Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті дамыту

Карта деятельности Фонда

«Қазақстандағы тұрақты даму мен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік туралы қазақстандық алғашқы салалық бизнес-нұсқаулықты шығару» жобасы

Дата начала: 01.12.14 Дата завершения: 25.06.14

Общая информация о проекте


Жобаның негіздемесі:

КӘЖ жөніндегі бизнес-нұсқаулықты шығаруға Қазақстан Республикасында соңғы онжылдықта қабылданған негізгі стратегиялар мен бастамалар негіз болды:

  • "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты;
  • Қазақстанның «жасыл экономикаға» өту концепциясы;
  • «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам»;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы саясаты және т.б.

Жалпы алғанда, тұрақты даму мен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік мәселелерінің жандануы Қазақстан Республикасының Президентінің Жезқазған қ. бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселелеріне қатысты республикалық форумда (2008 ж.) сөз сөйлегенінен кейін орын алды:

«Мемлекет пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің қалыптасуы тұрақты дамудың негізгі шарттардың бірі болып табылады. Қазіргі заманғы әлемде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қайырымдылық ретінде ғана емес, сондай-ақ компанияның іскерлік беделі мен капиталдандыруын арттыратын тиімді қызмет ретінде қабылданады. Бұл бизнестің қоғамның, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардың дамуына ерікті үлесі болып табылады».

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына алдағы ену мүмкіндігін және терең еуразиялық интеграцияны ескеру қажет, бұл өз кезегінде қазақстандық бизнеске өз тәжірибесінде әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын тиімді қолданатын коммерциялық кәсіпорындар тарапынан түсетін бәсекелестің қысымын айтарлықтай күшейтеді.  

Бұған қоса, бірнеше рет жүргізілген арнайы зерттеуллер [1] Қазақстандық бизнес субъектілерінің КӘЖ-тің негізгі қағидалары туралы хабарсыздығын, сондай-ақ түрлі мүдделі тараптар арқылы (мемлекет, бизнес және азаматтық сектор (1/2 сурет) КӘЖ концепциясының ортақ түсінігінің жоқтығын айқын көрсетеді.   

[1] «Корпоративная Социальная Ответственность в Казахстане: ситуация, проблемы и перспективы развития», Центр исследований Сандж (2013); «Состояние и перспективы развития КСО и социальных инвестиций в Казахстане», ПРООН (2008).

  

   

1 сурет – КӘЖ туралы кәсіпорындардың хабардарлығы, % 
(КӘЖ туралы естідіңіз ба?)

2 сурет – Түрлі меншік формалы кәсіпорындардың КӘЖ туралы хабардарлығы, %

 

Осы олқылықтарды толтыру КӘЖ құралдарын тәжірибе жүзінде тиімді қолдану үшін қажетті шарт болып табылады, қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, елдің тұрақты дамуына ықпал етеді.   

Қоғамның осы қажеттіліктілігін қанағаттандыру мақсатында, мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдан кейін, «КЕGОС» АҚ (Ұлттық электрэнергетикалық желілерінің жүйелік операторы ретінде) өнеркәсіп үшін практикалық КӘЖ нұсқаулығын шығару туралы және «КЕGОС» АҚ барлық мүдделі тараптары арасында тұрақты даму мен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаларының идеяларын ілгерлетуга өз үлесін қосу туралы шешім қабылдады.


Жобаның мақсаты:

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы компаниялар арасында тұрақты даму мен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) қағидаттарының дамуы мен ілгерлеуіне ықпал ету.


Жобаның міндеттері:

  • Қазақстанның электр энергетикалық саладағы компаниялары арасында КӘЖ концепциялары туралы хабардарлығын арттыру.
  • КӘЖ және тұрақты даму саласындағы озық тәжірибесін тарату.
  • Әлеуметтік жауапты топ мен құзыретті басқару орталығы ретінде мақсатты топтар арасында тапсырыс берушінің беделі мен тұрақты қалыптасуын арттыру.

Жобаның қысқа мерзімді нәтижелері:

  • Қазақстанда қазақ және орыс тілдерінде тұрақты даму мен КӘЖ туралы алғашқы комплексті салалық бизнес-нұсқаулықтың 1500 данасы басып шығарылды.
  • КӘЖ бойынша құралдарды күнделікті қызметте және корпоративтік басқаруды дамытуда тиімді қолдануға мүдделі тараптардың назары аударылды.
  • Компаниялардағы КӘЖ стратегияларын жоспарлау мен жүзеге асыру туралы білімдер жинақталып, жүйеленді.
  • КӘЖ пен тұрақты даму саласы бойынша үздік тәжірибе мен табыс тарихы қолдауға ие болды.
  • КӘЖ-тәжірибесі байқауын жүргізу арқылы қазақстандық компаниялар арқылы сектораралық ынтымақтастығын орнату.
  • Тәуелсіз сараптамалық байқау комиссиясы құрылды.
  • Әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуы саласында «KEGOC» АҚ үкіметтік емес ұйымдармен («Орталық Азияның Еуразия Қоры» КҚ) ынтымақтастықтың сәтті тәжірибесі алынды.

 

 Жобаның күтілетін ұзақ мерзімді нәтижелері:

  • «KEGOC» АҚ аталмыш әлеуметтік жоба қазақстандық мамандарды дайындауға және КӘЖ стандарттарын корпоративтік басқаруда бәсекеге қабілеттілік мен Қазақстандағы электро энергетикалық сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін тиімді қолдануға ықпал етеді.
  • Әлеуметтік жауапты топ мен құзыретті басқару орталығы ретінде мақсатты топтар арасында тапсырыс берушінің беделі мен тұрақты қалыптасуын арттыру.
  • Бизнес-нұсқаулық мүдделі компаниялар үшін КӘЖ стратегиясын құрастыру бойынша нұсқаулық ретінде қызмет етуге арналған.

Жобаның ресурстары мен файлдары:

«КСО для электроэнергетических компаний: повышаем эффективность бизнеса»


Жоба географиясы:

Қазақстанның барлық аймағы


Қосымша ақпарат үшін байланыса аласыз:

Жоба менеджері: Бачище Андрей, ОАЕҚ жоба маманы, тел.: +7 (727) 250 18 10, ішкі 105, ұялы т.: +7 777 525 74 63, почта: andrey@ef-ca.org


Проект в СМИ


«Тұтынушыға түсінікті бизнес-құралдың тұсаукесері»

«Корпоративная социальная ответственность как беспроигрышная бизнес-стратегия»


Доноры и партнеры проекта


Ресурсы и файлы проекта

Покaзать все ресурсы проекта

География проекта

Поиск по проектам






с по



Другие проекты этого направления

Маңғыстау облысында балалардың құқығын қорғау саласындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) қағидаттарын насихаттау

Жобаның атауы: «Маңғыстау облысында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) қағидаларын алға жылжыту және балалардың құқығын қорғау». 

Подробнее

«Қазақстандағы тұрақты даму мен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік туралы қазақстандық алғашқы салалық бизнес-нұсқаулықты шығару» жобасы

КӘЖ және электроэнергетика саласындағы бизнестің тұрақты дамуы туралы алғашқы қазақстандық нұсқаулық.

Подробнее