Қазақстандағы опиоидты алмастырушы терапия: қолжетімділік құқықты қалай арттырамыз
«Аман-саулық» ҚҚ ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен, ЖИТС-ын алдын алу және онымен күресу жөніндегі республикалық орталықпен, сондай-ақ, ҚР Психиатрия, психотерапия және наркология жөніндегі республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығымен серіктесе отырып, «Қазақстанда АИТВ/ЖИТС-ын алдын алу, тестілеу және емдеу бойынша нормативтік-құқықтық базаны жақсарту» жобасы бойынша USAID/PEPFAR «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» жобасы аясында жұмыс тобының отырысы өтті.