Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

21 желтоқсан 2022 ж.

ОАЕҚ Фандрайзиң бойынша оқу құралын дайындап шығарды

Орталық Азияның Еуразия қоры  «Фандрайзиң. Әлеуметтік жобаға ақша мен көмекті қалай табуға болады» атты нұсұаулықты Қазақстандық КЕҰ, бастамашыл топтар және әлеуметтік жобаларды дамытуға қаржы іздеп жүргендер үшін шығарды . Оқу құралы "Теңізшевройл" қаржылай қолдауымен "Алғыр" бағдарламасы аясында қазақ және орыс тілдерінде әзірленіп, Атырау қаласындағы әлеуметтік кәсіпкерлердің құрылтайында тұңғыш рет таныстырылды.

Нұсқаулық ауылдық, жас үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне, әлеуметтік кәсіпкерлерге және қоғамдық ортада жұмыс істейтін белсенділерге арналған.

Бұл құрал фандрайзингте әр түрлі тәжірибесі бар оқырмандар үшін пайдалы болады, өйткені онда қазақстандық және халықаралық қоғамдық ұйымдар туралы көптеген практикалық кеңестер, лайфхактар мен жетістік жолы бар. Нұсқаулықта 9 тарау бар: олардың екеуінде сіз теориялық негізді таба аласыз, ал басқа тарауларда корпорациялармен жұмыс істеуден бастап краудфандингке дейінгі фандрайзингтің әртүрлі бағыттары туралы егжей — тегжейлі айтылады. Осының арқасында әрбір оқырман өзінің әлеуметтік жобасын дамытуға қолайлы қаржыландыру немесе ынтымақтастық түрін таңдай алады.

Авторлары-Орталық Азия Еуразия Қорының қызметкерлері: Ринад Темірбеков, Айгүл Тағатова, Динара Нурушева, Томас Ақынов, сондай-ақ Starttime краудфандинг платформасының негізін қалаушы Әзиза Өтегенова және азаматтық бастамаларды қолдау орталығы. ОАЕҚ-ның институционалдық дамудағы бай тәжірибесі, сондай-ақ авторлардың мол білімі әлеуметтік жобаларды қаржыландыруды іздеудегі ең өзекті сұрақтар мен мәселелерді қамтуға мүмкіндік берді.

Нұсқаулық қазақ және орыс тілдерінде оқуға қолжетімді.

Поделиться страницей: