге және отбасыны нығайтуға көмектеседі. Бұл үшін орталықта арнайы дене шынықтыру сабақтары, отбасы психологының дәрістері мен кеңес берулері өткізіліп тұрады.
  4. «Мүгедектерге арналған спорт клубы» жобасымен Махамбет ауданының тұрғыны Гүлден Утебалиева 1,5 млн. көлеміндегі пайызсыз несиеге және кәсіби тағылымдамаға ие болды. Жергілікте спорт мектебінің бір залында орналасқан клубта мүгедектерге үстел ойындары мен үстел теннисінен сабақтар жүргізіледі. Гүлденнің мақсаты – спортқа мүмкіндігі шектеулі жандарды көбірек тарту.
  5. «Робототехника клубы» жобасымен Асқар Алдан кәсіби тағылымдама ұтып алды. Роботехника сабақтарында 6-16 жас аралығындағы оқушылар роботтарды құрастырып жинайды, құрылғылармен, моторлармен жұмыс жасайды, роботтарға арналған бағдарламалар жазады. Мұндай сабақтар балалардың техникалық және инженерлік дағдыларын, логикасын дамытады, мәселелерді және ауыр тапсырмаларды  шешуге үйретеді.
  6. «Всплеск» шығармашылық студиясы» жобасының авторы Марина Канцева кәсіби тағылымдама ұтып алды. Марина студияны 2016 ж. ашты. Студияда музыка театры, фотостудия жұмыс жасайды, хореография, сурет, вокал және қол өнер сабақтары өткізіледі. Студия жанында «Біз өмір сүреміз» жасөспірімдер клубы әрекет етеді. Оның әлеуметтік міндеті – гуманитарлық және шығармашылық қызмет саласында бюджеті орташа немесе төмен отбасылардан шыққан жасөспірімдерді бастапқы кәсіптік бағдарлау. Жұмыс орындарын жасау және болашақ мамандарды дайындау.
  7. «Туған жер» туризм және аймақтану клубы жобасымен Гүлжан Елешева 500 000 тг. көлемінде пайызсыз несие ұтып алды. Жоба мектеп оқушыларына туған жерін зерттеп, табиғатта өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Клуб мүшелері турситтік сапарларда көмегі болатын теориялық білім алады.
  8. «Сенім» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық-оңалту орталығы жобасының авторы Ілияс Үсенов 1,5 млн. көлеміндегі пайызсыз несиеге және кәсіби тағылымдамаға ие болды. Ілияс өндірістік жарақат нәтижесінде 1 топ мүгедектігін алды. Бірнеше жыл бойы ол Алматы мен Астананың оңалту орталықтарында ем алып келді. Согдақтан да, Атыраудағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсартып, өмірге қайтару үшін спорттық-оңалту орталығын ашуды ұйғарды. Ілиястың орталығында олар арнайы жаттығу құрылғыларында жұмыс жасап, бір-бірімен араласа алады.

 

«Каратэ және оригами жапон өнер орталығы» жобасының авторы Венера Тұрғанова «Атырау» телеарнасының сайтында өткен дауыс берулердің жеңімпазы атанды. Ынталандыру сыйлығы ретінде Венераға 2019 ж. «Жарқыра» бағдарламасының барлық іс-шаралары мен тренингтеріне тегін қатысу құқығы берілді.

Жеңімпаздарды жариялау салтанаты «Алтын сазан» демалыс орнында тимбилдинг форматында өтті. Оған байқаудың 2016-2017 жж. жеңімпаздары, бағдарламаның кеңес берушілері, серіктестері және тренерлері қатысты.

Биыл байқауға 69 өтінім түсіп, оның 25 жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалистерге арнап қор маркетинг, қаржылар, стратегиялық жоспарлау және көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары бойынша бизнес-тренингтер өткізді. Сонымен қатар, қатысушылар бизнес-жоспар жазуда кеңес берушілердің көмегін алды.

«Жарқыра» бағдарламасында ӘК қолдаудың бүкіл кезеңі қарастырылған: өтінімдерді іріктеу, оқыту, қаржыландыру алу байқауы және тәлімгерлік.  Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл қоғамдағы өзекті мәселелерді жаңашыл жолмен шешуге бағытталған әлеуметтік миссиясы бар бизнес. Оны әр түрлі елдердің азаматтары өз бетімен қоғамдағы өзекті мәселелерді тиімді шешу үшін табысты қолданылып келе жатыр. Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау – бұл әлеуметтік мәселелерді шешудегі мемлекетке көмек көрсету, ақылмен жасалған қайырымдылық.

Поделиться страницей: