Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

15 мамыр 2023 ж.

Ақмола облысында иппотерапия сабақтары мен ат турлары өткізілуде

«Keremet jol» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысында иппотерапия сеанстарын өткізіп бастады. Сабақтар мүгедектігі бар балалардың физикалық және психикалық денсаулығын жақсартуға бағытталған.

Бастама Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте іске асыратын «Байтақ жер» жобасының бөлігі болып табылады. Жобаның мақсаты – туризмді дамыту және жастарды тарту арқылы Ақмола облысының ауылдық аудандарында кәсіпкерлікті қолдау. 

Бүгінгі таңда Қазақстанда 162 мыңнан астам мүгедектігі бар бала тіркелген. Емдеу мен оңалтудың тиімді әдістерінің бірі иппотерапия, яғни атпен жүру арқылы емдеу болып табылады. Мысалы, тірек-қимыл аппараты проблемалары бар балаларда әдетте жүру кезінде жұмыс істейтін кейбір бұлшықеттер қозғалмайды. Бірақ атқа мініп жүру бұл бұлшықеттердің қозғалғыштығына ықпал етеді. Нәтижесінде баланың жағдайы жақсарады және ол жаңа хобби таба алады.

Keremet jol осы мәселені шешумен айналысады. Ұйым жетекшісі Әмина Есина – иппотерапия, оңалту және ат туризмі бойынша сертификатталған нұсқаушы. Әмина жылқылармен бес жылдан астам уақыт жұмыс істеуде. Оның айтуы бойынша, емдеу нәтижелері жеке адамға байланысты, олар алғашқы сабақтан кейін де, бірнеше жылдан кейін де көрінуі мүмкін. Тиімділік көрсеткіштеріне мінез-құлықтың тәуелсізденуі, рекреациялық турнирлерге қатысу немесе тіпті паралимпиадалық спортқа шығу жатады.

Keremet jol сабақтарын иппотерапия нұсқаушысы және оңалту дәрігері жүргізеді. Иппотерапия церебральды сал ауруы, психикалық дамудың кешігуі, тірек-қимыл аппараты аурулары, аутизм және басқа сырқаттары бар балаларға ұсынылады. Алайда, терапияның бұл түрі басқа жағдайларда да қолданылады, оны дәрігермен кеңескеннен кейін кез-келген адам өте алады.

«Біз иппотерапия туралы аз білетінімізге қарамастан ол қазірдің өзінде үлкен жеміс әкелуде. Реабилитологиядағы жылқылардың әсерін тереңірек зерттегенде, нәтижелердің әсері одан да зор болады», – дейді Әмина.

Иппотерапиядан басқа, бірлестік ат турларын ұйымдастырумен де айналысады. «At Travel» ат клубымен бірлесіп облыс бойынша күрделілігі пен ұзақтықтығы әртүрлі өткелдер, сондай-ақ ұзақтығы 30 минуттан 2 сағатқа дейінгі балаларға арналған рекреациялық турлар өткізіледі. Мұндай серуендер ұлттық ат спорты мәдениетін қолдап қана қоймай, туристер ағыны арқылы туристік инфрақұрылымды дамытуға көмектеседі. Бұл аймақтың экономикалық өсуіне және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Ал жобаның табысты іске асырылуы мемлекет пен жеке инвесторлар тарапынан қосымша қаражат пен қолдауды тарта алады.

Keremet jol жұмысы айтарлықтай әлеуметтік әсерін де тигізіп жатыр. Өйткені, иппотерапия – мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттырудың тиімді әдісі, ал ат туризмі – белсенді демалыс өткізудің тамаша тәсілі. Бұл шаралар қатысушылардың әлеуметтік интеграциясы мен психологиялық денсаулығын жақсартады.

Сонымен қатар, қолданыстағы орталықтарты кеңейту және жаңаларын құру иппотерапевтер мен ат туризмі нұсқаушыларының тауашасында бәсекелестік ортаның бар болуын қамтамасыз етеді. Бұл қызметкерлердің біліктілігі мен қызмет көрсету деңгейін арттырады. Нәтижесінде, Қазақстандағы ат ісі әлемдік паралимпиадалық атқа міну мен туристік рекреациялық жарыстар деңгейіне шыға алады.


«Байтақ жер» жобасы бойынша Keremet jol жылқыларды ыңғайлы киіндіру үшін жабдықтар мен әбзелдерді сатып алды. Ұйым Қосшы кентінде және Ақкөл ауданының ормандарында алғашқы иппотерапия сеанстарын және ат турларын өткізе бастады. 

«Ұйымдастырушыларға іс-шараны өткізгендері және қонақжайлылықтары үшін алғыс айтамыз. Барлығы жоғары деңгейде өтті. Балалар демалып, жаңа эмоциялармен қайтып келді», – деп келушілер өз пікірлерімен бөлісті.

Тамыз айында Қорғалжын ауданына өткел өткізу жоспарланған. Ол жақсы дайындықты қажет етеді және тәжірибелі шабандоздарға арналған. Сонымен қатар, жақын арада бірлестік ұзақ турларда түнеу үшін пайдаланылатын киіз үйді сатып алатын алады.

Байланыс:

Алия Испаева, жоба менеджері aliya@ef-ca.org

Айжан Жансултанова, жоба маманы aizhan@ef-ca.org

Амина Есина, «Keremet jol» ҚБ басшысы +7 778 007 90 09

Жобаның сайты: http://baitaqzher.kz/kz.

Жобаның Instagram-дағы парақшасы: https://www.instagram.com/baitaqzher.kz/.

 

_________________________________

«Байтақ жер» жобасын Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Шеврон» компаниясымен серіктестікте әзірледі.

ОАЕҚ – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатты жақсарту арқылы азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

Поделиться страницей: