Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Қызметтерге арналған тендерлер

Новости фонда

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,

11 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

"Қоғамдық кеңістіктер" жобасының Атырау облысы, Жылыой ауданы бойынша жоба үйлестірушісі қызметіне байқау

Активный конкурс
Дата начала: 04.02.20 Дата завершения: 20.02.20

Орталық Азияның Еуразия Қоры «Теңізшевройл» ЖШС-ның  қаржылай қолдауымен жүзеге асырылатын «Қоғамдық кеңістіктер» жобасының аясында  үйлестірушінің қызметіне байқау жариялайды

 

«Орталық Азияның Еуразия Қоры» Корпоративтік Қоры «Теңізшевройл» ЖШС-мен серіктестікте және қаржылай қолдауымен Жылыой ауданының Шоқпартоғай, Жаңа Қаратон, Тұрғызба, Қосшағыл, Ақкиізтоғай, Майкөмген ауылдарының тұрғындарына арналған «Қоғамдық кеңістіктер» әлеуметтік жобасы бойынша өз жұмысын бастайды.

Жобаның мақсаты жергілікті белсенділер мен тұрғындарды қоғамдық инфрақұрылымды жетілдіру үрдісіне жұмылдыру арқылы жергілікті тұрғындардың өмір сапасын жақсартудағы жауапкершіліктерін арттырып, әрбір тұрғынның өз қаласы мен ауылының дамуына, гүлденуіне жауапты екендігін және оған бірлесіп күш салу арқылы ғана қол жеткізуге болатындығын түсіндіру. 

 

Үйлестірушінің міндеттері:

  • Жергілікті билік өкілдерімен байланыс орнату;
  • Жергілікті белсенділермен (оның қатарында ҮЕҰ) байланыс орнату;
  • Жоба шеңберіндегі іс-шаралардың логистикасын ұйымдастыру (кездесулер, фокус-топтар, тренингтер, жобаларды таңдау бойынша байқаулар, жобалардың презентациясы, т.б.);
  • Жоба бойынша іскерлік хат-хабар алмасуды жүргізу;
  • Жоба менеджеріне жергілікті орындардағы жобалардың жұмысын үйлестіруге көмектесу;
  • Жобаның орындалу барысы жөніндегі ай сайынғы есептер;
  • Жобаның орындалу барысын жариялауға жергілікті БАҚ өкілдерін тарту;
  • Жобалардың нәтижелері бойынша жетістік тарихын дайындауға көмектесу;
  • Жоба көмекшісіне фото және видео түсірілімдер жасауға көмектесу;
  • Жоба менеджеріне есепке арналған мәліметтерді жинауға көмектесу;
  • Басқа да міндеттер.

 

Үйлестірушіге қойылатын талаптар:

  • Жылыой ауданының тұрғыны болу;
  • Жоғарғы білім;
  • Мемлекеттік органдармен жұмыс тәжірибесі;
  • Әлеуметтік жобалардағы жұмыс тәжірибесі;
  • ҮЕҰ-да жұмыс тәжірибесі;
  • Командада жұмыс істеу қабілеті;
  • Жоғары коммуникативтік қабілеттер, ұқыптылық;
  • Іскерлік іс-қағаздар жүргізу тәжірибесі;
  • Қазақ және орыс тілдерін (жазбаша және ауызекі) еркін меңгеру;
  • Компьютерді қолдану қабілеті;
  • Жергілікті ерекшеліктер мен белсенді тұрғындарды тану;
  • Осы жобаға қатысу арқылы жергілікті қауымдастықтың дамуына үлес қосу ниеті.

 

Тапсырыс берушінің шарттары:

  • Толық жұмыс күні (аптасына 5 күн);
  • Тұрақты еңбекақы.

 

ӨТІНІМНІҢ ФОРМАТЫ

Байқауға қатысушының өтінімі келесі бөлімдерден тұруы тиіс:

  1. Орындаушының аты-жөні және байланысу контактілері (телефон, пошта және электронды мекен-жай) жазылған бастапқы бет;
  2. Резюме және ілеспе хат (сопроводительное письмо);
  3. Жобаның тақырыбына қатысты тәжірибесі болса, егжей-тегжейлі баяндағаны абзал.
  4. Жұмыс берушілер, серіктестер, клиенттерден кемінде 2 ұсыныс хаты, сондай-ақ 1-2 ұсыныс берушінің контактілері.

 

Өтінім 2020 ж. 20 ақпанына дейін (Астана уақытымен 18:00) alma@ef-ca.org және sagyndyk@ef-ca.org электронды мекен-жайларына жіберілуі тиіс.

Қосымша сұрақтар бойынша 8 701 213 32 05 телефон нөміріне хабарласуыңызға болады. 

 

 

Покaзать все ресурсы проекта
Поделиться страницей: