Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жастар және білім беру

Карта деятельности Фонда

Tañdauym

Дата начала: 01.08.25 Дата завершения: 31.05.26

Общая информация о проекте


I. Бағдарлама және ұйымдастырушылар жайында

Coca-Cola Içecek Kazakhstan бағдарламаның ұйымдастырушы әрі демеушісі ретінде техникалық және өндірістік салаларда әйелдердің рөлін кеңейтуге айрықша мән береді. Компанияның мақсаты инженерлік және техникалық мамандықтарға қыздардың тартылуына жағдай жасап, инклюзивті әрі сан қырлы еңбек ортасын қалыптастыру.

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) мен Coca-Cola Içecek Kazakhstan (CCI) Алматы қаласында техникалық мамандықтардың жоғарғы курс студенттері мен түлектеріне арналған Tañdauym стипендиялық бағдарламасын іске қосады. Алты ай ішінде 30 қатысушы тәжірибелі менторлардың қолдауымен жұмыс істеп, оқыту тренингтеріне, стади-визиттерге қатысып, білім гранттарына ие болады. Бағдарлама инженерлік және техникалық бағыттағы (STEM және TVET) студент қыздардың кәсіби әлеуетін ашуға, мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтуге және жеке дамуына ықпал етеді.

Coca-Cola Içecek Kazakhstan бағдарламаның ұйымдастырушы әрі демеушісі ретінде техникалық және өндірістік салаларда әйелдердің рөлін кеңейтуге айрықша мән береді. Компанияның мақсаты инженерлік және техникалық мамандықтарға қыздардың тартылуына жағдай жасап, инклюзивті әрі сан қырлы еңбек ортасын қалыптастыру.

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) - 2005 жылдан бері Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқан қоғамдық ұйым. Қордың әлеуметтік жобалары білім беру мен жастарды қолдау, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін нығайту және осал топтарға көмек көрсету бағыттарында жұмыс жасайды.

II. Бағдарлама мазмұны

Стипендиялық бағдарлама қатысушылардың кәсіби және жеке дамуына арналған кешенді іс-шараларды қамтиды:

  • Менторлық қолдау: бағдарлама барысында CCI-дің тәжірибелі қызметкерлері әрбір қатысушыға жеке бағыт-бағдар беруге тырысады. Бұл көмек арқылы қатысушылар кәсіби жолын жоспарлауда көмек алып, еңбек нарығына қадам басудың алғашқы кезеңдерінде практикалық кеңестер мен қолдау табады.

  • Білім гранттары: әр қатысушы кәсіби және техникалық дағдыларын дамытуға арналған курстардан өту үшін 250 000 теңге көлемінде грант ала алады. Оқу тақырыбы мен бағыты ментормен бірлесіп айқындалады.

  • Ай сайынғы community-кездесулер: қатысушылардың, менторлардың және шақырылған сарапшылардың басын қосатын бұл кездесулер бір мақсаттағы орта қалыптастыруға бағытталған. Кездесулер soft skills дағдыларын, тиімді коммуникация жүргізу, топпен жұмыс, time management, өзін таныстыру және эмоционалды интеллект сияқты дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.

  • CCI ұсынған білім беру тренингтері: компания мамандары өткізетін тегін мастер-класстар қатысушыларға лидерлік, көпшілік алдында сөйлеу, коммуникация және басқа да маңызды дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.

  • CCI өндірісіндегі стади-визиттер мен тағылымдамалар: қатысушылар нақты жұмыс ортасын көріп, компанияда тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болады.

III. Бағдарламаға қатысу

Қатысушыларды іріктеу екі кезеңнен тұрады. Барлығы 30 студент бағдарламаға қабылданады.

Профильдегі сілтеме арқылы тіркеу формасын толтыр: https://bit.ly/tandauymkz

Бағдарлама белгілі бір техникалық және инженерлік мамандықтардың студенттеріне ғана арналған.
Қатысуға тек төменде көрсетілген факультеттер мен мамандықтарда оқитын студент қыздар қабылданады:

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология факультеті

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Химия және химиялық технология факультеті

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Физика-техникалық факультет

  • АЭжБУ, Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты

  • ҚБТУ, Ақпараттық технологиялар мектебі

  • ҚБТУ, Химиялық инженерия мектебі

  • АТУ, Азық-түлік технологиялары факультеті

  • АТУ, Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті

  • ALT University, Энергетика және цифрлық технологиялар институты

  • ҚазНАИУ, Инженерлік технологиялар

  • Satbayev University, Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты

Іріктеу талаптары:

  • 3-4 курс бакалавриат STEM/TVET бағыттары бойынша білім алу;

  • техникалық, өндірістік немесе басқару саласында дамуға мотивациясы болуы;

  • 6 ай бойы бағдарламаға толық қатысуға дайындық;

  • базалық коммуникация дағдылары мен кәсіби өсуге ұмтылыс.

IV. Бағдарлама күнтізбесі

 

Күні
Жоба кезеңі
06.10 – 01.11
Іріктеудің 1-кезеңі
07.11 
1-кезең іріктеу нәтижелерін жариялау және 2-ші кезеңге шақыру
11.11
Жартылай финалға өткен қатысушыларға арналған симуляциялық ойын (2-ші кезең)
20.11
30 финалист үшін бағдарламаның ресми ашылуы
Желт.-Мамыр
Менторлық қолдау  
Қаңтар
Білім гранттарын үлестіру 
Қаңтар- Мамыр:
Ай сайынғы community-кездесулер, грант жобаларын жүзеге асыру
Қаңтар - Сәуір: 
Стади-визиттер мен CCI-де тағылымдамадан өту

Бағдарламаға қатысты барлық жаңалықтар мен іріктеу басталуы туралы ақпарат ОАЕҚ
және Coca-Cola Icecek Kazakhstan парақшаларында жарияланады.

Сұрақтар мен ұсыныстар бойынша:

akmaralk@ef-ca.org, bayan@ef-ca.org

 


Доноры и партнеры проекта


Ресурсы и файлы проекта

Поиск по проектам






с по



Другие проекты этого направления

Tañdauym

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) мен Coca-Cola Içecek Kazakhstan (CCI) Алматы қаласында техникалық мамандықтардың жоғарғы курс студенттері мен түлектеріне арналған Tañdauym стипендиялық бағдарламасын іске қосады. Алты ай ішінде 30 қатысушы тәжірибелі менторлардың қолдауымен жұмыс істеп, оқыту тренингтеріне, стади-визиттерге қатысып, білім гранттарына ие болады.

Подробнее

3.2.1 – СТАРТ!

Жобаның мақсаты: экология саласындағы жастардың бастамаларын дамыту және жастардың эко-бірлестіктерін құру.

Подробнее

Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасы (USAID)

1 Компонент: Әлеуметтік жауапты жас көшбасшылар қауымдастықтарына қолдау көрсету (CAYLA)

Подробнее