«Адам құқықтарын дамыту мақсатында ҮЕҰ желісін күшейту» жобасы туралы фильм
2012 ж. қазан - 2015ж. наурыз аралығында ОАЕҚ Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің қаржылай қолдауымен «Адам құқықтарын қорғау мақсатында ҮЕҰ желісін күшейту» жобасын жүзеге асырды. Жоба үкіметтік емес ұйымдардың ықпалын күшейту арқылы осал топтардың, соның ішінде ауылда тұратын әйелдер, тәуекел тобындағы балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ мүгедек адамдардың құқықтарын тиімді қорғауға бағытталды. Жоба Оңтүстік Қазақстанның 4 облысын қамтыды: Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысы.