Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Бос орындар

Орталық Азияның Еуразиялық қоры кейстерді жинақтау және талдау үшін журналистік тәжірибесі бар қазақ және орыс тілді сарапшыларды іздейді

Орталық Азияның Еуразиялық қоры - Алматы, Бішкек және Душанбе қалаларында кеңселері бар Орталық Азияда азаматтық белсенділікті арттыруға, жеке кәсіпкерлікті, білім беруді және мемлекеттік басқаруды дамытуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыру мақсатында құрылған қоғамдық ұйым.

Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Сіздің дауысыңыз маңызды. Технологиялар арқылы азаматтық шешім қабылдау» жобасы Қазақстанда барлық деңгейлерде жауапты, инклюзивті және ұжымдық шешімдер қабылдауды қамтамасыз ету үшін әйелдер мен жастардың рөлін күшейтуге бағытталған. Жоба туралы толық ақпаратты @voicematters.kz Instagram парақшасынан білуге ​​болады.

Кейстерді жинақтау және талдау үшін журналистік тәжірибесі бар қазақ және орыс тілді сарапшыларды іздейміз.

 

Атқарушы орындайтын жұмыстардың тізімі:

1. Азаматтық технологиялар арқылы әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша кейстерді жинақтау және талдау (қазақ/орыс тілінде, кейстер саны 5-тен 10-ға дейін)

2. Талданған кейстерді тарату стратегиясын жасау

3. Талданған кейстер бойынша қазақ/орыс тілінде ақпараттық материалдарды жасау және тарату (кейстің мазмұнына қарай БАҚ-тағы материалдар, посттар, бейнероликтер, сұхбаттар және т.б.)

 

Талаптар:

1. Журналист/копирайтер ретіндегі тәжірибесі бар

2. БАҚ, блогерлер, белсенділермен байланыста жұмыс істеу тәжірибесі бар

3. Азаматтық секторда / азаматтық белсенді ретіндегі жұмыс тәжірибесі (құпталады)

4. Мықты аналитикалық дағдылары болуы

5. БАҚ тізімі (медиа пул) болуы (құпталады)

 

Қажетті құжаттар:

1. Үміткердің түйіндемесі

2. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдары бар портфолио

3. Бір кейсті зерттеу материалын дайындағаны үшін гонорар сомасы көрсетілген коммерциялық ұсыныс

 

Түйіндемеңізді, портфолиоңызды және коммерциялық ұсынысыңызды 2023 жылдың 5 ақпанына дейін symbat@ef-ca.org электрондық пошта мекенжайына «Эксперт_аты-жөні» тақырыбымен жіберуіңізді өтінеміз.

Поделиться страницей:

Поиск по проектам