Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Кәсіпкерлікті қолдау

Карта деятельности Фонда

Байтақ жер

Дата начала: 01.10.22 Дата завершения: 30.09.23

Общая информация о проекте


“Орталық Азияның Еуразия Қоры” КҚ “Шеврон” компаниясымен серіктестікте “Байтақ жер” жобасын іске қосты.

Жоба туризм саласындағы кәсіпкерлікті қолдау мен жастарды тарту есебінен ауылдық жерлердегі халықтың экономикалық проблемаларын қысқартуға бағытталған.

Жобаның географиясы - Ақмола облысы.

Жобаның мақсатты аудиториясы - шағын және орта бизнес кәсіпкерлері, жастар және ҮЕҰ-дар.

Жобаның мақсаттары:

  • Өңірлердегі экономикалық жағдайды жақсарту

  • Жастардың, ШОБ және ҮЕҰ әлеуетін арттыру

  • Жаңа туристік бағыттарды дамыту есебінен жағымсыз рекреациялық әсерді азайту

Жобаның бағыттары:

  • Туристерді тарту үшін жергілікті жас кәсіпкерлердің құзыреттілігін арттыру

  • Рекреациялық жүктемені азайту үшін жаңа туристік бағыттарды құру

  • Жастарды қоғамдастық мәселелерін шешуге тартуға жәрдемдесу

Жобадан күтілетін нәтижелер:

  • ШОБке қарыздар мен ҮЕҰдарға гранттар беру түрінде жобаларды қолдау

  • Жобаларды әзірлеуге қала және ауыл жастарын тарту

  • Туризм және балама туристік бағыттар туралы хабардарлықты арттыру

Жоба кестесі:

  • Қараша 2022 ж. - Жергілікті кәсіпкерлер мен ҮЕҰ өкілдері үшін жобаны ресми түрде іске қосу және жобаның офлайн тұсаукесері, сондай-ақ жергілікті жерлерде фокус-топтар өткізу

  • Ақпан 2023 ж. - Бизнес-идеяларды әзірлеу үшін әр аймақтағы таңдалған қатысушыларға арналған 10 күндік офлайн инкубациялық бағдарлама

  • Наурыз 2023 ж. - Жобаны одан әрі іске асыру мақсатында ШОБке пайызсыз қарыздарды және ҮЕҰдарға гранттарды тарату

  • Сәуір - Шілде 2023 ж. - жобаларды жүзеге асыру

  • Наурыз - Сәуір 2023 ж. – Туризм бағытындағы колледждер мен университеттердің студенттеріне арналған жобаның офлайн тұсаукесері

  • Маусым – Шілде 2023 ж. – Студенттік тәжірибе

  • Қаңтар – Тамыз 2023 ж. – Жобаның адвокациялық стратегиясын жүзеге асыру

  • Тамыз 2023 ж. – жобаның қорытынды іс-шарасы

 

Қатысқыңыз келе ме?

Сауалнаманы толтырсаңыз, біз Сізбен байланысқа шығамыз. Сауалнаманы мына жерден толтырса болады.

 

Сұрақтарыңыз қалды ма?

Жоба командасымен келесі мекенжайлар бойынша байланыса аласыз:

Алия Испаева - жоба менеджері aliya@ef-ca.org 

Айжан Жансултанова - жоба ассистенті aizhan@ef-ca.org

Жобаның Instagram-дағы парақшасы.


Проект в СМИ


716.kz

baigenews.kz


Ресурсы и файлы проекта

Поиск по проектам






с по



Другие проекты этого направления

Байтақ жер

Ақмола облысында туризм саласындағы кәсіпкерлікті дамыту

Подробнее

Маңғыстау облысында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың "Жарқыра" бағдарламасы

"Теңізшевройл" ЖШС қаржылай қолдауымен жүзеге асырылатын Маңғыстау облысында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың "Жарқыра" бағдарламасы

Подробнее

Құрық ауылында кәсіпкерлік әлеуетті дамыту (2017 жыл)

Жоба Құрық ауылы тұрғындарының кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға бағытталған.

Подробнее

Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың «Жарқыра» бағдарламасы

Атырау қаласы және Жылыой ауданындағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерді шешудің кәсіпкерлік жолдарын қамтамасыз етуге бағытталған инновациялық әлеуметтік бастамаларға көмек көрсету.

Подробнее

Алматы қаласында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Impact Hub» платформасын құру

Жоба халықаралық «Impact Hub» желісінің аясында шығармашылық және әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған кеңістік құруды көздейді.

Подробнее