Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

2 наурыз 2023 ж.

Ауыл кәсіпкерлері туризм жобаларына пайызсыз

Ақмола облысының туризм саласындағы ауыл кәсіпкерлері Астанадағы 10 күндік
13 ақпан 2023 ж.

Ауылдық кәсіпкерлерге арналған бизнес-инкубатор

20 ақпаннан 1 наурызға дейін Астанада Ақмола облысының туризм саласында жұмыс
23 қаңтар 2023 ж.

Заманауи саяхатшыларға арналған туризмнің жаңа

Туризмнің балама түрлеріне деген қызығушылыққа жауап ретінде компаниялар жаңа

8 қараша 2022 ж.

Қазақстан Президентi JasSpace кеңicтiгiнiң жұмысымен танысты

Бүгін Атырау облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай атындағы оқушылар сарайы, соның ішінде «JasSpace» кеңістігіне арнайы келді.

«Шеврон» компаниясының қолдауымен Орталық Азияның Еуразия қоры жүзеге асырып жатқан «JasSpace» кеңістігінде 7-11 сынып оқушыларына STEАM бағытта бірнеше курс бойынша білім берілуде.

«Химия», «Робототехника», «Анатомия», «Техникалық ағылшын», «Ауызекі ағылшын», «Экология», «Видеография», ​ 3D модельдеу және басып шығару, «Ағашпен жұмыс», «Инженерияға кіріспе» курстары бойынша тегін білім ​ беріп жатқан кеңістік – үлкен мүмкіндіктер алаңы десек те болады.

Президент «JasSpace» кеңістігінде жасалған жобалармен, бұйымдармен танысты. Оқушылар Президентке «Ағашпен жұмыс» курсында үйренген бұйымдарын таныстырды.

Сондай-ақ бір топ жас домбырашы Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады. Одан әрі Президент жас бишілермен, шахматшылармен кездесті.

«Химия», «Ағашпен жұмыс» курстарында оқушылардың сабақ барысындағы жобаларымен танысқан Президент «болашақ ғалымдар, нағыз шеберлер осы жерден шығады» деп атап өтті. Кездесу соңында Президент оқушыларға жылы лебіздерін арнап, сыйлықтар табыс етті.

Еске сала кетелік, STEАM бағыттағы ​ білім курстарының І, ІІ кезеңдерінде 400 оқушы, «Жазғы мектептерде» 273 оқушы тегін білім алып шықты.

Поделиться страницей: