Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
11 қыркүйек 2024 ж.
Қазақстандық туризмнің дамуына қандай факторлар әсер етеді?
“Байтақ жер” жобасының сарапшылары Евгений Климов және Виталий Шуптар бұл сұраққа жауап өздерінің “Ақмола облысындағы эко-, этно-, агро- және ауылдық туризмнің дамуы” атты зерттеуінде ұсынды.
Ақмола облысы табиғатының көркемдігі, мәдени әрі тарихи мұрасының арқасында Швейцарияға жиі теңестіріледі. Алайда аталған аймақ артықшылықтары агро-, эко-, этно- және ауылдық туризмнің дамуына азғантай септігін тигізеді. Қалыптасқан жағдайдың түбегейлі зерделеуге зерттеу авторлары үш ай арнады.
Сарапшылар мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар (БҰҰДБ, АСД), табиғи ұлттық парктер және туроператорлардың өкілдерінен, сонымен қатар, Ақмола облысында кәсіпкерлікпен айналысатын Орталық Азияның Еуразия Қоры “Байтақ жер” жобасының 25 қатысушысынан сұхбат алды.
Мемлекеттік қолдау
Жүргізілген сұхбаттың нәтижесінде мемлекеттік органдар ауылдық туризмді дамытуға назарын аударса да, бұл бағытта нақты нәтижелерге жету үшін одан да үлкен қолдау көрсету керек екен. Сала дамуын жеделдететін фактор ретінде заңнаманың әрі мемлекеттік жоспарлау құжаттарының жетілдіруін атауға болады. Себебі, облыс аудандарында туризм саласын басқару мен бөлінетін қаражат мөлшері әрбасқа. Мәселен, Ақкөл, Зеренді, Бурабай қомақты қаржыландыруға ие болса, Сандықтау мен Ерейментау аудандарына көрсетілетін қаржылай қолдау жоқтың қасы. Ал жекелеген бастамалар нәтижелі болса да, шектелген аймақтарда ғана жүргізіледі.
Қазақстандық агро- және ауылдық туризм бірлестігі мен «Kazakh Tourism» ҰК сарапшыларының пікірінше, ауыл шаруашылығына арналған жер телімдерінде агротуризмнің дамуына бағытталған мейманханаларды тұрғызуға салынған тыйым қонақ үйлер желісіндегі дамыту мәселелерінің бірі болып табылады. Өйткені агротуристтік қызмет көрсету ауыл шаруашылық қызметтер тізіміне енгізілмеген.
Сонымен қатар, Қазақстанда мейманханалар жіктемесі әрі оларға қойылатын нақты талаптардың болмауынан жауапты тұлғалар осындай уақытша тұру нысандарына өз түсінігінше талаптарды қоя береді.
Туроператорлар және ақпараттың қолжетімділігі
Қазақ елін өз көзімен тамашалауы келетін әлеуетті туристер көп жағдайда өздеріне қажетті қолжетімді қызметтер мен турлар жайлы өзекті ақпараттың тапшылығын байқайды. Бұған бір себеп - туроператорлар мен ауылдарды мекендейтін туристтік қызметтер көрсетушілердің арасындағы ынтымақтастықтың болмауы. Ашық қолданыстағы жолдар мен туристтік маршруттардың көбі қызмет көрсететін туроператорлармен келіспей-ақ жасалғандықтан олар еш уақытта пайдаланылмаған әрі дұрыс ұйымдастырылмаған. Жазғы мезгілде өрт қаупіне байланысты осындай муршруттардың саны да одан әрі қысқартылады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіре берісте орналасқан төлем жүйелерінің жұмысы да тым күрделі. Қалыптасқан жағдаяттар біркүндік турлардың мен харекетшіл туристтердің басымдылығына әкеледі, ал осының барлығы не жергілікті қауымдастықтарға, не туроператорларға еш пайда әкелмейді.
Ішкі және кірмелік туризм салаларында жұмыс істейтін 28 облыстық пен 60 астаналық туроператордың ішінде 10-ға жуығы Ақмола облысында белсенді қызмет көрсетеді. Ұйымдастырылған туристердің арасында Бурабай, Зеренді, Ақкөл, Қорғалжын және Сұңқар таулары сияқты бағыттар жоғары сұранысқа ие. Сонда да сарапшылардың бағалары бойынша Ақмола облысы туристерінің 90% ұйымдастырылмаған (“жабайы”) саяхат жасауды таңдайды.
Зеренді мен Бурабайда қысқы уақытта туристер өздеріне лайықты тұру орындарын іздеу барысында қиыншылыққа тап болады. Бұл мәселені брондау жүйесі мен ғаламторлық картографиялық сервистерді енгізу арқылы шешуге болар еді, алайда бұл бағыттағы бастамалар әлі де қарастырылмаған.
Туризм негізгі қызмет болып табылмайды
Аталған тұжырым ауыл шаруашылығымен айналысатын компаниялардың басым бөлігі үшін шындыққа келеді. Этно- және агротуризм құрамдас бөліктері мен нысандарын турлар бағдарламасына енгізу тартымды әрі саналуандығы жоғары туристік өнім жасауға жол ашады. Оларға ара омыртасы, фермалар, т.б. саяхат ұйымдастыру жатады. Алайда, ауылдық мейманханаларға, шаруашылықтарға туристердің тұрақты түрде келе бермейді. Бұл жағдаят олардың жұмысына әсер етіп, туристік кәсіпкерліктің жабылуына әкеледі.
Мамандармен қамтамасыз етілуге де жоғарыда аталған тұжырым толығымен сәйкес келеді. Ақмола облысы мен Астана қаласы бойынша экскурсовод пен туризм инструкторы қызметімен айналысу жөніндегі өтінім 20 шақты маманнан ғана түсті. Әрине, бұл салада еңбек ететін мамандардың нақты саны едәуір жоғары болады, олардың арасында өзін-өзі оқытқан азаматтар да бар. Сонда да туроператорлар үшін білікті мамандардың тапшылығы бар мәселелер тізімін ұлғайтады. Ұлттық парктердің жағдаяты соған толығымен сәйкес келеді. Мамандардың тапшылығы салдарынан бұл салада қажетті білімі мен дайындығы жетіспейтін тұлғалар қызмет көрсетеді.
Интеграция мүмкіндіктері
Ұйымдастырылмаған туризмнің басымдылығы мен Ақмола облысы туристік өнімінің дайын еместігі мөлшері реттелмейтін әрі басқаруға келмейтін рекреациялық жүктемеге әкеледі. Алайда зерттеушілердің пірінше, қалыптасқан жағдайды белгілі бір шаралар көмегімен ретке келтіруге болады. Аса нәтижелі шара ретінде туристік саласына негізгі қызмет мәртебесін беріп, аудандарға бөлінетін қаржыландыруды бірдей тарату болып атауға болады. Харекетшіл туристердің саяхат жоспарлауына өзекті деректемелері бар картографиялық қызметтер де оң әсер етпек. Мемлекеттік органдар, туроператорлар, ауылдық жерлерде қызмет көрсетушілердің бірлескен іс-әрекеттері саланың старатегиялық міндеттердің орындалуына жол ашады. Осының барлығы туристерге туроператорлардың қызметтерін қолдануға жағдай жасап, жергілікті тұрғындардың табыстарын ұлғайтуға әрі олардың саланы дамытуға деген мүдделіліктің жоғарлауына әкеледі.
– Эко-, этно-, агро- және ауылдық туризмнің дамуы сектораралық пен органдар арасындағы өзара жұмысты қамтитын кешенді тәсілді талап етеді. Мемлекет кәсіпкерлер жергілікті тұрғындармен бірлесіп белсенді жұмыс жасау қажет. Барша мүдделі тараптардың бірлескен жұмысы туризм дамуын басқаруға, кәсіпкерлер үшін жағымды жағдайлар жасауға, халықтың сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді, - деп зерттеу авторларының бірі Евгений Климов есептейді. - Зерттеуімізде көрсетілген эко-, этно-, агро- және ауылдық туризмнің дамуына бағытталған іс-шаралардың барлығын Ақмола облысында енгізілгеннен кейін басқа аймақтарда да қолдануға болар еді.
Туризмді зерттеу - Орталық Азияның Еуразия Қоры “Шеврон” компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері іске асыратын әрі Ақмола облысының ауылдық жерлерінде эко-, этно- және агротуризмді дамытуға бағытталған “Байтақ жер” жобасының бір бөлігі болып табылады.
«Байтақ жер» жобасы туралы толық ақпаратты www.baitaqzher.kz сайтынан, подкастынан, сондай-ақ жобаның Instagram парақшасынан таба аласыз.