Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

10 мамыр 2021 ж.

Жылыой ауданы бойынша "Қоғамдық кеңістіктер"

Атырау облысы, Жылыой ауданы бойынша «Жылыой ауданы бойынша Қоғамдық
6 мамыр 2021 ж.

«Қоғамдық кеңістіктер» әлеуметтік жобасының

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл елді-мекені бойынша «Қоғамдық
5 мамыр 2021 ж.

"Qolda 2.0": сәуір айының нәтижелері

"Qolda" шұғыл көмек бағдарламасы аясында жобаларын жүзеге асырып келе жатқан біраз

9 желтоқсан 2019 ж.

Атырауда әлеуметтік кәсіпкерлердің төртінші Құрылтайы өтті

«Теңізшевройл» ЖШС қаржылық қолдауымен жүзеге асырылатын Орталық Азияның Еуразия Қорының «Жарқыра» бағдарламасы шеңберінде  2019 ж. 6 желтоқсанында Атырау облысының әлеуметтік кәсіпкерлерінің төртінші Құрылтайы өтті.

Әлеуметтік кәсіпкерлік – біздің қоғамымыздың жетілуіне, дамуына және өсуіне көмектесетін ерекше бизнес. Жыл сайын «Жарқыра» жаңа әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетеді: 2019 ж. жеңімпаздар қатарына 9 жоба кірді, оның ішіндегі 8 жоба балаларға және ерекше балаларға бағытталған.

«Жарқыра» бағдарламасында ӘК қолдаудың бүкіл кезеңі қарастырылған: өтінімдерді іріктеу, оқыту, жобаларды  қаржыландырудың байқауы және кеңес берулер. 

«Жарқыра» бағдарламасының байқауына екі мәрте қатыстым, себебі бірінші жолы финалға өтпедім. Бұл жеңіліс маған үлкен түрткі болды.  Мен бір жылдың ішінде орта білім беру мектептерінде ерекше балаларды оқытуға арналған 3 инклюзиялық сыныбын аштым. Ол сыныптарда қазір 20 бала оқиды. Жобама қаржы тауып, 20 тьютер оқыттым. Еібегім зая кеткен жоқ – сарапшы комитет біздің жобаны жоғары бағалап, еңбегіміздің арқасында жеңіске жеттік! Байқаудағы жеңіс бізге құрал-жабдық, әдістемелік және оқыту материалдарын, балаларды дамыту құралдарын сатып алуға және Нұр-Сұлтанда оқу оқуға мүмкіндік берді. Қазір біздің балаларымыз орта мектептерде білім алуда, ал одан кейін, сапалы, тиімді және тез дамулары үшін біздің орталыққа келетін болады. Орталықтағы оқытушылар –  ерекше балалардың аналары», - деп  бөліскен «Зейін Атырау» орталығының директоры Арайлым Нұғманова.

«Жарқыра» бағдарламасының тағы бір ерекшелігі – әлеуметтік кәсіпкерлерге берілген пайызсыз несие жаңа әлеуметтік бизнестерге қайта инвестицияланады. 2020 жылдың қаңтар айына қайтарылған қаржы 11 000 000 теңгеге жетеді. Демек, қоғамға пайдалы тағы бірнеше жоба қолдау тауып, дамуға мүмкіндік алады.

«2016-2019 жж. «Жарқыра» бағдарламасы Атырау және Маңғыстау облыстарында 38 әлеуметтік кәсіпкерлік жобаларына жалпы сомасы 91 миллион теңгеге және 32 жобаға кәсіби тағылымдама түрінде қаржылай емес қолдау көрсетті. Бұл кәсіпорындарында 150 адам жұмыс жасауда, ал олардың қызметіне 17 800 – ден аса тұрғындар жүгінуде. Бағдарламаның маңызы мен бірегейлігін кіші бизнестің өкілдері ғана емес, екі облыстың да басшылығы мойындады» - деп атап өтті өзінің сөзінде «Теңізшевройл» ЖШС үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев.

Құрылтай жарқын спикерлердің алаңына айналып үлгерді. Осы жылы Ресейден келген және халықаралық сертификатқа ие тренер Митя Ефимов йоганың жаңа бағыты – «Күлкі «йогасы» бойынша шеберлік сабағын өткізді. ӘК ішінде қажеттіліктері ерекше адамдарға арналған жобалар да бар, сондықтан да, осы топқа арнап Митя Ефимов қайырымдылық шеберлік сабағын өткізді.

Екінші спикер балалар үйінде өсіп, әлемге танымал тұлғаға айналған біздің отандасымыз Марат Жыланбаев. Марат – марафоншы, публицист, суретші және біртума тұлға. Ол Жердің ең ірі шөлдерін жалғыз өзі жүгіріп өткен әлемдегі жалғыз адам. Оның білімге және өмірге деген ынтасы көптеген әлеуметтік кәсіпкерлер мен Құрылтайдың қонақтарына күшті түрткі берді.

Атырау облысындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдаудың «Жарқыра» бағдарламасын «Теңізшевройл» ЖШС әлеуметтік инвестициялық жобалары  желісінің қаржылық қолдауы бойынша Орталық Азияның Еуразия Қоры жүзеге асырады.

Поделиться страницей: