Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Бос орындар

Жоба ассистенті

Лауазым: Жоба ассистенті

Жұмыс түрі: Тұрақты-офистік (толық жұмыс күні)

Жұмыс басталу күні: 2024 жылдың қаңтарынан бастап

Орналасқан жері: Алматы қаласы

 

Ұйым туралы жалпы ақпарат

Орталық Азияның Еуразиялық қоры (ОАЕҚ) Алматы, Бішкек және Душанбе қалаларында кеңселері бар Орталық Азияда азаматтық белсенділікті арттыруға, әлеуметтік жеке кәсіпкерлікті, білім беруді және мемлекеттік басқаруды дамытуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыру үшін құрылған қоғамдық ұйым.

 

«Qogamdyq kenistikter» әлеуметтік жобасы Атырау қаласы мен Атырау облысының жергілікті тұрғындарының әлеуетін нығайтуға және әлеуметтік жобаларға тарту арқылы өз қауымдастықтарындағы өмір сапасына жауапкершілік туралы санасын арттыруға бағытталған.

 

Instagram желісіндегі жоба профиліне сілтеме: https://www.instagram.com/qogamdyq_kenistikter/  https://www.instagram.com/qogamdyq_kenistikter_atyrau/

 

Жоба ассистенті міндеттеріне кіреді :

1. Жоба командасында жұмыс істеу;

2. Жобаға байланысты құжаттаманы жүргізу;

3. Жобаның әкімшілік және құжаттамалық үрдісін қамтамасыз ету (телефон қоңыраулары, электрондық поштамен жұмыс, семинарлар/тренингтер ұйымдастыруда үйлестіру/көмек көрсету, жобаның дерекқорын жүргізу және сақтау, грант алушылармен іскерлік хат алмасу; жобаның іс-шараларық логистикасын ұйымдастыру);

4. Жобаның және қаржылық құжаттамаларын қазақ/орыс тілдеріне аудару;

5. Атырау облысына жылына 4 – 5 рет іссапарлары (Жылыой ауданына қарасты елді-мекендер мен Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылы);

6. Грант пен келісім-шарттар менеджеріне келісім-шарттарды дайындауға көмектесу;

7. Грант алушылардың қаржылық есептілігін алуға және тексеруге көмек көрсету;

8. Грант алушылардың қаржылық есептілігін жасау бойынша консультациялар беру;

9. Іс-шараларды ұйымдастыруға және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қатысу;

10. Жеткізушілермен (поставщик) келіссөздер жүргізуге көмек көрсету;

11. Қажет болған жағдайда жоба менеджерімен грант менеджерге көмектесу;

 

Қойылатын талаптар:

  • Әлеуметтік салада бакалавр дәрежесі (болуы лайықты);
  • Жоғары тиімділік, адалдық, жауапкершілік, бастамашылдық, икемділік, ұқыптылық;
  • ҮЕҰ саласында жұмыс істеуге және дамуға ұмтылу;
  • Әлеуметтік жобалардағы жұмыс тәжірибесі (болуы лайықты);
  • Топта және өз бетінше жұмыс істеу дағдысы;
  • Өте жақсы команда аралық қарым-қатынас және тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары, стресстік және форс-мажорлық жағдайларда жұмыс істей білу;
  • Қазақ және орыс тілдерін жетік білу;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • Өте жоғары компьютерлік дағдылар (Microsoft Office (Excel, PowerPoint, Outlook, Word));
  • Графикалық және дизайн құралдарымен жұмыс істеу дағдылары (Canva, Tilda, Adobe, Fligma және т.б. қолдану артықшылық береді).

 

Жұмыс шарттары:

  • Лайықты жалақы;
  • Корпоративтік тренингтер мен тимбилдингтер;
  • Төленетін корпоративтік нөмір;
  • Аптасына 5 күндік жұмыс күні;
  • Әлеуметтік пакет.

 

ОАЕҚ туралы толығырақ ақпаратты www.ef-ca.kz сайтынан алуға болады

Түйіндеме мен ілеспе/ұсыным хаттарды 2023 жылдың 25 желтоқсанына дейін көрсетілген электрондық поштаға жіберу керек: hr_qk@ef-ca.org

Поделиться страницей:

Поиск по проектам