Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
11 қыркүйек 2024 ж.
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола облысы аумағында қызмет көрсететін туристік бизнестердің кеңеюі, жаңа бизнестер мен маршруттардың ашылуы
Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері жүзеге асырылатын «Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері қорытынды баспасөз конференциясында жарияланды. «Байтақ жер» жобасы Ақмола облысындағы ауылдық жерлерде эко-, этно-, агротуризмнің дамуына бағытталған.
– 2023 ж қазаны мен 2024 ж тамызы аралығында қатысушыларымыз қол жеткізген қомақты жетістіктерді мақтан тұтамыз. Оқыту, менторлық бағдарламаларға қатысып, пайызсыз қарызға ие болған Ақмол кентінің тұрғыны – этнограф Алтынай Тәңірберген QAZAQ UY бизнесі негізінде отандық киіз үйлерді өндіре бастады. Көкшетауда тұратын көп балалы ана Эльвира Мұқашева дәмі ерекше ақмолалық сүттен өндірілетін ірімшіктерді сертификаттады. Ал Ақкөл ауданында орналасқан «Красный горняк» бақтақ шаруашылығының иесі Фарида Елеусизова ісін отбасылық демалысқа бағыттап, үрдістердің бір бөлігін автоматтандырды. Бизнестері жұмыс істейтін иелер табыстарын 15-50%-ға ұлғайтқан болса, жаңа ашылған туристік нысандар иелеріне саналған айлардың ішінде миллиондаған табыс әкелген екен, – деп, ОАЕҚ директоры Ринад Темирбеков кейбір кәсіпкерлердің жетістіктерін атап өтті.
Қарыздар байқауының әрбір жеңгенімпазы ерекше және әрбіреуінің жобасы жоғары бағалауға лайықты. Себебі, қарыздар байқауы жарты жыл өтпей-ақ кәсіпкерлер істерінде түпкі өзгерістер жасап үлгерді. Ерейментау ауданынада жұмыс істейтін Елдос Оспанов бизнесін диджитал салада дамытып, Carp club TOYGANKOL негізін салып, Бөгенбай батыр белбеуіне арналған тұқы аулаудан республикалық жарыс ұйымдастыруда. Аттас ауданда орналасқан «Лагуна Акколь» демалыс базасының иесі Ғалия Ысқақова база аумағын абаттандырып, жаңа қызметтерді енгізді – бұның арқасында демалушылардың саны екі есе артқан екен. Ұқсас іс-әрекеттерді Біржан сал ауданындағы «Лес и звезды» глэмпинг иесі Қанат Төкесбай жасады. Жұма Нұрғалиева астанаға жақын орналасқан Еңбек ауылындағы балалы отбасыларға арналған «АUYL-PARK» агротуристік бағдарламасын кеңейтіп, жаңа ашылған ісінен табыс көре бастады. Ләззат Батырқожа Астана қ. маңында орналасқан ESG тұжырымдамаларына негізделетін «Seven Hills» жыл бойы қызмет көрсететін тау-шаңғы мен аграрлық экожүйелік демалыс зонасының салынуын бастады. Баян Сковородникова болса, Зерен көлі жағасында алкогольсіз, экотехнологияларды қолдануға бағытталған ORDA ZEREN демалыс зонасын ашты.
Менторлық пен қаржылық қолдаумен шектелмей, «Байтақ жер» жобасының командасы Ақмола облысында туризмді бәсеңдететін факторларды зерттеді. Зерттеудің негізінде шығарылған кеңестер жергілікті атқарушы органдарға туризм саласының мәселелерін тиімді шеше алуына өз септігін тигізеді.
– «Экотуризм» ұғымы әлемдік туристік индустрияда кеңінен таралып, тұрақты туризмге сұраныстың өсуіне әкелді. Дегенмен, зерттеудің нәтижелері Қазақстандағы тұрақты туризм өнімінің жоқтығын, құрылмағанын әрі нақты анықталмағанын көрсетеді. Біз қызығушылығы бар барлық ұйымдардың кәсіби әрі топта жұмыс істеу негізінде кешенді жоспарды құрастыру идеясын қолдаймыз әрі оны жүзеге асыруға белсене араласуға дайынбыз, – деді жоба серіктесі – «Компас» туроператорының атқарушы директоры Яила Кадырбекова.
Пандемия мен пандемиядан кейінгі кезеңдерде Қазақстанның туризм саласы кездестірген қиындықтарға жауап ретінде ойластырылған «Байтақ жер» жобасына екі кезеңнің ішінде 80-нен астам адам қатысты. Олар онлайн оқытудан өтіп, офлайн инкубациялық бағдарламаға қатысты. Нәтижесінде әлеуметтік 3 ҮЕҰ басшысы 5 млн теңгеге дейінгі гранттарға ие болды. Ал 12 бизнес иесі өз жобаларын іске асыруға 2-7 млн теңге мөлшеріндегі екі жылға дейін пайызсыз қарыздарды алып, менторлық бағдарламаға қатысты.
«Байтақ жер» жобасы туралы толық ақпаратты www.baitaqzher.kz сайтынан, подкастынан, сондай-ақ жобаның Instagram парақшасынан таба аласыз.