Подпишитесь на наши новости:
ЖОБАЛАР
- Жастар және білім беру
- Азаматтарды тарту және тиімді басқару
- Кәсіпкерлікті қолдау
- Әлжуаз топтарға көмек көрсету
- Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті дамыту
Новости проекта
Адам құқығы жөніндегі реформаларды насихаттау үшін Оңтүстік Қазақстанның ҮЕҰ мүмкіндіктерін күшейту
Общая информация о проекте
Жобаның негіздемесі:
Жобаның негіздемесі:
Іс-әрекет 2011-2014 жж. Финляндияның Сыртқы істер министрлігінің қаржыландыруымен «Заң алдындағы теңдік: Орталық Азиядағы сот әділдігіне қол жеткізу бағдарламасы (EBL)» шеңберінде құрылған ҮЕҰ құқық қорғау желісіне негізделген. Аймақтық бағдарлама халықаралық стандарттар мен ұлттық заңнама арасындағы байланыстарды нығайту, осал топтарға қатысты ұлттық заңдарды сараптау және жетілдіру арқылы Орталық Азиядағы әлеуметтік осал топтардың қол жетімділігін арттыру мақсатында әзірленді.
2012-2015 жж. Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асқан «Адам құқықтарын насихаттау үшін ҮЕҰ желісін нығайту» жобасы ҮЕҰ жүргізген зерттеулер мен жергілікті қауымдастықты хабарландыратын кампаниялар, сондай-ақ ортақ стратегияны құрастыру арқылы желі мүшелерінің институционалды әлеуетін ары қарай арттырды. Ұсынылған іс-шаралар ҮЕҰ желісі арқылы 23 ҮЕҰ мүшелерінен құқық қорғау агенттерін дайындау арқылы екі бағдарламаның жұмысын одан әрі қарай жалғастырады.
Жобаның мақсаты:
Адам құқықтарын тануға жәрдемдесу және осал топтар үшін қызметтерге қол жеткізуді жақсарту мақсатында Оңтүстік Қазақстанның құқық қорғау ұйымдарының желісін нығайту.
Жобаның міндеттері:
- Жергілікті қауымдастықта осал топтарға көмек көрсетуді жақсарту үшін ҮЕҰ желісі мүшелерінің әлеуетін арттыру.
- ҮЕҰ адам құқығын қорғау мақсатында мемлекеттік қолдауды ұлғайту.
- Өз құқықтарын анықтау және қорғау үшін осал азаматтардың әлеуетін нығайту.
- Адам құқықтарын қорғауға сұраныстың және халықтың ақпараттандыруды арттыру..
Жоба шеңберіндегі іс-шаралар:
- Сарапшылар комиссиясын құру
- ҮЕҰ желісі мүшелері үшін адам құқықтары жөніндегі тақырыптық тренингтердің жүргізілуі
- ҮЕҰ желісі мүшелері үшін қауымдастықты ілгерлету бойынша семинарлардың өткізілуі
- Тәжірибе қауымдастығын құру үшін өзара оқытуға ықпалдасу
- Осал топтарға жергілікті қауымдастықта адам құқығын қорғауды қамтамасыз ету
- Аймақтық эдвокаси кездесулер
- Баспасөз конференциясы
- Қорытынды бағалау
.
Жобаның географиялық аймағы:
Оңтүстік Қазақстанның 4 аймағы (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан)
Жобаның доноры:
Еуропалық Одақ (ЕО) - 60 жылдан астам кеңейту үдерісінің барысында тұрақтылық, демократия мен тұрақты даму аймағын құрған 28 мүше мемлекеттен тұратын саяси әрі экономикалық одақ.
ЕО мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1993 жылы орнатылды. Қазіргі таңда ЕО Қазақстанның ең ірі шетелдік инвесторлары мен сауда серіктестерінің бірі болып табылады. ЕО мен Қазақстанның қарым-қатынастары саясаттың 29 басты салаларын қамтитын Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге негізделген, олардың ішінде экономика және қаржы салаларындағы ынтымақтастық, энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау мен климаттың өзгеруі, халықтың жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтік мәселелер, мәдениет, білім беру мен ғылыми зерттеулер салалары.
1991 - 2014 жж. аралығында ЕО жалпы құны 180 млн. еуро құрайтын 350-ден астам жобаны қаржыландырды. Бұл жобалар (а) орталық және жергілікті билік органдарының әлеуетін нығайтуға, (ә) әділсот жүйесіндегі реформаларды қолдауға, (б) әлеуметтік және экономикалық реформаларды енгізу бойынша мемлекеттік сектордың әлеуетін жетілдіруге бағытталған. 2007-2013 жж. аралығында ЕО Даму мақсатындағы ынтымақтастық құралының (DCI) аясында бөлінген 74 млн. еуро көлеміндегі екіжақты жобалар жүзеге асырылды.
Қазақстан табыс деңгейі орташадан жоғары елдер санатына енсе де, ЕО-ның Орталық Азия мемлекеттеріне арналған аймақтық көп жылдық индикативті бағдарламасы аясында аймақтық ынтымақтастықтың тиімділіктеріне қол жеткізе алады. Ол екі саланы қамтиды: тұрақты даму (энергетика, қоршаған орта, су ресурстары және әлеуметтік-экономикалық даму) және аймақтық қауіпсіздік (шекараларды басқару, есірткі заттардың заңсыз айналымымен және қылмыспен күрес, заң үстемдігі мен сот реформалары). 2014 – 2020 жж. қаржыландыру мерзіміне ЕО Орталық Азия мемлекеттеріндегі аймақтық ынтымақтастық жобаларды іске асыру үшін 360 млн. еуро қаражат бөлді (соның ішінде 115 млн. еуро Erasmus+ бағдарламасына тиесілі).
Сонымен қатар, ЕО Демократия және адам құқықтары саласындағы еуропалық құралы (EIDHR) мен Мемлекеттік емес субъектілер және жергілікті билік органдары (NSA-LA) сияқты тақырыптық бағдарламалары арқылы Қазақстандағы плюралистік саяси жүйені насихаттау әрі азаматтық қоғамның рөлін нығайту мақсатында әртүрлі жобаларды қаржыландырады.
Қосымша ақпарат үшін байланыс:
Жоба менеджері: Акмарал Карлыбаева, тел.: +7 (727) 250 18 10, ішкі 130, ұялы тел.: +7 701 346 21 77, почта: akmaralk@ef-ca.org
Доноры и партнеры проекта
Ресурсы и файлы проекта
География проекта
Поиск по проектам
Другие проекты этого направления
- Активные
- Завершенные
"3. 2. 1. СТАРТ!"
Жоба ауыл жастарын, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерін қолдауға және белсенді, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
ПодробнееАдам құқығы жөніндегі реформаларды насихаттау үшін Оңтүстік Қазақстанның ҮЕҰ мүмкіндіктерін күшейту
2015 жылдың наурыз айынан бастап Еуроодақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің қаржылай қолдауымен «Адам құқығы жөніндегі реформаларды насихаттау үшін Оңтүстік Қазақстанның ҮЕҰ мүмкіндіктерін күшейту» жобасы басталды.
Подробнее«Қазақстандағы тұрақты даму мен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік туралы қазақстандық алғашқы салалық бизнес-нұсқаулықты шығару» жобасы
КӘЖ және электроэнергетика саласындағы бизнестің тұрақты дамуы туралы алғашқы қазақстандық нұсқаулық.
ПодробнееТиімді басқаруды қолдау бастамасы (ТБҚБ)
Азаматтық қоғам ұйымдары мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара жүйелі іс-қимылды ілгерілету арқылы институционалдық тиімді басқару саласындағы бастамаларды қолдау.
Подробнее«Тенгизшевройл» ЖШС қаржылай қолдауымен жүзеге асатын «Өрлеу» қоғамды қатыстыру бағдарламасы
Құлсары және Атырау облысында жүргізілген зерттеулер қоғамның негізгі әлеуметтік мәселелерінің бірі демалыс және бос уақытын өткізетін орындардың болмауы немесе олардың нашар жағдайы екенін көрсетті.
Подробнее